ХИМИЯ МЕН МАТЕМАТИКАНЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ БАРЫСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Орынбасарова Д.Қ. Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к. Калабаева М.К. әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті dilnaz2001.0111@icloud.com Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында оқудың табыстылығы мен жемісті болуы көп
жағдайда білім алушылардың логикалық ойлауының даму деңгейіне байланысты, осыған
сәйкес білім алушылар оқу процесінде логикалы заңдарына сәйкес ойлау заңдылықтарын
сәтті түрде қолдана алуы тиіс. Көптеген әдебиеттерге сүйенетін болса, мысалы, Т.Н.
Березинаның пайымдауы бойынша дамыту бағдарламаларының көпшілігі мектепке дейінгі
немесе мектеп оқушыларына арналған, ал студенттерге немесе мамандарға арналған
логикалық дамытуда қолданыстағы бағдарламалар іс жүзінде әзірленбеген. Сондықтан
пәнаралық байланыстарды қолданысқа ала отырып, студенттердің логикалық ойлау жүйесін
дамыта отырып, бірқатар нәтижеге жетуге болады.
Қандай да бір пәнді оқыту барысында пәнаралық байланысты қолданған жөн себебі,
білім алушыларға білім беру процессі ұжымдық сипатта ұйымдастырылса, әр түрлі
пәндерден алынған білімді синтездеу және оны қолдана білу табысты жүзеге асады. Әр пән
мұғалімдерімен жұмыс істеу және олардың берген білімдері болашақта білім алушылар үшін
білімнің қандай саласы болса да азық болмақ.
Химия курсының жеке тақырыптарын меңгеруде басқа пәндердің базалық білімдерін
пайдалану диалектикалық-материалистік дүниетанымды, табиғат құбылыстары мен олардың
арасындағы байланыстарды тұтастай қарауды қалыптастырудың ең маңызды құралы болып
табылады.
Химия пәнін оқытудың ең негізгі бөлігі – есептер шығару. Химиялық есептерді шығару
барысында пәнаралық байланыстарды қолдану арқылы, яғни математикалық әдістерді
қолдану барысында білім алушылардың бойынша бірнеше құзіреттіліктерді қалыптастыруға
болады. Химиялық мазмұндағы есептерді шығару кезінде арифметикалық әдісті, алгебралық
әдісті, функционалды-графикалық әдісті, геометриялық әдісті қолдану арқылы білім
алушыларда талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу, шешудің жолын
іздестіру, алынған нәтижелерді талқылау секілді ой-әрекетін тудырады.
Қорытындылай келе, осындай қабілеттерді қалыптастыра отырып, оқытушы сол
арқылы білім алушының пәндік білімінің әр түрлі салаларындағы оқу қозғалысын
ұйымдастыра алады. Химия есептерін математикалық әдістермен шығару ойлаудың
теорилық формасын қалыптастыруға және дамытуға көмектесетіні белгілі.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
211