Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ЛАСТАУШЫ ЗАТТАРДЫ АНЫҚТАУДАҒЫ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Сухан Қ. 1,2 , Өмірзақова А.Т. 2,3 Ғылыми жетекші – х.ғ.к., аға оқытушы Василина Г.К. 1,2 1 әл - Фараби атындағы ҚазҰУ , 2 Мұнай саласы инженерлерінің қоғамы , 3 Назарбаев Университет karakatsukhan@mail.ru Адамзаттың өмір сүру сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі – күнделікті
тұрмыстық жағдайда тұтынатын тағам өнімдерінің сапасы. Осы орайда тұтыну өнімінің
сапасын анықтауда химиялық талдау және біліктілік бойынша құрамы мен сапасына баға
беру өзекті мәселе.
Тағам қауіпсіздігі статистикалық ақпараты бойынша 200 ден астам түрлі тағамдық ауру
түрлері бар және де жыл сайын дүние жүзінде 600 миллион адам тамақ ауруымен ауырады.
2050 жылға қарай жер бетіндегі адамзаттың саны 9,8 миллиард адамға жетеді деген болжам
бар. Осы аталған елдер қатарында Қазақстан Республикасы да бар. Тағам өнімдерін
шығаратын мекемелер тағамның өмір сүру уақытын ұлғайту үшін қосатын қоспалар кей
жағдайларда адам денсаулығы үшін қауіпті болуы әбден мүмкін. Сапаны бақылау
аналитикалық талдау әдістерімен тығыз байланысты. Тағам өнімдері үшін келесі
инструменттік талдау әдістері кеңінен қолданыс табады: Ультракүлгін көрінетін
спектроскопия, колориметриялық әдістер, хроматографиялық әдістер, иммуноанализ және
бүйірлік ағынды талдау, жақсартылған беті бар Раман спектроскопиясы, далалық
транзисторлар әдісі және т.б.
Ультракүлгін көрінетін спектроскопия әдісі тағам өнімдерінің құрамындағы ластаушы
заттарды жоғары интенсивтілікпен анықтауға қабілетті. Әсіресе бұл әдіс нано өлшемдегі
мөлшерлерге де қолданыла алады. Осы ерекшелігіне байланысты көптеген тағам
ауруларының алдын алады.
Салауатты өмір салтын ұстану барысында жеміс жидек өнімдерін тұтынатын халықта
кездесетін жағдай – улы ион цианидпен улану. Цианид ионы төмен мөлшерде болған күннің
өзінде адам өліміне әкеліп соғу мүмкіндігі өте жоғары. Аталған токсин жеміс
шұңқырларында, ащы бадамда жиі кездеседі. Цианид ионы иондық жылжымалығына
байланысты өндіріс орындарында жылы тосаптар мен мармелад өнімдерін даярлау кезінде
олардың құрамына өтіп кету қаупі бар. Адам организміне түскен цианид ионы асқазан ішек
қорыту жолындағы ферменттерді тежей отырып, биологиялық табиғи мембрана қабаты
арқылы қанға тікелей өтіп кетіп, улану жағдайын туғызады.
Al-Farabi KazNU SPE Student Chapter (
www.spe.org/en/chapter/6298
) ғылыми қоғамына
студенттік ғылыми жобаларды қолдауларына және сүйемелдеуіне алғысымызды білдіреміз.