Сґз этикетініѕ ќызметі


Қазақ және түрік тіліндегі вербалды және бейвербалды этикет формалары



бет7/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик

1.4. Қазақ және түрік тіліндегі вербалды және бейвербалды этикет формалары.
Сәлемдесу көптеген халықта бар. Ал сәлем ету – амандасудың қазақ ұлтына тән ерекше түрі. Сәлем ету қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктердің бәріне ортақ емес. Амандасудың бұл түрі қарым-қатынасқа негізделеді. Яғни қарым-қатынасқа түсуші адамдардың бірі қайын ата немесе қайын аға, қайын ене, ал екінші оларға келін болуға тиіс, яғни әріптестер өздерінің статусына қарай сәлем беріп, сәлем қабылдайды. Сәлем ету жартылай бейвербалды. Бұл акт әсіресе бірінші қарым-қатынасқа түсетін адам жағынан қалай болса солай орындала салмайды. Қазақтың бұрынғы келіндері қайын атасын немесе қайын ағасын, қайын енесін көргенде, алдынан кесе көлденең өтпей, тоқтап тұрып тізесін бүгіп, екі қолын оң тізесіне қойып ишара жасаған. Бірінші қарым-қатынасқа түсуші адам сәлемдесудің бейвербалды түрін қолданады. Ал екінші қарым-қатынасқа түсуші адам (қайын ата, қайын аға, қайын ене статусына ие қарым-қатынасқа түсуші адам) міндетті түрде «Рахмет, көп жаса, балам» сияқты эмотивті, көңіл көтеретін сөз формулаларының бірін айтады. Яғни сәлемдесудің вербалды түрін орындайды.
Сырт қарағанда, тұрақты сөз формуласының мазмұны екінші қарым-қатынасқа түсуші адам ризашылық білдіріп, рахмет айтқаны тәрізді көрінеді. Әсіресе қазақ әдет-ғұрып білмейтін өзге ұлт өкілдеріне осылай көрінеді. Шындығында, таза этикет таңбасы тұрғысынан қарағанда, мұны ризалық емес, ең алдымен «сәлеміңді алдым» деген жауап деп түсіну керек. Өйткені мұндағы этикеттік формуланың негізгі қызметі – «сәлемдесу». Ал сәлем алушы «Көп жаса», «Өркенің өссін», «Бақытты бол», «Тәңір жарылқасын» т. б. тұрақты орамдарынан байқалатын «ризалық» мазмұн екінші реттегі нәрсе.
Ұлттық этикетінің сәлем ету тәрізді түрлері қазақ қоғамында, әсіресе қала жағдайына ұмыт бола бастады. Дегенмен жасы егде тартқан, ескіше тәрбие көрген ауыл тұрғындары арасында сәлем ету күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Бірақ сәлем ету салтын бірен-саран ауыл тұрғындары ғана қолданады екен деп ескермей күтуге болмайды. Қазіргі қоғамда бұрын жарамсыз, ескірген, тастанды көрінген біраз мұрағаттар қайта жаңғырып жатыр. Біздіңше, үй-іші, туған-туыстар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнатуда сәлем ету этикетінің «ашылуына» тиіс мол мүмкіндіктер бар.
Кез келген тілде болатын сөйлеу актісі белгілі бір фонациялық, ым, дене қимылы, көз әлпеті сияқты компоненттердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Тілдік қарым-қатынас кезінде мұндай бейвербалды амал тәсілдер айтушы қолданып отырған тілдік бірліктерге мағыналық реңк берумен қатар адамның түрлі көңіл-күй жағдайын, эмоциясын, ой-пікірін жеткізуде тілдік құралдармен бірдей қызмет етеді. Сондықтан да тіл білімінде коммуникативтік акт вербалды және бейвербалды компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде қолданылатын бейвербалды амал тәсілдерге қос қолдап сәлем беру, қол қусырып сәлем беру, тізе бүгіп амандасу, қолын кеудесіне қойып амандасу, бас изеп, бас иіп амандасу, бір тізерлеп отырып амандасу, иек қағып (көтеріп) амандасу, төс қағыстырып амандасу, қамшы тастау, қолдан, маңдайдан, беттен сүйіп амандасу, қолды маңдайға тигізу немесе сүю, қол көтеру т. б. жатады.
Бейвербалды амал-тәсілдердің бірқатары тілдік қарым-қатынастың бастапқы кезеңі өткеннен кейін қолданылады. Бұл амал-тәсілдер де тілдік этикет сияқты эмотивтік, конативтік, регулятивтік т. б. да қызметтер атқарады. Бейвербалды құралдардың бұл тобы өз ерекшеліктеріне қарай тілдік құралдармен параллельді түрде де, жеке де қолданылатын кездері болады. Мысалы, арқадан қағу, бас изеу, бас шұлғу, басынан сипау, маңдайынан сипау, шашынан сипау, бас бармағын көрсету, бауырына басу, бетінен сүю, жүрегін алақанымен басу, көзін төмен салу, көзін төңкере қарау, езу тарту, иек қағу, иек көтеру, қол беру (созу, ұсыну), қол соғу, қол жаю, қолтықтан демеу, қол қусырып қарсы алу, құшақтасу, бет сипау т. б.
Вербалды этикет тілдік бірліктер сияқты бейвербалды этикеттік амал-тәсілдердің де әлеуметтік таңбасы болады. Яғни, қарым-қатынас кезінде қарым-қатынасқа түсуші адамдар өздерінің әлеуметтік белгісіне қарай қажетті бейвербалды амал-тәсілдерді талғап, таңдап қолданады. Қарым-қатынас кезінде қолданылатын бейвербалды амал-тәсілдерді этикет тілдік бірліктер сияқты жұмсалу орындары мен қолданылу аясына, атқаратын қызметтеріне қарай тематикалық топтарға бөлуге болады.
Коммуникативтік акті кезінде қосымша амал ретінде қоланылатын бейвербалды амалдардың бірқатар қоштасу рәсіміне байланысты жүзеге асырылады. Қоштасу кезінде де ең жиі қолданылатын дене қимылы қолмен қатысты. Қол алу, қол қысу, қол бұлғау, қол көтеру және маңдайынан сүю, беттен сүю сияқты бейвербалды этикет формалары адамдар арасында қарым-қатынастың қоштасу рәсімі кезінде жиі қолданылады.
Сәлем ету - рәсім, рәсімнің барлық шарттары орындалғанда барып, мазмұнды әңгімеге жол ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет