Сґз этикетініѕ ќызметі


Сөз этикеті бірліктерінің стильдік ерекшеліктері



бет5/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик

1.2. Сөз этикеті бірліктерінің стильдік ерекшеліктері.
Сөз этикеті бірліктерінің стильдік қызметі, алуан түрлі болып келеді. «Ал жақсы!» «Ертеңге дейін!» «Әзірше!» – деген бірліктер әдетте биресми, емін-еркін жағдайда, көбіне өзара таныстығы жақын қарым-қатынасқа түсуші адамдар арасында айтылады. Міне, мұндай сөздер стильдік жақтан бір тарап (маркированный) болып табылады. Олардың стильдік жақтан бір тарапты болуы қарым-қатынасқа түсуші адамдардың әлеуметтік белгілеріне, мысалы жас ерекшелігіне байланысты болады. «Ал жолың болсын!» «Жолдасың қыдыр болсын!» «Қыдыр әулие шылауыңда жүрсін!» деген қоштасу сөзді мектеп оқушысы немесе оқушы жастар айта бермейді. Бұл жасы үлкен ауыл адамының сөз қорына лайық қолданыс. Сөз этикеті бірліктерінің стильдік жақтан бір тарапты болуы қарым-қатынасқа түсуші адамдардың жынысымен де байланысты.
Мысалы, «Сәлеметсіз бе?» мен «Ассалаумағалейкум!» деген амандасулардың бір-бірінен айырмашылығы – біріншісі стиль жағынан бейтарап, яғни қарым-қатынасқа түсішу тұлғалардың әлеуметтік ерекшеліктеріне, сөйлеу орнынан (ресми, биресми, емін-еркін т.б) тәуелсіз. Ал «Ассалаумағалейкум!» деген амандасу формасы амандасушы мен аманды қабылдаушы, сөйлеу орнын таңдайды. Қарым-қатынасқа түсушілер әйел адам болмауы тиіс, сөйлеу орны биресми болуы тиіс. Сондай-ақ «Армысың!» деген амандасу түрі стильдік жағынан бір тарап (маркированный) болуы аса күшті. Бұл амандасу, аса бір салтанатты сөйлеу орнында ғана қолданылады.
Сонымен, сөз этикеті бірліктерінің стильдік бір тарап түрлері сөйлеу жағдайына тәуелді болып келеді. Ал сөйлеу жағдайы – күрделі экстралингвистикалық фактор.
Сөз этикеті бірліктерінің стильдік тұрғыдан да бір-бірінен айырым-өзгешелігі болады. Олардың стильдік жақтан саралана түсуі сөз этикеті элементтерінің өзіндік микро жүйе, құрылым екенін байқатады. Мәселен, сөз этикетінің бір ғана тақырыптық тобына жататын, сол топтың ұйытқысы болып табылатын сөздер мән-мағынасы жағынан өзара синонимдес болады. Мысалы, Көріскенше күн жақсы. Қайыр-хош. Хош бол. Хош болып тұр. Сау-саламат болып тұр. Жолың болсын. Жолдасың Қыдыр болсын. Қыдыр ата шылауында жүрсін т. б.
Алыс сапарға аттанатын кезде айтылады – «Қош», «Сау бол», «Қош-сау бол»;
Күнделікті кездесетін, көрісетін кезде айтылады – «Ертеңге дейін», «Ал жақсы» т.б.
Міне, бір тақырыпқа жататын мәндес сөздерді мағына айырмасына қарай кем дегенде екі, әйтпесе одан да көп лексикалық топтарға бөлуге болады. Сөз этикеті бірліктерін стильдік тұрғыдан саралау мен мағына жағынан даралануы үнемі сәйкес келе бермейді.
Мәселен, «Сау бол (ыңыз)» дегенмен, «Ал жақсы!», «Ертеңге дейін!» деген тіркестердің стильдік табиғаты бірдей емес, «Сау бол (ыңыз)» стильдік жағынан бейтарап. Стильдік жақтан бейтарап мұндай бірліктер қарым-қатынасқа түсуші тұлғалардың бәріне бірдей (жасы, жынысына т.б. қарамастан) болып келеді; Сөздің қандай жағдайда өтіп жатқанына (ресми, бейресми) тәуелді болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет