Т. Л. Яндулова жаратылыстану əдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата18.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#58301
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
phphAOCpn Zharatylystanu Metodika 4 Kaz-4


Жау-жау жаңбыр К.Дүйсекеев 
Алатаудың бауырында 
Атам,əжем ауылында 
Ақша бұлттар ауа берші 
Жау-жау жаңбыр жауа берші 

108 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Білімдерін 
белсендіреді. 
Үнтаспадан 
əртүрлі 
табиғат 
дыбыстарын  тыңдатады:  желдің 
соққаны,  жаңбырдың  жауғаны, 
найзағайдың дауысы т.б.  
–  Ненің дауысы?  
 
 
Қ-сы: 
Бақыт болып жаушы, жаңбыр, 
Менің əсем қалама. 
Бақыт болып жаушы, жаңғбыр, 
Менің байтақ далама, 
Менің əсем қалама. 
Менің байтақ далама,                 
Алматыдай ақ қалама 
Жасыл желек жас қалама. 
Ақша бұлттар, ауа берші, 
Жау-жау, жаңбыр, жауа берші. 
  
Үнтаспадан жаңбыр дауысын анықтайды.  
 
 
 
 
 
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық 
 
 
 
 
 
Сұрақтарға  жауап  алу  арқылы 
ҰОҚ-ның 
тақырыбын 
жəне 
мақсатын болжамдап тапқызады.  
– Біздің  ауылда/қалада  жаңбыр 
қашан  жауып  еді?  Естеріңе 
түсіріңдерші.  
– Ол қандай болып еді?  
Табиғаттағы 
қарама-
қайшылықтарды 
талқылау 
жұмысын 
жүргізеді: 
Жаңбыр 
жақсы ма əлде жаман ба?  
 
 
 
 
 
 
 
«Табиғаттағы  су  айналымы»  атты 
ойын-тапсырма.   
Тірек  сұрақтар:  Суды  не  үшін 
қолданамыз?  Осылар  үшін  су  көп 
кетеді  ме?  Адамдар  осы  уақытқа 
дейін суды пайдаланып келеді. Су 
Өмірдегі  жеке  тəжірибелерінде  алған 
білімдерін  ортаға  салады.  Жаңбырдың 
қашан  болғанын,  оның  қандай  болғанын 
айтады.  Мысалы:  Қатты  жауын  жауды. 
Жаңбыр  ақырын  жауды.  Используют 
личный опыт. Дают определение дождю – 
сильный, мелкий и пр. 
 
Жаңбырдың қандай пайдасы бар, қай кезде 
зиян екенін əңгімелейді. Мысалы:  
1. Жаңбыр  жауған  жақсы.  Өсімдіктер, 
егін өседі. Ауа тазарады, Шаң болмайды.  
  
2. Жаңбыр  көп  жауса – жаман.  Көше 
батпақ,  су  болады.  Далада  ойнай 
алмаймыз. Күн суытып кетеді.  
 
Балалардың  жауаптары:  Суды  ішеміз, 
Киім,  басқа  да  заттарды  жуамыз, 
мəшинені  жуамыз,  бақшаны  суарамыз 
т.б. 
Иə, су көп кетеді.  
Таңертең аспанға күн жарқырап шығады. 

109 
 
неге бітіп қалмайды?  
Педагог  балалардың  айтқандарын 
толықтырады: Ыстық су құйылған 
термосты үстел үстіне қояды.  
– Кəне, термостың аузын ашайық, 
(ашады)  қараңдаршы  бу  шығып 
жатыр.  Енді  осы  буға  айна  ұстап 
көрейік. (Айна  бетіне  жиналған 
суды  көрсетеді).  Бұлар – су 
тамшылары.  Күн  жердегі  суды 
қыздырады,  су  буланып,  аспанға 
көтеріледі. Аспанда  суық.  Бу  енді 
ұсақ  тамшыға  айналады,  сонан 
соң    жиналып,  бұлтқа  айналады. 
Сонан  соң  жерге  жаңбыр,  қар, 
бұршақ  болып  түседі.  Өзен-
көлдердегі  азайып  қалған  су 
жаңбыр  суымен  қайтадан  толады. 
Осылайша  су  өзінің  жолын 
тоқтамай 
жалғастыра 
береді. 
Мұны  табиғаттағы  су  айналымы 
дейді  екен.  Бірақ  су  бітпейді  деп, 
бостан-босқа 
ысырап 
етуге 
болмайды.  Яғни  бейберекет  суды 
төкпеңдер,  өзен-көлдердің  суына 
қоқыстарды тастамау қажет.   
 
 
 
Сергіту сəті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тəжірибе жұмысы 
Құрғақ  мақтаны  қолмен  сығу. 
Сонан соң суы бар ыдысқа салады. 
Мақта  суды  сіңіріп  алып,  ісіне 
бастайды.  Мақтаны  ақырын  іліп 
алып,  судан  шығару.  Су  тама 
Жерді,  өзен-көлдерді  қыздырады.  Су  да 
жылиды.  
 
Педагог  термосты  қалай  ашқанын,  одан 
будың 
шыққанын, 
айнаға 
су 
тамшыларының  пайда  болғанын  бəрін 
бақылайды.  
 
 
 
 
 
 
Педагогтің əңгімесін мұқият тыңдайды.  
 
 
 
 
 «Табиғаттағы  су  айналымы»  деген  сөзді 
қайталап  айтады,  оның  қалай  болғанын 
сурет арқылы əңгімелейді. 
 
 
 Қатты нөсер басылды (жаймен 
тырсылдатады), 
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен 
күн жасайды), 
Көктен төмен  əдемi кемпiрқосақ 
шашылды (жарты доға жасайды). 
  
Тəулiк бойы тынбайтын, 
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын 
жауған  жауын тырсылын 
жасайды). 
Астаң-кестең жауатын 
Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез 
жауған жаңбыр тырсылын 
келтiредi). 
 
 
 
 
 
 

110 
 
бастайды.  
Педагог:  Балалар,  мақтаны  бұлт 
деп  ойлайық.  Ол  суға  толы.  Көп 
суды  сіңіріп  алды.  Су  тамшылары 
бұлтқа 
(мақтаға) 
жабысып 
қалмайды, 
ол 
жерге 
тама 
бастайды.  Міне,  жаңбыр  жауды.  
–  Бұлт,  ау,  бұлт,  сен  не  алып 
келесің?  
Бұлт жауап береді:  
– Жаңбыр. 
Міне, 
осылайша 
жаңбыр пайда болады екен.  
 
Зерттеу, тəжірибе жүргізу 
жұмысына қатысуларын сұрайды. 
Жұмыстың шарттарын түсіндіреді. 
 
Табиғатта  неше  түрлі  ғажайыптар 
болады:  тамшылар  жиналып  бұлт 
түзеді, 
олар 
көбейген 
кезде 
ауырлап,  жерге  жаңбыр  болып 
жауады.  
Мыршай толықтырады: Мынадай 
жаңбыр  түрлері  болады:  сіркіреп 
жауатын  жаңбыр,  соқыр  жаңбыр, 
нөсер,  бұршақты  жаңбыр,  қар 
аралас жаңбыр т.б.  
Əліппе-дəптермен 
жұмысты 
жүргізеді. 
 
Өзекті сұрақ: Тағы қандай табиғат 
құбылыстарын  білесіңдер?  Олар 
қандай болады?  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бірінші  жұмыс:  Құрғақ  сорғышты  алады, 
оны  қолдарымен  сығады.  Қорытынды: 
мұндай құрғақ бұлттан жаңбыр жаумайды. 
 
Екінші жұмыс: Ыдыстағы судан сорғышқа 
су тамызып, оны сулайды. Енді сорғышты 
қолдарымен  қысады.  Сорғыштан  су 
тамғанын 
көреді. 
Қорытынды: 
бұл 
кішкентай 
тамшылардан 
жасалады. 
Тамшылар  көп  болған  кезде,  жерге 
жаңбыр болып жауады.  
 
 
 
Əліппе-дəптердегі 
тапсырмаларды 
ретімен, 
педагогтің 
басшылығымен 
орындайды.   
 
Талқылайды:  қар,  жаңбыр,  қырау,  шық, 
тұман жəне тағы басқалары. 
 
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог 
суреттер, 
музыканы 
пайдаланып,  ҰОҚ-ны  көтеріңкі 
көңіл  күймен  қорытындылайды. 
Балаларға  көңіл  күйлерін  қандай 
да  бір  жануар  немесе  өсімдіктің 
суретімен 
көрсетуге 
болатындығын  айтады.  Ауызекі 
тілмен жеткізуге де болады.  
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. «Мен 
не 
үйрендім? 
Қалай 
орындадым?» 
сұрағына жауап береді. 
ҰОҚ-да  алған  əсерлерін  бір-бірімен 
бөліседі.  
 
Күтілетін нəтиже: 
айтады: табиғат құбылыстарын; 
түсінеді:  тірі  жан  иелерінің  тіршілігі  үшін    жаңбырдың  маңызын,  жаңбырдың  қандай 
түрлері болатынын; 
қолданады:  зерттеу іс-əрекеттеріне байланысты дағдыларын өмірлік тəжірибелерінде. 
 
 
 
№ 34 ҰОҚ 
 

111 
 
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет, Шығармашылық 
Бөлімі: Жаратылыстану 
Тақырыбы: Шуағын шашқан алтын күн 
Мақсаты:  жансыз  табиғат  құбылыстары  туралы  түсініктерін  кеңейту.  Жансыз  табиғатқа 
танымдық қызығушылықтарын тəрбиелеу. Қоршаған ортаға қамқор көзқарасты тəрбиелеу. 
Сабаққа  дайындық  жұмыстары:  суреттер  мен  фотосуреттерді  қарау;  бейнефильмдер  көру; 
үнтаспа тыңдау; жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жəне зерттеу жұмыстары, бақылау, тақпақ 
жаттау. 
Көрнекі  құралдар:  тақырыпқа  байланысты  суреттер,  əліппе-дəптер,  түрлі  түсті  қарындаштар, 
кішкентай айналар. 
Сөздік жұмыс: күн, табиғат, зерттеу жұмысы.
 
Билингвалды компонент: күн – солнце 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог 
балалардың 
жұмыс 
істеуіне  эмоционалдық  көңіл  күй 
қалыптастырады.  Өлең оқиды. 
 
 
 
 
 
 
 
Балаларға  сұрақ  қояды:  Сендердің 
бөлмелеріңе  күн  кіре  ме?  Қалай? 
Күн  қайда  тұратынын  білесіңдер 
ме?  
Педагог  күннің  қайда  тұратынын 
білу  үшін  зерттеу-серуенге  баруға 
ұсыныс тастайды.  
Көктем 
 
Көңілді көктем далаға 
Келді сұлу шағала. 
Аспандағы ақ құстар 
Ауылымды арала. 
Көктем қандай көңілді 
Көктен жаңбыр төгілді. 
Мөлдір аспан ашылып, 
Күннің көзі көрінді. 
 
Сұрақтарға өздерінше жауап береді.  
 
Педагогтің 
ұсынысына 
қызығушылық 
танытады.  
 
 
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық 
 
 
 
 
 
Əңгіме: 
Күннің жұмысы көп екен. Жерге 
жарық түсіреді, жылытады. 
Адам мен жануарларды 
ұйқыларынан оятады. Күннің 
шыққанына бəрі қуанады.  
 
Күннің 
неге 
ұқсайтынын 
анықтауға тапсырма береді. Күнге 
қандай заттар ұқсайды?  
 
 «Заттарды  не  ысытты?»  зерттеу 
жұмысы 
Серуен 
барысында 
педагог 
отырғышты көрсетіп: 
Күн шұғыласы отырғышқа түсіпті. 
Кəне,  ұстап  көрейікші  (бəрі  ұстап 
көреді).  Қандай  жылы!  Оны  не 
жылытты?  
 
 
 
 
 
 
 
Балалар  болжамдап  жауап  береді:  шарик, 
дөңгелек,  доп,  күлше  нан  т.б.  Түсі  сары, 
кейде қызыл.  
 
 
 
 
Балалар 
серуенде 
жүріп, 
педагогтің 
сұрақтарына жауап береді.  
 
Отырғышты  жəне  тағы  да  басқа  заттарды 
күн шуағы жылытқанын айтады.  

112 
 
– Иə, күн жылытты! Көктем келді. 
Күн  бұрынғыдан  да  жерді  жақсы 
жылытатын болды.  
 
Балаларға жұмбақ оқиды.  
 
 
 
 
Көлеңке деген не? Ол қалай пайда 
болады? 
Күн  сəулесінің  жолында  бір 
кедергі  пайда  болса,  көлеңке 
болады.  
 
Көлеңке түсіріп ойнатады.  
 
 
Сергіту сəті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Күн шұғыласы» ойынын ойнату.  
Педагог 
бірнеше 
баланың  
қолдарына  кішкентай  айналарды 
таратады  да,  күн  шұғыласын 
түсіріп ойнатады.  
 
Өзекті  сұрақ: «Күн  кімге,  неге 
қажет?» 
Күннің  кімге,  неге  қажет  екенін 
түсіндірулерін сұрайды.  
 
 
 
Əліппе-дəптермен жұмыс. 
 
 
 
 
Жұмбақтың шешуін табады.  
 
Соңыңнан қалмайды, 
Тоқтасаң, тоқтайды. 
Үйге іздеп бармайды, 
Тығылсаң таппайды.  (Көлеңке)
 
 
 
 
 
 
«Көлеңке» ойынын ойнайды. 
 
 
Еркiн ұста денеңдi, 
Тарсылдатпай едендi. 
Орнымыздан тұрып ап, 
Жүгiрейiк бiр уақ. 
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. 
Аяқты алға созайық, 
Тiк көтерiп, қозғайық. 
Тым сылбыр да болмайық, 
Алға қарай озбайық. 
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш. 
 
Айналары  бар  балалар  айнаны  күнге 
шағылыстырып,  ғимарат  қабырғаларына 
күн  шұғыласын  түсіреді.  Қалған  балалар 
күн шұғыласын ұстамақ болады.  
 
 
Балалар  күннің  бəріне  де  қажет  екенін 
айтады.  
Қорытынды:  Күн  болмаса,  жер  суып 
кетеді,  жарық  болмайды.  Күн  адамға  да, 
жануарға  да,  өсімдікке  де  қажет.  Күнсіз 
барлығы құрып кетеді.  
 
Əліппе-дəптердегі  тапсырмаларды  топқа 
келген соң орындайды.  
 
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия:  рефлексиянің 
əдістерінің бір тəсілін қолданады: 
Балалардың  ҰОҚ-да  қаншалықты 
өсіп жетілгендерін көру:  
  отырып, тұрып, созылып. 
  Ым-ишарамен  көрсету:  Міне, 
ҰОҚ-ны  қорытындылауға  қатысады. «Күн 
кімге,  нелерге  керек?»  сұрағына  жауап 
береді. 
ҰОҚ-да  алған  əсерлерін  бір-бірімен 
бөліседі. 

113 
 
тамаша! 
  Қол 
шапалақтаңдар! 
Аяқтарыңмен топылдатыңдар! 
 
Күтілетін нəтиже: 
айтады: жансыз табиғат нысандарын; 
түсінеді: табиғаттағы күннің рөлін, яғни тіршілік үшін маңызын; 
қолданады:  ҰОҚ-да алған білімдерін өмірлік іс-тəжірибелерінде. 
 
 
№ 35 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет 
Бөлімі: Жаратылыстану 
Тақырыбы: Табиғатты аялайық! 
Мақсаты:  Табиғаттағы  мінез-құлық  ережелерімен  таныстыру.  Қарапайым  дербес  тəжірибе  іс-
əрекеттерін  ұйымдастыру  арқылы  балалардың  түсініктерін  дамыту.  Ізгілік,  мейірімділік, 
қызығушылық пен білімге құштарлықты тəрбиелеу. 
Сабаққа дайындық жұмыстары: əңгіме жүргізу, суреттер мен фотосуреттерді қарау; жұмбақтар 
шешу, қарапайым тəжірибе жəне зерттеу жұмыстары, наблюдение, тақпақ жаттау. 
Көрнекі  құралдар:  тақырыпқа  байланысты  суреттер,  əліппе-дəптер,  түрлі  түсті  қарындаштар, 
планшет, фотоаппарат. 
Сөздік жұмыс: өзін-өзі ұстау ережелері, қорғау, көмек.
 
Билингвалды компонент: 
ереже – правила
 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог 
балалардың 
жұмыс 
істеуіне  эмоционалдық  көңіл  күй 
қалыптастырады.  Өлеңді 
үнтаспадан тыңдатуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сұрақ  қояды:  Еліміздің  сұлу 
табиғатын  сақтау  үшін  не  істеу 
қажет?   
Балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың 
өлеңін мұқият үнтаспадан тыңдайды.  
 
Туған өлкем 
Көгінде күн нұрын төккен, 
Жерінде гүл жұпар сепкен. 
Неткен сұлу, неткен көркем! 
Осы менің туған өлкем! 
Алтын дəнді даласы бар, 
Ақ күмістей қаласы бар. 
Неткен сұлу, неткен көркем! 
Осы менің туған өлкем! 
Түлігі өскен алуан - алуан, 
Төс, алқабы малға толған. 
Неткен сұлу, неткен көркем! 
Осы менің туған өлкем! 
Ер еңбегі шалқып, тасқан, 
Ел еркіндеп бақыт тапқан. 
Неткен сұлу, неткен көркем! 
Осы менің туған өлкем!
 
 
Педагогтің сұрақтарына болжамдап жауап 
береді, өз ойларын ортаға салады. 
 

114 
 
Өзекті  сұрақ:  Табиғат  аясында 
өзін-өзі  ұстау  ережелерін  сақтау 
қажет пе? Ол не үшін қажет?  
 
 
 
 
Табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережелерін 
естеріне түсіреді.  
 
 
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптердегі 
суретке 
назарларын аударады.  
Балалармен  бірге  əр  ережені 
талқылайды,  мысалдар  келтіреді, 
мысалдарды 
өмірмен 
байланыстырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сергіту сəті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 «Осыған 
дейін 
не 
болды?» 
дидактикалық  ойыны:  Педагог 
қандай  да  бір  жағдаятты  оқиды 
немесе қимылмен салады.  
 
 
Əліппе-дəптермен жұмыс.  
 
Əліппе-дəптерде берілген суреттерге қарап 
отырып,  табиғат  аясында  өзін-өзі  ұстау 
ережелерімен танысады.  
1. Орман, тоғай ішінеде қатты айғайлауға, 
шулауға  болмайды.  Аңдар  мен  құстарды 
үркітіп аламыз.  
2.  Бұта  мен  ағаш  бұтақтарын  сындыруға 
болмайды.  
3.  Гүлдерді  жұлуға  болмайды.  Қызылғ 
жасыл гүлдерге сүйсіне қарау керек.   
4. Алау жағуға болмайды. Өрт шығу қаупі 
бар. 
5.  Балық  аулап,  оны  үйге  алып  қайтуға 
болмайды,  сонымен  қатар,  көбелек,  құс 
олардың балапандарын аулауға болмайды. 
Жануарлардың 
балаларына 
тиісуге 
болмайды.  Олар  қорғансыз  екенін  естен 
шығармауға болмайды.   
6.  Орман,  тоғай  ішінде  қоқыстарды 
тастама.  Жануарлар  темір  банкі,  сынған 
құмыраларды 
басып, 
аяқтарын 
жарақаттайды.  
7. Жəндіктерді аяғыңмен басып жаншыма, 
таптама.  
 
Күн сəулесі төгілгені əдемі, 
(Қолдарын жайып, айналаны 
тамшалайды). 
Алуан түрлі қызыл гүлдер əдемі, 
(«Гүлдерге» еңкейіп, олардың хош иісін 
иіскейді ). 
Сылдыр қаққан мөлдір суда əдемі, 
(Қолдарын желпиді). 
Биік-биік шыңдарым да əдемі. 
(Қолдарын жоғары көтеріп созылады). 
 
Балалар пікірлерін айтады.  
П:  Мысық  тышқанды  аулай  алмады. 
Осыған дейін болды?  
Б:  Мысық  тышқанды  аңдыды.  Ал  тышқан 
одан қашты.  
 
«Табиғат – біздің  байлығымыз»  суретін 
бояйды. 
Неліктен 
олай 
айтатынын 
əңгімелейді. 

115 
 
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог 
суреттер, 
музыканы 
пайдаланып,  ҰОҚ-ны  көтеріңкі 
көңіл  күймен  қорытындылайды. 
Балаларға  көңіл  күйлерін  қандай 
да  бір  жануар  немесе  өсімдіктің 
суретімен 
көрсетуге 
болатындығын  айтады.  Ауызекі 
тілмен жеткізуге де болады.  
ҰОҚ-ны 
қорытындылауға 
қатысады. 
Жануар,  өсімдіктердің  суреттерін  қарап, 
ішінен  өздерінің  көңіл  күйлеріне  жақын 
суретті таңдайды.  
ҰОҚ-да  алған  əсерлерін  бір-бірімен 
бөліседі.  
 
Күтілетін нəтиже: 
айтады: табиғат туралы қарапайым
 экологиялық  білімдерін өз ойымен;
 
түсінеді:  əрбір  адамның  табиғатты  аялау,  қамқор  болу  қажеттігін,  өзінің  айналасындағы 
жанды жəне жансыз табиғат нысандарын қорғауға қатысы бар екенін; 
қолданады:  ҰОҚ-да  алған  білімдерін  қорытындылап,  нəтиже  шығарады,  зерттеу  іс-
əрекеттерінде алған дағдыларын өмірлік тəжірибелерінде. 
 
 
 
№ 36 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет, Шығармашылық 
Бөлімі: Жаратылыстану 
Тақырыбы: Қош келдің, жаз! 
Мақсаты:  жазғы  уақытта  болатын  маусымдық  өзгерістер  туралы  түсініктерін  қалыптастыру. 
Құрдастарымен  жəне  ересектермен  еркін  қарым-қатынас  барысында  танымдық-зерттеушілік  іс-
əрекет  дағдыларын  дамыту.  Қарапайым  жаратылыстану  ғылымдық  түсініктерін  дамыту. 
Табиғатты аялауға тəрбиелеу. 
Сабаққа  дайындық  жұмыстары:  күш  жетерлік  еңбек  əрекеттері;  суреттер  мен  фотосуреттерді 
қарау;  бейнетаспаларды  көру,  үнтаспаларды  тыңдау,  жұмбақтар  шешу,  қарапайым  зерттеу 
жұмыстарын жүргізу. 
Көрнекі  құралдар:  тақырыпқа  байланысты  суреттер,  əліппе-дəптер,  түрлі  түсті  қарындаштар, 
«Киім» тақырыбы бойынша суреттер, құм, су құйылған ыдыс. 
Сөздік жұмыс: жыл мезгілдері, жаз, су, құм, ойын.
 
Билингвалды компонент: жаз – лето 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушылық-
тарын ояту 
Педагог 
балалардың 
жұмыс 
істеуіне  эмоционалдық  көңіл  күй 
қалыптастырады. Жұмбақ оқиды.  
 
 
 
 
 
 
Балалардың білімдерін белсендіру. 
«Табиғат 
үні» 
үнтаспасын 
тыңдатады. Балаларға бұл жылдың 
қай 
мезгілінде 
болатынын 
анықтатады.  
Өрік, алма, 
Жидек, жүзім піседі. 
Қауын, қарбыз, 
Қияр, сəбіз дүкендерге түседі. 
Астық пісіп, орақ түсіп, 
Қырман дəнге толады. 
Бөбектерім, айтыңдаршы 
Бұл қай кезде болады?  
                                (Жаз мезгілінде). 
 
Құстардың  сайраған  дауысын  естіп,  бұл 
жаз  мезгілі  екенін  анықтайды.  Жаз 
мезгілінің 
көктем 
мезгілінен 
кейін 
келетінін,  күн  ыстық,  өзен-көлдерге  суға 

116 
 
 
 
 
Сұрақ: 
Жаз  мезгілін  не  үшін  жақсы 
көресіңдер? 
 
 
 
«Жаздың 
түсі 
қандай?» 
дидактикалық  ойыны.  Шарты: 
педагог  құм,  көгілдір  аспан, 
жарқыраған  күн,  құлпынай  т.б. 
суреттерін  таратады.  Əр  бала 
суреттерді  таңдап,  сол  сурет 
бойынша өзінің ойын айтады.  
 
түсуге 
болатынын, 
жеміс-жидек, 
көгөністердің пісетінін, адамдардың жеңіл 
киінетінін əңгімелейді.  
 
Балалардың жауаптары:  
–  Жазда  күн  ыстық,  суға  түсіп,  құммен 
ойнауға  болады.  бақшада  өскен  немесе 
тоғайға  ата-анамызбен  барғанда  жидектер 
теруге болады.  
 
Балалардың жауаптары:  
–  Жаз  мезгілі  мен  үшін – сары. (Құмның 
суретін  көрсетеді).  Өйткені  мен  жазда 
құммен ойнағанды жақсы көремін.  
– Көгілдір  түсті. (Көгілдір  аспанның 
суретін көрсетеді).  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет