Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Тәжірибенің әр түрлі нұсқаларында қысқа ротациялық ауыспалы егістегі көкөніс дақылдарының өнімділігі, ц/га



бет34/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Тәжірибенің әр түрлі нұсқаларында қысқа ротациялық ауыспалы егістегі көкөніс дақылдарының өнімділігі, ц/га





Тәжірибе нұсқалары

Қияр

Қырыққабат

Қызанақ

Пияз

Егістік айналымының өнімділігі

ц/га

%

1
2
3
4

Бақылау
Сабан С
С+Н40+NPK
С+Н40+NPK
P
HCP

182
195
220
229
5,1
18

242
260
325
300

280
295
320
355
6,4
29

260
295
356
345

964
1035
1221
1229

100
107
126
127

Осылайша, фосфордың көп мөлшерімен қамтамасыз етілген топырақ қара-қоңыр аумақтың құнарлығын арттыруға ықпал етеді. Олар жоғары өнім алу үшін, ауыспалы егістіктің көптеген дақылдарын өсіп-өнудің кез-келген кезеңінде суда еритін фосформен қамтамасыз етуге қабілетті. Бұл кезде минералды фосфорлы тыңайтқыштарды қолдану жарамсыз, өйткені оны өсімдіктерге пайдалану коэффициенті төмендейді. Дәл осы уақытта өнімділіктің ары қарай дамуын қамтамасыз ететін және дақылдардың сапасын арттыратын басқа тыңайтқыш түрлерін қолдану үшін оптималды жағдай туады.


Минералды тыңайтқыштардың енгізу мөлшерін алдын ала, олардан қоректік заттар ретінде қолданылу, қосылысқа айналу есептеулерімен жүргізеді.
Минералды тыңайтқыштардан қоректік заттарды пайдалану коэффициенті азот және калий үшін 60%-ға , ал фосфор үшін-30% - ға дейін асуы мүмкін. Азот, фосфор және басқа да элементтерді шамадан тыс топыраққа енгізу, өсімдік дақылдарының оларды толық пайдаланбауына және олардың бөліктерінің су қоймаларында шығарылуына алып келді.
Біздің бақылауымыз бойынша, фосфорлы тыңайтқыштардың ұзақ уақыт бойы шығару есебінсіз қолданылуы, оның топырақтың кейбір бөліктерінде жиналуына алып келеді. Шаруашылықтың кейбір аймақтарында фосформен қамтамасыз етілу деңгейі артылды (31-45мг) және оданда жоғары деңгейге (60мг/кг) көтерілді. Тыңайтқыштарды қолдану жүйесінің әдісімен топырақтың суармалы немесе жаңбырлы аймағында егістіктегі өнімді көбейтуге болады.
Мұндай тыңайтқыштарды, толыққанды, еліміздің оңтүстігінің суармалы аймақтарында көп қолданады. Әсіресе, өнімнің қосымша көбеюіне алып келетін көкөніс алуда тиімді қолданылады.
Орын ауысу есебінің және химиялық қосылыстардың топырақта және өсімдікте жиналуының баланстық есептеулері, оларды дәл бағалау мен сандық мөлшерін болжауға мүмкіндік береді. Бұл заттардың таралуы мен тәртібінің моделін жасауға мүмкіндік беретін химиялық қосылыстардың эмпирикалық немесе теориялық ортада есептеу жолымен концентрацияны сандық анықтау үдерісі. Ауыл шаруашылығында әрбір компоненттің концентрациясын тұтас анықтау мүмкін болмаған жағдайда, химиялық заттардың тәртібі мен таралуын модельдеуді жүргізу неғұрлым орынды болады.
Жоспарланған егістіктерде минералды тыңайтқыштардың мөлшерін анықтау (қарапайым баланс әдісі). Бұл әдісте топырақтан, тыңайтқыштардан және тамыр қалдықтарынан (әдетте бұршақ дақылдардан) қоректендіру коэффициенттерін ескере отырып, егістіктің негізгі өнімінің бірлігіне (1 т немесе 10 т-ға) арналған қоректендіретін заттар туралы деректерді пайдаланады. Қант қызылшасының тамырында K2O мүлдем құрғақ зат ретінде орташа мөлшері 1%, ал сабағында 3%-ды құрайды. Яғни 1 тонна абсолютті құрғақ өнім шамамен 40 кг калий қажет. Алайда, 1 т негізгі өнімдегі K2O мөлшерін есептегенде (жанама санымен сәйкес келетін) қантқызыл шасымен 6,7-7,5 кг шығарылады.
Картопта бұл көрсеткіштер бойынша абсолютті құрғақ затқа тиісінше – 2,4 және 3,7 % сай келсе, калий сәйкесінше 61 кг құрайды. Ал 1 т негізгі өнімдегі K2O мөлшерін есептегенде 7-9кг (жанама санымен сәйкес келетін) шығарылады.
Қант қызылшасының тауарлық өнімінен 30 т, қосымша өнімнен 20 т/га, калийдің жалпы шығарылымы 175кг/га құрайды. Картоп өсіру кезінде 20 т/га, қосалқы өнімде 12 т, калийдің жалпы шығыны 1 гектарга 200 кг құрайды. Жоспарланған егінді алу үшін топырақтың қоректік заттар жетіспейтін бөлігіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу арқылы толықтырылады. Тыңайтқыштар нормаларын есептеу үшін қолдануға болатын болжамды коэффициенттер 18-кестеде берілген.
Топырақтан оңай гидролизденетін азотты қолдану коэффициенті әдетте 0,2 (немесе 20% ), кейде 0,25-0,3 құрайды.Қарапайым элементарлы баланс әдісін нақты мысалда қарастырайық. Күлгін түсті шымтопырақ, орташа сазды топырақта 20 т/га картоп өнімін алу жоспарлануда [2]. Екі жылғы агрохимиялық картограмма бойынша 100 г топырақ құрамында P2O5‒5-10 мг және K2O‒8-12 мг болады. 30 т/га органикалық тыңайтқыштарды енгізілу бекітілмек.
Ауыспалы егістік буынында картоп өсіреді: арпа+көпжылдық шөптер, 1-ші жылғы пайдаланған шөптер, 2-ші жылғы пайдаланған шөптер, күздік бидай, картоп.
Бұл деректерді ескере отырып, картоп өнімділігі үшін минералды тыңайтқыштың қажетті жоспарланған нормасын анықтау керек.

18-кесте





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет