Табырыбы : 25 қазан –Республика күні Күні



Дата25.04.2024
өлшемі0,58 Mb.
#201355
Байланысты:
Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік..docxпр
Атом курделі бөлшек, Көмірсутек — Уикипедия



Табырыбы : 25 қазан –Республика күні
Күні: 23.10.2023
Сыныбы: 5 «В»
Сынып жетекшісі: Нұрдәулет Д.Е


Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.


Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?
-Мен
Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен
Жарын даланы сүйетін кім?
-Мен
Ата-ананы сүйетін кім?
-Мен
Досын сүйетін кім?
-Мен
Болашағы елімнің кім?
-Мен
Кәне балалар Отан деген не?
Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана
Біздің Президентіміз кім?

Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

Ту, Әнұран, Елтаңба.

Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.

Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.

Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.


Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім,
Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім.
Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық,
Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.

Күнді құшқан қос қыран,


Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.

Көк туым көтерілді бағым жанып,


Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.

Өзіңдікі туыңда,


От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.

Отан от басынан басталады.


Отан оттан да ыстық.

Тәрбиеші: Қазақ халқының мұраларының бірі – халық ауыз әдебиеті .


Ал халық ауыз әдебиетіндегі жол- ол даналар мәйегі. Олай болса балалар қазақтың қандай билерін білесіңдер?
«Сөз бастаған шешендер» атты көрніс тамашалайық..
Төле би: Бір бала әкесінен өтіп туады,
Бір бала әкесіне жетіп туады,
Бір бала кері кетіп туады.

Қазбек би: Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисін.


Тәрбиеші: Даналық сөздеріңізге рахмет.
Балалар енді «Ғажайып қоржын» ойынын ойнайық.

Қоржын ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру.


Балаларды мадақтау.

-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.



№32 жалпы білім беретін орта мектеп
23.10.2023 жылы 5 «В» сыныбында «25 қазан –Республика күні» атты тәрбие сағаты болып өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатымыз мемлекетіміздің Әнұранымен бастау алды.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет