Мысал. Ареометр көрсеткіштері бойынша сүт тығыздыгы 1,0292г/см,aл температурасы 24.2°С болды. Олай болса сүттің нақты тығыздығы:1 ,0292 + 4,2 * 0,0002 = 1 ,02944 г/см3
Жаңа сауылған сиыр сүттің қышқылдығы 16-180T, Бөтелкелер мен картон пакеттердегі табиғи сүт қышкьпғдығы 210Т-ден аспау керек, ал флягқа құйылған табиғи сүттің қышқылдығы 22 °Т-ден аспау керек. Табиғи сүттің тығыздығы ареометр көмегімен анықталады және 1,028-1,034 г/см шамасында болу керек. Өндірісте сүт тығыздығы градуспен өлшейді. Егер, ареометр шкаласы 1,031 көрсетсе, сүттің меншікті салмағы, яғни тығыздығы 31 градус больш саналады. Сүттің тығыздығына оның майлылығы тікелей әсер етеді. Сүттің майлылығы артқан сайын оның тығыздығы азая түседі, яғни майы алынған сүттің меншікті салмағы табиғи сүттің меншікті салмағынан жоғары болады. Бірақ, табиғи сүт пен су қосылған немесе майы алынған сүттің тығыздығы бірдей болуы да мүмкін. Сондықтан, сүт майлылығын тек оның тығыздығы арқылы бағалауға болмайды.
Сол себебтен, сүт сапасын бағалап, сараптағанда міндетті түрде оның майлылығын да МЕМСТ 5867-93 талаптарына сай анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |