Тақырыбы: «Біздің болашағымыз -білімді ұрпақ» білімпаздар сайысы



Дата08.06.2018
өлшемі143,42 Kb.
#42105
Тақырыбы: «Біздің болашағымыз -білімді ұрпақ» білімпаздар сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау,шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру. Өз ой-пікірін қорғай аоуға үйрету.

Жүрісі: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Біздің болашағымыз -білімді ұрпақ» білімпаздар атты сайысымызды бастаймыз. Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.

Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа,жарыстың бірі ескірген

Айнала отырып ап иісі қазақ

Азаматын өзара күрестірген.

Сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайық. Сахнаға сайысқа қатысатын 7 оқушы шығады.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Білімпаз балаларды таныстыру



Сонымен қарсы алыңыздар білімді оқушылар!

  1. Ойыншымыз Иманәділ

-Иманәділ, өткен оқу жылында қандай жетістіктерге жеттің?

- Мен өткен оқу жылын үздік бағамен бітірдім.

- Өте жақсы!


  1. Ойыншымыз Анэль

  • Анэль, есейгенде кім боласың?

  • Дәрігер.

  • Дәрігер болудан қорықпайсың ба?

  • Жоқ.Мен укол салуды жақсы көремін.

  • Керемет!

  1. Ойыншымыз Нұбек

    • Нұрбек, көңіл-күйің қалай?

    • Менің көңіл-күйім өте жақсы.

    • Тамаша!

  2. Ойыншымыз Маншук

5. Ойыншымыз Гүлайна

- Ойынға қатысуға дайынсың ба?



    • Ия, дайынмын!

    • Өте жақсы!


6.Ойыншымыз Нұрахмет

    • Нұрахмет, біздің ойынымызға қош келдің!

    • Бос уақытыңда немен айналысасың?

    • Мен бос уақытымда таэквандомен шұғылданамын

- Жарайсың , Нұрахмет,

7.Соңғы ойыншымыз Наргиза

    • Наргиза ,бүгінгі ойынымызға қош келдің!

    • Рахмет!

    • Өте жақсы екен балалар.

    • Олай болса өздерің қандай дайындықпен келдіңдер?

Оқушылар хормен:

Бастауышта оқимыз бәрімізде

Достық сөзі әрқашан жанымызда

Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге

Сайыс 5 бөлімнен тұрады. 1-бөлім: «Кім көп біледі?»

2-бөлім: «Тіл-өнер» сайысы

3-бөлім: «Кім жылдам?»

4-бөлім: «Ата салтың – халықтық қалпың»

5-бөлім: «Жорға»

Сонымен оқушылар, іске сәт! Жұлдыздарың жансын!

1-бөлім: «Кім көп біледі?» Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші болып жауап беруге тырысасыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді.Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай.

Сұрақтар: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

2. Жаңа әнұран қай кезде шырқалды? (2006ж 1 қаңтар)

3. Қазақстан Республикасының ақшасы (теңге) қашан енгізілді? (1993ж 15 қараша)

4. «Кел балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

5. Басты байлық? (Денсаулық)

6. Күйді орындаушы адам? (Күйші)

7. Заттың атын білдіретін сөз табы? (Зат есім)

8. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж 16желтоқсан)

9. «Көксерек» кімнің әңгімесі? (М.Әуезов)

10. а+37 бұл қандай өрнек? ( Әріпті өрнек)

11. Жеміс неден пайда болады? ( Тұқымнан )

12. Құстар қалай көбейеді? (Жұмыртқа салу арқылы)

13. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айт.

14. Қазақ хрестоматиясын кім жазды? (Ы.Алтынсарин)

15. Абай Крыловтан қандай мысал аударды? («Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі»)

16. «Алып бала» кім туралы? (Қажымұқан)

17. Ұя салмайтын құс? (Көкек)

18. Жұмадан кейін қай күн? (Сенбі)

19. Орман дәрігері? (Тоқылдақ)

20. Қазақша жылдың басы? (Тышқан)

(Ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығарылады.)



ІІ бөлім: «Тіл-өнер» сайысы. Мұнда сіздер сұраққа жауап беріп, жауапты орыс тіліне аударсаңыздар 20 ұпай, ал аудара алмасаңыздар тек 10 ұпай ғана беріледі.

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (Көктем – Весна)

  2. Жүз теңгең болғанша, жүз ...... болсын. (Дос-Друг)

  3. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап - Книга)

  1. Ұшқан ......., - жүгірген аң (Құс-Птица)

  2. Жеті қазынаның бірі- адамның досы (Ит- Собака)

  3. Шағын мемлекет (Отбасы-Семья)

  4. Футболшының алаңдағы ойын заты (Доп Мячь)

  5. Әрі қызыл,әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты. (Қарбыз-Арбуз)

  1. Жылт-жылт еткен,жылғадан өткен (Су-вода)

(Ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығарылады.)

ІІІ бөлім: «Кім жылдам?»

Ойынды ең ұпайы көп ойыншы бастайды. Экраннан 6 тақырып көрсетіледі.

  1. « Ана тілі»

  2. « Қазақ тілі»

  3. «Математика»

  4. « Дүниетану»

  5. «Кім тапқыр?»

  6. «Мақал сөздің мәйегі»

Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы бойынша берілген 1 минут ішінде экранда көрсетілген сұрақтарға жауап қайтару керек.(10ұпай)

Ана тілі

1.“Алтын ұяң-Отан қымбат” деп басталатын шешендік сөзді кім

айтқан? (Қазыбек би)

2 . “Ұр, тоқпақ” ертегісі ертегілердің қай тобына жатады?(Қиял-ғажайып)

3. “Ұшқан ұя” шығармасы кімнің атынан әңгімеленген? (Б.Момышұлы)

4. “Еті-тамақ, шұбаты-сусын, жүні-киім”-деп, қай түлікті айтамыз?

(түйе)

5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?



(аңыз)

6. Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған жануар. (түйе)

7. “Мүйізі айдай иілген

Мұрнын көкке шүйірген” не? (сиыр)

8. Қазақтың ұлы ағартушысы (Ы.Алтынсарин)

9. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы)

10. Қазақтың ұлы ақыны. (Абай)

11. Мақалды аяқта: Батыр бір рет өледі,

Қорқақ .... (мың рет өледі)

12. Әліппенің атасы кім?(А.Байтұрсынов)



Қазақ тілі

1. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)

2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

3. Ұйқасын тап.

Сатып алдық кеше,

Шай ішетін ... (кесе)

4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Кім? Не?)

5. Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай сөздер?(Мәндес)

6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?(3)

7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?(түбір)

8. Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)

9. Отырды, жазды, ойнады, күлді- деген сөздер заттың несін білдіреді? (заттың қимылын)

10. Міне, нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (лепті сөйлем)

11.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (жұрнақ)

12. «Уақыт»-сөзінде у қандай дыбыс? (дауыссыз)



Математика

1. Математикада неше амал бар? (4)

2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)

3. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін (дөңгелек)

4. Сантиметр қай бірлікке жатады? (ұзындық)

5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8)

6. Қосындының компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш,

қосындының мәні)

7. 1 кг мақта, әлде 1 кг темір ауыр ма? (екеуі тең)

8. Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5)

9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)

10. Басталатын нүктесі бар сызық. (сәуле)

11.Түзу сызық сызу үшін қолданатын оқу құралы.(сызғыш)

12. 1 ғасырда неше жыл бар?(100жыл)



Дүниетану

1. Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? (тамыр)

2. Орман емшісі атанған құс. (тоқылдақ)

3. Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл)

4. Көкжиек тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)

5. Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарларды қалай

атаймыз? (жабайы аңдар)

6. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады?

(көкжиек)

7. Түнде көзі жақсы көретін құс. (жапалақ)

8.Үрленген шардың ішінде не болады? (ауа)

9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады? (қосмекенді)

10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты. ( топырақ)

11. Бу қайдан пайда болады?(судан)

12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? ( 2жылдық)

Кім тапқыр?

1. Тұла бойы – ине,

тұмсығында – түйме. (кірпі)

2. Ақ көрпесін тұйықтап,

қыстай жатыр ұйықтап. (қар)

3. Өртесең де күймес,

теңізге батуды білмес. (мұз)

4. Тілдерімен жүреді,

Уақытты біледі. (сағат)

5. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз)

6. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (бұлт)

7. Сыртта қапырық болып тұр,


үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (тоңазытқыш)

8. Құйттай ғана бойы бар,

Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші)

9. Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан аулайды,

Көзі шамға ұқсайды. (укі)

10. Жарқ етсе сабау қамшы,

Нөсерлетіп жауар тамшы.(найзағай)

11.Тал басында түндіксіз отау. (ұя)

12. Тарбаң, тарбаң тарбиған,

Түрі жаман барбиған.(бақа)

(Ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығарылады.)



ІҮ бөлім: «Ата салтың – халықтық қалпың» . Бұл кезеңде салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру керек. (10ұпай)

  1. Сәукелені желегімен кім,қай уақытта киген? (Жаңа түскен келін киген)

  2. Үш арсыз,үш қуатты ата? (Ұйқы,күлкі,тамақ, ақыл,жүрек,тіл)

  3. 7 санына байланысты қандай ұғым бар? (7 киелі сан)

  4. Айтыстың ең көне түрі (Бәдік айтысы)

  5. Қазақтың қандай тұрмыс-салт жырлары бар? (Жар-жар,сыңсу,беташар, қоштасу)

  6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (Тоғызқұмалақ,Бестас,Ақсүйек,Ханталапай т.б)

  7. Көне заттарды сақтайтын орын? (Мұражай)

(Ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығарылады.)

Ү бөлім «Тапқыр болсаң тауып көр»

Ойыншы қызыл, сары, көк түстің бірін таңдап, әрбір сұрақ 10 ұпай

Қызыл түс сұрақтары:

2. Суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесің?

5. Қазақтың тұңғыш палуаны кім?

8. Қандай кенді «қара алтын» дейміз?

12. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға,

ара. Аспанда неше құс ұшып жүр?

16. «Кірпік қақпады» - деген сөз тіркесінің мәнін түсіндір.

21. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары?



Көк түс сұрақтары:

1. Суреттегі кім және оның қандай шығармаларымен таныстық?

6. Солтүстікте тіршілік ететін, ұша алмайтын құс.

11. «Ақ алтын» деп нені айтамыз?

15. Есеп-жұмбақ

Айдын көлге екі аққу


Ұшып келіп қонысты.
Үш қаз және бір үйрек
Жүзіп жүрген жолықты.
Қарсы алуға оларды
Төрт балапан шығысты.
Жауабын тез айта салшы,
Барлық құс нешеу болысты?
20.«Көзге ілмеді»- сөз тіркесісің мәнін аш.

24. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?



Сары түс сұрақтары:

4. Бұл қай бидің суреті және оның қандай шешендік сөзін білесің?

9. Иілген ұзын мойынды ,ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс.

10. Самаурындағы су қайнағанда азайып ортаяды. Неге?

14. Жұмбақ-есеп.

Шегірткелер он жеті

Бірлесіп хорға ән салған,

Жетеуі оның кенеттен

Айырылады дауыстан.

Екеуі қайта қосылды

Бірлесіп ән салуға.

Есептеңдер енді тез

Естиміз неше дауысты?

17. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір:

Қол ұшын берді

19. Серік Сапиев қай спорттың шебері? (Бокс)



Жалпы сұрақтар:

3. Алдауыш таяғымды әкелемін деп, байдың атын мініп кеткен кім?

7. Өзі ет жемей, шапанына ет жегізетін аңыз кейіпкері.

13. Жазғы Лондон олимпиадасында біздің толағайлар неше алтын медаль

алды?

18. Тарансаң да,


Қарансаң да,
Алдына оның келесің,
Өзіңді өзің көресің. ( айна)

22. Қандай ұлттық ойындарды білесің? ( көкпар,асық,тоғызқұмалақ,алтыбақан,ақсүйек,теңге ілу)

23. Қырық өтірікті айтқан бала? (Тазша бала)

(Ұпайы төмен бір оқушы ойыннан шығарылады.)



ҮІ бөлім: «Жорға» Бұл кезеңде белгіленген уақыт ішінде берілген 20 сұрақтың нешеуіне жауап бергеніне қарай ұпай жинайды.

  1. Сиырдың пірі. (Зеңгі баба)

  2. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)

  3. Бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан (масштаб)

  4. Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға ( Президент)

  5. Қара алтын (Мұнай)

  6. 100 жыл (Ғасыр)

  7. Абайдың әжесі (Зере)

  8. Көру мүшесі (Көз)

  9. Бір өркешті түйе қалай аталады? (Нар)

  10. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта)

  11. Заттың санын білдіретін сөз табы (Сан есім)

  12. Абылайдың шын аты кім? (Әбілмансұр)

  13. Жаңа туған балаға ат қойып,оны алғаш бесікке бөлеу? (Бесік той)

  14. Ләззат Асанова Кім? (Желтоқсан батыры)

  15. Табиғатта су неше күйде кездеседі? (Үш күйде)

  16. Күз айларын ата? (Қыркүйек,қазан,қараша)

  17. Ас қорыту мүшелерін ата? (Ауыз,өңеш,асқазан, ішек)

  18. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер? (Т.Әубәкіров)

  19. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)

  20. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар? (Дауыссыз дыбыстар)

2-ойыншыға:

    1. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтіндегі “ Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ” ненің мекені? ( Тышқанның)

    2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)

    3. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз)

    4. Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (бүркіт)

    5. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)

6 . «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп бастаған шешендік сөзді кім айтқан? ( Төле би)

7. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (сусын)

8. Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақырса болады?(жедел жәрдем)

9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (тұсбағар)

10. «Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан» не? (түйе)

11. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)

12 Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні көрсет. (Байлық пен ақыл)

13. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)

14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (жапырақ)

15. Төмендегі жануарлардың қайсысы қысқы ұйқыға кетеді? (аю)

16. Тұңғыш Президент Күні - қай күн? (1 желтоқсан)

17. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н кім жазған? (Абай)

18. Ең үлкен бір таңбалы санды . (9)

19. Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер?(Алдаркөсе)

20. Күні бойы тынбайды,

Дәмді тағам жинайды.(ара)

Осымен сайыстың шарттары аяқталды.

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?



Әділқазыларға сөз беріледі. Ұпай сандары бойынша сайыс қорытындысы айтылады.
Каталог: uploads -> doc -> 00ed
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00ed -> Сабақ: №3 Тақырып: Отбасы ағашы. Күні: 23. 11. 2015 Мұғалімнің аты-жөні: Рыскалиева К. Р
00ed -> Сабақ өтілетін күні: 26. 02. 16ж Сабақ өтілетін сыныбы: 0«Д» 1 Сабақтың тақырыбы
00ed -> Сабақ Тақырыбы: «Механикадағы күштер. Бүкіләлемдік тартылыс күші. Бүкіләлемдік тартылыс заңы»
00ed -> Сабақ үрдісінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда сындарды оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерінің тиімділігі
00ed -> Білімділік: Оқушыларды Отанын, жерін, әрі халқының тілін құрметтеуге, қазақша сауатты сөйлеуге, Қазақстанның азаматы екенін мақтаныш тұтуға баулу. Дамытушылық
00ed -> Сынып сағаты Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Тұғырлы ел-Қазақстан! Мақсаты/ Цель занятия/ Objectives
00ed -> Сабақ Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы Әдепті сөйлеу әдемілік Шығарма


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет