Бұл кластың тек теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлері белгілі. Құрылысы жағынан гидроидты медузаларға ұқсас, айырмашылығы - олардан ірі және желкенсіз болады.
Құрылысы мен физиологиясы.
Аурелия планктонды организмдермен қоректенедi. Қорек заттары қарында қорытылып, түтiкшелерi арқылы денеге тарап, қорытылмаған қалдығы ауыз тесiгi арқылы сыртқа шығарылып тұрады.
Шатырдың айнала жиегiндегi қысқа қармалауыштарының кейбiреулерi жуандап, шеткi денешiктерге немесе ропалилерге айналады. Олар тармақты радиальды түтiкшелердiң түбiнде орналасады,саны сол түтiкшелердiң санына сай келедi.
Ропалидiң iшiнде тепе-теңдiктi сақтау мүшесi – статоцист және әр түрлi құрылысты көзшелерi болады. Қарапайым көзшелерi эктодермальды пигменттi және сезгiш ретинальдi клеткаларынан құралған, ал күрделi көздерi көз шұңқыршағы эпителий астына батып тұрған көз көпiршiгi бөлiп шығарған шыны тәрiздi затқа толы. Осындай күрделi құрылысына қарамастан көздерi тек жарықтың өзгерiстерiн ғана ажырата алады.