Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар 2-ке бөлінеді
Тіркелмелі - полиптер
Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама-қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.
Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльді формалар.
Еркін жүзіп жүретін - медузалар
Медузалар - жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.