Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар.
Маржан полиптер гидроидты полиптерге ұқсас, бірақ олардың елеулі және күрде-лі өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың орнына қалың қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және көлденеңінен сақиналы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі күрделіленіп - ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. Жыныс клеткалары энтодермадан құралған.
Сопақша келген ауыз тесігі эктодермальды жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақ бір бағытта қабысқан, ал қуыстың бір жақ немесе екі жақ шетінде сифоноглифа деп аталатын сай (борозда) өтеді. Жұтқыншақ гастраль қуысымен жалғасқан. Гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен астарланып, арнайы септа деп аталатын перделері арқылы камераларға бөлінеді.