ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ БӨЖ Тақырыбы: «Ішекқуыстылар типі» Орындаған:Күндебай Анар, Құралбек Аружан, Төребек Нұрсезім, Төребек Аққу, Бахаш Балнұр, Дөңбаева Айнұр Тобы: 1505 – 20 Қабылдаған:Сартаева Х.М. ШЫМКЕНТ 2021Ж
Нағыз көп клеткалылар тобындағы жануарлар, мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына қарай екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) және екі жақты (билатеральды) симметриялы жануарлар.
Жануарлардың бекініп тіршілік етуіне немесе суда шарықтап жүзуіне және қоршап тұрған ортаның оған жан-жағынан бір қалыпта әсер етуіне орай мүшелері бір осьтің төңірегінде шашыраған сәулелер сияқтанып орналасады да, дененің сәулелі (радиальды) симметриясын құрайды.
Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі екі қабаттан тұрады: сыртқы - эктодермадан, ішкі - энтодермадан. Осы белгісіне сай олар екі қабатты -Diploblastica тобына жатады.
Сәулелілерге екі тип жатады: ішекқуыстылар - Coelenterata және ескектілер -Ctenophora.