Тақырыбы: «Ішекқуыстылар типі»



бет8/12
Дата31.03.2022
өлшемі11,09 Mb.
#137430
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
БӨЖ Ішекқуыстылар типі

Көбеюi және дамуы.

  • Сцифомедузалар – дара жыныстылар. Жыныс бездерi қарын қылталарында қалыптасып, жетiлген жыныс клеткалары ауыз тесiгiнен сыртқы су ортасына шығып ұрықтанады. Зигота толық бiркелкi бөлшектенiп бластула және гаструла ұрығын түзеп, одан кiрпiкше түкпен жабылған личинка – планула пайда болады. Ол кiрпiкшесiнiң көмегiмен суда бiраз уақыт жүзiп жүредi де денесiнiң алдыңғы бөлiгiмен субстратқа бекiнiп, гидраға ұқсас сцифистома деп аталатын полипоид кезеңiне өтедi (сурет) Сцифистома өсiп, оның денесi бiрқатар көлденең бунақталып, бiр-бiрiне қабаттаса орналасқан диск тәрiздi жас медузалар пайда бола бастайды. Осындай көлденең бүршiктену стробиляция, ал осы санындағы полипты стробила деп атайды.
  • Стробиляция нәтижесiнде пайда болған жас медузалар бiрте –бiрте сцифистомадан бөлiнiп шығып, еркiн тiршiлiк ете бастайды. Олардың шатырша шетi терең ойықталған iшкi жүйелеi толық дамымаған. Бұл –эфира деп аталатын личинкалық сатысы. Эфиралардың шатырша шетi тегiстелiп, гастроваскулярлы жүйесi толық қалыптасып, жыныс клеткалары жетiлiп ересек медуза пайда болады.
  • Сцифистома мен медузоидты ұрпақтарының алмасуына метагенездiң белгiсi.
  • Сцифистома бөлiнiп тiршiлiк ететiн, тек қана жыныссыз стробиляция жолымен көбейiп медузаларды қалыптастыратын формалары және тез өтiп кететiн, нашар бiлiнетiн сатысы. Медузалар – еркiн тiршiлiк ететiн, тек қана жынысты жолмен көбейiп сцифистомаларды қалыптастыратын формалар, оның кезеңi әлдеқайда басымырақ болып келедi. Сөйтiп аурелия аурита ұрпақ алмасады – метагенез жолымен яғни жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдiң кезектесiп отыруы арқылы дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет