Тақырыбы: Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал



бет3/11
Дата24.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#150583
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 тапсырма

Команда құруға арналған жаттығу.Тренинг: «Тимбилдинг» 3топқа бөлу
Тәжірибедегі құндылықтар, ұстаным және стратегиялық іс-әрекет.
Ресурстар:
Тәжірибедегі құндылықтар, ұстаным және стратегиялық іс-әрекет(Білім беру платформасын қара).


ТӘЖІРИБЕДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ҰСТАНЫМ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ

Төменде бір мұғалімнің өз мақсаттарына қол жеткізу және өз тәжірибесін дамыту үшін стратегиялық іс-әрекетті қалай пайдаланғаны туралы оқиға беріледі.


Әрбір оқиғада мыналарды белгілеу үшін, түрлі-түсті үш қарындашты пайдаланыңыз:

  • Мұғалімнің құндылықтары;

  • Мұғалімнің ұстанымы;

  • Мұғалімнің өзгерістер енгізу үшін алдын ала қолданатын стратегиялық іс-әрекеті.

Бұл мұғалімнің бастаманы қалай қолға алып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу мен дамыту үдерісін ұйымдастырғанын топтағы басқа қатысушылармен бірге талқылаңыз.
Дипактың оқиғасы
Дипак математикадан сабақ беретін және мұғалім болып істешеніне небәрі 2 жыл болды. Ол кейбір оқушылардың математика сабақтарына қызықпайтындығына алаңдайтын. Сөйтіп мұғалім осындай оқушылардың назарын аудару мақсатында оқытуды жақсарту тәсілдерін таппақ болды.
Ол сауалнама парақтарын пайдаланып, оларға көп ұнайтын тапсырмалар туралы оқушылардың пікірін сұрауды ұйғарды. Бірақ кейін егер оқушылар математиканы ұнатпайтын болса, олардың пікірлері өздерінің бұрынғы жасағандарына ғана қатысты болуы мүмкін деген негізде бұл ойынан бас тартты.
Өз мектебінің математиктер кеңесінде ол әріптестеріне өзінің проблемасын түсіндірді және олар сабақта немесе тапсырма беруде қолданатын барынша тиімді 3 әдісті атауды өтінген сауалнама ұсынды. Дипак оларды тізім бойынша жинап алды және кейін кейбір сәттерді барынша жан-жақты талқылау үшін жекелеген әріптестерімен кездесті.
Содан соң Дипак тізімдегі әрбір стратегияға жүйелі тәжірибе жасады. Ол оларды сабақ беруде қолданып, өз қадағалауларының жазбаларын жасай отырып, әрбір стратегияны бағалады, ол оқушылардан пікір парақтарын толтыруды сұрады және уақыт өткен сайын әріптестерінен егер оларда бос уақыт болса, қадағалауды өтінді.
Бірнеше ай өткеннен кейін Дипак өзінің әріптестерімен құндылығын өз жұмыс барысында бағалаған жаңа стратегиялар туралы пікірмен бөлісе алды. Бұл ақпарат тізімге енген әдістердің еш уақытта ешқайсысын пайдаланбаған әріптестері үшін өте бағалы болып шықты.
Бұдан әрі, Дипак оқытудың ең жақсы 3 тәсілін атауды өтініп, басқа пәндерден сабақ беретін әріптестерін тарта бастады. Ол осы идеялардың көпшілігін математика сабақтары үшін бейімдеуге болатынын, сондай-ақ бұның мұғалімдер ортасында сабақ беру әдістері туралы талқыға түрткі болатынын байқады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет