Тақырыбы: Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері. Сыныптағы психологиялық ахуал



бет6/11
Дата24.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#150583
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 тапсырма

Алға басу. Мына мәлімет сізге топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыруға көмектесе ме? Сiз сабақтағы жұмысты топтардың құрамын үнемi өзгертiп отыратындай етiп ұйымдастыра аласыз ба?
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты кеңейту мүмкіндіктері (Білім беру платформасын қара).
Мұғалім-оқушы өзара әрекеттестігі (Білім беру платформасын қара).
МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

Оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер де өзгеріп тұрады. Бұл жаттығу мұғалімге оқушылардың күнделікті қарым-қатынасын, ол қарым-қатынасты оқушы өзіне қалай елестететінін және оларды қалай өзгертуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді.


Ұсынылатын жаттығу:
Төменде берілген сызбада сыныптағы мұғалім-оқушы қарым-қатынасы моделі көрсетілген. Онда екі белдік (ось) берілген: бірі - мұғалімнің іске араласуын, екіншісі оқушының бастамасын көрсетеді.
Жеке жұмыс:
Жақында өткізген сабағыңызды талдап, мұғалім мен оқушының, сіздің пікіріңізше, қарым-қатынасын белдікте (ось) берілген координаттармен салыстырыңыз.
Топтық пікірталас:
Сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасына не әсер етеді? Ол қарым-қатынас әртүрлі жағдайларға қарай өзгеріп отыра ма? Сіз өзара қарым-қатынасты қалай өзгертер едіңіз?




Мұғалімнің іске кірісуінің жоғары деңгейі

М ұғалімге бағытталған



  • Сыныптағы қарым-қатынасты мұғалім ұйымдастырады;

  • Оқу материалы орындалады;

  • Оқушы мақсаты - материалға толық «ену»;

  • Мұғалім оқушының оқу үдерісін басқарады

Оқушының белсенділігі төмен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет