Көмірсулар жіне олардың тамақтанудағы маңызы.
Көмірсулар тағамдық рационның негізгі бөлігі болып табылады. Көмірсулардың физиологиялық маңызы негізінен оның энергетикалық қасиетіне байланысты анықталды. 1 г көмірсудан 4 килокалория энергия бөлініп шығады. Ауыр дене еғбегі кезінде көмірсуға деген қажеттілік артады.
Көмірсулар жасушалардың биологиялық түзілуінде пластикалық материал ретінде қолданылады.
Ағзада көмірсулардың қоры өте аз көлемде, сондықтан оның артық мөлшері де ағзада аз болады. Ағзаның көмірсуға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін көмірсулар тағамдармен үздіксіз түсіп тұру керек. Көмірсулар май алмасу процесімен тығыз байланысты. Егер адам көп жұмыс істемесе, онда ағзаға түскен көмірсулардың артық мөлшері майға айналады.
Табиғи тағамдардың құрамында көмірсулар моносахаридтер, дисахаридтер жіне полисахаридтер түрінде кездеседі.
Құрылысына, ерігіштігіне, ағзаға сіңуіне, гликогеннің пайда болуына әсер етуіне байланысты тамақ тағамдарында кездесетін көмірсулар былай бөлінеді:
Жай көмірсулар:
Моносахаридтер:
Глюкоза
Фруктоза
Галактоза
Достарыңызбен бөлісу: |