Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 99 б. 2 б. «5» тармағы)



бет13/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

2.5 Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 99 б. 2 б. «5» тармағы)
Аса қатыгездік ұғымы бағамдық шама ретінде қарастырылады. Адам өлтіруге дейін немесе оны жүзеге асыру барысында жүзеге асырылған, адамға қаза келтіру үшін міндетті болып табылмайтын және жәбірленушіге немесе оның жақындарына қосымша тәндік және психикалық ерекше зәбір көрсетуді аса қатыгездік деп түсінген дұрыс.
Сот тәжірибесіне негізделген ұстанымдарды басшылыққа алар болсақ, адам өлтіру оқиғасын ҚР ҚК 99 б 2 б. «5» тармағымен саралау барысында аса қатыгездік түсінігінің адам өлтірудің тәсілімен де, сондай-ақ кінәлінің аса қатыгездік көрсеткендігінің куәсі болып табылатын өзге мән-жайлармен де байланысты болатындығын басшылыққа алу қажет. Осының барысында адам өлтіру аса қатыгездікпен жасалған деп тану үшін, адам өлтіруді аса қатыгездікпен жасау кінәлі адамның қасақаналық ниетімен қамтылғандығын анықтау қажет.
Аса қатыгездік көрсетудің белгілері, атап айтқанда, өмірінен айыру алдында немесе адам өлтіруді жасау үдерісінде жәбірленушіге қинау, қорлау немесе адам өлтірудің құрбанына ауыр қасірет тарттыру не адам өлтіру кінәлі адам үшін көрінеу белгілі жәбірленушіге ерекше қасірет келтіру тәсілдерімен (көп санды тәндік жарақаттар салу, қинап әрекет ететін уды қолдану, тірілей өртеп жіберу, ұзақ уақыт бойына тамақ, су бермеу) жасау барысында көрініс берді.
Аса қатыгездік жәбірленушіні оның жақын адамдарының көзінше, кінәлі адам өзінің әрекеттерімен оларға ерекше қасірет әкелетіндігін сезіне отырып, өлтірген жағдайда да көрініс таба алады. Өлген адамның мәйітін қорлау өздігінен адам өлтірудің ерекше қатыгездікпен жасалғандығының белгісі болып табыла алмайды. Егер кінәлінің жәбірленушіні өмірінен айыру алдында немесе адам өлтіруді жүзеге асыру үдерісінде жасаған әрекеттерінде аса қатыгездік жасағандығының белгілері болмаса, осындай жағдайда жасалған іс-әрекетті ҚР ҚК 99 бабының тиісті бөлігімен және өлген адамдардың мәйіттерін қорлағаны үшін жауаптылықты қарастыратын 314 баппен саралау қажет.
Қылмысты жасыру мақсатында мәйітті құрту немесе бөлшектеу адам өлтіруді аса қатыгездікпен жасау деп саралау үшін негіз болып табылмайды.
Осы ережелерді талдай отырып адам өлтіру барысындағы аса қатыгездік келесідей белгілермен сипатталады деген қорытынды жасауға болады:
1) кінәлінің жәбірленушіні өмірінен айырғанға дейінгі жүріс-тұрысы (қинау, қорлау, зәбірлеу және т.б.); осының барысында адамды өлтірудің өзі бір сәтте орын алуы мүмкін (ату, пышақ тығу және т.б.);
2) адамның қаза табуы кінәлінің әрекеттерінің түпкі нәтижесі болып табылатын адам өлтірудің тәсілі(көп санды тәндік жарақаттар салу, қинап әрекет ететін уды қолдану, тірілей өртеп жіберу, ұзақ уақыт бойына тамақ, су бермеу);
3) адам өлтірудің жағдайы (адамды жәбірленушінің жақындарының көзінше өлтіру, өзінің жас шамасына (тым жас, кәрі болуы), ауру болуына (тәндік немесе психикалық) немесе өзге де жай-күйіне (қатты мас болуы, еңсерілмес күшке тап болу) байланысты дәрменсіз тұлғаға болса, жәбірленуші оған қаза келтіргелі жатқанын түсініп, сезініп өзін аяуды сұрап, кінәліге жалынып өзін өлтірмеуді сұрап, бар күшімен өзін қорғамақ болса, адам өлтірушіден қашып құтылуға тырысса, ал кінәлі адам осының бәріне қарамастан жәбірленушіге қаза келтіреді.
Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтірудің субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталуы мүмкін.
Осының барысында кінәлі адам аса қатыгездікпен адам өлтіруді тілейді немесе жәбірленушіге ерекше тәндік не психикалық қасірет келтіретіндігіне немқұрайымды қарайды не оған саналы түрде жол береді. Жәбірленушінің қатты қасірет шегетіндігін кінәлінің сезінуі қажетті шарт болып табылады.
Жәбірленушінің шеккен жапасына қатысты кінәлі адамның қателесуінің барысында оның әрекеттеріне қылмыстық құқықтық баға беру мәселесі заң әдебиеттерінде біркелкі шешілмеген. Бұл жерде кінәлі адам жәбірленушіге ерекше зәбір көрсеткісі келеді, бірақ өзіне тәуелді емес себептерге байланысты оған қол жеткізе алмаған (мысалы, жәбірленуші пышақпен бір рет соққы жасағаннан кейін өліп кетеді, қинай бастаған кезде-ақ травматикалық шок жағдайында қайтыс болды, қатты мас болуы немесе ес-түссіз жағдайда болуы себепті тән ауруын сезінбеуі) жағдай туралы айтылып отыр.
Саралаудың келесідей нұсқалары ұсынылады:
1) қарапайым түріндегі адам өлтіру ретінде - ҚР ҚК 99 б. 1 б.;
2) адам өлтірудің сараланған түріне оқталу ретінде - ҚК 28 б. 3 б. және 99 б. 2 б. «5» тармағымен;
3) аяқталған сараланған адам өлтіру ретінде – ҚР ҚК 99 б. 2 б. «5» тармағымен.
Осы орайда осындай адам өлтіруді қасқаналықтың түріне тәуелді түрде саралау қажет деп санайтын А.Н. Поповтың ұстанымына көбірек ден қойған дұрыс сияқты. Егер аса қатыгездікпен адам өлтіруге деген қасақаналық тікелей болған болса, онда жәбірленушінің бастан кешкен жапа тартуына қатысты кінәлінің қателесуі (жаңылысуы) саралауға ықпал етпейді егер кінәлінің әрекеттері ерекше қатыгездік сипатқа ие болса – адам өлтіруді аяқталған деп санау қажет.
Егер қаза келтіруге деген қасақаналық жанама болса, онда іс-әрекет жасалған қылмыстық фактілік мән-жайларына тәуелді түрде саралануы тиіс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет