Тақырып 1.13.Иран. Ауғанстан. Түркия.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңындағы Иранның жағдайы. Иран мемлекетінің бейтараптық саясатты жақтағанына қарамастан, оның жері қарама-қарсы екі соғыс одағына кірген мемлекеттердің бақталас ошағына айналды. 1914 жылы түрік әскерлері Иран, Әзірбайжан аудандарына басып кіріп, Хой, Урмия, Тебриз қалала- рын иеленді. 1915 жылы орыс әскерлері қарсы шабуыл- ға шығып, түріктерді Әзірбайжаннан қуып шықты. 1915 жылғы Англия және Ресей құпия шартына сәйкес, 71 Иран екі ықпалды аймаққа бөлінді. 1917 жылдың басын- да Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісіп, басып алды. Оңтүстігінде — ағылшындар, батысында — немістер, ал солтүстігінде орыс әскерлері орналасты. Соғыс жылдарында Иран экономикасы әбден құлды- рады. Халық арасында жұқпалы аурулар тарады, аштық жайлады. Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы. Шетел басқын- шыларына қарсы халықтың азаттық қозғалысы басталды. Солтүстік Ирандағы қозғалыстың басында демократтық саяси көзқарасты жақтайтын Көшек хан тұрды. Оның төңірегіне жиылған партизан жасақтарын жыңғылдық- тар (жыңғыл — орман) деп атады. Ирандағы неміс және түрік әскерлерімен күресеміз деген сылтаумен ағылшын әскері 1918 жылдың басын- да Иранның солтүстік-батыс аймақтарына басып кірді. 1919 жылы 9 тамызда Ағылшын-Иран шартына қол қойылып, Иран елі ағылшындардың “қамқорлығына” алынды. Әділетсіз шарт халықтың наразылығын туды- рып, ирандық Әзірбайжанда, Гилянда, Хорасанда азаттық күрестің ошақтары пайда болды. Осы кезде Ресейде жеңі- ліс тапқан ақ гвардияшыл әскерлерді өкшелей қуып кел- ген Қызыл Армия бөлімдері Иранның Энзел портына келіп жетеді. Бұларды Каспий теңізі флотилиясының бастығы Ф.Раскольников пен большевиктер партиясы Кавказ бю- росы орталық комитетінің төрағасы Серго Орджоникидзе бастап келген болатын. Көшек хан олардан қару-жарақ көмегін сұрайды. Иран елі социалистік революцияның Шығыстағы тірегі болады деп үміттенген Ресей өкілдері Көшек ханға көмек беруге келіседі. Ақ гвардияшыл топтар және ағылшын әскерлері қалдырып кеткен оқ-дәрі, барлық қару-жарақ қоры Көшек ханға беріледі. Көшек хан Кеңес үкіметі Ирандағы ұлт-азаттық күреске шын ниетімен көмектеседі деп сенді. Коммунистік Интернационалдың дүниежүзілік пролетарлық революция жеңеді деген үмітін барынша қолдаған Кеңес үкіметі Иранда социалистік революция- ның жаңа ошағын ұйымдастыруға асықты. Бұл үшін Кеңестік Әзірбайжан мен Түркістандағы мұсылмандық топтардан Иран коммунистік партиясы мен Иран Қызыл 72 Армия бөлімдері ұйымдастырылып, Каспий теңізі арқылы жедел Иранға жеткізілді. 1920 жылы 5 маусымда Гилян Республикасы жария- ланды. Оның төрағалық қызметіне Көшек хан шақы- рылды. 1921 жылы 4 тамызда Гилян Кеңес республикасы жа- рияланды. Бірақ бұл үкіметті жасанды Иран коммунистері мен жасанды Парсы Қызыл Армиясы қорғай алмады. Гилян аймағына шах әскері жақындағанда-ақ Кеңес үкіметінің басшылары бас сауғалап, Ресей жеріне қашып кетті. Шах әскері Гиляндағы революция ошағын басып, Иран жерінде жасанды Кеңес үкіметін құру әрекеті іске аспай қалды. Иранның 1921—1945 жылдардағы саяси-экономика лық даму жолдары. 1918—1922 жылдардағы азаттық қозғалысын басқаннан кейін, Иран помещиктері мен буржуазиялық топтары өз саяси үстемдігін нығайту үшін 1925 жылы Каджар шах әулетін биліктен тайдырып, саяси билікті жаңа шахқа алып берді. Полковник Реза хан Пехлеви деген есім алып, жаңа шах әулетінің билігін бастады. Реза шах үкіметі ел ішіндегі тәртіпті қатайтып, сыртқы саясатында гитлерлік Германиямен жақындасуды жөн көрді. Үлкен соғыстың қарсаңындағы Германияның Таяу Шығыстағы саясаты КСРО мен Англияға ұнамады. Экономикалық саясатта Реза шах үкіметі ел ішіндегі ұсақ және орта капиталистік кәсіпорындарға қамқорлық жасай отырып, мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына да көмегін тигізді. Германия капиталының көмегімен бірнеше ірі кәсіпорын салынбақшы болды. Теміржолдар мен тасжол тораптарын салуға көңіл бөлінді. Ағылшын- Иран мұнай компаниясының арқасында мұнай өндіру кәсіпорындары шетел капиталының күшімен дамыды. Иран мен компания арасындағы жаңа концессиялық келісім негізінде, компания Иран қоймаларынан сатылған әрбір тонна жанармай үшін Иран үкіметіне пайда кірісін төлейтін болды. Соғыс жағдайында Ирандағы неміс агенттерінің құпия әрекеттері тым асқынып кетті. 1941 жылы 12 шілдеде Англия мен КСРО арасында “Германияға қарсы соғыста 73 бірігіп әрекет жасау” туралы шартқа қол қойылды. КСРО басшылары шах үкіметіне нота жолдап, екі-үш рет Иран жеріндегі неміс агенттерінің әрекетіне тыйым салын- сын деген ескерту жасады. Иран үкіметі бұған құлақ аса қоймады. 1941 жылы 25 тамызда Иранның солтүстік аудандары- на КСРО әскер бөлімдері, ал оңтүстік аймақтарына ағылшын тобы енгізілді. Бұл оқиға Иран тарихында “шах- ривар оқиғасы” (шахривар — жыл аты) деп анықталады. Сөйтіп, КСРО мен ағылшын әскерлері Иран аумағын басып алды. Реза шах патша тағынан бас тартып, саяси қызмет- тен кетуге мәжбүр болды. Иран тағына оның 22 жастағы ұлы Мұхаммед Реза Пехлеви отырды. 1943 жылы 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады. 1918—1945 жылдардағы Ауғанстан. Ауғанстан хал- қының азаттық күресі ағылшын империалистерінің дұшпандық әрекетіне қарамастан пісіп-жетілу үстінде болды. 1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына “Жас ауғандықтар” ұйымының өкілі — жас әмір Аманулла хан келіп, Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. 27 ақпанда Кеңес үкіметі Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жарияланды. 1923 жылы Жаңа Конституция қабылданып, осы Ата заң негізінде буржуазиялық мазмұндағы жаңалықтар іске асырыла бастады. Заңға сәйкес — үй-жайға, жеке- меншікке, үй мүлкіне мемлекеттік кепілдік тәртібі енгізілді, азаматтардың заң алдындағы жалпыға бірдей теңдік құқығы жарияланды. Жерге жекеменшіктік құқық жарияланып, оны еркін түрде сатуға және сатып алуға ерік берілді, ескі салықтардың түрлері жойылып, ақшалай салық енгізілді, кәсіпорындарды салуға жеңілдік жария- ланды. Армияны жаңарту жұмыстары да қолға алынды. Ескі тайпалық жасақтар таратылып, тұрақты армия бөлімдері құрылды. Армияға тиісті шығындар мемлекеттің мойнына жүктелді. Әйелдердің паранжыларын шешуі, қалың мал беру салтын, ескі атақтар мен шендерді жою, хандар мен бектердің билігін шектеу заңдары да жарияланды. 1929 жылы қазанда Нәдір ханды (1929—1973 жж.) Ауғанстанның патшасы деп жариялады. Нәдір әулеті орталық үкімет үстемдігін тұрақтандыруға тырысты. 74 Нәдір әулеті КСРО мен Ауғанстан арасындағы достық, көршілік қатынастарды жалғастыра түсті. 1931 жылы 24 маусымда екі елдің арасында бейтараптық және өзара жауласпау келісіміне қол қойылды. Нәдір хан кезінде (1929—1933 жж.) помещиктер, діндарлар, ірі капитал иелерінің жағдайлары нығайды. 1932 жылы ұлттық қордың орталықтануы мен жинақ- талуында үлкен рөл атқарған Ауған банкі құрылды. 1933 жылы Нәдір шах өлтірілді. Орнына Мұхаммед Зәкір- Шах келді. 30-жылдары ұлттық капиталдық жиынтықта- лу үдерісі жалғасып, ол сауда-өнеркәсіптік орталықтар ел астанасында ғана емес, шеткері елді мекендерді құрды. 1934 жылы Ауғанстан Ұлттар Лигасына мүше болды.
Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы. Түркия халқының ұлт-азаттық күресі алғышарттарының пісіп-жетілуі Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шаруашылық күйзелісімен тығыз байланысты. Соғыста жеңілген Түркия жеріне Антанта тобының әс- кері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Англия, Франция, Италия және Грекия әскерлері басып алған аймақтарында жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті. Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор және Дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймақтарын басып алды. 59 А н т а н т а б а с қ ы н ш ы л а р ы н ы ң зорлық-зомбылығы, Ресейдегі ре- волюциялық өзгерістер Түркия халқының наразылығын күшейте түсіп, елдің тәуелсіздігі үшін күреске жұмылдырды. Ұлт-азаттық күрес тү- рік халқы біртұтас топтасқан аймақ — Анадолы түбегінде басталды. Құқық қорғау ұйымдарын құру. 1918—1923 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың басшылығында Құқық қорғау ұйымдары атты буржуазия- лық-патриоттық қоғамдар болды. Осы аттас ұйымдар Түркияның көптеген аудандарында құрылды. Бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын 1919 жылы мамырда Анадолыға келген генерал Мұстафа Кемал паша өз қолына алды. Мұстафа Кемал паша 1881 жылы Салоника қаласында Али Ризабей деген ұсақ қызметшінің отбасында дүниеге келеді. 1894 жылдан бастап жас Кемал әскери мамандыққа бейімделе бастады. Әскери лицейді және академияны үздік бағамен аяқтайды. 24 жасында Бас штабтың капитаны деген шенге жетіп, Сирия гарнизонында оған әскери қызмет жүктеледі. 1905 жылы “Жас түріктер” ұйымымен жақындасып, Сирия тобындағы жас офицерлерді біріктіріп, “Ватан” саяси үйірмесін құрады. 1911—1913 жылдары М. Кемал Африкадағы және Балқан түбегіндегі соғыстарға қатысқан. 1916 жылы Кавказ майданын да генерал шені мен паша деген лауазым алды. Ол отаршылдарға қарсы азаттық күрестің туын көтерген Шығыстағы алғашқы саяси қайраткерлердің бірі болды. 1918—1923 жылдардағы Түркиядағы ұлт-азаттық күрес оның есімімен кемалдық революция деп аталды. М. Кемалдың тікелей қатысуымен 1919 жылы та- мызда және қыркүйекте Құқық қорғау ұйымдарының жалпытүркиялық конгрестері өткізілді. Сивас қаласында өткен конгресте 13 адамнан құрылған уәкілетті өкілдік комитет сайланды. Оның төрағалық қызметі М. Кемалға жүктелді. Сұлтан үкіметі шетел әскерлерінің көмегімен азаттық қозғалысын басуға кіріскенде, М. Кемал бастаған өкілдік Мұстафа Кемал 60 комитет жаңа парламент шақыру қажеттігін жариялап, бұқара халықты азаттық күреске жұмылдырды. 1920 жылы Анкара қаласында Ұлы халық жиылысы (жаңа парламент) шақырылып, Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығы жарияланды. Ұлы жиылыс елдегі жалғыз ғана заңды орган деп жарияланды. Мұстафа Кемал бастаған жаңа үкімет құрылды. 1921—1922 жылдардағы Ресей — Түркия келісімдері. М. Кемал үкіметі 1920 жылғы мамырда Мәскеуге өкіл- дер жіберіп, келіссөзге кірісті. 1921 жылы 16 наурызда Кеңес — Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Кеңестік Ресей үкіметі революция- шыл Анкара тобына тегін 10 млн сомдық алтын, қару- жарақ, оқ-дәрі жеткізетін болды. Сакария шайқасы. 1921 жылы наурызда Түркия ар- миясы Иненю атты ауылдың маңайында гректің басқын- шы армиясын шегіндіріп, бірінші жеңіске ие болды. Азаттық жолындағы күрестің шешуші шайқасы 1921 жылы 23 тамыз — 13 қыркүйек күндері Сакария өзенінің бойында өтті. 1922 жылғы сәтті шабуылдардың барысында гректер- ден Анадолы түбегі толық тазартылды. Италия мен Фран- ция әскерлері де елден шығарылды. 1922 жылы қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы сұлтан билігін жою туралы заң қабылдады, ақырғы сұлтан V Мехмед елден қуылды. Түркия халқының ұлы жеңісі халықаралық конфе- ренцияда бекітілді. 1924 жылы 24 шілде күні Лозанна қаласында өткен халықаралық конференция Түркия мен 7 шет мемлекеттің (Англия, Франция, Италия, Грекия, Румыния, Югославия, Жапония) арасындағы бітімді бекітті. Лозанна келісімі Түркияның аумақтық бүтіндігі мен мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады. Кемал үкіметінің реформалары. Азаттық күресте же- ңіп шыққан Түркия буржуазиясы өз билігін тұрақтанды- руды қолға алды. 1923 жылдың сәуір айында Республикалық халықтық партия құрылды. Партияның төрағасы М.Кемал паша парламенттік сайлауда жеңіп шығып, бұл партия үкіметті басқарушы күшке айналды. 61 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жария- ланды. Республиканың бірінші президенті болып М. Ке- мал паша сайланды. Сакария жеңісінен кейін М. Кемалға маршал шені мен қазы атағы берілді. 1923 жылы 13 қазан- да мемлекеттің астанасы Анкараға көшірілді. 1924 жылы 3 наурызда халифат жойылып, халиф әулеті елден қуылды. 1924 жылы 20 сәуірде Түркия мәжілісі жаңа Кон- ституциясын жариялады. Конституция демократиялық тәртіпті бекітті. Азаматтардың жекебасының еркіндігі, жекеменшік қауіпсіздігі, сөз, ой-пікір, баспасөз, жиналыс және ұждан бостандығы қорғалады деп жарияланды. 1920—1930 жылдардағы Кемал үкіметінің реформала- ры елдің мәдени және тұрмыс жағдайына үлкен өзгерістер енгізді. Діни мектептер жабылып, азаматтық мектептер ашылды, шариғаттық сот орнына азаматтық сот органда- ры енгізілді. 1926 жылы азаматтық заң жинағы қабыл- данды. Бұл заң негізінде көп әйел алуға, бір адамның (ерінің) қалауы бойынша ажырасуға тыйым салынды. Азаматтық некелесу тәртібі, әйелдердің еркектермен теңқұқықтығы жарияланды. 1925 жылы еуропалық киім кию, араб әліпбиінен ла- тын алфавитіне көшу жүргізілді. Түрік әйелдеріне сайлау құқығы беріліп, оларға мәдени, қоғамдық, саяси өмірге қатысуға жағдай жасалды. 1934 жылы мәжіліс фами- лия енгізу заңын жариялады. Сол жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы М. Кемалға Ататүрік (түріктердің атасы) деген фамилия берді. Экономикалық салада Кемал үкіметі этатизм (мемле- кет) саясатын жақтады. Экономика дамуы мемлекет қам- қорлығына алынып, мемлекет қаржыларының көмегімен өнеркәсіп орындары, теміржол және тасжолдар, порттар салынды. 1925 жылғы заң негізінде ашар салығы жо- йылып, түрік шаруалары біркелкі ақша салығын төлей- тін болды. Бұл заң ауылдағы ескі феодалдық әдеттердің сақталуына тежеу болып, түрік шаруаларының тауар- ақша қатынастарына көшуіне жеңілдік туғызды. 30-жылдардағы Түркия Республикасының халық аралық беделінің тұрақтануы. 1930 жылдарда Түркия Республикасының экономикалық жағдайының тұрақ- тануына байланысты оның халықаралық жағдайы да 62 жақсара түсті. Түркия мен КСРО арасындағы экономика- лық қатынастардың дамуы арқасында, КСРО берген 8 млн доллар несиеге Кайсери және Назилли қалаларында кеңес мамандарының көмегімен ірі тоқыма кәсіпорындары са- лынды. 1932 жылы Түркия Республикасы Ұлттар Лига- сына қабылданды. 1936 жылы Түркия Республикасының өтініші бойынша Швейцарияның Монтре қаласында халықаралық конференция шақырылды. Босфор мен Дар- данелл бұғаздарын бақылайтын халықаралық комиссия таратылып, бұғаздар Түркия Республикасының толық иелігіне қайтарылды. Түркия өз қалауы бойынша бұғаздар жағалауына әскери бекіністер салып, қарулануға еркіндік алды. 1930 жылдардың соңында Түркия Республикасы Балқан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Түркия. 1939 жылы қыркүйек айында Мәскеуге келген Түрік деле- гациясы екі ел арасындағы өзара көмек келісіміне дайын екенін білдірді. Гитлерлік Германиямен жақындасқан сталиндік үкімет Түркия ұсынысын қабылдамады. Түркия Республикасының ұлттық мақтанышы — Айя-София храмы 63 1941 жылы 18 маусымда Түркия мен Германия арасын- да достық және өзара жауласпау шартына қол қойылды. 1941 жылы 25 маусымда Түркия үкіметі бейтараптық саясатты жақтайтынын жариялады. 1943 жылы Исмет Иненю Каир қаласында Рузвельтпен және Черчилльмен кездесіп, Англия — АҚШ одағымен жақындасудың жолын ашты. 1945 жылы 23 ақпанда Түркия Германияға соғыс жа- риялап, антигитлерлік одақ жағына ауысқанын білдірді. 1945 жылы 19 наурызда КСРО үкіметі 1925 жылғы Кеңес- Түрік бейтараптық келісімін жойғанын мәлімдеді. Кеңес үкіметінің бұл әрекеті көп жылдар бойы қалыптасқан Кеңес-Түрік достық қатынастарының бұзылуына себеп болды.
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. 1918—1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себептерін атаңдар. 2. Мұстафа Кемалдың әскери қызметінің өсу жолдарын ашып көр сетіңдер. 3. Кемалдық революцияның барысын сипаттаңдар. 4. 1920—1930 жылдардағы Кемал үкіметінің реформаларына сипатта ма беріңдер. 5. Кемал Ататүрікті прогресшіл саяси қайраткер деуге бола ма?
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. 1918—1922 жылдардағы Иран жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың ошақтарына талдау жасаңдар. 2. Кеңестік Ресейдің Гилян өңірінде социалистік республика ұйым дастыру әрекеті дұрыс па, әлде бұрыс па? Дәлелдер келтіріп, өз пікірлеріңді білдіріңдер. 3. “Шахривар оқиғасының” дамуына не себеп болды? 4. Соғыс жылдарында шах үкіметі қай одақты жақтады және не себепті жақтады? 5. Аманулла хан үкімет басына қандай жағдайда келді? 6. Ауғанстан конституциясы қай жылы қабылданды?
Тақырып 1.14.Араб елдері.
Азия мен африкадағы араб елдері Батыс мемлекеттерінің саясаты және Азиядағы араб елдерін бөлшектеу. Араб халықтары Еуропа мем- лекеттерінің отарлауына қарсы күресумен болды. Сондай- ақ олар түрік үстемдігінен де құтылуға тырысты. Батыс елдері түріктер мен арабтардың арасына от жағып, екі халықты өшіктіруге күш салды. 1915 жылы Англия Хид- жаздың бұрынғы билеушісі және қасиетті Мекке мен Мединені басқарған Хусейн шерифпен астыртын келісімге келіп, Түркияға қарсы бірлесіп соғыс бастады. Хусейнге ол көмегі үшін келешекте Біріккен Араб мемлекетінің билігін беруге уәде етті. Iс жүзінде Англия 81 мен Франция 1916 жылғы мамыр айындағы Сайкс-Пико келісімі бойынша араб жерін өзара бөлісуді көздеді. Ресей бұл келісімді қолдай отырып, өзіне Стамбұл мен бұғаздарды және Қара теңіздің оңтүстік аймағын қаратып алуды ойластырды. 1920 жылғы сәуірде Сан-Ремо келісіміне сәйкес, Фран- ция Сирия мен Ливанға, Англия Палестина мен Иракқа өз протектораттығын (қамқоршылық) орнатты. Ұлт-азаттық күрестің өршуі. Батыс мемлекеттерінің отарлық саясаты барлық араб елдерінде ашу-ыза тудырды. Алданған арабтар наразылық білдіре бастады. 1919 жылы Сирия, Ливан, Палестина өкілдерінің қатысуымен бір мемлекет құру жоспары дайындалды. Бірақ оған Франция жол бермеді. Сирия біртұтас бөлек мемлекет болуды жақтап, халық бұқарасы 1919 жылы Латакия ауданында көтеріліске шықты. Көтеріліс қыза түскен кезде ағылшындар астыртын қолдау көрсетіп отырған Фейсал өзін Сирия мәлігімін деп жариялады. Бірақ Фран- ция әскерлері Дамаск қаласын алып, Фейсалды елден ығыстырды (1920 ж.). Ел ішіндегі толқулар мен қарулы шайқастар тоқтамай, жалғаса түсті. Сол кезде елде бірнеше саяси партиялар құрылды: “Араб тәуелсіздігі”, “Араб бірлігі”, “Халықтық партия”, “Коммунистік партиясы”. 1925 жылы Сирия мен Ливанда халық көтерілістері үздіксіз болып тұрды. Ол кезде Франция қарулы күшін Мароккодағы ұлт-азаттық көтерілісті басуға жұмсаған. Келесі жылы негізгі әскери бөлімшелерін Сирияға ат- тандырып, осы аймақты тұншықтыруға кірісті. Англия- ның қарамағындағы жерде тыныштық орнай қоймады. Египеттегі толқулар мен көтерілістер Палестина мен Иракта қолдау тауып, 1919—1922 жылдары жағдай қат- ты шиеленісті. Англия өкіметі оларды күшпен басып отырды. Сонымен бірге олар араб көсемдері және саяси қайраткерлерімен ауыз жаласу әдісін де пайдаланды. Соның нәтижесінде 1923 жылы мамырда Иордан өзенінің шығысындағы өңірде Трансиордания әмірлігін құру туралы шешімді бекітіп, оның басына Хусейннің ұлы Аб- долланы қойды. Палестинаның қалған бөлігіне ағылшындар тікелей билік жүргізді. 82 Ирак соғыс кезінде ағылшындар жағына өтті. Ел тұрғындары 1918 жылы көтеріліске шығып, тәуелсіздікті талап етті. “Ислам өркендеу қоғамы”, “Тәуелсіздік қал- қаны” атты ұйымдар пайда болды. Протекторат шешімі шыққанда бүкіл Ирак қозғалып, жаз айларында көтеріліске қатыспаған аудан қалмады. Ағылшындар 150 мың әскер төгіп, 1920 жылдың күзінде көптеген қала, кенттерді басып, Ирак өкілдерімен ке- ліссөз бастап, мандатты мойындаған мәліктік құруға уағдаласты. Оның тағына Фейсал әмірді отырғызды. Сөйтіп, Хусейн балалары Трансиордания мен Ирак тағын иеленді. Арабия түбегіндегі саяси жағдай өте күрделі дамыды. Оның жағалауындағы әмірліктер — Аден, Хадрамаут, Маскат, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт ағылшындарға тәуелді болды. Қалған бөлікте 5 мемлекет — Хиджаз, Неджд, Джебел-Шаммар, Асир, Йемен орналасты. Йемен мен Неджд өзара қырқысумен болды. Йеменнің басында Яхья имам тұрды. Неджд билеушісі Абд әл-Азиз ибн Сауд 1920 жылдары Хусейнді жеңіп, Хиджаз, Мекке, Мединені өзіне қаратты. 1927 жылы ол мәлік атанып, Сауд Ара- биясын басқарды. Азиядағы араб елдерінің 1920 жылдардың соңы — 1930 жылдардың басындағы дамуы. Франция билігіндегі Ливан мен Сирияда жағдай біраз тұрақтанғандай болып, өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы дами түсті. 1930 жылы жаңа конституция дайындалып, мандат тәртібі сақталған Сирия Республикасы өмірге келді. Трансиорданиямен шарт жасасып (1928 ж.), Англия оның әскери күштерін, сыртқы саясатын, қаржы жүйесін бақылап отырды. Палестина арабтарының наразылығы осы кезде қатты өршіп, тоқтаусыз ереуілдер ағылшындардың мазасын алды. Ирак халқы мандат жүйесін жоюға талаптанған күресін жалғастыра берді. 1927 жылғы желтоқсанның 14-і Ирак пен Англия бес жылдан соң мандаттық тәртіптен бас тарту туралы келісімге келді. 1930 жылы үкімет басына Н. Саид отырды. Ол Англиямен 25 жылдық күші бар жаңа шарт жасасып, Ирак елі өз тәуелсіздігін жариялады. Шарт бап- 83 тары Англияға Ирак жолдары мен байланыс құралдарын еркін пайдалануға құқық берді. Кейбір ұлтшыл топтар Германиямен жақындасу жолда- рын іздестірді. Сондықтан Англия Иракты өз ықпалынан шығармауға барлық күш-қуатын аямай жұмсады. Сауд Арабиясы мен Йеменде монархиялық тәртіп нығая түсті. Африкадағы араб елдерінде ұлт-азаттық күрестің өрістеуі. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ араб халықтарының отаршылдарға қарсы қозғалыстары бас- талды. Соның бірі Египетте, екіншісі Мароккода өтті. Марокконың таулы аудандары Батыс елдеріне ба- ғынбай жүрген. Соғыс бітісімен испан үкіметі 60 мың әскер жинап, оларды өзіне қаратпақ болды. Риф таула- рын мекендеген тайпалар испандарға қарсы көтерілді. Мұхаммед ибн Абд әл-Керим бастаған жасақ 1921 жылы испандықтардың 20 мың әскерін ойсырата жеңді. Бұдан кейін Риф Республикасы құрылып, Абд әл-Керим оның президенті болды. Бұған дейін Франция Испаниямен бақталас болып, арабтарға қару-жарақ сатып келсе, 1924 жылы бұл екі ел бірігіп, 300 мың әскер күшімен Мароккодағы ұлт-азат- тық қозғалысты тұншықтырды. Алжир мен Тунис зиялылары тәуелсіздік мәселесін көтеріп, Париж конференциясына тілектерін жеткізген болатын. Франция оған көнбеді. Кейін біраз жеңілдіктер енгізуге келісіп, ауқатты тұрғындарды жергілікті сайлауға қатыстыруға және барлық дауыс берушілердің 13%-ын қамтуға құқық берді. 1925 жылы Франциядағы алжирліктер арасында Ах- мед Мессали қажының басқаруымен “Солтүстік Африка жұлдызы” одағы құрылды. Тунисте Социалистік федерация құрылды және “Дұс- түр партиясы” (араб. дұстүр — конституция) өмірге келді. Олар астыртын қызмет атқарды. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі оқиғалары Египетте жүріп жатты. Буржуазиялық қайраткерлер Париж кон- ференциясына үміт артып, Египетке толық тәуелсіздік береді деп сенген еді. Бірақ ағылшындар уәдесін орындау- ды ұмытты. Буржуазиялық топтар әл-Уафд әл-Мысри 84 (Египет өкілдігі) партиясын құрып, қозғалысты басқарды, оның жетекшісі Саад З а ғ л ұ л (1860—1927 жж.) болған. 1918 жылғы 8 наурызда Зағлұл бір топ серіктерімен тұтқындалып, Мальта аралына айдалғанда, Египетте жап- пай ереуілдер басталған. Англия Уафд жетекшілерімен келісімге келіп, қарулы көтерілісті тоқтату туралы үндеу жариялауға мәжбүр бол- ды. Зағлұл және басқалары елге қайтарылды. Халық қаһарынан сескенген Англия 1922 жылы ақпан да Египеттің тәуелсіздігін мойындап, протектораттықтан бас тартты. Сұлтан Фуад мәлік атағын иеленді. 1923 жылы жаңа конституция бекітіліп, Египет конституциялық монархияға айналды. Бірінші сайлауда Уафд партиясы жеңіске жетіп, Зағлұл үкімет басына келді. Ол елден ағылшын армиясын кетіру және Суданмен бірігу туралы келіссөздер жүргізе бастады. Зағлұл үкіметі басқыншылармен келісе алмай, билік- тен кетті. Египет парламенті таратылып, Суданнан Египет армиясы шығарылды. Ел жартылай тәуелді жағдайда қала берді. Судан ағылшындардың мақта өсіретін, шикізат өнім- дерін беретін отарына айналды. Африкадағы араб елдерінің 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардағы дамуы. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында араб елдері қатты күйзеліске ұшырады. Ауылшаруашылық өнімдері өтпей, өндіріс күрт қысқарды. Алжир астығының бағасы 30—60%-ға төмендеді. Мароккода темір кені мен фосфорит шығару 2—5 есе азайды. Тунисте ауылшаруашылық өнімдері ар- зандады. Темір кенін өндіру 4 есеге жуық кеміді. Египет пен Судан мақтасы тау-тау болып шіріп жатты. Батыс елдері наразылыққа жол бермеу шараларын қарастырды. Мароккода 1930 жылы мамырда Франция “Бербер заңын” жариялап, бербер тайпаларының сот билігін тікелей француз әскери мекемелеріне жүктеді. 1934 жылы Марокко ұлттық комитеті құрылды. Бұл елдегі бірінші саяси партия еді. Ол тәуелділікті шектеу және парламент пен біртұтас үкімет құруды көздеді. Отар- лаушылар оның қызметіне тыйым салды. Алжирде азаттық қозғалысы едәуір жанданып, 1930 жылдардың басында Реформашылар одағы пайда болды, Солтүстік Африка жұлдызы қайта құрылды. 85 Тунис 1933 жылға дейін созылған шаруашылық дағдарысына ұшырап, жұмыссыздық, қуаңшылық сал- дарынан ашаршылық жайлап, елде адам шығыны орын алды. Дұстүр партиясы арасында жікшілдік ұлғайып, 1934 жылы “Жаңа дұстүр” тобы құрылды. Оның жетек- шісі адвокат Хабиб Бургиба халық бұқарасына сүйеніп ұлт-азаттық күресті дамыту бағдарламасын ұсынды. Ливияны толық бағындыру саясатын орындау үшін Италия үкіметі 1930 жылдардың ортасында барлық күшін пайдаланды. Жағалаудағы ең құнарлы жердің 230 мың га-на еуропалықтар қоныстандырылды. Жерсіз қалған феллахтар қалаларға шұбырды. Англия Египетте қоныстанған Мұхаммед Ыдырыс Сенуссимен тіл табысуға тырысты. Ол Ыдырысқа қараған 14 мыңдық Ливия легионын жабдықтап, кейін Италия мен Германияға қарсы пайдаланды. Египетте 1929 жылы Уафд үкіметі қызметтен кетіп, Халық партиясының жетекшісі Исмаил Сидки билікке шақырылды. 1934 жылы азық-түлік бағасы өсуіне байла- нысты қалаларда жаппай ереуілдер басталды. Сарай тобы мен ағылшындар бұрынғы конституцияны қайтадан күші- не енгізуге мәжбүр болды. 1936 жылғы сайлауда Уафд жеңіске жетіп, үкімет ба- сына Наххас паша келді. Ол Англиямен 20 жылдық шарт жасасып, басқыншылық тәртіпті жойғызды, бірақ ірі қалаларда ағылшын қарулы күштері орналасу құқығына ие болды. 1940—1942 жылдары Италия—Германия жағы бірнеше рет шабуыл ұйымдастырып, Египетті басып алмақ болды, бірақ әл-Аламейн маңындағы шайқаста Роммель бастаған герман әскерлері талқандалып, сәтсіздікке ұшы- рады. Марокко, Алжир жеріне АҚШ әскерлері келіп, Италияға қарсы шабуыл ұйымдастырды. Мағриб арабтары фашистерге қарсы ұрыстарға қатысып, жеңіске жетті. Египет Германияға қарсы соғыс жариялауға 1945 жыл- ғы ақпанда ғана келісті. Сөйтіп, БҰҰ құруға қатысты. 1945 жылы мамыр айында француз отаршылары алжир халқының ұлт-азаттық қозғалысын әскери күштерді пай- даланып басып тастады. Соғыс аяқталар кезде араб елдері бірігу мәселесін қайта көтеріп, Араб елдерінің Лигасын құрды.
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Ұлыбританияның, Францияның, Ресейдің Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі араб әлеміндегі саяси мақсаттарын түсіндіріңдер және ман дат жүйесінің мәнін ашыңдар. 88 2. 1920 жылдардағы араб ұлт-азаттық қозғалысы туралы әңгімелеп бе ріңдер. Қандай араб елдері өзінің тәуелсіздігін жариялай алды? 3. Африкадағы араб елдерін картадан көрсетіңдер. Араб елдеріндегі ұлт-азаттық күреске сипаттама беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |