Тақырып 1.15.Африка құрлығындағы мемлекеттер.
Африкадағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдары мен жалпы жағдайы. Африка Батыс Еуропа елдерінің кон- гломератына айналды. Батыс және тропиктік аймақтарда, Мадагаскар мен Үнді мұхитындағы аралдарда Франция қожалық етті. Оның иелігінде Солтүстік Африканың арабтар жайлаған Марокко, Алжир, Тунис елдері бол- ды. Ұлыбритания шығыс, оңтүстік, батыс аймақтардағы елдерді бағындырды. Шығысында, батысында, оңтүстік-батысында Герма- ния табан тіреп тұрды. Оның үстемдігі Танганьика, Уган- да, Руанда, Бурунди, Того, Камерун, Намибия елдерінде орнады. Португалия Мозамбик, Ангола, Гвинея-Бисау, Жасыл мүйіс аралдарын иемденді. Бельгия отаршылдары Конгоны басып алса, Италия қазіргі Сомали, Эритреяны қолында ұстады. Испания да құр қалмай, Батыс Сахара мен Марокконың бір бөлігін иеленген еді. Оңтүстік ау- дандарда Англияға бағынышты Оңтүстік Африка Одағы құрылды. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германияның отарлары Англияға, Францияға, Бельгияға өтіп кетті, ал германдық Оңтүстік-Батыс Африка (қазіргі Намибия) Оңтүстік Африка Одағына тәуелді болды. Сөйтіп, бірне- ше Еуропа мемлекеті бүкіл құрлықты бөлісіп, халқын қанады. Күшпен, зорлықпен орнатылған империалистік отаршылдық тәртіп зардабына қарсы Африка халықтары дүркін-дүркін көтеріліске шығып отырды. Батыс елдері отарларында әртүрлі билік жүйесін енгіз- ді. Француздар өздерінің тікелей әкімшілік биліктерін орнатса, ағылшындар жергілікті көсемдерді жақын тар- тып, соларға сүйену әдісін жиі пайдаланды. Бұл тәртіп негізінде заң шығарушы кеңестер құрылып, оған ауқатты отбасылар қатысты. Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1920—1930 жылда- ры Африка елдерінде шетелдіктер үстемдігі нығая түсті. Аймақтағы барлық елдердің экономикасы біржақты бо- лып, дәнді дақылдардың бір ғана түрін өсіруге бағытталды. Алтын жағалауда (қазіргі Гана) какао өндіріліп, Сенегал мен Гамбия — жержаңғақ, экваторлық Африка елдері мақта шығарды. Ал тау-кен өнеркәсібі үшін бұл елдер тек шикізат Сьерра-Леоне — темір кенін, Конго — темір кені, мыс және т. б. шығарумен айналысты. 87 Отар елдегі жұмысшылар жалақысы өте төмен бол- ғандықтан, өндірілген тауарлардың да құны арзан еді. Ал оны сатушылар пайданы көп табатын. Африкалық ша- руалар, тіпті құлдар қатарында еуропалықтардың план- тацияларында еңбектенетін. Жерсіз шаруалар, салық төлей алмайтындардың көбі басыбайлы ретінде плантациялық жұмысшылар қатарында болды. Тұрмыстың нашарлығынан, қара жұмыстың ауыртпалығынан адам шығыны шектен асты. Сонымен бірге кедейленген шаруалар тау-кен қазба жұ- мыстарына қарай шұбыратын. Шахталар мен кеніш жұмысшыларының өмірі адам айтқысыз қиын еді. Саяси жағдай және ұлт-азаттық қозғалыс. Көптеген елдерде империалистер мен отаршылдарға қарсы қозғалыс қалыптасты. Олардың басында бұрын феодалдық көсемдер тұрса, жаңа кезеңде саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құрылып, азаттықты қолдаушылар қатарына жұмысшылар мен буржуазиялық топтар қосылды. Бұл шамалы болса да экономикалық-әлеуметтік жағдайы алда келе жатқан елдерде байқалды (Нигерия, Алтын жағалау, Сьерра-Леоне, Кения, Оңтүстік Африка Одағы). 30-жылдардың басында Конгода, Ганада, Нигерияда, Анголада, Оңтүстік Родезияда, Танганьикада, Маврита- нияда наразылық басталды. Қалалар мен селолық аудан- дарда, кеніштер мен шахталарда ірі ереуілдер, толқулар, көтерілістер болып, отаршылдар оларды аяусыз басып отырды. 30-жылдардың ортасында Италияның фашистік үкіме- ті Эфиопияны жаулауға кірісті. Жергілікті халық оған қарсы қаһармандықпен күресті, бірақ қаруы мықты Ита- лия әскерлері елдің көп жерін басып алды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бірнеше мил- лион африкалық Еуропа елдерінің армиясы қатарына шақырылып, қара жұмысқа салынды. Африка тау-кен байлығын пайдаланған еуропалықтар құрлықта өндіріс орындарын салды, кеніштер ашты. Бұл істерден АҚШ та тыс қалмады.
Сұрақтар мен тапсырмалар 4. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Африкадағы араб елдерінде қандай соғыс қимылдары орын алды? 5. Саяси картаны пайдаланып, Еуропа елдерінің Африкадағы отаршыл дық жүйелерін еске түсіріңдер. Африкадағы өзгерістер неге байла нысты болды?
Тақырып 1.16.ІІ. Дүниежүзілік қарсаңындағы халықаралық жағдай.
Тақырып 1.17.ІІ. Дүниежүзілік соғыстың басталуы. 1939-1941 жж. соғыс барысы.
Тақырып 1.18.Фашистік Германияның КСРО-ға басып кіруі. Ұлы Отан соғысы.
Тақырып 1.19. Антифашистік коалицияның құрылуы. ІІ. Дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.
ІІ. Тарау. ХХ ғасырдың ІІ.жартысы-ХХІ ғасырдың басындағы әлем.
Тақырып 2.1. ІІ. Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлем.
Тақырып 2.2. Қырғи қабақ соғыс. НАТО және Варшава Шарты.
ХХ ғасырдың екінші жартысы — ХХI ғасырдың бас кезіндегі халықаралық қатынастар Халықаралық сахнадағы өзгерістер және “қырғиқабақ соғыстың” шығуы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың дамуы бірнеше негізгі жағдайларға байланысты болды. Бұрынғы ірі елдер арасынан екі алып мемлекет — АҚШ пен КСРО ерекше орынға көтеріліп, шешуші күшке айнал- ды. Халықаралық сахнада шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты әртүрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүниежүзіне жеке-дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді. КСРО бас- шылары социалистік құрылысты басқа елдерге күшпен таңып, өз ықпалын әлемге таратпақ болды. Ең алдымен бұл саясат кеңес құрамындағы Еуропа және Азия елдерін- де жүргізілді. Олар социалистік лагерь деп аталды. Батыс елдері АҚШ-тың басшылығымен қарама-қарсы лагерь құрды. Екі топ арасындағы талас “қырғиқабақ соғыс” өртін тұтандырып, ол неше дүркін ашық қантөгіс соғысқа әкеліп тіреді. Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу. Соғыс біткен кезде БҰҰ құрылып, жеңілген елдермен бітімдер жасасуға мүмкіндік туды. 1946—1947 жылдары Германияның одақтастарымен бітім жасалды. Германияның шығыстағы жері Польша мен КСРО-ға берілді. Италия Африкадағы отарларынан бас тартты. Германия мен Жапония мәселелері үлкен дау туғызып, шиеленісе түсті. Германия төртке бөлініп, АҚШ, Англия, Франция, КСРО әскерлерінің қарамағына берілді. Ба- 187 тыс елдері де, КСРО да Германияны бөлшектеп ұстауды көздеді. Сондықтан да 1949 жылы оның батыс жағында Германия Федеративтік Республикасы (ГФР), КСРО-ға қараған жағында Германия Демократиялық Республика- сы (ГДР) жарияланып, екі дербес мемлекет құрылды. Жапониямен бітім жасасу оңайға түспеді. Ол бұрын жаулап алған аймақтарынан айырылды. Бітім мәселесіне Корея соғысы, Қытайдағы революция, т.б. оқиғалар да өз әсерін тигізді. Ақыры, 1951 жылы қыркүйекте Сан-Францискода бітімге қол қойылып, Жапонияның егемендігі қайтарылды. КСРО оған көнбей, бітім жасас- пады. Әлемдегі бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздікті нығайту, озбырлыққа жол бермеу үшін 1945 жылдың 26 маусымын- да Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Оған 51 мемлекет енді. Бірақ соғыс аяқталмай жатып-ақ одақтас елдер арасын- да сенімсіздік ұлғая түсті. Ол империалистік озбырлық саясаттың жемісі еді. Бір жағынан — АҚШ, бір жағынан КСРО өз мүдделері үшін, басқа елдердің тағдырын таптау- ға даяр тұрды. Осындай саясатты іске асыру үшін қару- жараққа, соғысқа дайындалуға қаражат аямай бөлінді. Екі жақ та ядролық қару-жарақты игеруге жанталаса кірісті. Бірінен-бірі озық қарулардың жаңа түрлері ойлап табыл- ды. Әскери-өндіріс кешені біртіндеп ел өмірін бағындыра бастады. Екі жақ та әскери-саяси одақтар құруға кірісті. АҚШ бастаған НАТО — 1949 жылы, КСРО бастаған Варша- ва Шарты Ұйымы 1955 жылы құрылып, “қырғиқабақ соғыстың” негізгі орталықтарына айналды. Батыс елдері СЕАТО, СЕНТО, АНЗЮС сияқты топтарға әр аймақтағы елдерді тартса, өз кезегінде КСРО бір топ социалистік елдермен (Моңғолия, Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнам, Куба, т. б.) әртүрлі шарттарға қол қойды. Ұлт-азаттық қозғалыс және халықаралық қатынас тар. Соғыстан кейін отарлық жүйе біртіндеп ыдырап, бірталай елдер отар бұғауынан құтылып, тәуелсіз өмір сүре бастады. Олардың көбі Батыс пен Шығыс топтары- на қатыспай, бейбітшілікті, бостандықты құрметтейтін үшінші дүние атты топ қалыптастырды. Сөйтіп, өздерін 188 дамытуға, соғысқа жол бермеуге, отарлық қанауда қалған халықтарды босатуға бағытталған саясат ұстады. 1950—1960 жылдардағы “қырғиқабақ соғыс”. Екі алып мемлекет арасындағы бақталастық Еуропаны қам- тыды. Сондықтан бұл аймақта әскери күштер шоғырлан- ды. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында, Черчилль мен Сталиннің құпия келісіміне орай, КСРО — Шығыс Еуропаны, АҚШ пен Англия Батыс Еуропаны өз ықпалын- да ұстап келді. Бұл жағдай Ялта, Потсдам келісімдерін- де бекітіліп, екі жақ қанша тартысқанымен, оны бұзуға бармады. Қақтығыстар арасында Таяу Шығыс жанжалы ерек- ше орын алды. Палестина жерінде еврейлер және арабтар тұратын екі мемлекет құру туралы БҰҰ-ның шешіміне (1947 ж.) арабтар көнбей, Израильге қарсы соғыс ашып, жеңілген Палестина арабтары босып кетті. Сөйтіп, осы күнге дейін реттелмеген Таяу Шығыс жанжалы туындады. Кейін оған неше түрлі мәселелер қабаттасып, мазмұны да, салмағы да өзгерді. 1957—1958 жылдары Батыс елдері, әсіресе АҚШ қарап жатпады. “Эйзенхауэр доктринасы”, Сирия төңірегіндегі шиеленістер, Алжирдегі Франция соғысы, 1958 жылы Ливандағы қақтығыстар, Ирактағы монархияны жойған революцияға қарсылық көрсету, Англия мен АҚШ-тың осы аймаққа әскер төгуі — осындай оқиғалар тізбектеліп, жанжал күрделене түсті. 1967 жылғы маусымның басындағы Палестинаға бай- ланысты 6 күндік соғыс бүкіл араб әлеміне ауыр тиді. Израиль 5 маусымда шабуылға шығып, алты күн ішінде Египет, Сирия, Иордания қарулы күштерін талқандап, 170 мың шаршы шақырым жерді басып алды. Тағы да бір шиеленіс ошағы Оңтүстік-Шығыс Азияда шықты. Ол АҚШ-тың Вьетнамға қарсы соғысы болатын. Оңтүстік Вьетнамда 1960—1964 жылдары ұлт-азаттық көтеріліс үлкен табысқа жетіп, АҚШ-ты қолдаған күш- тер жеңілуге айналды. 1964 жылы тамызда Тонкин шығанағында Солтүстік Вьетнам әскери катерлері мен АҚШ эсминецтері арасында жанжал шықты. Осыны сыл- тау еткен Американың Л.Джонсон, содан кейін Р. Никсон үкіметтері Үндіқытайда 1973 жылға дейін ойран салды. 189 Вьетнамда бірнеше миллион адам қаза тауып, АҚШ 68 мың жауынгерінен айырылды. Келесі жанжал Оңтүстік Азия аймағында пайда болды. Үндістан мен Пәкстан арасындағы Кашмир аймағы үшін болған талас екі елді қатты өшіктірді. 1947—1948 жыл- дары соғыста Кашмирдің 1/3-і — Пәкстан, қалғаны Үндістан қолына өтті. 1965 және 1971 жылдары екі ел арасында тағы да соғыс болды. 1959, 1962 жылдары Қытай мен Үндістан арасында — Гималай тауларындағы шекара- да қарулы қақтығыстар болып өтті. 1962 жылы Куба дағдарысы өте қауіпті жағдайға жетті. АҚШ бұл елдегі революцияны басуға бел байлап, Кубаға бойкот жариялады, контрреволюциялық әрекеттерге қолдау көрсетті. Кубаны қорғауды сылтау еткен КСРО зымырандарын құпия түрде аралға орналастыра бастады. Ол анықталғанда, АҚШ екі елді қатты қысымға алып, 1962 жылы қазанда соғыс шығып кету қаупі төнді. КСРО шегінуге мәжбүр болды. Қарымта ретінде АҚШ өз зымы- рандарын Түркиядан алып кетіп, екі ел шиеленісі біраз бәсеңдегендей болды. 1963 жылы тамызда ядролық сынауларды 3 салада тоқтату туралы шарт жасалды. Ал қаруларды қысқарту жөнінде келіссөздер көпке дейін нәтиже бермеді. Еуропадағы бейбітшілікті нығайту шаралары. Екі топ- тың қолында жинақталған қару өздерін ғана емес, бүкіл өркениетті жойып жібере алатын жағдайға жеткенін анық ұғынған саясатшылар қандай да болсын шиеленістерді халықаралық сахнада келіссөз арқылы ғана реттеу тура- лы ой-пікір айта бастады. Соған қарамастан, қара күшке сүйену, зорлық-зомбылыққа бару тоқтала қоймады. Соның бір мысалы, 1968 жылы КСРО сыбайластарымен Чехословакияға басып кіріп, ел басшылығын ауыстыр- ды. Бірақ Еуропа елдері жағдайды дұрыс шешуді қалап, басқосуға даярлық білдірді. Финляндия үкіметі 1969 жылы мамырда бастама жасап, оны шақыру жұмысы алты жылға созылды. 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қабылданды. Ол соғыстан кейінгі қалыптасқан ше- караларды өзгертпеу, қаруларды қысқарту, адам құқығын 190 құрметтеу және гуманитарлық байланыстарды дамыту ісіне баса мән беру бағытына үлкен сүйеу болды. Соның нәтижесінде Еуропада бейбіт жағдай нығайтыла түсті. Сол жылдары АҚШ пен КСРО-ның әскери қуаты теңелгендей болды.
Тақырып 2.3. АҚШ. Латын Америкасы елдері.
Трумэн әкімшілігі кезіндегі елдегі әлеуметтік-эконо микалық және саяси жағдай. АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстан капиталистік мемлекеттер арасында эконо- микалық және әскери жағынан ең көп күш жинаған қуатты мемлекет сапында шықты. Оның жері де, халқы да соғыстың зардабын тарта қойған жоқ. Капиталистік елдердің өнеркәсіптік өндірісінің жартысынан көбі осын- да шоғырланды. Соғыс жылдарында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2 есеге дейін өсті. АҚШ қазынасында әлемдегі ал- тын қорының 73%-ы сақталған. АҚШ армиясы Германияда, Жапонияда, Италияда және басқа да мемлекеттерде орналасты. Дүниежүзінің түрлі елдерінде АҚШ-тың 500-ден астам соғыс базалары жайғастырылды. Америка мұхиттар мен теңізді билеп- төстеді. АҚШ атомдық қару шығаруда монополияға ие бол- ды. 1945 жылы 12 сәуірде Ф. Рузвельттің қайтыс болуына байланысты АҚШ президенті орнын басқан Гарри Трумэн АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады деп 138 мәлімдеді. АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды. Реконверсия деп аталатын бейбіт өмірге көшу ба- ғыты мемлекеттік саясатта және ондаған миллион аме- рикандықтардың өмірінде шұғыл бетбұрыс жасады. Миллиондаған солдаттар өздерінің отбасына оралды. 1947 жылы 12 млн солдаттан армия қатарында 1 млн адам ғана қалды. Оларды орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың аса маңызды мәселелеріне айналды. Iшкі саясатта Г. Трумэн бағыты өзінің қарама-қай- шылығымен ерекшеленді. 1946 жылы конгресте респуб- ликашылдар бағыты күшейе түсті. 1947 жылы 23 мау- сымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйым- дастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңы қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды. Бұл АҚШ-тың саяси өміріндегі оң өзгерістердің жалпы көрінісі болатын. Өндірісті қалпына келтірудің маңызды мәселелерінің бірі соғыс жылдарында салынған мемлекеттік зауыт- тардың жай-күйі болды. Бес жыл соғыс кезінде мемле- кет өнеркәсіп өнімдерін шығарушы зауыт құрылысына 17 млрд доллардан астам қаржы бөлді. 2 800-ден астам өндіріс орны салынды. Олардың көбі біраз уақыттан соң ірі корпорацияларға берілді. Рокфеллерлер, Моргандар, Дюпон, “Бэнк оф Аме- рика” және т. б. ірі корпорациялар мемлекеттің шаруашы- лық өмірін қолдарында ұстады. Алайда соғыстан кейінгі жылдарда өнеркәсіптің ұсақ және орта секторлары да әжептәуір ұлғайды. Жекеменшік фирмалар саны 9 млн- ға жетті. 1948 жылғы президент сайлауына Г. Трумэн әділетті бағыт бағдарламасымен шықты. Оның бірқатар тармақ- тарын сайлауда жеңіске жеткен Трумэн әкімшілігі орын- дады. Сыртқы саяси бағыт. Соғыс бітісімен екі ірі мемле- кет — КСРO мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық қаты- настар бұзылып, қарсыласу бағыты өрши түсті. КСРО- ға қарсы тұру, коммунизмді шектеу және ауыздықтау саясаты АҚШ ұстанған сыртқы саяси бағыт болды. Екі елдің озбырлық қимылдары мен текетіреске баруы көпке созылған “қырғиқабақ соғысты” туғызды. 139 АҚШ-тың жаңа бағыты “Трумэн доктринасында” (1947 ж., 12 наурыз), Маршалл жоспарында (1947 ж., 5 маусым) айқындалған. Америка елдерінің конферен- циясы өзара қауіпсіздік шартын қабылдады (Рио-де Жа- нейро пактісі), 1948 жылы көктемде Богота қаласында “Америка мемлекеттерінің ұйымы” құрылды. Латын Америкасы елдеріне техникалық-экономикалық көмек көрсету арқылы да АҚШ оларды өз ықпалында ұстап келді. 1949 жылы Солтүстік Атлантика Одағын (НАТО) құруда АҚШ белсенділік көрсетті. 1950—1960 жылдардағы Америка. 1952 жылғы пре- зидент сайлау науқанында Кореядағы соғыс мәселесіне ерекше көңіл аударылды. Республикалық партия өкілі генерал Д. Эйзенхауэр сайлауда жеңіске жетті. 1950 жылдарда халық бұқарасының жағдайы айтар- лықтай жақсара түсті. 1954 жылғы 17 мамырда АҚШ-тың жоғарғы сотының мектептегі нәсілшілдік конституцияға сәйкес емес деген шешімі афроамерикандықтардың аза- маттық құқықтарын қорғауға көмектесті. 1960 жылғы президент сайлауында демократтар Джон Кеннеди ұсынған жаңа дәуір бағытымен жеңіске жетті. Кеннеди әкімшілігі экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік шараларға көңіл бөлді. Сыртқы саясатта да біраз өзгерістер орын алды. Да- мып келе жатқан елдерге көмек көрсету ұлғайтылды. Латын Америкасы елдеріне жәрдемдесу жоспары — “Даму жолындағы одақ” құрылды. Кеннеди тікелей өзі қатысып, КСРО-ның Куба жеріне құпия жағдайда зымырандар ор- наластыруы себебінен туған қауіпті дағдарысты реттеді (1962 ж., қазан). 1963 жылы Мәскеуде АҚШ, Англия, КСРО мемлекеттері ядролық қаруларды ауада, жерде және суда сынауды тоқтату туралы шартқа отырды. 1963 жылғы 22 қарашада АҚШ президенті Дж. Кен- недиге қастандық жасалып, оның орнына вице-пре- зидент Линдон Джонсон отырды (1963—1968 жж.). Ол өзіне дейінгі қайраткерлердің саясатын жалғастырды. АҚШ-та маңызды әлеуметтік реформалар жүргізілді. Кедейшілікпен күрес бағдарламасы негізінде табысы төмен отбасыларға көмек туралы заң қабылданды, арзан тұрғын үй құрылысы, білім жүйесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды, қарт адамдар үшін медициналық сақтандыру 140 енгізілді, ал табысы төмен отбасылар дәрігерлік қызметте жеңілдіктер алды. Алайда 1964 жылы басталған Вьетнамдағы соғыс- тың өрши түсуі үкіметтің әлеуметтік бағдарламаларын орындауға бөлінген қаржының қысқаруына алып келді. 1960 жылдардағы наразылық қозғалыстары. 1960жыл- дарда нәсілдік қысымшылыққа қарсы қозғалыстар кең қанат жайды. 1968 жылы бұқараның кедей топтары Вашингтон- ға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастыру- шылардың алдыңғы шебінде афроамерикандықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкер қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. Нәсілшілдер 1968 жылдың 4 сәуірі күні Мемфис қаласында оны атып өлтірді. Кингтің өліміне қарамастан, жоспарланған жорық іске асырылды. Вьетнамдағы соғысқа қарсы қозғалыс кең қанат жайды. Бұл қозғалыстар нәтижесіз болған жоқ. Нәсілдік қы- сымшылықты шектеу туралы заңдар қабылданды. 70-жылдардағы Аме рика. АҚШ барлық капи- талистік әлемдегі елдер се- кілді, экономикалық және әлеуметтік саясат алма- суында, ғылыми-техни- калық революцияның жаңа кезеңінде қанат жайған дүниежүзілік экономика- лық және құрылымдық дағдарыстардан туында- ған ірі өзгерістерді бастан өткізді. 1968 жылғы сайлауда сәл ғана артық дауыспен республикашылдар жеңіс- ке жетіп, Ричард Никсон президент болып сайланды. 1969—1970 жылдар- да елде орын алған эконо- АҚШ президентінің жұмыс орны микалық дағдарысты жою 141 үшін Р. Никсон жаңа экономикалық саясат жариялады. Никсон өкіметі 5 жыл ішінде зейнетақыны, жәрдемақыны бірнеше рет көбейтті, жұмыссыздыққа жәрдемақы ала- тындар саны көбейді. 1970 жылдары жәрдемдесу жүйесі кең дамыды: кедейліктің ресми деңгейінен төмен кірісі бар отбасылардың мемлекеттен арнайы жәрдемақы алуға құқығы болды. Бұл төлемақы әлеуметтік сақтандыру жүйесін толықтырды. Бұдан басқа азық-түлік көмегін беру тәжірибесі орнықты. 1974 жылы ондай көмек алатындар саны 13 млн адамнан көп болды. Вьетнамдағы соғысты (1964—1973 жж.) жеңіске жетпей тоқтатуға мәжбүр болды. 1971—1972 жылда- ры Никсон әкімшілігі Қытай Халық Республикасымен жақындасуға барып, екі ел арасындағы қатынастар жолға қойыла бастады. 70-жылдары Кеңес-Америка қатынастарында ма- ңызды өзгерістер болды. Никсон Мәскеуге сапар жасап, халықаралық шиеленісті біраз бәсеңдетуге үлес қосты. КСРО мен АҚШ арасындағы зымырандық қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісімге және стратегиялық шабуыл қаруын (ОСВ-1) шектеу саласындағы кейбір ша- ралар туралы уақытша келісімге қол қойылды. Кейінірек, 1979 жылы стратегиялық қаруларды (ОСВ-2) шектеу ту- ралы келісім жасалды. 1974 жылы АҚШ-та үлкен саяси жанжал бұрқ ете түсті. Одан екі жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы “Уотергейт” (Watergate — Су дарбазасы) қонақүйінде орналасқан. Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш құралдар қойып, қарсыластарының сырларын біліп отырған. Осы әрекет ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік (импичмент) білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Ник сон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды. Орнын басқан Дж. Форд 1976 жылғы сайлауға қатыс- пады. Президент болып демократиялық партия атынан ұсынған Дж. Картер сайланды. Оның саясатын көпшілік төмен бағалады. Рональд Рейган әкімшілігінің іс-әрекеті (1980— 1988 жж.). “Рейганомика”. Республикашылдар партия- сының жеңісі және президент болып бұрынғы Калифорния 142 штатының губернаторы Р.Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясатта консерватизмге қарай бұрылыс көрсет- ті. Рейган әкімшілігі бюджеттік шығынды қысқартуда қатал монетаристік саясат жүргізе бастады, сондай-ақ мемлекеттің экономика саласын бақылау құқығын қыс- қартты, кәсіпкерлік істі және бағаны еркін жіберді. Салықтың ең жоғарғы деңгейі бірден төмендеді, ол қаржы жинау мүмкіндігін, қаржы салымын әжептәуір көтерді. 1983 жылдан бастап Америка экономикасы дағдарыстан шықты, сөйтіп ғылыми жетістіктер мен жаңа техноло- гияны енгізу арқылы жеделдете даму кезеңі басталды. Жұмыссыздар саны 10 млн-нан 7 млн-ға дейін азайды. Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең айқын көрінеді. 1980 жылдардың бірінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатында текетірестік бағыттар басым болды. Әсіресе 1979 жылы кеңес әскерлері Ауған- станға кіргізілген соң және 1981 жылы Польшаға әске- ри жағдайдың енгізілуімен КСРО — АҚШ қатынасы шиеленісе түсті. Тек 1980 жылдардың екінші жарты- сында келіссөздер арқылы қарама-қайшылық әрекеттері бәсеңдей бастады. 1987 жылы М. С. Горбачевтың АҚШ-қа келуіне орай Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қашықтық- тағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да рес- публикашылдар жеңіске жетті. Рейган саясатын Дж. Буш жалғастырды, ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вице- президент қызметінде болатын. 1991 жылы Мәскеуде екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті. Кеңес әскерінің Ауғанстаннан әкетілуі социалистік елдердегі демократиялық революциялар, Германияның бірігуі, КСРО-ның ыдырауы жаңа геосаяси жағдайларды тудырып, “қырғиқабақ соғыс” толық аяқталды. Б. Клинтон мен кіші Дж. Буштың саясаты. 1992 жылғы кезекті сайлауда Демократиялық партияның кандидаты Билл Клинтон (1992—2000 жж.) жеңіске жетті. 143 АҚШ-тың бүкіл халқына міндетті дәрігерлік сақтандыру туралы заң жобасын жасауға уәде берілді. Клин- тон екі мәрте президент болып сайла- нып, әскери шығындарды қысқарт- ты. Америка шаруашылығы одан әрі дамып, экспорт ұлғайтылды. Көптен бері кедергі жасап келген саудадағы шығын кәдімгідей азайтылды. 2000 жылғы күздегі президент сайлауында Республикалық партия өкілі — кіші Дж. Буш жеңіп шық- ты. Кейін ол 2004 жылғы сайлауда қайта сайланды. Америка саясаты қалыптасқан жағдайды бұзып-жаруға, басқалармен санаспауға, өз жауластарын әрқашан бақылауда ұстауға ұмтылды. Әсіресе осы бағыт 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестердің АҚШ-қа қарсы жасаған шабуылынан кейін айқын көрініс тапты. БҰҰ- ның қолдауымен АҚШ өз жақтастарымен Ауғанстандағы талибандар үкіметін құлатты. Буш әкімшілігі Солтүстік Корея, Ливия, Сирия, Иран, Мьянма, Оңтүстік Африка Республикалары сияқты елдерді қысымға алып, ядролық қару жасау жөніндегі жоспарларын тоқтатуын талап етті, оларды лаңкестік әрекетті қолдауда және адам құқығын бұзуда деп айыптап келді. АҚШ әр аймақта, соның ішінде, Орталық Азияда да, өзінің саяси-әскери жасақтарын күшейте түсті. Оның саясаты халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталуда. 2003 жылы наурызда Иракқа қарсы соғыс ашып, С. Хусейн режімін жойды. Буш әкімшілігі АҚШ мүддесін қорғауда тайсалмай әскери күштерін жұмсап, дүниежүзінде Америка үстемдігін тұрақтандыру- ға тырысты және ол нәтижесіз болмады. 2008 жылы қарашада өткен президенттік сайлауда демократиялық партияның өкілі, сенатор Барак Хусейн Обама жеңіп шықты. 2012 жылы сайлауда Б. Обама қайта сайланып, президенттік лауазымын сақтап қалды. Әлемдік дағдарыс кең етек жайып, АҚШ экономи- касының өсуіне де өз әсерін тигізді. 2011 жылы қазанда Обама әкімшілігі Ирактан әскерлерін әкете бастады, ал желтоқсан айында АҚШ әскерлерінің әскери іс-әре- Барак Обама кеттерінің ресми тоқтатқандығын жария етті. 2011 жылы мамырда Пәкстанда Усама Бен Ладен ұсталды. Америка мұсылман елдерімен бейбіт қатынас ұстауға уәде берді. Бірақ Иранға қысым көрсетілуде. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Соғыстан кейінгі АҚШ-тың дүниежүзіндегі саяси және экономикалық жағдайы қалай болды? 2. Г. Трумэннің “әділ саясатының” мазмұнын ашып беріңдер. 3. 1950—1960 жылдардағы афроамерикандықтардың нәсілшілдікке қарсы күресін түсіндіріңдер. 4. Рейган мен Клинтон әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат тағы табыстарына сипаттама жасаңдар. 5. Кіші Дж. Буштың сыртқы саясаттағы әрекеттерін қалай бағалай сыңдар? Б. Обама туралы не білесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: |