Тақырып Кіріспе


Тақырып 2.6. Германия Федеративтік Республикасы. Италия



бет8/12
Дата11.01.2017
өлшемі2,01 Mb.
#6889
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тақырып 2.6. Германия Федеративтік Республикасы. Италия.

Жаулап алу саясаты. Ойсырай жеңілген Германия жерін одақтастардың әскерлері басып алды. Бастапқы кезеңде-ақ одақтастар, герман милитаризмі мен нацизмді жою, мемлекетті фашизм қалдықтарынан тазарту (дена- цификациялау), ірі картелдерді, соғысқұмар күштерді күйрету және демократияландыру қажеттігін жақтады. Потсдам конференциясының шешіміне сәйкес Герма- нияны басқару үшін Бақылау кеңесі құрылды. Үш батыс 110 аймақты — АҚШ, Ұлыбритания және Францияның әскери әкімшілігі, ал шығыс аймағын Кеңес әскери әкімшілігі биледі. “Қырғиқабақ соғыстың” қалыптасуы әр аймақтағы одақтастардың Германияны басқару саясатында қай- шылықтар тудырды. 1946 жылғы мамыр айында Парижде болған бес ұлы державаның Сыртқы істер министрлері Кеңесінің мәжілісінде Германиямен өзара бітім келісімін және бір- лескен экономикалық жаңартулардың жобасын дайындау принциптері жөнінде одақтастар ешбір мәмілеге келе ал- мады. Алғашқы экономикалық жаңартулар. Бүлінген ша- руашылық пен қаржы жүйесінің күйреуі Германияны дағдарысқа түсірді. 1945 жылдың соңында Кеңес Одағы басып алынған аймақтарда экономикалық реформаларды жүзеге асы- ру қимылдары байқалды. Кәсіпорындар тәркіленіп, экономиканың мемлекеттік секторларының қарамағына өтті. Экономика саласы жоспарлық жүйеге сүйеніп дами бастады. Аграрлық реформа қолға алынды. Батыс аймақтардағы экономикалық өзгерістер бас- қаша жағдайда жүзеге асырылды. Басып алушылар ме- таллургия топтарының ірі кәсіпорындарын тәркіледі. Біртіндеп батыстағы әкімшілік органдар кең түрде етек алған тәркілеу әрекеттерін доғарып, әскери-өндірістік объектілерді құнсыздандырудан бас тартты. “Маршалл жоспарына” арналған қаржының жартысы- нан көбі Батыс Германияға бөлінді. 1948 жылғы ақша реформасының нәтижесінде батыс аймақтардағы қолдағы көптеген бос ақшалар азайып, тұрақты ақша жүйесі құрылды. Бұл жағдай жекеменшік экономикалық қатынастарды жандандырды, өндірістік өнімнің өсуіне жағдай жасады. Сыртқы сауданың көлемі өсті. Шаруашылық қатынастарының дамуы екі аймақтағы экономикалық бөлшектенудің барысын тереңдетіп, елдің екі ірі аймаққа бөлінуіне әкеліп соқты. Басып алынған аймақтардағы саяси өзгерістер. Экономикалық өзгерістермен қатар, саяси өзгерістерге де жол ашылды. 111 Халықаралық Нюрнберг сотында нацистік және әске- ри қылмыскерлер жауапқа тартылды. Сонымен қатар одақтастар неміс саяси өміріне қатысушы топтардың құрамын жаңалады. Кеңес аймағында 1946 жылы Германия Коммунистік партиясы мен Социал-демократиялық партияның ра- дикалдық тобы бірігіп, Біріккен Германия Cоциалистік партиясы деп аталды. Ол жетекші саяси күш ретінде қалыптасты. Батыс аймақтарда христиандық-демократиялық қоз- ғалыс кең қанат жая бастады. 1945 жылы Аденауэр Хрис- тиандық-демократиялық одағы (ХДО) партиясын ұйым- дастырады. Бұл партия барлық христиандар және барлық әлеуметтік топтар ұйымы деп танылды. Соғысқа дейін К. Аденауэр (1876—1967 жж.) Кельн қаласының бургомистр қызметінде ерекше көзге түсті. 1933 жылы нацистер оны бұл қызметтен кетіреді, бірақ кейін қаланы азат еткен АҚШ әкімшілігі Аденауэрді қайтадан қызметке шақырады. Аденауэр ескі пруссия дәстүрін қолдамай, Германияның гүлденуін батыстық өркениет жо­ лында ұйымдастыруды аңсады. Аденауэр ашықтан-ашық Батыс Гер­ мания дербес мемлекетін құру пікірін қолдаған. 1946 жылы Баварияда Ф. Й. Штраус бастаған Хрис- тиандық-әлеуметтік одақ (ХӘО) партиясы құрылып, Аденауэрдің саяси бағдарламасын жақтайтындығын мәлімдеді. Германия мәселесі “қырғиқабақ соғыстың” туындауы- на үлкен әсер тигізді. 1948 жылғы Берлин дағдарысы және Германияның ыдырауы. 1948 жылы ақпан—маусым айларында Лон- дон конференциясында Кеңес Одағы өкілдерінің тікелей қатыспағанына қарамастан Германия мәселесі қаралды. Конференция Құрылтай жиылысын шақырып, жаңа Германия мемлекетінің конституциясын дайындау керек деген шешім қабылдады. Сол кезеңде америкалық әкімшілік Германияның ба- тыс бөліктеріне “Маршалл жоспарын” кең таратты. Ақша реформасы жүргізілді. Бұған жауап ретінде Шығыс Гер- мания аумағында шығыс маркасы енгізілді. 1948 жылғы 24 маусымынан бастап кеңес әскерлері Батыс Берлин 112 бөлшегін қоршап, басқа батыс аймақтармен барлық қатынастарын үзді. Батыс Берлин тұрғындары қоршауда қалды, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету қиынға соқты. Сөйтіп, Берлин дағдарысы басталды. Батыс Берлин тұрғындарының жағдайын жақсарту және азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін АҚШ әкімшілігі әуежолын пайдаланды. 324 күн бойы АҚШ-тың ауыр ұшақтары азық-түлік және басқа керекті заттарды жеткізумен болды. Саяси саладағы маңызды құбылыс Германияның батыс аймақтары үшін конституция да- йындайтын парламенттік кеңес құруды талап етті. Осы негізде 1949 жылғы 14 тамызда бундестаг сайлауы өткізілді. Мұнда жетекші рөлде ХДО болды. Жоғары палата — бундесрат — жергілікті өкілдерден құрылды. 1949 жылы 7 қыркүйекте конституциясы бекітіліп, Германия Федеративтік Республикасы (ГФР) құрылды. К. Аденауэр ГФР үкіметін басқарды. Шығыс Германияда 1949 жылы 7 қазанда Герман Демократиялық Республикасы (ГДР) құрылды. Сөйтіп, Германия жерінде әлеуметтік жүйесі екі түрлі қос мемле- кет пайда болды. Аденауэр кезеңі. Германдық “экономикалық ғажап” (1949—1963 жж.). ГФР әлеуметтік мәселелердегі мем- лекеттің жауапкершілігін негіздейтін саясат ұстанды. Ол жаңа либерализм бағыты еді. Жалпыұлттық маңызы бар өнеркәсіпті қаржыландыру үшін қаржы қорларын жинау керек болды. Нарықтық қатынастардың дамуына соғыстан кейінгі жылдардағы күшті корпорацияларды нығайту шаралары әсер етті. Екі онжылдықта елдің өнеркәсібі 8,5 есе өсті. ГФР-де ин- дустрияны жаңғырту үрдісі басталды. Еңбекке қабілетті барлық тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етілді, ереуілдер сиреді, тұрмыс деңгейі көтерілді. “Германдық ғажаптың” алғышарттық негіздері бар болатын. Алдымен шаруашылықты қалпына келтіру және өндірісті жаңарту әрекеті ең жаңа техникалық негіздерге сүйенді. Жаңарту жүйесі өндіріс пен капиталды барынша шоғырландыру арқылы іске асты. Әскери шығындардың болмауы неміс халқы үшін едәуір жеңілдік әкелді. Сондай- ақ Германияда отарларды басқаруға кететін шығындар жоқ болды. 113 60-жылдардың ортасы мен 80-жылдардың басындағы ГФР-дің ішкі саяси дамуы. ГФР-дің Конституциясы мемлекеттің дамуының басты тірегі болды. Заң негізінде демократиялық-әлеуметтік және федеративтік мемлекет құрылып, азаматтардың негізгі демократиялық-заңдылық шеңберіндегі теңдігі, жеке адамның еркіндігі, әйел мен ер адамның теңдігі, саяси көзқарастың, жиналыстың, баспасөздің еркіндігі және т.б. құқығы жарияланды. ГФР-дің мемлекеттік басқару әдісін канцлерлік рес- публика деп атайды. ГФР-дің саяси жүйесінде бірнеше саяси партиялар басты рөл атқарады. Олардың қатарында Христиандық- демократиялық одағы (ХДО) және Германия социал- демократиялық партиясы (ГСДП), сондай-ақ Еркін демократиялық партия (ЕДП) да болды. 1963 жылдың қазанында К.Аденауэр қызметтен кетті. Бірақ ХДО партиясы саяси билікті 6 жыл бойы өз ықпалында сақтады. 1963—1966 жылдары Л. Эр- хард (ХДО), 1966—1969 жылдары К. Кизингер (ХДО) кабинеттері “Германдық ғажапты” сақтауға күш салды. 1969 жылы парламенттік сайлауда социал-демокра- тиялық партияның өкілдері бас болып, өзінің жетекшісі Вилли Брандты канцлер қызметіне сайлады (1969— 1974 жж.). В. Брандт үкіметі Польшамен, Чехословакиямен, КСРО және ГДР елдерімен қарым-қатынасын қалыпқа келтіру әрекетін қолдап, Германияны күштеп біріктіруден бас тартты. Оның бағдарламасында мемлекеттік реттеу және әлеуметтік бақылау маңызды орын алды. Дегенмен 1970 жылдардағы дағдарыстар бұл жоспарды жүзеге асыруға кедергі болды. Өнім өндіру қарқыны 2%-ға дейін төмендеді. 1974 жылы В. Брандт қызметтен кетуге мәжбүр болды. 1974—1982 жылдары канцлер қызметін “темір канцлер” атанған социалистердің өкілі Гельмут Шмидт атқарды. 1974—1975 және 1980—1982 жылдарда әлемдік дағ- дарыс көріністері экономикалық дамудың қарқынын төмендетті. Неміс неоконсерваторларының 80-жылдардағы сая­ саты. 1982 жылдың шілдесінде келесі жылғы бюджетті 114 талқылау барысында экономика министрінің портфеліне ие болып отырған ЕДП өкілі әлеуметтік салаларға бөлінген қаржы мөлшерін кемітуді ұсынды. Бірақ ГСДП өкілдері бұған қарсы шықты. Үкіметтің бірлігі жойылды. Кабинет қызметтен кетуге мәжбүр болды. 1983 жылғы көктемде өткен сайлауда өкімет билігі ХДО/ХӘО тобына өтіп, оның жетекшісі Гельмут Коль 1990 жылдардың соңына дейін канцлер орнын ұстап келді. Г. Коль (1983—1998 жж.) саясаткерлердің жаңа санатына жатты. Ол христиандық-демократиялық қозғалыстың неоконсервативтік идеологиясын үйлестірді. Ол Людвиг Эрхард рухында реформа жүргізіп, мемлекеттің экономика салаларына терең түрде араласуы­ на тежеу қойып, нарықтық шаруашылықтың барынша дамуына дем берді. Ел экономикасы қарқынды дамыды. Әлеуметтік-эко- номикалық саясатта жаңа үкімет салық мөлшерін азайт- ты, мемлекеттік шығындарды кемітті. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқартты. Мемлекет кейбір салалардағы кәсіпорындарды жекешелендіріп, шағын электроника мен телекоммуникация салаларында жаңа технологиялар енгізді. Біртіндеп жұмыссыздар саны да азайтылды. Г. Кольдің басқару кезеңі жаңа әлемдік экономикалық гүлдену дәуірімен үйлесті. Жаңа индустриалдық қоғам жағдайын- да Германия экономикасы ғылыми-электрондық техника негізінде күрделі өзгерістер жасауға қол жеткізді. Шығыс Германиядағы социализм құрылысының дағдарысы (ГДР). 1949 жылы қабылданған ГДР Консти- туциясы Шығыс Германия өңірінде пролетариат дикта- турасы негізіндегі мемлекетті құруды міндеттеді. Кон- ституцияда демократиялық құқықтар мен азаматтардың бас бостандығы уағыздалған-ды. ГДР-де көппартиялық жүйе сақталды. Бірақ мұның басты ерекшелігі — барлық партиялар Германияның социалистік біртұтас партиясы (ГСБП) бастаған Ұлттық майданға бірікті. 16 млн халқы бар ел социализмнің кеңестік үлгісін бетке ұстап, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің моде- ліндей болып дамыды. Бірақ неміс халқы материалдық қорды есепсіз шашуға қарсы болды. Өнімді үнемдеу 115 тәртібі бекітілді. Азық-түлік карточкасы 1958 жылға дейін сақталды. Әлеуметтік қиыншылықтар стихиялы халықтық қозғалыстарды туғызды. Сталин өлгеннен кейін ГДР басшылары ескі қателіктерді жөндеп, жаңа бағытты қолдайтындықтары туралы уәде берді. Осы уәденің ізімен шаруалар мен қолөнершілер отбасыларының салық мөлшері кемітілді. Бірақ қалалардағы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру әрекеттері жұмысшылардың қарсылығын тудырды. 1953 жылдың 17 маусымында көптеген қалаларда жаппай толқулар болып өтті. Бұл көтерілістің себебі ГСБП-ның ел сенімінен шығуы, халықтың өміріндегі қиыншылықтар, кеңес әскерлерінің неміс жерінен шығармауына байланысты болды. Қозғалыстарды басу үшін кеңес әскерлерінің бөлімшелері қатыстырылды. Халықтың қарсылығы әртүрлі сипатта байқалды: Шы- ғыстағы неміс халқының көпшілігі (Батысқа) ГФР-ге қаша бастады. ГДР халқының батысқа ауа көшуін тоқтату үшін 1961 жылдың 13-14 тамызында Берлин қабырғасы тұр- ғызылды. 1980 жылдардың соңында ГДР-дегі жағдай нашарлай түсті. Экономиканың әр саласында келеңсіздіктер көбейіп, қаржы жетіспеушілігі жылдан-жылға өсіп, мемлекеттің берешегі 20 млрд доллардан асты. Митингілерде саяси реформалар талаптары алға қо- йылды. Жаңа саяси және қоғамдық ұйымдар құрылды. Олар “Германия альянсы”, “Жаңа форум” деген атауларға ие болды. 1989 жылдың қазан айында ГДР-дің 40 жылдық мерекесін тойлағаннан кейін, ел ішінде ірі бұқаралық толқулар болып, олар полицияның күшімен таратылды. ГСБП-ның басшылығы ауысты. ГСБП Демократиялық социализм партиясы болып жаңаланды. 9 қарашада Берлин қабырғасы қиратылды. Герман Демократиялық Республикасында “барқыт революциясы” жеңді. Екі герман мемлекетін біріктіру процесі. ГДР Минис- трлер Кеңесінің жаңа төрағасы Ханс Модров ГФР-мен жақындасу үшін Бірлестік келісімшартының жоспа- рын жариялады. Екі Германия мемлекетінің арасында экономикалық, қаржылық және көлік-байланыс одағына 116 сүйенген конфедерация, ал келешекте Федерациялық бірлестік құрылуы ұсынған. Мұны Г. Коль де жақтады. Екі жақтың бірігуі стихиялық жағдай туғызып, ба- қылаусыз сипатқа ие болды. ГДР аумағында мемлекеттік құрылыс пен саяси партиялардың ыдырауы жылдамдады, экономика саласында тоқырау белең ала бастады. Г. Коль ГДР-де сайлау өткізіп, содан кейін қаржы, экономикалық және әлеуметтік одақтар құруды жақтады. Алдағы болатын алғашқы ерікті сайлау қарсаңында саяси күштердің бірігіп, нығаюы байқалды. 1990 жылдың наурызында коммунистік емес аймақтық христиандық- демократтардың оппозициялық тобы жеңіске жетті. Аймақтық ХДО Германияны біріктіру жоспарын ұсынды. Ол бойынша Шығыс Германия ГФР-дің құрамына еніп, ГДР жойылатын болды. Бірігудің халықаралық-құқықтық шарты (ГДР, ГФР, КСРО, АҚШ, Франция, Ұлыбританияның қатысуымен) “2 + 4” формуласы бойынша іске асырылатын болды. Келіссөздер 1990 жылдың мамырында басталды. 1990 жылғы 3 қазандағы келісім бойынша ГДР-дің жері ГФР-дің құрамына өтті. Бірқатар халықаралық сипаттағы құжаттар Гер- манияның бірігу үрдісін аяқтады. Жеңіске жеткен төрт держава мен ГФР 1990 жылғы 12 қыркүйекте Мәскеуде Германияға қатысты мәселенің реттелуі туралы келісімге де қол қойды. Осы жолы КСРО мен Германия арасындағы қарым-қатынас, көршілестік, серіктестік туралы келісім жасалды. Бұл құжаттарда еуропалық шекараны бұзбау, Германияға жаппай қырып-жоятын қару иеленуге ты- йым салу, бундесвер әскері санын белгілеу, КСРО Қарулы күштерін біріккен Германияның шығыс бөлігінен шығару шаралары қарастырылды. Германияға байланысты төрт жақты құқықтық және жауапкершілік қатынасты тоқтату туралы құжат іске асты. Біріккен Германияның саяси және әлеуметтік-эко­ номикалық дамуы. 1990 жылғы 2 желтоқсанда Гер- манияның екі бөлігінде де алғашқы сайлау өтіп, ХДО бастаған бірлестік ойдағыдай жеңіске ие болды. Канц- лер Г. Коль бірінші жалпы германдық үкіметті құрып, 1998 жылға дейін басқару билігін өз қолында ұстады. 117 1998 жылғы сайлауда ГСДП өкілдері бундестагта 298 мандатқа ие болып, үкімет басына оның жетекшісі Герхард Шрёдер (1998—2002, 2002—2006 жж.) келді. Біріккен Германияның әлеуметтік-экономикалық даму процесі оңайлықпен жалғаса қойған жоқ. 1990 жылы басталған Германияның экономикалық жаңару үрдісі, екі елді қосу әрекеті өзінің тиімді нәтижесін бере қоймады. Қазіргі Германияның халықаралық жағдайы. Гер- манияның бірігуі бұл елдің дүниежүзі халықтары ал- дындағы мәртебесін жоғары дәрежеге көтерді және әлем- дік саясаттағы салмағын өсіре түсті. 1991 жылы Германия Парсы шығанағындағы соғыстан бас тартты. Бірақ оған қолдау ретінде 17 млрд марка мөлшерінде қаржы бөлді. Германия үкіметі АҚШ-тың Ирактағы соғысқұмарлық әрекеттерін сынға алып, қарсылық пікірін білдірді. Герма- ния үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымын жаңартуды жақтап, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігін кеңейтіп, оның құрамына өз өкілдерін қосуды талап етуде. ГФР 1991 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Респуб- ликасының тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынас орнатты. 2005 жылы парламент сайлауы кезінде Христиандық- демократиялық одақ Социал-демократиялық партиядан шағын ғана дауыспен алға шықты. ХДО-ның жетекшісі Ангела Меркель екі ірі партиялар өкілдері қатысқан коалициялық үкіметті басқаруға тағайындалды. Қазіргі кезде ГФР еуро аймағындағы дағдарысты реттеуге батыл қатысуда. 2012 жылы мамырдағы кейбір жергілікті сайлауда билеуші христиан демократтарының беделі төменденгені байқалды.

ИТАЛИЯ Италияның соғыстан кейінгі жағдайы және рес­ публиканың құрылуы. Соғыстан кейінгі кезеңдегі жағ- дайдың қиыншылығы мемлекеттік дербестікті сақтап, республикалық құрылым тәртібін нығайтуға негізделді. Ал 1946 жылдың 2 маусымында референдум өтіп, халық республикалық құрылысты жақтады. 1945—1947 жылдары билік басында коалициялық үкімет болды. Коммунистік партия (1,5 млн мүшесі бар) және Социалистік партия (700 мың) басым болды. Бұл партиялар христиандық демократтармен бірігіп, Консти- туцияны дайындауға өз үлестерін қосты. Жаңа Конститу- ция 1948 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Бірінші республикалық парламент сайлауы 1948 жыл- дың сәуір айында өтті. 48% дауысқа ие болған Христиан- дық-демократиялық партиясы (ХДП) жеңіске жетті. ХДП жетекшісі де Гаспери төрт партия үкіметін құрды, оған христиандық демократтар, социал-демократтар, рес- публикашылдар және либералдар кірді. Италияның әлеуметтік-экономикалық даму ерек­ шеліктері. 1950—1960 жылдары Италияның экономика- лық даму қарқыны бірден жоғарылап, “италиялық ғажап” терминін тудырды. Ол екі онжылдықта дамыған капиталистік елдер ішінен өсу қарқыны бойынша бі- рінші орын алды. Келесі он жыл ішінде Италия орта даму деңгейіндегі аграрлы-өнеркәсіптік елден өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған елге айналды. Италияның экономикалық жүйесінде ерекше үш басты модель қа- лыптасты: 1) Солтүстік-Батыс Италияда (Милан, Генуя, Турин қалалары төңірегінде) аса ірі өнеркәсіптік өндіріс алдыңғы қатарлы технологиямен (автокөлік, химия, компьютер, авиация және т.б.) жарақтандырылды. 2) Солтүстік-Шығыс және Орталық Италияда (Тос- кана, Эмилия-Романья, Венеция) ұсақ және орташа фир- малар ежелгі италиялық өндіріс түрлерін (керамикалық тақта, киім, аяқкиім) дамытып, ұсақ қалалардың төңі- регіне шоғырланды. 119 3) Оңтүстік Италия (Неапольдан Сицилияға дейін) артта қалған аймақ болды. Оның тұрғындарының көпшілі- гі эмиграцияға кеткендер қатарында болды. Италиядағы партиялық-саяси құрылымдардың да­ муы. 1950 жылдардың басында Италияда саяси және партиялық жүйелердің бір-бірінен бөліну үрдісі басталды. 1960 жылдарда ХДП тобы солшыл орталықшылдар стратегиясы бағытына көшіп, партияның жетекшісі А. Фанфани социал-демократтар және республикашыл- дармен бірігіп, жаңа үкімет құрамын құрды. Италия социалистік партиясы (ИСП) мен Коммунистік пар- тиясының өкілдері араласқаннан кейін, бұл үкіметтер солшыл орталықшылдар деп аталды. 1963—1968 және 1974—1976 жылдарда оның басына Италияның ең ірі сая- си қайраткері Альдо Моро келді. 70-жылдар ортасынан жағдай өзгерді. 1976 жылғы сайлауда ХДП — 35%, Коммунистік партия 34% дауыс алды. Сөйтіп, компартияны бөліп тастау ниеті жүзеге аспады. Италияның жетекші саясатшылары үшін айқын болған нәрсе — не оңшыл орталықшылдар саясаты, не солшыл орталықшылдар саясаты елді саяси тұрақтылық- қа әкеле алмады. ХДП-ның көрнекті мүшесі Альдо Моро үшінші жолды ұсынды, ол компартияны елді басқару ісіне қатысуға шақырды. Бұл кезде компартия тарихи ымыра- ласу идеясын жақтайтын еді. 1977 жылғы маусымда компартия үкімет саясатын қолдайтын келісімге қол қойды. Үкіметті ХДП жетек- шісі Дж. Андреотти басқарды. Оның құрамында ком- мунистер болмады. Үкімет бағдарламасы дүниежүзілік экономикалық қиыншылықтармен күрес жүргізуді қарастырды. Саяси дағдарысты шешуге жасалған бұл қадам 1978 жылы елдегі қызыл бригада деп аталатын топтың қылмыстық әрекетінен үзіліп қалды. Олар ХДП-ның басты қайраткері Альдо Мороны өлтірді. Бұл өкіметтік дағдарыс кабинеттің құлап, компартия оппозицияға кетуімен аяқталды. Бұдан соң Италияның көп санды үкіметі 5 пар- тиялық коалиция негізінде құрылды. 120 ХХ ғасырдың соңы — ХХI ғасырдың басындағы Италияның саясаты. 1981 жылы үкімет құру құқығы республикашылдар жетекшісі Спадолинниге, кейін Социа- листік партия жетекшісі Б. Краксиге берілді. 1992 жылғы парламент сайлауы басты саяси партиялардың: ИКП, ИСП және ХДП-ның рөлі төмендегенін дәлелдеді. Сол жылдың басында Италияда “Таза қол” атты кең көлемді қозғалыс дамыды. Ол өкіметтің ең жоғары сатысындағы және басты саяси партиялар басшыларының арасын жемқорлардан тазалауға арналды. “Таза қолдың” тергеу тізіміне 20 мыңнан астам адам ілінді. Екі жыл ішінде 2 мыңнан астам адам тұтқындалды. Сотқа шақырғандар ішінде — бұрынғы премьер-министр Дж. Андреотти, Б. Кракси, парламент және сенат депутат- тары болды. 1994 жылы наурызда болған парламент сай- лауы бұрынғы партиялық жүйенің толығымен күйрегенін дәлелдеді. ХДП үш саяси ағымға кетті. ИСП өзін-өзі та- ратты. Компартия Солшыл күштердің демократиялық партиясына (СКДП) айналды. Сайлауға шебінде миллионер С. Берлускони басқарған “Алға, Италия!”, федералист У. Босси басқарған “Солтүс- тік Лига” және неофашистер мен ұлтшыл оңшыл күштер- дің бірлігі — “Ұлттық альянс” топтары қатысты. “Солтүстік Лига” мен неофашистік “Ұлттық альянс” коалициясы негізінде С.Берлускони үкіметі құрылды. 1994 жылдың соңында салық ережесін бұрмалады деп кінә тағылғаннан кейін ол қызметінен кетуге мәжбүр болды. 53-есептегі жаңа Италия үкіметі партиясыз негізде құрылды. Оны тәуелсіз кандидат Ламберто Дини басқар- ды. Алайда бұл үкімет саяси дағдарысқа төтеп бере алма- ды. 1996 жылдың сәуір айында өткен парламенттің кезек- тен тыс сайлауы солшыл күштерге жеңіс әкелді. “Зәйтүн ағашы” блогының жетекші күші СКДП болды. Бұл партия 22%-дан артық дауыс алып, бірінші орынға шықты. Бірақ бұл деңгей үкімет құру үшін жеткіліксіз болды. Үкіметті солшыл орталықшыл (центрист) Р. Проди басқарды, бірнеше коммунистер министрлік қызметке бекітілді. 1996—2001 жылдар аралығындағы солшыл топтар үкіметі (Р. Проди және М. Д. Алема бұрынғы комму- нист) кезінде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 121 нәтижесінде қазынаға 60 млрд доллар көлемінде таза пайда түсірді. 1 млн-нан астам жұмыс орындары дайында- лып, ел ішінде жұмыссыздық сиреді. Әскери реформаның арқасында жаппай міндетті әскери қызмет жойылып, келісімді әскери қызмет жүйесі тәртібі енгізілді. Италияда еуро валютасы енгізілді. Аталған кезеңде бұрын айыпталған саяси қайраткер- лердің (С. Берлускони, Дж. Андреотти) істері қайта қаралып, соттың шешімі негізінде ақталды. Олардың сая- си өмірге қайта араласуына жағдай жасалды. 2001 жыл- дың мамыр айындағы Парламенттік сайлауда С. Берлуско- ни бастаған саяси одақ үлкен жеңіске ие болды. Кейінгі жылдары Италиядағы Министрлер кабинеті үш рет өзгерді. 2008 жылы үшінші рет үкімет басына С. Берлускони келді. Бұл жолы ол елдегі ең өзекті мәсе- ле — әлеуметтік қайшылықтарды шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесі орындалмады. Бірнеше рет бизнеске және жекебасына қатысты мәселелер үшін ісі тергелген Берлускони 2011 жылдың соңында қызметтен кетуге мәжбүр болды. Италия қаржы дағдарысына келіп кірді. Қазақстан Республикасының Италиямен қарым-қа- тынастарының ерекше мәні бар. Италия Республикасы — егеменді Қазақстанның беделді сауда-экономикалық се- ріктесі. Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Соғыста жеңіске жеткен мемлекеттердің жеңілген Германияны бас­ қару принциптерінің негізін айырып айтыңдар. 2. Жаулап алынған аймақтардағы саяси өзгерістер қандай жағдайда өтті? Германияның ыдырау себептері қандай? 3. Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты құрудың әдісі қандай болды? Германдық “экономикалық ғажаптың” алғышарттары қандай? 4. В. Бранд кезіндегі ГФР саясатының даму ерекшелігі неге байланысты болды? 5. Германияны біріктірудің ішкі және сыртқы аспектілері қандай болды? Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Италиядағы демократия мен республикалық тәртіпті қайта қалпына келтіруге қандай саяси күштер қатысты? 2. Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері қа­ лай айқындалады? Италиядағы “экономикалық ғажаптың” себептері неде? 3. Не себептен Италиядағы Орталықшылдар бағыты саяси тұрақты­ лықтың негізі болып, көп жылдар бойы өмір сүрді?

Тақырып 2.7. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Кеңес Одағы. Кеңес Одағының экономикасы соғыстан әлсіреп шықты. Соғыс жылдарында ол 25 млн-ға жуық адамынан айырыл- ды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін жеңілдету мақсатында КСРО үкіметі кеңес армиясы қатарынан 8,5 млн адамды қысқартты. КСРО экономикасы бейбіт жағдайда қайта құрыла бастады. Бұрынғы көптеген соғыс техникалары мен құралдарын шығаратын зауыттар бейбіт өмірдегі тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Соғыстан кейін Кеңес Одағының шекаралық шеңбері өзгеріске ұшырады. Кеңестер Одағының құрамына — Оң- түстік Сахалин және Курил аралдары Шығыс Пруссия жері қосылды. Пруссияның орталығы Кенигсберг — Ка- лининград болып өзгертілді. 1944 жылдың қазан айында Тува Республикасы КСРО құрамына қабылданып, Ресей Федерациясының авто- номиялық облысы деп мойындалды. Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Аздаған демокра- тиялық өзгерістер тұрақтамады. Кеңес қоғамының одан әрі дамуына 50-жылдардың басында шырқау шегіне жет- кен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Жаңаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқаны басталды. Көрнекті кино қайраткерлері, саз- герлер (Прокофьев, Хачатурян, Мурадели) жөнсіз сынға ұшырап, қызметтерінен қуылды. Еврей тұрғындарының мәдени және қоғамдық ұйымдары, баспасөз органдары жабылды. 130 Жаратылыстану ғылымдардың жаңа салалары — толқындық механика, кибернетика, генетика салалары жалған, шындыққа жанаспайды деп есептелді. Бірақ бұған қарамастан, физика, химия, математика салаларында атақты ғалымдардың және басқалардың жетістіктері нәтижесінде АҚШ-тың атомдық монополия- сы жойылып, ғарышты игеруде және авиация ұшақтарын жасауда кеңес елі алдыңғы шепке шықты. Халық шаруашылығының жағдайы. Бұл кезде елдің ішкі құрылысында азын-аулақ демократиялық жеңілдік- тер іске асты. Елдегі төтенше жағдай тәртібі жойылды, 8 сағ-тық жұмыс күні, апта сайын және жыл сайын берілетін ақылы демалыстар қалпына келтірілді. Барлық кеңестер сайлауы өткізіліп, олардың жиындары заңға сәйкес реттелді. 1947 жылы желтоқсанда карточка жүйесі мен еңбекшілерді азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз ету жойылды. Сол жылы ақша рефор- масы жүзеге асырылды. Негізгі өнімдердің бағасы арзан- дады. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза болғандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. 1952 жылдың қазан айында партияның XIX съезі болып өтті. 1953 жылы наурызда Сталин қайтыс болып, қыркүйек айында КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. С. Хрущев сайланды. Н. С. Хрущев. “Жылымықтың” басталуы. Ауыл шаруа- шылығының маңызды мәселелерін шешу және дәнді дақылдар өнімін арттыру үшін елде тың және тыңайған жерді игеру басталды. Еуропадағы социалистік елдердің өзара қатынастары достық және ынтымақтастық келісімдер негізінде іске асырылды. 1949 жылдан бастап социалистік елдердің шаруашылық қатынастары Экономикалық Өзара Көмек кеңесі құрылды. 1955 жылы КСРО және басқа ірі державалар Австрия- ның демократиялық тәуелсіздігі мен мәртебесін сақтау туралы келісімге қол қойды. КОКП-ның ХХ съезі. 1956 жылы ақпан айында КОКП- ның ХХ съезі өтті. КОКП-ның ХХ съезі мынадай міндеттерді алға қойды: өнеркәсіп өнімін өндіруді арттыру, ауыл шаруашылығын 131 одан әрі дамыту, өнеркәсіп салаларында 7 сағ-тық жұмыс мерзімін енгізу, зейнетақы реформасын іске асыру, тұрғын үйлер салу қарқынын күшейту, өнеркәсіп өнімінің жан басына шаққандағы үлесі бойынша жетекші капиталистік елдерді басып озу. ХХ съезд Сталиннің жекебасқа табынушылығын айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру, партиялық демократияны өрістетудің жолдарын сөз етті. Н. С. Хрущев есепті баяндамасында Iшкі Iстер Халық Комиссариаты органдарының жалған құжаттар шығару шеберлігін, саяси тұтқындарды азаптау әдістерін, олар- дың тізім бойынша атылуын және айыптау құжаттарын алдын ала дайындау сияқты зорлық-зомбылықтарын әшкереледі. 1957 жылы қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау істері жалғаса берді. Қалмақ, Шешен-Ингуш, Кабардин- Балкар, Қарашай-Черкес АКСР-лері қалпына келтірілді. Бірақ Еділ бойындағы немістер, қырым татарлары, жер аударылған гректер, болгарлар және басқа халықтар ресми түрде ақталған жоқ. Интеллигенцияға, ғалымдарға, баспасөзге біраз же- ңілдік жасалды, демократиялық қадамдар орын алды, қуғын-сүргін тоқтатылғандай болды. Шетелдермен қа- тынас жөнделе түсті. Сол саясат “жылымық” деп аталды. 60-жылдардағы Кеңес Одағы. 50-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдардың басында ғарыш кеңістігін игеру, атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану ісі қолға алына бастады. Химия өнеркәсібі күшті дамыды. 1961 жылғы 12 сәуірде кеңес азаматы Юрий Алексеевич Гага- риннің ғарышқа тұңғыш рет ұшуы болды. Бұл кеңес ғылымы мен техникасының жарқын жеңісі деп қабылданды. Ауыл шаруашылығы. КСРО ауыл шаруашылығы дұрыстала түсті. Тың жер игерілді, соның нәтижесінде Қазақстан мемле- кетке 1 млрд пұт астық өткізді. Ю. А. Гагарин 132 Дегенмен ауыл шаруашылығына қажетті техника ауыл- да әлі де төмен дәрежеде болды. Ауыл шаруашылығы шыққан шығындарын өтей алмайтын. Оның негізгі себептерін іздестіріп шара қолданудың орнына Хрущев біресе жүгеріні барынша көп өсіруге, біресе егіншілікті химияландыруға итермеледі. Шаруаларға еркіндік беру мәселесі көпшілік талқысына салынбады. Орталықтағы басшылар одақтас республикалардың ұлттық ерекшеліктерін есепке алмады. Сталиндік әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің тамыры үзілмеді. Қоғамның мәдени өмірі: даму бағыттары мен қай­ шылықтары. 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында оң талпыныстармен қатар, қайшылықтары мол келеңсіз жағдайлар да байқалды. Мектепті реформалауға көңіл бөлінді (1958 ж.). 1962 жылы облыстық партия ұйымы — өнеркәсіптік және ауылшаруашылық болып екіге бөлінді. Саяси қысымға қарамастан ел ішінде жоғары деңгей- дегі көркем шығармалар да баспалардан басылып шығып жатты. Олар болған қуғын-сүргінді, тоталитарлық жүйе- нің әділетсіздігін әшкереледі. Мұндай еңбектердің қатарында А. Твардовскийдің “О дүниедегі Теркин”, Е. Евтушенконың “Сталиннің мұрагерлері”, Э. Каза- ковичтың “Жаулар”, Г. Николаеваның “Жол бойындағы шайқас” еңбектері болды. М. Әуезовтің “Абай жолы” ро- ман-эпопеясы жарық көрді. Елдегі саяси басшылықтың алмасуы. 1964 жылы 14қа- занда партия пленумы Н. С. Хрущевты елдегі ұжымдық басқарудың принциптерін бұзғаны және Қытаймен арадағы қатынасты ушықтырғаны үшін қызметтен бо- сатты. КОКП ОК-нің Бас хатшысы болып Л. И. Брежнев сайланды. Л. И. Брежневтің басқаруымен партиялық-мемлекеттік басшылық саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жаңа бағытты іске асыруға тырысты. Реформалар ба- сынан-ақ әміршіл-әкімшіл басқару әдісімен жүргізілді. Өнеркәсіпті басқаруда министрліктер қайта орнатылды. 60-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың ба- сында кеңес халқының өмір сүру деңгейі, қоғамның өзгеру барысы қайшылықты сипатта болды. 133 Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілді. Бірқатар еңбекшілердің айлық жалақысы өсті. Ұжымшар мүше- лерінің кепілдік еңбекақылары көбейді, төменгі жалақы алатындар орта жалақы алатындар қатарына жетті. Ауылшаруашылық өнімі өспей, шетелдерден жыл сайын 10—20 млн тонна астық сатып алу әдетке айналды. Тек мұнайдан түскен кіріс қана елдің жағдайын бірқалыпты сақтауға мүмкіндік берді. Іс жүзінде шешімін таппаған ұлттық мәселелер жат- ты. Кеңес Одағын құрайтын республикалардың өзін-өзі басқару еркі үнемі шектелумен болды. Брежневтің басқару кезеңі қоғамның саяси, әлеумет- тік-экономикалық, рухани дамуына теріс ықпалын тигі- зіп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің бақылаусыздық, дәрменсіздік нышанын байқатты. 1968 жылы “Прага көктемі” аталған Чехословакиядағы демократия үрдісін КСРО әскер күшімен таптау, Афри- ка елдерінің ішкі істеріне араласу, Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу (1979 ж., желтоқсан) КСРО-ның дүние- жүзі алдындағы беделін түсірді. Мұндай шешімдер Бреж- нев бастаған бірнеше кеңес басшыларының (Ю. Андропов, А. Громыко, Д. Устинов) ғана ұйғаруымен қабылданды. Л. И. Брежнев 1982 жылы қайтыс болып, басшылыққа Ю. В. Андропов келді. Бірақ 1984 жылы ол дүние салып, елдің және партияның басшылығы К. Черненкоға тиді. 1985 жылы наурызда К.Черненконың қазасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті- нің Бас хатшысы болып М. С. Г о р б а ч е в сайланды. 80-жылдардың ортасында Кеңес Одағы экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстың алдында тұрды. Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі қазіргі дәуір шынды- ғына жауап бере алмады. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негізін, әлеуметтік өмірін, саяси құрылымын жаңарту қажеттілігі туды. Алайда жаңарту үрдістерінің тереңдігі, формалары, жолдары бірден айқын болған жоқ. Кеңес қоғамында көптеген реформалар бастал- ды. Бұл қайта құру деп аталды. 1987 жылы қаңтарда жариялылық туралы шешім қабылданды. Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарын- да айтыс-тартыс пікірлер күшейе түсті. 134 Біртіндеп құқықтық мемлекеттің, азаматтық қо- ғамның нормалары орныға түсті: азаматтардың, ерік- ті одақтардың, қозғалыстардың, партиялардың заң шеңберінде бірігуіне рұқсат берілді. 1990 жылы шілдеде КОКП-ның ХХVII съезі тартысты жағдайда өтті. Съезд жабылар алдында Ресей елінің бас- шысы Б. Ельцин өзінің партиядан шығатынын мәлімдеді. ХХVII съезден соң бір жыл ішінде КОКП қатарынан 4 млн адам шықты. 1991 жылы 25 желтоқсанда М. Горбачев КСРО-ның Президенттік қызметінен және Жоғарғы әскери бас- шылықтан кететіндігін жариялады. Сол күні кешке таман Кремльдің Үлкен Сарайының төбесіндегі діңгектен КСРО- ның нышаны — қызыл жалау түсіріліп, тәуелсіз Ресейдің ақ-көк-қызыл түсті жалауы көтерілді. 26 желтоқсан күні бұрынғы Жоғарғы Кеңестің Республикалық палатасы — КСРО-ның әрекеті тоқтатылғаны жөнінде Декларация қабылдады. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы. КСРО-ның даму қарқынының бәсеңдеуі және алғашқы дағдарыстың белгілері 70-жыл- дары айқындалып, 80-жылдары анық байқалды. 1985 жылдан басталған КСРО-дағы өзгерістер мем- лекеттік құрылысқа да әсер етпей қоймады. КСРО кон- ституция бойынша одақтас мемлекет бола тұрса да, шын мәнінде 15 одақтас республиканың бірде-бірі өзіндік билік жүргізе алмады. Сондықтан олар өз тәуелсіздігін талап етті. Бұл талап күн өткен сайын күшейе түсті. Елдегі экономикалық ахуалдың нашарлауына байла- нысты Орталықтың бұл ұмтылысты тоқтатуға шамасы жетпеді. 1989—1990 жылдардағы сайлауда тәуелсіздікті жақтаушы республикалар КСРО құрамынан бөлініп шығуға бел байлады. 1990 жылдан бастап көптеген республикалар өздерінің тәуелсіздігін жариялап, егемендік мәртебесіне ие болды. 1991 жылы 18 тамызда Фороста (Қырымда) дем- алып жатқан М. С. Горбачевқа жоғары лауазымды мем- лекеттік, әскери және партиялық құрылым басшыла- ры келіп, үкіметті таратуды талап етті. Барлық КСРО 135 аумағында төтенше жағдай енгізі- ліп, Мәскеуде Төтенше жағдай жө- ніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды, кеңес халқына арнайы ма- нифест жарияланды. Олар КСРО дамуын ескіше сақтау- ды көздеген. Бірден демократияға, жариялылыққа халықтардың бостан- дығына қарсы заңдар шығарылды. Қайта құру үрдісіне жол бермеуге ты- рысқан топ сонау 1917 жылы Қазан төңкерісінен бастау алған әдісті пай- даланбақ болып, өкіметті заңсыз қолға алуға ұмтылған. Бірақ халық бұқарасы оларды қолдамады. 19 тамыз күні таңертең Б. Ельцин ТЖМК әрекетін мемлекеттік төңкеріс деп бағалап, еңбекшілерді жаппай ереуілге, ал әскерлерді ТЖМК бұйрығын орындамауға шақырды. 20 тамыз күні Ресейдің көптеген қалаларында және басқа республикаларда бүлікке қарсы митингілер, шеру- лер болды. Ресей демократиялық күштері жеңіске жетті. 21 тамыз күні төңкерісті ұйымдастырушылар тұт- қындалды. Заңдылық қалпына келтірілді. Төңкеріс жеңілген соң КОКП қызметі тоқтатылып, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қайта құрылатын- дығы хабарланды. 1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белорус­ сия басшылары (Б. Ельцин, Л. Кравчук, С. Шушкевич) Беловеж келісіміне қол қойып, КСРО-ның таратылғанын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы (ТМО) құрылғанын мәлім- деді. ТМО құрамына бұрынғы КСРО құрамындағы ел- дердің кіруіне есік ашық деп жарияланды. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы тәуелсіз Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Молдова, Түрікменстан, Өзбекстан, Укра- ина басшыларының кеңесінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды. ТМД құрылуымен бірге, КСРО өмір сүруін Б. Ельцин 136 тоқтатты. Алматы хаттамасы бойынша: ТМД мемлекеттік емес және ұлттардың үстінен бақылау орнату құқығы жоқ топтасу деп танылды. ТМД елдерінің даму жолдары бірдей болмады. Бұрынғы біртұтас кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан жан-жақты шаруашылық қатынастардың үзілуінен на- рықтық реформалар бірқалыпты қарқын ала алмады. ТМД елдері одақтастығының құрылуына және қалып- тасуына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. На- зарбаев белсенді рөл атқарды.

Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Кеңес халқы соғыстан кейін қандай қиыншылықтарға тап болды? Кеңес Одағының шекарасында қандай өзгерістер байқалды? 2. 1960—1980 жылдардағы саяси өмірдің ерекшеліктері туралы жә­ не экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстар туралы әңгі­ мелеңдер. 3. М. С. Горбачев бастаған жариялылық, қайта құру жайынан және тоталитарлық социализм жүйесінің күйреуі туралы әңгімелеңдер. 4. КСРО-ның ыдырауынан кейінгі ТМД елдерінің алдында қандай мін­ деттер тұрды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет