Жаңаны ашу
Есепті шығару үшін онда қандай шамалар берілгенін
анықта. Жәшіктің бағасын бірден білуге бола ма? Неліктен?
Осы есепті шығару жоспарын құр.
1) Алдымен қанша жәшік сатып алынғанын анықта.
2) Бір жәшіктің бағасын тап.
Әрі қарай көптеген сұрақтар қою арқылы мынадай тапсырмалар беріледі. Мына кестеге қарап басқа тапсырма құрастыр.
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
Бірдей
|
6 жәшік
4 жәшік
|
?
5 000 тг
?
|
Бұл есепте екі сұрақ берілген. Соларды ата. 6 жәшік қанша
тұратынын қалай білуге болады? Есепті қалай шығару қажет?
Бұл есеп екі қосынды бойынша белгісізді табу түріндегі
пропорционал бөлуге берілген. Жоспар құрып, есепті
шығарамыз:
1) Барлығы қанша жәшік сатып алынды? 6 + 4 = 10 (жәш.)
2) Бір жәшік қанша теңге тұрады? 5 000 : 10 = 500 (тг)
3) 6 жәшік қанша теңге тұрады? 500 ∙ 6 = 3 000 (тг)
4) 4 жәшік қанша теңге тұрады? 500 ∙ 4 = 2 000 (тг)
Тексеру: 3 000 + 2 000 = 5 000 (тг)
Жауабы: 6 жәшік 3 000 тг, 4 жәшік 2 000 тг тұрады.
Қысқаша жазбаның орнына сызба салуға болады.
Сызбадағы бөліктер нені білдіреді?
Сызбаны басқаша қалай жасауға болады?
Екі қосынды бойынша белгісізді табуға берілген есептер үш өзара байланысқан шамалардан тұрады. Мұндай есептердің шарттарында бір шаманың екі мәнінің қосындысы берілген.
Ізделініп отырған шаманы табу үшін, алдымен басқа екі
белгілі шамалардың қосындысын табу керек. Қосымша электронды құралды пайдалануға болады.
Алдындағы тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай, өз қалауы бойынша 4–9-тапсырмаларды ұсынады. Жұмысты жұппен немесе топпен орындауға болады. Бұл тапсырма оқушыларға жауаптарының дұрыстығын дәлелдеуі және бір-біріне көмектесуі үшін қажет.
№4 тапсырма.
Екі бригада бірдей 150 қап картоп жинады,олардың біреуі 4500 кг, ал екіншісі 3 000 кг жинады.Әр бригада қанша қап картоп жинады?
1)4500+3000=7 500(кг) – бірге жинағаны
2)7500:150=50(кг)– 1 қапта
3)4500:50=90 (қап) – бірінші бригаданың жинағаны
4) 3000:50=60(қап) –екінші бригаданың жинағаны
Басқа жолмен шығаруға да болады.
150 – 90=60 (қап)
5-тапсырма.
Қатынау саны бірдей екі жүк мәшинесі 99т жүк тасымалдады. Егер бір рет қатынағанда біреуі 4т, ал екіншісі 5 т жүк тасымалдайтын болса, жүк мәшинелердің әрқайсысы қанша тонна жүк тасымалдаған?
1) 4+5=9(т) – бірге тасымалдаған жүк
2)99:9=11(рет) – әр жүк мәшинесі қатынады
3) 4 ·11=44 (т) – бірінші жүк мәшине
4) 99 – 44=55(т) – екінші жүк мәшине
Өзіндік жұмыс
(Ө) Жаңа материалды қалай меңгергендерін тексеру үшін, дәптердегі тапсырма орындалады.
|
1 қаптың массасы
|
Қаптың саны
|
Барлық қаптың массасы
|
1-жер телімі
|
бірдей
|
28 қап
|
? 2550 кг
?
|
2-жер телімі
|
22 қап
|
1)28+22=50 (қап) – екі жер телімінен жиналды
2) 2500:50= 50 (кг) – 1 қапта
3)50 · 28=1400(кг) – 1-жер телімінен жиналды
4)50 · 22=1100(кг) – 1-жер телімінен жиналды
Жауабы: 1- жер телімінен 1400 кг, 2-жер телімінен 1100кг
8-тапсырма.
Астық өсіру үшін қандай табиғи жағдайлар қажет
екендігін сен білесің бе?
Диірменде астықтан ұн жасайды. Сызба бойыншаұн туралы пропорционал бөлуге есеп құрастыр.
Мұғалім есепті сызба арқылы құрастыруды үйретеді (сурет).
Теңбөліктер күніне өндірілетін ұнның көлемін білдіреді.
Сонда есептің шарты мынандай болды: екеуі бірге бір диірмен 2 күнде, ал екінші диірмен 3 күнде 200 т ұн өндіреді. Әрқайсысы неше тонна ұн өндірді?
Өзіндік жұмыс
(Жеке)Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында дәптермен жұмыс болады. Стандартты түрде өзін-өзі тексеру тақтада жүргізіледі.
Бірінші егісалқабынан 28 қап картоп, ал екінші егіс алқабынан дәл осындай 22 қап картоп жиналды. Екі егісалқабынан 2 500кг картоп жиналды. Әр егіс алқабынан қанша килограмнан картоп жиналды?
|
1 қаптың массасы
|
Қаптың саны
|
Барлық қаптың массасы
|
1-егіс алқабы
|
? бірдей
|
28қап
|
? 2 500 кг
|
2-егіс алқабы
|
|
22қап
|
?
|
|
1)28+22=50 (қап) барлық қаптың саны
2) 2 500:50= 50 (кг) 1қаптың массасы
3) 50 ∙ 28=1 400(кг)бірінші егіс алқабы
4) 50 ∙ 22=1100(кг) екінші егіс алқабы
Жауабы: 1400 кг бірінші алқаптан, екінші алқаптан
1100кг.
|
Бұл тапсырмада екі сұрақ қойылып тұр.
Оқушылар кретириалды бағалауды анықтайды.
Белгісіз екі соманы табуда есептер шығару барысында оны талқылау.
Дескрипторлар жазады.
Мен:
Белгісіз екі соманы табудың шығару жағдайын кестеге жаза аламын; 3б.
Жоспар құрастыру және әрекеттерге байланысты шеше аламын 4б;
Тапсырманың өрнегін жаза аламын, 2 б.
Жауабын жаза аламын, 2б.
Өткенмен жұмыс.
Зерттеу тапсырмасы:
№6 тапсырма негізгі фигураның ауданын табудың әртүрлі жолдарын қайталауға берілген.
|