Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған


Май-қышқыл бактериялар (Pseudomonas)



бет19/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
8.2. Май-қышқыл бактериялар (Pseudomonas)
Май-қышқыл бактериялар – органикалық қосылыстардың моно-дисахаридтерін, полисахарид, органикалық қышқылдарды пайдаланатын облигатты анаэробтар болып табылады. Энергияны осы заттарды ашыту арқы-лы алады.
Құрал-жабдықтар: Заттық және жабын шынылар, микробиологиялық ілмешек, спирт шамы, пинцет, пипетка, ашытқының таза культурасы, пробирка, мақта, агар-агар, зарарсызданған Петри табақшасы, сұйық сусло, дистельденген су, фильтр қағазы, митилен көгі, карбол фуксині, күкірт қышқылы, Люголь ерітіндісі, спирт.
Жұмыс барысы:
Картопты тазаламай ұсақтап, пробиркаға 2/3 көлеміне толтырылып, бір шымшы бор салып сумен жоғарыға дейін толтырылады. Пробирканы 10-15 минут қайнатады. Пробирканың аузын каучук тығынмен тығындап, 350С температураға термостатқа 2-3 тәулікке орналастырады.
Май-қышқыл бактериялардың өсуі газдың бөлінуімен және ортаның күңгірттенуімен байқалады. Культурамен сапалы реакция жүргізіледі: 5 мл культураға 2 мл 5%-ті темір хлоридінқосып, қайнатады. Нәтижесінде сұр түсті май-қышқылды темір түзіледі.
Культуранаың Люголь ерітіндісіндегі «жаншылған тамшы» микрос-копиялық әдісінде ірі, өте қимылды, жеке немесе қысқыша тізбектелген таяқша тәрізді бактериялар байқалады. Споралар түзілу барысында клетка-ның ортасында немесе шеттерінде орналасады. Вегетативті клеткада гранулеза кездеседі.



Сурет 18. Жинақтаушы дақыл
Модуль 2 Микроорганизмдердің метаболизмі және қоршаған ортамен қарым-қатынасы


Зертханалық жұмыс №9
Кох әдісі бойынша микроорганизмдердің жалпы санын анықтау
Сабақтын мақсаты: Әр түрлi микробиологиялық тәжiрибелерді қолдана отырып микроорганизмдердің таза культурасын бөліп алу әдісімен танысу.

Микробиологиялық зерттеулерде таза культураны бөліп алуда Кохтын пластинкалық культурасы әдiсiн қолданылады. Мұндай жағдайда, микроорганизмдерді әpi қарай өcipy ушiн қатты қоректік орталар пайдаланылады. Егiлген микроорганизмдердi культуралау барысында клеткалар көбее бастайды және әр Петри табақшадағы қоректік орталардың бетінде микроорганизмдер колониясы түзілген. Залалсыздандырылған қоректiк ортасы бар пробиркаға микроорганизмдер колониясының бөлігін ауыстырып отырғызады. Бұл таза культураларды бөліп алудың соңғы этапы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет