Тақырыптық күнтізбелік жоспар



бет6/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,55 Mb.
#34223
1   2   3   4   5   6   7   8

Бағалау

Үйге тапсырма: : Бірөлшемді және екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс. 139-беттегі бақылау сұрақтары. №2 есеп.

24-25 сабақ

Сыныбы: Күні:
Сабақтың тақырыбы: Көмекші программалар туралы жалпы түсінік. Стандартты кітапханалық модульдер. Бейстандарт функциялар мен процедуралар



Сабақтың мақсаты:

Біліми. Оқушылар көмекші программалар туралы түсінікпен танысады, есептердің шешуін өрнекпен жазуға дағдыланады, есептерді өздігімен және бірлесе шығарады. . Паскальда қосалқы алгоритмдердің қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, процедуралар және функциялар туралы ұғым қалыптастыру.

Дамытушылық. Программаны математикалық модел құру арқылы сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Жиым элементі, элементті берілген қасиеті бойынша іздеу, сұрыптау туралы түсініктер қалыптастыру. Есептерге программалар жазып компьютерде орныдау. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді, есеп шешуде бірнеше варианттарды қарастырады, есеп шешу арқылы проблема шешуге дағдыланады.

Тәрбиелік. Оқушылар шағын топтар құрамында бірлесе еңбектенеді, шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі

Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.



Сабақтың барысы:

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)

  3. Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)

  4. Тапсырмаларды орындау (15-минут)

  5. Сабақты бекіту (6-минут)

  6. Оқушыларды бағалау (2-минут)

  7. Үйге тапсырма беру (1-минут)

Проблеманы айқындау кезеңі:

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Процедура – деп бір әрекетті орындау мақсатында алдын ала анықталған аты бойынша шақырылып атқарылатын программаның тәуелсіз бөлігін айтамыз. Мысалы: read(x); - клавиатурадан енгізілген мәнді х айнымалысына меншіктеу әрекетін іске асыратын Паскальдың стандартты процедурасы.

2. Функциялар – деп жұмысының нәтижесібір ғана мән болатын процедураны айтады. Мыс: sin(x); бір есепті /синусты/ ғана шығаратын шағын программа стандартты функция/.

Процедура мен функцияны программашының өзі де жаза алады.



Еске сақтау: Процедурадағы кірістік айнамылға (мәндік параметр) мән, негізгі программада шақыру командасынан бұрын меншіктеледі.

3. Паскальдың кітапханалық модульдері – деп типтеріне қарай топтастырылған стандартты процедуралар мен функциялардың жиынтығын айтады. Паскаль 6.0-ден бастап кітапханасында 9 модуль бар. Әр модульді қажеті болса USES түйінді сөзі арқылы қосуға болады. Мыс: uses crt; боялған мәтін шығаруға мүмкіндік береді. uses graph; экранға сурет салуға мүмкіндік береді.

Есеп (Методикалық жетекші 89бет): Әрқайсысының координатасы х, у, массасы m болатын 10 нүкте берілген. Жүйенің ауырлық центрін және әр нүктенің осы центрден қашықтығын табатын программа жазыңыз.

Есептеу алгоритмі: 10 нүктенің координаталарын және массаларын (хx,уy,m бүтін болсын) сақтайтын массив ашамыз. Координата мен массалар мәндерін әр жолы үш саннан осы массивке енгіземіз. Массалар центрінен нүктеге дейінгі қашықтықты табатын формуланы процедураға жазамыз. Поцедураны шақырып нәтиже алған соң i-шы нүктенің массалар центірінен қашықтығы экранға басып шығарамыз.

Сонда программа мынандай болады:

program nykteler_metod_89bet;

uses crt;

var xx,yy,m:array[1..10] of integer;

x,y,i:integer;

l,xm,ym,sx,sy,sm:real;



procedure syzyk;

begin

l:=sqrt(sqr(x-xm)+sqr(y-ym));

writeln(i,'-шы нуктенiн кашыктыгы -',l:3:2);

end;

begin


write('vvedite koord. x,y i massa 10 tochek ');

for i:=1 to 10 do

read(xx[i],yy[i],m[i]);

sx:=0; sy:=0;

for i:=1 to 10 do

begin


sx:=sx+xx[i]*m[i];

sy:=sy+yy[i]*m[i];

sm:=sm+m[i];

end;


xm:=sx/sm; ym:=sy/sm;

writeln('массалар центрі ',xm:3:2,', ',ym:3:2);



for i:=1 to 10 do

begin

x:=xx[i]; y:=yy[i];

syzyk;

end;

end.


Үйге тапсырма:
Берілген кез келген үш санның үлкенін және кішісін анықтайтын процедура жаса.

Шешуі:


program procl;

label k;


var x1, x2, x3, m1, m2:real ;

function max (a,b: real):real;

begin

if a>b then max:= a else max:=b



end;

function min (a,b: real):real;

begin

if a>b then min:= a else min:=b



end;

procedure xxx(a,b,c: real; var mx, mn:real);

begin

mx:=max(max(a,b),c);



mn:=min(a,b),c);

end;


begin

k:write(`3san engiz:`); readln(x1,x2,x3);

xxx(x1,x2,x3,m1,m2);

writeln(`3sannin ylkeni=`,m1:5:2);

writeln(`3sannin kishisi=`,m1:5:2);

end.


26 сабақ

Сыныбы: Күні:

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін бағалау.

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексеру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың тұрі: Сынақ сабақ.
Сабақтың өту барысы:

Оқушыларды ұйымдастыру .

Үйге берілген тапсырманы тексеру .

Бақылау сұрақтарына жауап беру

Бақылау сұрақтарын талдау

Үйге тапсырма беру.


1.Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесі.

Жалпы қауіпсіздік талаптары:



  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
    розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  2. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  1. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  2. Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
    Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  1. Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.

  2. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

2. Алгоритм дегеніміз не және оларды жазудың түрлі тәсілдері.

Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.

Мысалдар келтіру...



Алгоритм қасиеттері

  1. айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);

  2. үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)

  3. нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)

  4. жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.

  5. формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек



3. Өрнектерді Паскаль тілінде жазыңыз: х2-4ac; a+b/(84+45)*b;

32 div 4=?; 46 mod 9=?;
4. Паскаль программалау тілінде алгоритмді жазу ережелері.
Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:

Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)


Мыс: program, var, begin, while…

Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).


Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’

мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.

Үйге тапсырма беру: Өтілген тақырыптарды қайталау.

27 сабақ



Сыныбы: Күні:

Сабақтың тақырыбы: Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты: 1. Экранның нүктелік, пикселдік өлшемдері, растрлық, векторлық,

фракталдық графика туралы түсініктер енгізу.

2. Графикалық ақпараттармен орындалатын амалдар арқылы

графикалық ақпаратты өңдеудің бір түрімен таныстыру.

3. Эстетикалық тұрғыдан көркем өңдеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Теориялық-практикалық сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.


  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

  2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қысқаша сұрақ-жауап.



  • Ақпарат түрлері?

  • Мәтіндік ақпаратқа мысалдар келтіру,

  • Дыбыстық апқпаратқа мысалдар келтіру?

  • Кез-келген таңба компьютерде қалай кодталады?

  • Суреттер таңбаға жатпайды, олай болса оны қалай кодтайды?


Жаңа сабақ

Компьютерлік графика түрлері.

Растрлық графика деп суреттердің нүктелер н/е пиксельдер түрінде берілуін айтады. Базалық элементі нүкте.

Векторлық графика деп сызық, доға, шеңбер, тікбұрыштар түріндегі геометриялық объектілер жинағынан тұратын суреттерді айтады. Базалық элементі сызық.

Фракталдық графика деп математикалық формулалардың графиктері түрінде берілетін суреттерді айтады. Базалық элементі математикалық формула. Мысалы y=ax2+bx+c формуласы параболаның суретін береді.

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлінген,олардын саны монитордын мүмкіндігімен айқындалады да,онын типі мен режіміне тәуелді (мысалды,VGA типті экран үшін 16 түсті болғанда, көлденеңінен-640; тігінен-480 нүкте,ал 256 түсті болғанда, көлденеңінен -320;тігінен-200 нүкте) болады.


Бірқатар мониторлардың базалық түсінің түрлері 16 стан-дартты түсті болады және ол келесідей 4 элеметпен: түстің үш құраушысы: қызыл,жасыл,көк,жарықтанудың мүмкін екі денгейінін бірімен анықталады. Төрт құраушысынын әрқайсысынын бар болуы 0 немесе 1 цифрлары ақпараты-мен көрсетіледі. Мысалы,егер компьютрлерінде ЕGA мониторы болса, онда экрандағы кескін жадтын 110Кбай-тын алады,мұны былай есептеуге болады:640 пен 350-ды экран мүмкіндігін айқындайтын әрбір нүктенін түсін сипаттайтын 4 битке көбейту керек: 640•350•4 = 112000 (байт)≈ 110(Кбайт).
Компьютер графикалық ақпаратпен,мысалы, суретпен жұмыс істегенде,сандар жиыны мен жұмыс істеген сияқты болады, мұнда әрбір сан немесе сандар тобы кескін элементін сипаттайды.Бұл былай түсіндіріледі:сендерде ақ-қара фотосурет болсын.Оны сандар жиыны түрінде ұсыну ("цифрландыру")үшін оған тікбұрышты тор салынуы керек.
Тор түйіндерінің қарайған жерлерне түскен түйіндерін 0-мен белгілейміз.Сонда сендер нөлдер мен бірліктерден құралған тікбұрышты кесте аласындар.Енді осы кестені компьютерге енгізсек,компьютер 1-дің орнына қара нүкте қойып,оны экранға шығарса онда біз экраннан ізделініп отырған кескінді көреміз.Әрине,жақындатылған түрде.Тор қаншалықты жие болса,кескің де соншалықты нақты болып шығады.Осылай ұсынылған фотосуреттін ақпараттық көлемінің қандай екекенің есептеуге де болады. Мысалы, егер сендерде 480 х 640 тор болса,онда сендер 307200 нөл-дер мен бірліктерден,яғни екілік белгілерден тұратын кесте аласындар немесе,басқаша айтқанда онын ақпараттық көлемі 307200 бит = 38400 байт ≈ 37,5Кбайтқа тең болады.
Графикалық кескінді сақтаған жағдайда жадқа еңгізілетін элементтер саны экраннын графикалық кескін алып тұрған нүктелерінің санына сәйкес болады.

Атауы

Мысал

Артықшылығы

Кемщілігі

Растрлық графика



Түзетуге, әдімелеуге, нүктелерді алып тастауға н/е қоюлатуға, әр нүкте түсін өзгертуге болады.

Суретті созғанда (сыққанда) сапасы азайады

Векторлық графика



өзгерткенде сапасы жоғалмайды, көлемі растрлықтан мыңдаған есе кіші болады

Суретті нүктелермен кескіндегендей (фотосуреттей) дәл бере алмайды.

Фракталдық графика



Компьютер жадында сурет емес, оның формуласы сақтаталытын-дықтан өте аз орын алады, жылдам атқарылады,

Фотосуреттер мен көркем суреттерді айқын көрсете алмайды.


Каталог: uploads -> doc -> 02dd
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02dd -> Тұлғаның құзыреттілігін қалыптастырудағы өзіндік жұмыстардың
02dd -> Сабақ: Адамдардың өзара қатынас әлемі. Пәні: Адам.Қоғам. Құқық Мектеп: С. Ерубаев
02dd -> Сабаққа енушінің аты-жөні Мерзімі Сабаққа ену мақсаттары Растайтын қолы
02dd -> Бекітемін: Мектеп директоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет