Үйге тапсырма Оқулықтан 7.2 (101-108 бет)
№ 28-29 сабақ
Сыныбы: Күні:
Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары
Сабақтың мақсаты: 1. Модуль, процедура мен функция ұғымдарын Паскалдың графикалық мүмкіндіктері негізінде қалыптастыру,.
2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын дамыту. Оқушылардың математикалық моделдер туралы түсініктерін тереңдеу.
3. Программа бойынша графикалық нәтижелерді экранға шығарудың эстетикасын сақтау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
Тапсырмаларды орындау (15-минут)
Сабақты бекіту (6-минут)
Оқушыларды бағалау (2-минут)
Үйге тапсырма беру (1-минут)
1. Графикалық режим адаптерлері.
Экранға ақпарат шығару үшін бейнеадаптер және бейнемонитор деген екі модуль қолданылады.
1-модуль . Бейнемонитор н/е дисплей электрон-сәулелік түткішеден немесе сұйық кристаль тақтадан тұрады және оған мәтін мен графикалық бейнелер шығарылады. Дисплей теледидар сияқты экрандағы бейнені сеундына 25 рет өзгертіп тұрады. Бұл жылдамдықты адам көзі сезбейді де экраннан табиғи қозғалыстарды көреміз. Бейне экранда кішкене нүктелер (пиксель) жиынтығынан тұрады.
Экрандағы нүктелердің қатар және биіктік бойынша нүктелер саны бейнеадаптердің жұмыс режіміне байланысты болады.
2-модуль. Бейнеадаптер – экранды басқаратын микросхемалық болок. Екі бөліктен: электрон-сәулеліәк түтікше (CRT контроллер) және бейнебуферден (видеопамять) тұрады. Қазіргі адаптерлерде бұған қоса графикалық контроллер бар.
Поцедура – негізгі программада жиі қайталанатын шағын программа (ішкі программа-көмекші алгоритм –подпрограмма)
Функция – белгілі бір әрекетті ғана орындайтын Паскалдағы дайын, бірмақсатты шағын программа. Мысалы: Sin(x) х –санынынң синусын шығаратын программа.
3. Экран өлшемдері.
2. Графикалық процедуралар мен функциялар.
1) Ақапаратты жаңа терезде шығару үшін CRT модулы қолданылады. (CRT - Cathode Ray Tube Display – Электрон-сәулелік түтікше) Жазылуы USES CRT; мысалы:
program mmm;
uses crt;
begin
write('Акпарат жана терезеге шыкты ');
end.
Мұндағы USES- программада CRT кітапханасынан процедура шақырылатынын білдіреді.
2) Графикалық GRAPH кітапханасынан процедура шақыру үшін сипаттау бөліміне (VAR-дың алдында) USES GRAPH; деп көрсету керек. График сызуда CRT кітапханасынан да процедура пайдаланатын болсақ
USES GRAPH, CRT; деп жазу керек.
3) Геометриялық объектілер салу процедуралары
Нүкте салу – PutPixel(x,y:integer; color: word)
Мұндағы: x,y – нүкте координаттары, color –бояуы, word –типі.
Мысалы:
program risunok;
Uses Crt, Graph;
Var Dv, Mv, i : Integer;
Begin
Dv:=Detect;
InitGraph(Dv, Mv, '');
for i:=1 to 200 do
PutPixel(i,200,Red);
CloseGraph;
ReadLn;
End.
|
Прог.аты;
Проц.шақыратын кітапхана ашу;
Берілгендер типін анықтау;
Басы
Граф.режімді алғаш көрсету
(инициализация.);
1-ден 200-ге дейін қайталау;
і,200 коорд.б/ша нүкте салу.бояуы қызыл;
Граф.режімді жабу;
-ді басқанша прог.тоқтап тұрады;
Соңы.
|
Түзу сызық салу: line(x1,y2,x2,y2:integer);
Берліген (х,у) нұктеге дейін сызу: lineto(x,y:integer);
Ағымдағы нүктеден бастап dx,dy өсімшемен сызу: LineRel(dx,dy: integer);
Сызық қалыңдығын ескеріп үлгі бойынша сызу: SetLineStyle(t,p,th: word);
Мұндағы: t –сызық түрі, p –сызық үлгісі, th –сызық қалыңдығы. (оқулық 177 бет).
Тік төрт бұрыш салу:
Мысал: Алдынғы программаға 4-бұрыш қосып толықтырайық
program risunok;
Uses Crt, Graph;
Var Gd,Gm: Integer;
Begin
Gd:=Detect;
InitGraph(Gd, Gm, '');
Rectangle(250,150,350,450);
CloseGraph;
ReadLn;
End.
|
Прог.аты;
Проц.шақыратын кітапхана ашу;
Берілгендер типін анықтау;
Басы
Граф.режімді алғаш көрсету
(инициализация.);
Көрсетілген коорд.б/ша 4-бұрыш салу;
Граф.режімді жабу;
-ді басқанша прог.тоқтап тұрады;
Соңы.
|
Үйге тапсырма .
1 Экран бетіне желкенді кеме салатын программа жазыңдар.
2 Экран бетіне үй салатын программа жазыңдар,
№ 30 сабақ
Сыныбы: Күні:
Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «жалпы желі» ұғымымен таныстыру және олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Іпіегпеі Маіі бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
Жаңа тақырыпы түсіндіру(15-минут)
Тапсырмаларды орындау (10-минут)
Сабақты бекіту (6-минут)
Оқушыларды бағалау (2-минут)
Үйге тапсырма беру (1-минут)
Проблеманы айқындау кезеңі:
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Желінің қандай түрлері бар?
Мультимедия дегеніміз не?
Проблеманың шешімін қолдану:
Интернет туралы ұғым.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
Жалпы желі - бүкіл әлемдегі компьютерлерді байланыстырады және ол Интернет деп аталады.Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама ақпараттар сақталған десеңізші? Интернеттен әлемнің барлық тілінде жазылған кез-келген акпаратты табуға болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға, қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға, виртуальды турларға қатысуға болады және т.б.
Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме (гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет, фотосуреттер сілтеме (гиперссылка) бола алады.
Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.
.
Проблеманың шешімін қолдану:
Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы
айтыңыз.
Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады?
Сілтеме (гиперссылка) дегеніміз не? Бір беттен баска бетке қалай ауысамыз?
Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?
Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады? Қандай бағдарламалар
көмегімен?
Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
Үйге тапсырма: оқулықтағы 8.2. тақырыпты оқу
№ 31 сабақ
Сыныбы: Күні:
Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды электронды поята ұғымымен таныстыру және олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Маіl бағдарламасымен қалай жылдам жұмыс істеуді мүмкіндіктерін үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интернет желісіне қосылған компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Проблеманы айқындау кезеңі:
Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы
айтыңыз.
Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады?
Сілтеме (гиперссылка) дегеніміз не? Бір беттен баска бетке қалай ауысамыз?
Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?
Проблеманың шешімін табу:
Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпараттарды жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электрондық поштадағы хаттарды компьютерді іске қосып, пошталық серверге қосылу арқылы оқи аламыз.
Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық қабылданған хабарлар орналасады.Шығатындар (Исходящие). Жазылған және жіберілген хаттар осы бумада орналасады.Өшірілгендер (Удаленные). Кез-келген бумадан өшірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар бумасынан жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады.Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики) бумасында сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кейін әргүрлі әрекеттерді орындауға болады.Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл - Печатъ - ОК командасын орындау арқылы.Жауап беру. Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады.Сақтау (Сохранить как). Таңдалған хабарды сақтауға болады, ол үшін Файл -Сохранитъ как командасын орындаймыз.
Кейде поштаға хаттар ішіне салынған файлдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файлдар, графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар болуы мұмкін. Егер кабылданған хатта ішіне салынған файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай түйреуіштің суреті керсетіледі.
Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл - Сохранитъ вложения немесе Файл -Сохранитъ вложения - Все командаларын орындаймыз сол кезде бекітілген файлды сақтайтын буманы таңдау терезесі пайда болады.
Хатты жіберу үшін құралдар тақтасындағы Отправитъ сообщение батырмасына басамыз немесе Файл - Отправитъ командасын орындаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |