Тақырыптық-күнтізбелік жоспар


Тақырыптық-күнтізбелік жоспар



бет3/8
Дата07.11.2016
өлшемі1,71 Mb.
#1210
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»

мектеп директоры директордың оқу бірлестік отырысында

_____ ________________ ісі жөніндегі орынбасары ______ _____________ ____________ 2012ж ______ ______________ Хаттама № ___ « »_____2012ж





  • Пән мұғалімі:

  • Пән: Физика

  • Сынып: 9

  • Сағат саны: 68, аптасына 2 сағат

  • Жоспар бойынша зертханалық жұмыстары: 3



Түсінік хат

Бұл күнтізбе жоспары жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған. Тақырыптық күнтізбе жоспары Физика және астрономия 9 класс Алматы. «Мектеп» 2009 жыл. Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар оқулығымен жасалған . Әрбір тарауға жаттығулар мен есептер шығаруға сағаттар берілген. Бұл есептер мен жаттығулар оқушылардың қабілетін дамытуға арналған. Әрбір тақырыпты өткізу соңынан қайталау сабақтары, бақылау жұмыстары берілген. Жоспардың көрнекілік бөлімінде көрсетілім, электрондық оқулық, слайд, кесте т.б. көрсетілген. Жоспардың ескерту бөлімінде мұғалім кейбір кемшіліктерді, қателерді, тақырыпқа байланысты ескертпелерді жазуына болады. Оқу жоспары жалпы білім беретін мектептер үшін бекітілген міндеттті деңгейден төмен болмайтындай оқыту деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.Физика мұғалімдері мынадай негізгі мәселелерді бір-екі нақты мысалдармен түсіндіре білуі керек.



1.Физиканың білімдік маңызы:

а) физикалық құбылыстар мен заңдар;

ә) негізгі физикалық теориялар;

б) физикалық құбылыстарды зерттеу әдістері;

в) физика – техниканың теориялық ірге тасы;

г) физикалық заңдылықтардың практикада қолданылуы.



2. Физиканың тәрбиелік маңызы;

А) материя, оның таусылмайтындығы, оның материалдылығы;

ә) физикалық құбылыстардың өзара байланыстылығы, себептері, салдары;

б) физикалық сандық өзгерістердің сапаға көшу заңдары;

в) диалектикалық-материалистік көзқарас, патриотизм, интернационализм.

3. Физиканың кәсібибағдарлық ролі.

А) политехникалық білімдердің негізі;

ә) физиканы оқытудағы еңбек тәрбиесі;

б) физика – техникалық кәсібибағдар.



Қазіргі заманғы ғылыми дүниетаным тұрғысынан бағдарлама физикалық теориялардың негізін – Ньютон механикасы мен релятивтік механиканы, молекулалық – кинетикалық теория мен термодинамиканы, электродинамика мен электрондық теорияны, толқындық, геометриялық және кванттық оптиканы, кванттық механиканы, атом, атом ядросы, элементар бөлшектер физикасын зерделеуді ескереді.

9 сыныптағы тараулар бойынша бөлінген сағат саны.

Кинемамтика негіздері (9сағат).Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері. Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса. Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалылық принципі . Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Дененің ауырлық күшіінің әрекетінен қозғалуы. Жасанды серіктердің қозғалысы. Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Сақталу заңдары (4 сағат). Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс. Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Тербелістер (5 сағат). Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі. Еркін және еріксіз тербелістер.

Толқындар (6 сағат ). Толқындық қозғалыс. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Жаңғырық. Ультрадыбыс. Электромагниттік тербелістер. Электромагниттік өріс туралы түсінік. Электромагниттік толқындар. (Электр-магнитттік толқындардың дифракциясы, интерференциясы және поляризациясы). Радиобайланыс.

Астрономия негіздері (5 сағат). Жұлдызды аспан. Аспан сферасы. Аспан координаталарының жүйесі. Жұлдызды аспанның жылжымалы карт асы. Аспан сферасының әртүрлі географиялық ендіктердегі қозғалысы. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күнтізбе. Кеплер заңдары. Күн жүйесінің денелеріне дейінгі қашықтық.

Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар. (5 сағат). Жылулық сәулелену. (Абсолют қара дене. Стефан-Больцман заңы). Денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудегі құбылыстар. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы. Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы. Фотоэффектіні техникада пайдалану. Рентген сәулелері . Радиактивтілік.

Атом ядросы. Ядролық энергетика. Элементар бөлшектер және Ғалам дамуы туралы мәліметтер. (6 сағат). Резерфорд тәжірибесі. Атом және оның ядросының құрамы. Атом шығару және жұту спектрлерлері. Бор постулаттары. Массалар ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. (Радиактивті сәулеленудің табиғаты. Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуі.) Тізбекті реакция. Кризистік масса. Ядролық реактордың жұмыс принципі. Атом электр станциялары. Термоядролық реакциялар. Күн мен жұлдыздардың энергиясы. Радиактивті изотоптар және оларды қолдану. Радиактивті сәулеленуден қорғану.

Жалпылау сабақтары (2 сағат). Физиканың дүниетанымдық маңызы. Ғаламның дамуы туралы мағлұматтар. Ғылыми-техникалық оркениет және ионосфера. Экологиялық мәдениет.

Зертханалық практикум. (8сағат ). 1. Дененің еркін түсу үдеуін өлшеу. 2. Серпімді деформацичны зерделеу. 3. Ньютонның екінші заңын зерделеу. 4. Механикалық энергияның сақталу заңын зерделеу. 5. Денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерделеу. 6.Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін өлшеу. 7. Еркін және еріксіз тербелістерді зерделеу. 8. Күзгі, қысқы, және көктемгі аспандағы жарық жұлдыздар мен негізгі шоқжұлдыздарды табу.

.

Тақырыптық күнтізбе жоспары



Физика және астрономия 9 класс.

(барлығы 68 сағат. Аптасына 2 сағат)

Р/с

Өтілетін сабақ мазмұны

Сағат саны

Күні

Үйге тапсырма

Көрнекіліктер,

құралдар

Қосымша әдебиеттер




Кинематика негіздері (9+1сағ)













1.

Қозғалыс – материяның ажырамас бөлігі

1







Эл. оқулық

9класс


Анарбаева А.Т. Физика есептерін шығару тәсілдері. Механика.

2.

Векторлар және оларға амалдар қолдану

1










Елшибекова М.Қ.. Кинематика есеп шығару үлгілері, физика журналдары,Елшібекова М.К. есеп шығару үлгілірі

3.

Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс

1













4.

Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру

1







Эл. оқулық

9класс


Симакин. Методика решения задач, Кронгарт тестік тапсырмалар

5.

Есептер шығару

1










Рымкевич, Демкович есептер жинағы,

6.

Дененің еркін түсу үдеуі

1










№3-4жатт.

7.

№1 зертханалық жұмыс «Үдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау»

1







Зертханалық приборлар

Шабунин С.А. Подготовка к лабораторным работам

8.

Қисық сызықты қозғалыс.

Бұрыштық, сызықты жылдамдық.



1







Эл. оқулық

9класс


Симакин. Методика решения задач

9.

Центрге тартқыш үдеу.

Есептер шығару



1







Эл. оқулық

9класс


Симакин. Методика решения задач

Динамика негіздері (9+1 сағат)

10.

Ньютон I-ші заңы

1







Демоснтрация-қ тәжірибе




11.

Күш. Ньютон II-ші заңы

1













12.

Ньютон III-ші заңы

1













13.

Есептер шығару

1







№ 9-11жатт.

Рымкевич. Решебник.

Тестік оқулықтар,

Анарбаева есеп шығару тәсілдері


14.

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

1







Эл. оқулық

9класс





15.

Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы

1







Интеракт. слайд




16.

Жасанды серіктер қозғалысы

1







Электрондық оқулық




17.

№2 Зертханалық жұмыс «Горизонталь лақтырылған дене қозғалысын зерттеу»

1







Зертханалық приборлар

Фронтальные лабораторные занятия по физике под. ред. Покровского.

18.

Дененің салмағы. Салмақсыздық

1













19.

№1 Бақылау жұмысы

1













Сақталу заңдары (4 сағат)

20.

Дене импульсі

1







Демоснтрация-қ тәжірибе

Рымкевич. Решебник.

Тестік оқулықтар,



Анарбаева есеп шығару тәсілдері

21.

Импульстің сақталу заңы

1







Демоснтрация-қ тәжірибе




22.

Реактивті қозғалыс

1







Демоснтрация-қ тәжірибе




23.

Энергия. Энергияның сақталу заңы

1













24

Есеп шығару

1













Тербелістер (5 сағат)

25.

Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар

1







Эл. оқулық. 9




26.

Математикалық, серіппелі маятник

1







Эл. Оқулық 9 класс




27.

Резонанс.

1







№21-22 жатт.




28.

№3 зертханалық жұмыс. «Маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау»

1







Зертханалық приборлар

Фронтальные лабораторные занятия по физике под. ред. Покровского.

29.

Электромагниттік тербелістер

1







Эл. оқулық. 9




Толқындар(6+1 сағат)

30.

Толқындық қозғалыс

1







Эл. оқулық. 9




31.

Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары.

1







Демоснтрация-қ тәжірибе




32.

Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы

1







Эл. Оқулық 9 класс




33.

Ультра дыбыс

1







Эл. оқулық. 9




34.

Электромагниттік толқындар

1







Эл. оқулық. 9




35.

Радио байланыс

1







Эл. оқулық 9




36.

№ 2 Бақылау жұмысы

1













Астрономия негіздері (5+1)

37.

Жұлдызды аспан. Аспан сферасы

1







Модель

Малахова Г.И. Астрономияға арналған дидактикалық материал

38.

Аспан координаталарының жүйелері. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы

1







Жұлдызды

карта





39.

Әртүрлі географиялық ендіктегі аспан сферасы қозғалысы

1







Кесте

Малахова Г.И. Астрономияға арналған дидактикалық материал

40.

Жергілікті. Белдеулік уақыт. Күнтізбе

1







Эл. оқулық





41.

Күн жүйесі планеталарының қозғалысы

1







Астрономия




42.

Астрономиялық қашықтықты анықтау әдістері

1










Малахова Г.И. Астрономияға арналған дидактикалық материал

Атом құрылысы (6+3сағ)

43.

Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. Стефан-Больцман заңы.

1







Эл. Оқулық 9класс




44.

Жарық кванттары. Планк гипотезасы

1







-//-//-//-//-//-




45.

Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы

1







Эл. Оқулық 9класс

Аққошқарова. Есептер, тест сұрақтары, физика журналдары

46.

Есептер шығару

1







№38-39 жатт.

Қойшыбаев есептер мен тест сұрақтары

47.

Рентген сәулелері

1







Интеракт. слайд




48.

Атомның күрделі құрылысын айғақтайтын тәжірибелер. Радиоактивт.

1







Эл. Оқулық 9класс




49.

Атомның планеталық моделі

1













50.

Бор постулаттары

1













51.

Тест тапсырмаларымен жұмыс

1










Аққошқарова. Есептер, тест сұрақтары, физика журналдары

Атом ядросы (9+2 сағат)

52.

Ядролық әрекеттесу. Ядролық күш

1













53.

Физикалық шамалардың ядролық физикадағы өлшем бірліктері. Масса ақауы

1







Эл. оқулық

9 класс





54.

Ядроның байланыс реакциясы

1













55.

Радиоактивтілік.

Радиоактивті ыдырау заңы



1







Эл. оқулық

9 класс





56.

Атом ядросының физикалық негіздері

Кризистік масса. Ядролық күштер



1







Эл. оқулық

9 класс





57.

Термоядролық реакция

1













58.

Есеп шығару

1










Қойшыбаев есептер мен тест сұрақтары

59.

Радиоативті изотоптар және оларды қолдану

1







Эл. оқулық

9 класс





60.

Радиоактивті сәулелерден қорғану

1







Слайд




61.

Элементар бөлшектер. Әлем дамуы

1













62.

№3 Бақылау жұмысы

1
















Практикалық сабақтар
















63

Дененің еркін түсу үдеуін анықтау

1







Зертханалық приборлар




64.

Серпімді деформацияны зерделеу

1













65.

Денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерделеу

1







-//-//-//-//-//-




66

Электр қоздырғышы бар қондырғының ПӘК-ін өлшеу.

1













67

Жылжымалы жұлдыздық картаны пайдалану

1







Жұлдыздық карта




68.

Еркін және еріксіз тербелістер

1













Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»

мектеп директоры директордың оқу бірлестік отырысында

_____ ________________ ісі жөніндегі орынбасары ______ _____________ ____________ 2012ж ______ ______________ Хаттама № ___ « »_____2012ж





  • Пән мұғалімі:

  • Пәні: Физика (жаратылыстану-математикалық бағыт)

  • Сынып: 10

  • Сағат саны: 68, аптасына 2 сағат

  • Жоспар бойынша зертханалық жұмыстары: 11

  • Жоспар бойынша бақылау жұмыстары:8


Жаратылыстану-математикалық бағыт

Түсінік хат

Физика салыстырмалы түрде материяның неғұрлым қарапайым және сонымен қатар неғұрлым жалпылама түрлерін (зат, өріс) және материя қозғалысының неғұрлым күрделірек түрлерінің құрамына кіретін физикалық түрін зерттейді. Материяның жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары сатысына жетті және оның дамыған математикалық және эксперименттік зерттеу құралдары бар. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі бүкіл жаратылыстанымдық ойлау стиліне елеулі ықпалын тигізеді. Іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі ретінде ұсынылған әлемнің физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын және біртұтас ғылыми-жаратылыстану бейнесі туралы көзқарасын қалыптастырудағы басым модель болып табалады.



Физика оқу пәні ретінді қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын тебетін табиғаттың жалпы заңдылықтырын қарастырады, оның ғылыми, техникалқ және гуманитарлық әлеуеті бар, ол адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы блып табылады. «Физика» оқу пәнінің бағдарлы деңгейі- белгілі бір бағыт пен оқу бағдарын таңдап алған оқушылардың игеруі міндетті болып табылатын деңгей. Мазмұнның бағдарлы деңгейі жаратылыстану-математикалық және технологиялық бағыттардың қайсыбір бағдарлы аясындағы оқушылардың физикадан жалпы білімдік дайындығын кеңейтуді және тереңдетуді қамтамасыз етеді.

«Физика» оқу пәнін жаратылыстану- математикалық бағытта оқытудың мақсаты ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, мектеп оқушыларының зияттылық қабілеттері мен танымдық қызығушылығын дамыту болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдар мен принциптер туралы; табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімді игерту;

бақылаулар жүргізе алу, экспериментті жоспарлап, оны жүзеге асыра білу, физикадан игерген білімдерін әр түрлі табиғат құбылыстары мен процестерді түсіндіру үшін пайдалана білу, физикадан игерген білімдерін күнделікті өмірдегі және зертханалық мәселелерді шешу, жобаларды орындау, әр түрлі іс-әрекет түрлерінде жаңа міндеттерді қоя алу үшін қолдана алу; ғылыми-жаратылыстану ақпаратының сенімділігін бағалай алу; игерген физикалық білімдерімен жұмыс істей алу үшін әр түрлі ақпарат көздерін және жаңа ақпараттық тахнологияларды пайдалана алу.

Оқу пәнінің мазмұнын таңдап алудың дидактикалық негіздері

Мектептің жоғарғы сыныптарындағы «Физика» курсының мазмұны іргелі физикалық теориялардың динамикалық түрде дамитын жүйесі ретіндегі дүниенің ғылыми-физикалық бейнесі туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға бағытталған тұжырымдық идеяға сәйкес анықталады. Физиканың мазмұны осы іргелі теориялар төңірегінде топтастырылады.

«Физика» пәні бойынша білім беру мазмұны ғылымилық, жүйелілік, түсініктілік, біртұтастық, сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып алынған. 10-11 сыныптарға арналған «Физика» оқу пәні мазмұнының ұсынылып отырған көлемін меңгеру республикадағы физикалық білімнің халықаралық тәжірибеде қабылданғандеңгейге пара-пар болуын қамтамасыз етеді.

Физика курсының мазмұнына қазіргі заманғы адамның жалпы мәдениетін қалыптастыру үшін неғұрлым маңызды білімдер мен біліктіліктер енгізілген. Бағдарлы деңгейде жалпы мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды білім, біліктіліктермен қатар, білімді жалғастыруға және кәсіпті игеруге дайындалуға қажетті, жақсы физика-математикалық дайындықты талап ететін білімдер мен біліктіліктерге үлкен көңіл бөлінеді.



Оқу жүктемесі

ҚР ОЖБ МБС базистік оқу жоспарына сәйкес физиканы бағдарлы деңгейде оқытуға бөлінетін апталық сағат саны:

10-11 сыныптарда аптасына 6 сағатты, оқу жылында 204 сағатты, оның ішінде: 10 сынпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі қлданбалы курстар мен таңдау курстары бойынша оқу бағдарламаларын жасауға және жүзеге асыруға бағытталған. Оқыту бағдарына тәуелсіз, физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген оқушыларға мектеп физикадан қолданбалы курстарды таңдауға мүмкіндік беру арқылы пәнді зерделеуге бөлінетін сағат сандарын ұлғайта алады.



Тақырыптық жоспар



Тарау тақырыбы

Сағат саны

Мемлекеттік стандарт

1.


Механика

Кинематика

Динамика


22

10

11



Механикалық қозғалстың салыстырмалылығы,

жылдамдық, үдеу, импульс сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсінуі.Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі кинематикалық шамалардың уақытқа тәуелділік графигін салу, оқи білу.

Бүкіләлемдік тартылыс заңын ауырлық күшінің планетадан алыстау қашықтығына байланыстылығын түсіндіруге пайдалана білуі. Ньютон механикасының қолданылу аясы мен саласын білуі тиіс.


2.

Сұйықтар мен газдардың қозғалысы

3

Бернулли теңдеуі, тұтқыр сұйық, сұйықтың капталдай ағуы, қанаттың көтеруші күші.

3.

Молдекулалық физика және термодинамика

МКТ негіздері

Термодинамика негіздері

Сұйық және қатты денелер




30

13

11



6


Зат мөлшері, заттың молярлық массасы, идеал газ, қаныққан және қанықпаған буларсияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсіну.

Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін, Менделеев-Клайперон теңдеуін немесе зат бөлшектерінің ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы мен температураның байланысы формуласын газ параметірлерінің біреуін есептеуге, басқа параметірлері белгілі болған жағдай үшін қолдана алуы;

Температураның мәнін Цельсий шкаласынан Кельвин шкаласына және керісінше түрлендіре алуы;

P,V;P,T;V,T координаталарындағы графиктер бойынша изопроцестің сипатын анықтай алуы;

Жылу берілу және жұмыс істеу кезінде заттың ішкі энергиясының өзгеруін есептей білуі;

Заттың меншікті жылу сиымдылығын өлшей алуы;



4.

Электродинамика 42+6

Электростатика

Тұрақты электр тогы

Магнит өрісі

Электромагниттік индукция

Әртүрлі ортадағы электр тогы




10+2

10+1


6+1

6+2


10

Электромагниттік өріс, электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы; ЭҚК сияқты ұғымдар мен шамалардың физикалық мағынасын түсіну;

Ток күші, электр кернеуін есептей алу, кедергінің формуласынан оның ұзындығы мен ауданын есептей білу, жылу мөлшері, электр энергиясының құнын есептеуді білу;

Кулон, Джоуль-Ленц, Ом заңдарының тұжырымдамасын түсіну;

Әртүрлі ортадағы электр тогының табиғатын түсіндіре алу;

Қарапайым электр тізбегін жинай білу;

Электромагниттік өріс индукция құбылысын түсіндіру;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет