Жұмысты орындау. 5 г сынаманы стаканға салып, 10 см³ күкірт қышқылын р=1,6-1,65 тығыздығы қосып, су моншасында үздіксіз араластыру нәтижесінде ерітеді, күкіртті қышқылда сынама массасы толық ериді. Құйық көмегімен сұйықтықты таза май өлшегішке (май өлшегіштің мойыншасы құрғақ қалуын қадағалау керек) құяды. Стакан мен құйықты 2-3 рет күкірт қышқылымен, сол май өлшегішке құяды. Содан кейін 1 см³ изоамилді спиртті күкірт қышқылында осындай мөлшерде қосады, май өлшегіштің мойыншасына 1 см дейін жетпеуі тиіс. Фильтр қағазымен май өлшегіш мойыншасын жақсылап сүртіп, сүлгімен орап абайлап шайқайды.
Дайын болған май өлшеуішті (тығыны төмен қарай) 5 минут су моншасында 65 +2°C температурасында ұстайды. Содан соң оны алып, сүлгімен сүртіп центрифуга гильзасына кеңейтілген бөлігін салады. Центрифугада май өлшегіштер саны жұп болуы қажет, оларды бір-біріне қарсы етіп қояды, 5 мин 1000 об/мин жылдамдықпен центрифугада ұстайды.
Осыдан кейін май өлшегішті центрифугадан алып, тығының төмен қаратып су моншасына салып қояды. Су моншасындағы су мөлшері май өлшегіштегі майдың деңгейінен үлкен болуы керек 5 минуттан кейін май өлшегішті алып, май өлшегіштегі сұйықтықты резиналы тығынмен реттейді. Май түтікше шкаласының бағанасында болуы керек, бұдан кейін майды есептейді.
Есептеу барысында, май өлшегішті тігінен, (майдың жоғарғы шекарасы көз деңгейінде болу керек) ұстайды. Пробирканың жоғары төмен қозғалуы жиромердің төменгі шекарасын барлық жиромерде бөлінген бөлгіштен анықтайды. Осы анықталған деңгейден бастап майдың жоғарғы мениска бағанасының төменгі нүктесіне дейін есептейді.
Сүтке арналған май өлшегішті пайдаланғанда майдың массалық үлесін есептеу үшін мына формула:
Х= ( а* 0,01133* 100)/ m,
мұндағы: a- май өлшегіште бөлінген майдың деңгейін
көрсететін майда бөлгіштер саны.
0,01133- майдың массасы, - май өлшегіштің бір бөлігіне
сәйкес.
Май өлшегіштің көрсеткіштеріне сәйкес келмеуі, майдың 0,5%-тен аспауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |