Бірінші тәсіл даяшы қол орамалды сол қол саусақтарына іледі (1- сурет). Содан кейін оң қолмен аспаптармен бірге қолданған ыдысты алып, сол қолына алмастырады, тәрелке түбі алақан қыры мен оңға қарай созылған сұқ саусақта орналасу керек, ал тәрелке шеті бас бармаққа тірелу керек. Бас бармақ оңға қарай тәрелке шетіне тірелгендеғ оның тепе теңдігін қамтамасыз етеді (а). Содан соң даяшы оң қолмен келесі қонақтың аспаптармен бірге тәрелкесін алып, сол қолға бірінші тәрелкеден төмен, алақанмен тіреліп, астыңғы жағынан ортаңғы, аты жоқ саусақ және шынашақпен ұсталатындай алмастырады (б). Тәрелке түбіне тірелетін сұқ саусақтың және бас бармақтың дұрыс орналасуы екі тәрелкені горизонталль күйде тербелтпей ұстауға мүмкіндік береді. Даяшы оң қолмен үстіңгі тәрелкедегі аспаптарды төменгі тәрелкеге ауыстырып қойып, оған
шанышқымен тағам қалдықтарын салады. Пышақтарды бір-біріне параллель орналастырады. Шанышқыларды пышаққа перпендикуляр орналастырады. Келесі қонақтың тәрелкесін бас бармаққа, жоғарғы тәрелкенің қарама қарсы шетіне қояды, пышақ пен шанышқыны жоғарыда айтылғандай төменгі тәрелкеге алмастырады және тағам қалдықтарын ысырады (в).
1-сурет. Қолданған ыдыстарды жинаудың тәсілі
Егер сол қолда екі-үш тәрелке болса, оның қол орамалмен жауып, залдан алып кету керек. Егер көп тәрелкелер жиналатын болса, онда аспаптармен төменгі тәрелкені оң қолмен алып, жиналған тәрелкелер үстіне қойып, қол орамалмен жабады.
Достарыңызбен бөлісу: |