Тамақтандыру



бет47/58
Дата02.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#130523
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
қызмет көрсету Жумабаева

Екінші тәсіл. Ауырлау, соның ішінде дәстүрлі емес пішінді тәрелкелерді (алты қырлы, квадрат және т.б.) келесі тәсілді қолданып жинаған ыңғайлы (2-сурет). Даяшы қол орамалды сол қол саусақтарына іліп, оң қолмен аспаптар салынған қолданған ыдыстарды созылған сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтар тәрелке түбіне тірелетіндей және бас бармақ оның шетін үстіңгі жағынан ұстап тұратындай етіп, алмасытарыды. Қарама-қарсы жағынан тәрелкені шынашақпен және аты жоқ саусақпен тірейді. Келесі аспаптар қойылған тәрелкені бас бармаққа қойып, шынашақ пен аты жоқ саусақпен тірейді (а). Аспаптарды төменгі тәрелкеге алмастырып салады, бұл кезде пышақ сабы алақанға қарай, ал шанышқылар оған перпендикуляр, сабы даяшыға қарай орналасу керек. Үшінші тәрелкені үстіңгісіне қояды (б). Бұл тәсілді әзірлеу тәрелкелерін және табақшалармен сорпа шыны-аяқтарын жинауда да қолдануға болады.

Үшінші тәсіл үш тәрелкені жинауда қолданылады. Алдымен дяшы қол орамалды сол қол саусақтарына орналастырып, аспаптар салынған тәрелкені сол қолына алады, екінші тәрелкені сол қол алақанына орналастырады (3- сурет). Төменгі тәрелкедегі аспаптарды жоғарғы тәрелкеге алмастырады,

пышақ сабы даяшыға қарай, ал шанышқылар тістері даяшыға қарай пышаққа перпендикуляр орналасу керек. Үшінші тәрелкені созылған бас бармаққа қояды, тәрелке шеті қол шынтағына тірелетіндей етіп, қолын бұрады.






3-сурет. Қолданған ыдыстарды жинаудың тәсілі

Қонақтар тобына қызмет көрсету кезінде үстелге таза тәрелкелерді қою бірінші тәсілмен ыдыстарды жинау техникасына ұқсас. Даяшы аспаптарды бірінің үстіне бірі қойылған тәрелкелердің үстіне қойып, содан соң оң қолмен тәрелкені аспаппен бірге қонақ алдына қояды, қонақтың өзі аспаптарды орналастырып алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет