Тамақтандыру



бет45/58
Дата02.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#130523
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
қызмет көрсету Жумабаева

Жұмысты орындау реті:


  1. кезең. Кешкі асқа дастарқан жаю.

  2. кезең. Қызмет көрсету барысында даяшы қолданған ыдыстар мен аспаптарды жинап және таза ыдыстармен алмастырып, үстелді келесі тағамды ұсынуға тез дайындау керек.

Бір қонаққа қызмет көрсету кезінде даяшы қосалқы үстелде немесе сервантта тәрелкені (тісбасарлық немесе кішкентай ас тәрелкесін) дайындайды, оған пышақ пен шанышқыны қояды, бұл кезде пышақ жүзі тәрелкеге қарап оң жағында, ал шанышқы тістері жоғары қарап сол жағында және аспап ұштары қиылысып орналастыру керек. Таза тәрелкені аспаптармен бірге даяшы оң қолына алып, қонақтың сол жағынан келеді де, рұқсат алған соң сол қолмен қолданған ыдыстарды алады да, оң қолмен таза ыдыстарды қояды.

Қонақтар тобына қызмет көрсету кезінде алдымен қолданған ыдыстар мен аспаптарды техникалық тәсілдермен жинап алады да, содан кейін таза ыдыстар мен аспаптарды қояды.

Қолданған ыдыстарды жинаудың бірнеше тәсілі бар. Индивидуалды қызмет көрсету барысында қолданған ыдыстарды сол жағынан жинайды. Қонақтар тобына қызмет көрсету барысында ыдыстарды жинау екі тәсілмен жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет