Майшам - майлықты үшбұрыштап бүктейді, содан кейін үшбұрыш төбесін бүктеу сызығынан төмен түсіріп, бүктелген ұшын жоғары шетін сәл шығып тұратындай жоғары көтереді. Жалын түрін келтіретін қыртыс салады.
Жалыннан төмен жағынан оң жағына солға қарай бүктейді.
Бүктелген жерден бастап, майлықты орап, майшам түріне келтіреді.
Майшам өз пішінін сақтау үшін оны бокалға орнату керек (7).
Обелиск – үшбұрышпен бүктелген майлықта бір бұрышын төмен қарай орайды. Үшбұрыш негізгі бойымен майлықты қарама –қарсы жағынан орап, шағын тұрған ұшын негіз саңылауына кіргізеді. Обелиск биіктәгә майлық өлшемі ұлғаюмен 40- 60 см дейін өседі (8).
Тәж – үтіктелген жағымен төмен қаратып екіге бүктейді. Сол жақ жоғарғы бұрышын ортасына қарай төмен түсіреді, оң жағын қарама – қарсы жағының ортасына жоғары қарай келтіреді. Майлықты теріс қаратып, екі қарама –қарсы сәйкес келетіндей екіге бүктейді. Майлық бұрыштарының ұшын босатып, түзілген манжет артына «құлыпқа» келтіреді де, тәрелкеге қояды (9).
Раушан 3х35 өлшемді жайылған гүлді майлықтың жоғарғы екі ұшын 1/3 еніне төмен түсіреді. Содан кейін майлықтың жоғарғы және төменгі шеттері сәйкес келетіндей төменгі екі ұшын жоғары көтереді, ал жоғары екі ұшын олар бірігу үшін төмен түсіреді. Содан кейін майлықты ұштарынан алып, өзінен қарама – қарсы жаққа айналдырады, бұрыштарын «құлаптар», майлықты тәрелкелерге қояды (10).
Достарыңызбен бөлісу: |