Көгілдір бахтақ – майлықты жоғарыдан төмен қарай диагональ бойынша бүктейді (а). Төменгі бұрышын жоғары бүктейді (б). Шығып тұрған оң және сол жақ бұрыштарын төмен қарай бүктейді (в). Сол және оң жағын фигураның орталық вертикальсызығына дейін бүктейді (г). Фигураны айналдырып, кішігірім ракушкамен безендіреді (д).
Кебіс (башмачок)– ақ майлықты қызыл майлыққа төсеп, оны екі рет екіге бүктейді. Ақ және қызғылт бұрыштарының ұштарын кезектеп жоғары қарай бүктейді, барлық шеттері көрініп тұруы керек. Қызғылт майлықтың соңғы бұрышын бүктеп, фигураны 45°С-де айналдырады да, бүйір шеттерін ішке қарай орайды.