Күзгіжапырақ– үшбұрышты қыртыстармен жинақтайды. Төбесі астында болады да, бүктелген бұрыштары күзгі жапыраққа ұқсас болады (9).
Спаржа– жайылған майлықтың жоғарғы және төменгі шеттерін ортасына қарай орайды. Содан кейін сыртқа қарай барлық төртбұрышын суретте көрсетілгендей сыртқа қарай айналдырады. Содан соң майлықты ортасына қарай бүктейді (10).
Дельтаплан – майлықты екі рет екіге бүктейді де, орталық бұрышымен төмен қаратып жатқызады (а). Сол және оң бұрыштары алға қарай бүктейді (б). Майлықты айналдырады, оң және сол бұрыштарын алға қарай бүктейді (в). Оң және сол жағындағы бұрыштарын сыртқы қарай созады (г). Фигураны айналдырып, трапецияны жоғары қаратып, тарелкеге қояды (д).