Егемен елдің білім жүйесінің заңдық негізін жасалынып, тұжырымдамалық-бағдарламалық тұрғыдан бағыт -бағдары айқындалған. Бұл тұста Ж.Аймауытұлы еңбектеріндегі мектеп ісі, ұстаз бен шәкірт қатынасы арасындағы табиғи қатынастың барын байқар едік. Демек, ұрпақ болашағы, ұлт келешегі - білім-білікке тікелей байланысты. Ал, ақиқатқа тура қарасақ: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», - деген еді ұлы тұлғамыз М.Әуезов [3, 45 б.].
Кітаптың алғашқы бөлімі "Тәрбие негізі" деп аталады. Автор тәрбие ісін, оқу-ағарту, тәжірибе тағлымдары, сондай-ақ білім нәрімен бірлікте қарайды. «Тәрбиеңің де, білім берудің де тірегі - мәдениетті өмір, яғни адам баласыньщ түрлі тараулы толык өмірі - Тәрбие беру мен білімнің берілуі бірімен-бірі айырылатын өзгеше мақсаттары бар», - деп көрсетеді ұлы ұстаз.
Осы тұста атап өтер жайт: автор тәрбие ісі мен оның әуел бастағы мағына-міндеттерін кең көлемде ашады. Ол үшін, әрине тәрбиенің мақсатына, әуедгі негізіне мән береді. Дұрыс тәрбие, оң бағыт, пайдалы ақыл-кеңес кім-кімді де межелі биікке, мұратына жеткізетіні де нақтылы айтылады.
Бұдан кейінгі автордың көңіл бөлген мәселелерінің бірі - тәрбие ісін жеқе, жалаң қарастырмай, керісінше, оқу-ағарту жұмыстарымен, ондағы тәжірибе тағылымдарымен тығыз байланыстырады. Өйткені: Жалғыз ағаш - орман емес". Такырып табиғатына осы тұстан мән берсек, бүгінгі ғылым, білім жүйесі үлттық мектептің түпкі мұраты - оқу тәрбие ісін бірлікте жүргізу, озық тәжірибені ортақ игілікке айналдыру.
Бұл - кеше мен бүгінді байланыстыру, өмір тәжірибесін нақтылы практикада қолдаңып, жүзеге асырудың тиімді тұстарының бірі.
Бұл - ата-бабаларымыздың дәстүр-өнегесінің бүгінмен үндесуі, ұрпақтар сабақтастығы, тарихи тағылымы.
Бұл - кешеден бүгінге жеткен басты байлық, шынайы шындық.
Кітапта «Тәрбие» ғылымының саласына кең мағына, зор маңыз беріледі. Адам баласының өмірге келуі, есеюі, өсу жолдары, осы бағыттағы ақыл, әдемілік, мінез - бәрі-бәрі тәрбие тақырыбымен сабақтастықта өріс алатыны
жеткізіледі.
Осыны айтқан «Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс» . – деді орыс сыншысы В.Г. Белинский аңғарған автор өмір мен оқудағы тәлімдік істерді ортақ, сабақтас деп түсінеді. Соған өмірдің - қоғамдағы орнына ерекше мән, мағына берілед. Автор тәрбие мен оқу ісін өзара байланыста қарайды. Бұл бағыттағы ойын былай білдірген: «Тәрбие жалаң ақылға емес, адамның қайратыңа да, сезіміне де бағытталады, білімдендіру көбінесе ақыл жұмысын күшейтуге арналады». Сонымен бірге, тәрбие тағылымы адамның өмірге келгеннен кейінгі кезеңдерінің бәрінде де игі әсерін, ықпалын тигізеді. Бұл туралы автор: «Тәрбие сәулесі түспейтін адамның ешбір қалтарысы жоқ. Тәрбие берілмеген жерде шын ақылды, мәдениетті адам болмақ емес», - деп түйін жасайды [7, 14 б.].
Расында, отбасынан басталатын тәлім-тәрбие арналары өмірдің сан тараулы «Тар жол, тайғақ кешу» кезеңінің баршасын қамтиды. Өмір - өзенде өз отанының қалтқысыз сүйіп есею - азаматтық борыш. Бұл мақсатқа жетпеу, талап биігінен көрінбеу - ұлттық мүддеге жат нәрсе.
Қітаптың кұндылығы бүгінмен үндестігі - тәрбие табиғаты, оның өзіндік белгі-ерекшеліктеріне кең орын берілгендігі. Бұл тұста автор тәрбие ісін адам өмірімен, еңбегімен байланыстырады. Бұл бағыттағы тәрбиенің орны, әуел бастағы міндет-қызметі, адам әлеміне әсер-ықпалы, нақтылы дерек көздері арқылы беріледі. Тәрбие ісін - жалаң ақыл, салмақсыз үгіт-насихат арқылы жүзеге асыруға бодмайтындығын, керісінше өмір-дүниеге әсерін, адамның өсіп-есеюіне, еңбектегі орын- үлесіне қарай жүйелі жүргізу қажеттілігін нақтылы көрсетеді. Тәрбие мазмұнынан М.Х.Дулатидің: «Басшы болсаң көппен сырлас,көптің мұқтажын өте» деген асыл ойы терең танылады.
Тұлға, қоғамда әртүрлі адамдармен араласады. Өзінің бойындағы ерекшеліктеріне, қабілеттеріне байланысты қызметтер атқарады және ол атқарған істерін өзі өмір сүрген ортадағы адамдарға пайдасын тигізіп, олардың өмірлерін жақсартуға әрекет жасайды. М.Х.Дулати «Тарих и Рашидиде» еңбегіндегі ел билеген басшылар - ақылды, ашуға бой алдырмайтын, зерек,зерделі, әр уақытта халқының жағдайын ойлап отыратын ұлы тұлға. Олар өз бастарынын қамын емес, халқының қамын ойлайтын, болашақты болжай білетін, адамдардың бойындағы іскерлікті, ерік-жігерді танып ажырата алатын, заманның жақсарып халқының әл-ауқатын түзеп, өркениетті ел болу жолында өмірінің барын сарп ететін адамдар болулары тиіс. Осыған байланысты ел билеу теориясын тұжырымдап, мынандай он шарт ұсынады. Олар: бірінші шарт, кез-келген істі шешер кезінде мемлекет басшысы өзін бағынышты кісінің орнына қойып, ол адамды өзіне әмір жүргізуші деп есептесін; екінші шарт, мемлекет басшысының ең басты мінажаты-мұсылмандардың мұң-мұқтажын, орыңдау болуға тиіс; үшінші шарт, ас ішу мен киім киюде халифалардың қарапайымдылығын кабылдап, мәртебелі басын аста-төк тамақ пен әлем-жәлем киімге үйір қылмасын; төртінші шарт, орынсыз қаталдықка, бос сөзге бой алдырмай, келген кісімен жұмсақ сөйлессін, әлсіздер мен кедейлердің кеңесін тыңдаудан арланбасын; бесінші шарт, жұртқа жағамын деп шешім қабылдаған кезде әлсіздік, екіжүзділік танытпасын және әркімнің көңілін табамын деп әділет пен шариғаттан аттамасын; алтыншы шарт, мемлекет басшысы еліне төнетін қауіп-қатерден қаперсіз болмасын және ол әміршінің әділ билігі халықты бақытқа кенелтіп артына мәңгілік жақсы атын қалдыратынын есіне мықты ұстасын; жетінші шарт, мемлекет басшысы көзі ашық, құдай жолындағылармен бірге қарым-қатынас жасауға һәм кенесіп отыруға үйір болсын, олардың кеңесін тыңдауды бақытым деп есептесін; сегізінші шарт, мемлекет басшысы өркөкіректік пен әділеттілік танытып, бағыныштылары мен әлсіздерге қамқор болсын, халықтың махаббатына ие болсын; тоғызыншы шарт, мемлекет басшысы қатыгез басшылардың қылмысты істеріне және карауындағыларды қасқырдай талайтын безбүйректерге немқұрайлы карамасын; онышы шарт, көрегендік. Мемлекет басшысы ел өміріндегі әрбір оқиғаға тереңнен үңілуге және оның себептері мен салдарын біліп отыруға міндетті.
М.Х.Дулати осы айтылғандардын тек мемлекет басшыларына ғана емес, жалпы адамзатка, ел басқарып жүрген азаматтарға, қоғамның әр түрлі саласында қызмет істейтін тұлғаларға арнай отырып, бұл қасиеттердің түбінде өлмейтінін, әділдіктің әр кез жеңетінін, өмірдегі барлық істерден іс-әрекет үшін адамдар әйтеуір бір жауап беретініне меңзейді.
Мұнын бүгінмен байланысты, ортақ тұстары бары анық аңғарылады. «Тәрбиеге жетекші» еңбегінің құндылық қыры мен қызғылықты тұстарын еске алған тұста алыс-жақын елдер тәжірибесін, әр алуан көзкарастар жиынтығын атап өту де кәделі іс. Өйткені, автор адам әлемі, оның еңбегі мен тәрбиесін сөз еткенде өркениетті елдер тәжірибесіне сүйенеді. Адам жаратылысын, тұлға ретінде қалыптасуын да ұлттық белгілермен бірге алыс-жақын елдер тәжірибесімен, жекелеген кітап, көзқарастарымен байланыстырады. Автор осының бәрінен де адам әлемін, жаратылыс ерекшеліктерін жеке тұлға ретінде қалыптасуын ерекше құбылыс ретінде қарайды.
Біздіңше, мұның мақсат, маңызы айрықша. Өйткені, адам мен оның еңбегі, тәрбиесі - кай қоғам кезеңде де аса мәнді болған. Адамның қоғамдағы орны, еңбегі мен үлес-салмағы бүгінгі таңда да аса маңызды. Адам-шешуші тұлға дейтініміз сондықтан болса керек.
Автор тәрбие мақсатын сөз еткенінде бұл бағыттағы сан алуан көзқарастардың да ,болғанына көңіл бөледі. Айталық, «Ерте замандаы жабайы педагогиканың мақсаты: баланы ата-анасына қаратқызып тәрбиелеу болса керек, баскаша айтқанда, әкенің қызметін – ұлы , шешесінің кызметін – қызы білу» екенін еске алу арқылы ұлттық мүддені жоғары кояды, құлдық психологияға, тар өрістің себеп-сырларына сын көзбен қарайды. Уақыт талаптары мен өмір шындығын алға тартады.
Бұдан баска, атап айтқанда, кейінгі кездегі тәрбие ісін ойға алғанда: «...баланың жан қуаттары өсуіне қарай, табиғатына қарап тәрбие беру», «адамды бақытты қылу» секілді мақсаттармен байланыстырады.
Бұл тұста автор адам әлеміне, жаратылыс заңдылықтарына, тәрбие иірімдеріне енеді. Адамның есею, қалыптасу ерекшеліктеріне ден қояды. Баланы оқыту мең тәрбиелеу, сауатын ашу мәселелеріне де назар аударылады. Нәтижесінде— жас ұрпактың еркін өсуіне, тәрбие өнерін жетік меңгеруіне мол мүмкіндіктер ашады. Ең негізгісі, «Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жeкe aдaмғa да, қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себуі керек» деген К.Гельвецийдің тұжырымдамасынан айқын мақсат жан-жақты танылады. Автор бұл тұста ұлттық тәлім-тәрбиеге, жеке тұлға табиғатына ден қояды. Адам жаратылысы мен отбасындағы тәрбиенің маңызын-шешуші орын алатындығын баса көрсетеді.
Адам тәрбиесі - аса маңызды шешуші іс деп саналады. Оның негізі - ұлттық тәлім-тәрбие, отбасы екенін ерекше атап көрсетуге болады. Қоғамның дамуы, өмірдің қызық-қымбаттылығы - жеке адамның дұрыс қалыптасып, жақсы тәлім-тәрбие алуына тікелей байланыстылығы нақтылы мысал-деректермен беріледі. Бұл тұста еске алар жайт. Ж.Аймауытұлының адам табиғаты, тәлім-тәрбие тағылымына қатысты көзкарастар жүйесі – Абай , Мағжан ойларымен үндесетінін айту орынды.
Сонымен қатар, автор жеке тұлғаның қалыптасуына, әлеумет тәрбиесінің әсер-ықпалына зор маңыз береді. Атап айту керек: автор тәрбиенің қандай болса да адамға, оның ортасына пайдалы, нәтижелі болу керектігін негізгі назарда ұстайды. Осы тұрғыда М.Әлімбаевтың «Халық - ғажап тәлімгер» деген еңбегінде айтылған мына пікірлерді келтіруді жөн көрдік: «Адамды қалыптастыру қоғамдық қатынастар жүйесінде мақсатты тәрбие жолымен жүргізіледі. Мұны дәлелдейтін қағида оқыту мен тәрбие берудің ғылыми теориясының бірден-бір негізі болып табылады. Барлық түйін адамның көрегендік негізінде деп есептейтін биологизаторлық көзқарасқа қарама-қарсы педагогика ғылымы тұқым куалаушылық факторлардың белгілі бір рөлін жоққа шығармайды, жеке бастың қабілеттері мен қасиеттері адамның өмірі мең қызметі процесінде қалыптасып дамиды» деп дәлелдейді [9, 12 б.].
Адамды қалыптастыру, тәрбиелеу, оның бейімделуі және жан-жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы әлеуметтік тәрбиеге де тікелей байланысты.
Ал әлеумет тәрбиесі - жеке тұлғаның қоғамдағы орын-үлесінен бастап, үлкенді-кішілі ұжымдарда өзін-өзі ұстауы, көзқарас-танымының орнықты, еңбегінің жемісті болуына дейінгі әрекет-қимылдарға тікелей байланысты өріс алады. Әлеумет тәрбиесі - адамның қалыптасуында шешуші орын алады. Әр еңбектің нәтижесі болуына оң ықпал етеді.
Кітапта мұның мысал-дерегі жеке тұлғаның қалыптасуынан, өмірге, еңбекке араласуынан көрініс береді. Автор жеке тұлға - қоғам байлығы дегенді баса көрсетіп, оның еңбегі мен тәрбиесін ерекше атап көрсетеді.
Мұның ақиқатын бүгінгі уақыт шындыққа шығарып отыр. Расында, адам мен онын еңбегі, тәрбиесі-коғам үшін, орта-айналасы үшін аса маңызды іс болып табылады. Айқынырақ айтсақ, адам мен оның еңбегі, әсіресе бүгінгі таңда: ұлттық тәуелсіздігімізді нығайтуға, бірлік-татулығымызды арттыруда, ең бастысы - демократиялы, салауатты қоғам құруда басты алғы шарттардың бірі болып табылады. Елбасы «Қазақстан – 2030» атты стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы өзіндік молшылықка бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады», - деп көрсетеді /8/.
Қанщама жылдар қажет болған жағдайда да адам оның қажеттіліктері, жан дүниесі зерттеле бермек, мақсат-мұраттары әр кезде маңызды болмақ.
Осы реттен келгенде, «Кабуснамадан» келтірілген төкендегі үзіндіде үлкен мән бар: «Адамдардың бірінші түрі - біледі және білген сайын білгісі келеді; екінші түрі - біледі, біле тұра білмеймін дейді; үшіншісі - білмейді және білгенннің тілін алмайды». Сөз төрт топқа бөлінеді. «Біріншісі - білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөздер; екіншісі - білуге де, айтуға да қажеті жоқ бірақ айтуға болатын сөздер; үшіншісі - білуге қажеті жоқ, айтуға болатын сөздер; төртіншісі - білу керек, бірақ айтуға қажетсіз сөздер» [6, 18 б.].
Осындағы адам әлемі, жаратылыс табиғаты, ақыл -парсаты мен кемшіл тұстары казіргі кезеңде де айқын аңғарылады. Абай айтқан:
«Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. «Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демектік не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, даусына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?" деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі -жан құмары, білсем екен, көрсем екен деген», немесе: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» [12, 74 б.].
Ұлы мұратқа асқақ айбын тән. Адам мұраты - ұлы игілік. Өмір мәні, адам мұраты уақыт сыры осы.
Әлеумет мәселесі әр кезде-ақ маңызды орын алған. Автор «социалдық педагогика» мәселесі: «әр адамды жеке адам деп қарамайды, көбінесе - әлеуметтің, мемлекеттің мүшесі» деп таниды. «Адам өз қызметін өзі жеке атқара адмайды, рудьң, халықтың мүшесі болып атқарады» деп түсінген автор қоғам байлығы - адамды, оның іс-әркеттерін, ой мен сөз жүйесін ерекше атайды. Бұл тұста адам – тарбие-әркеттерін, ой мен сөз жүйесін ерекше атайды. Бұл тұста адам - табиғат жемісі болғанымен, белгілі бір қоғам аясында өсіп, есейетіндігі, ұжымдық негізде тәрбиеленіп, ерекше қабілет пен кемелдікке қол жеткізетіндігі сөз етіледі. Бұдан: «Адам - өзінің табиғаты жөнінен қоғамдьқ, тіршілік иесі» (Аристотель) болатындығы айқын аңғарылады.
Ж. Аймауытұлының бұл бағыттағы ізденіс, көзқарастарын құптаған орынды. Өйткені, адам, оның қоғамдағы орны, мемлекет мүшесі ретіндегі міндеті - пайдалы қызметке негізделуі тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы: Қазақ университеті.
Айтмамбетова Б. Тәрбиенің жалпы әдістері. – Алматы: Рауан, 1991.
Асанов Ж. Тәлім-тәрбиенің ұлттық негіздері. Оқу бағдарламасы// Қазақсатн мектебі, 1995, №6-45б.
Ақбазарова Б. Класс жетекшісі. – Алматы: Мектеп, 1973.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – Алматы: Өнер, 1972.
Айтмамбетова Б. Бозжанова К. Т.б. балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1985. – 18б.
Амантурин Ш.Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы. – Алматы: Мектеп, 1975.-14б.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру/ Методикалық нұсқау/. – Алматы: Рауан, 1990.
Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы: Дарын, 2004. - 12б.
Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. – Алматы: Дарын, 2004.
Әбелбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. – Алматы: Рауан, 1992.
Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.- Алматы, 1932. 74б.
Әбілова З. Этнопедагогика. – Алматы: Рауан, 1997.
Annotation. This work is devoted to the psychologically- pedagogical ideas of Zh.Ajmauytov about education. Some problems of family education are considered in it.
Аннотация. Данная статъя посвящена психолого-педагогическим идеям Ж.Аймауытова о воспитании. В работе затрагиваются проблемы семейного воспитания.
ӘӨЖ 37.181
ҚАЗАҚ МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕРІН СЕМИНАР
САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Күмісбекова Ж.Н., Рапық Н.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мақал-мәтелдер - халық даналығының қазына байлығы. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал-мәтелдерге бай халықтың бірі – қазақ халқы.
Қазақ халқының мақал-мәтелдері сары майдай сақтап еңбегінің жиыны, ой пікірлерінің түйіні, аңсаған асыл армандарының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.
Ғылым мен техниканың, жалпы өркениеттің қарыштап алға дамыған заманын біз дайын құндылықтарға үйреніп, пайдалануға төселіп кеттік. Олар әлемдік ғаламтор өнімдері, электрондық құжаттар, сонымен қатар әлеуметтік желі түрлерінің көбеюі. Бұл құндылықтардын да өмірде алатын орны ерекше. Әсіресе, жастарымыздың әлеуметтік желі түрлерін пайдалануы. Сол желілерде таң атып, кеш батқанға дейінгі аралықта ғаламтор шырмауынан шыға алмайтын жастар санының көбеюі бәрімізге белгілі. Олар онда түрлі ойындар ойнап, әуен тыңдап, хат алмасып жатады. Заман талабына сай техника мен ғаламтор желісін жақсы меңгергені дұрыс әрине. Дегенмен, адамдардың арасындағы «тірі» қарым-қатынас түрін алмастыра алмайды. Өйткені хат алмасып қарым-қатынас жасауымыздың негізінде сөйлеу мәнерімізбен тіл байлығымыздың төмендеуі, тіліміздің шұбарлануына әкеліп отқаны ащы болсада шындық. Көпшілігіміздің, әсіресе жастардың сөйлеу мәдениеті, сөздік қоры, ұтқыр әрі ойлы сөйлеу шеберліктері ақсап жатқаны жасырын емес.
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік – эканомикалық өзгерістер мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындау талап етілуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылумен, жастардың білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтасады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «... білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет» делінген. Бұл жастарымыздың ана тілінде жатық таза сөйлеуіне, өз ойын жүйелі, анық жеткізуге әсерін тигізеді. Сондықтан сабақ өткізу барысында халқымыздың мақал-мәтелдерін көптеп пайдалануды ұсынамын. Мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы біз екі негізгі іс-әрекетті жүзеге асыра аламыз. Біріншіден, мақал-мәтел арқылы жастарымыздың ойын ұшқырлап, сөздерін әсерлі етіп, сөздік қорын кеңейтіп тіл білімінің деңгейін көтерсек. Екіншіден, жастарымызға халқымыздың салт-дәстүрімен жақындастырып, ұлттық тұрғыда тәрбие бере аламыз.
Жоғары оқу орындарындағы семинар сабақтарында мақал-мәтелдерді қолдану, білімгерлердің шығармашыл ойлауын қалыптастыру, бүгінгі өмір талабына сай азаматтарды тәрбиелеудің негізгі жолдарының бірі. Өйткені семинар сабақ барысында қолданылған мақал-мәтелдер білімгерлердің сабаққа деген ынталарын арттырып, ана тілінің терең қатпарларын игеруге және асыл маржандарын түсінуге көмектеседі.
Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Семинар сабақ барысында білімгерлер мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөзін нақты, көркем әрі әсерлі жеткізуге дағдыланады. Сонымен қатар білімгерлердің лидерлік қабілетін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, құрбы-құрдастарымен еркін пікірлесуге ықпал етеді. Мақал-мәтелдер білімгерлердің тілдік материалдарға қызығушылығын арттырып, сөздік қорын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіріп, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Қоғамның қазіргі даму кезеніңде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістердің әсерінен, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім беру мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына өзі күнбе күн өмірден сезіп, еститін, көретін заттар мен құбылыстар, оқиғалар үлкен орын алады. Солардың ішіндегі негізгісі- қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтары. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең жырлары, ұлттық ойындарының ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес асыл қазынасы екені белгілі.
Мақал-мәтел тек сөздік қорды молайтып, сөйлеу мәнерін дамыту үшін ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуде де ерекше орын алады. Семинар сабақтарында мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы біз білімгерлерді жан-жақты тәрбиелей аламыз. Өйткені ақ пен қараны ажырататын әділ таразы болып табылатын халқымыздың мақал-мәтелдері адамның жан-жақты тәрбие алуына негізделген. Мақал-мәтелдердің мазмұны бабаларымыздың өмір тәжірибесін қамти отырып, біздің санамызды, әсемдік сезімімізді, талғамымызды, көзқарасымызды дамытады. Сонымен бірге ұлтымыздың мақал-мәтелдері сөздің мағынасын түсіне білуге және тапқырлыққа баулиды, шеберлікпен шығармашылыққа бастайды, көркем сөз табиғатына жетелеп, көңілге қонымды, ойлы, бейнелі сөйлеуге үйретеді.
Мақал – мәтел халықтың өз перзенті, өзі жасаған баға жетпес қазынасы, өзіне жақын да, түсінікті де, сондықтан сүйікті де. Бұлар сан ғасырлар бойы заман сынынан өткен, керегіне жараған және өміріне өнеге болған, қисығын түзететін таразы болған.
Қорыта келе, қазақ мақал –мәтелдерін семинар сабақтарында тиімді, талғамды пайдаланса, барлық сабақтар тартымды әрі мағыналы болар еді. Мақал мен мәтелдің ғибраттық, өсиеттік мәні, болашақ мамандарды дүниетану қабілеттерінің дамуына баулумен, ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қатар, өмір шындығының көрінісі ретінде ұлтымыздың тарихымен танысуға да септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Айталы А. Ұлттану: Оқу құралы. – Алматы: Арыс, 2000.
Салғараұлы Қ. Ертеңі бар ел боламыз десек. – Алматы, 2000.
Ө.Тұрманжанов. Қазақ мақал – мәтелдері. Алматы, «Ана тілі», 1993.
Қазақ мақал – мәтелдері -1997.
Аннотация. На семинарских занятиях речь шла об особенностиях использования казахских пословиц и поговорог.
Annotation. Seminfres were devoted to some peculicrities of the use of Kazakh
ӘӨЖ 81.213
ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНА ПАТРИОТТЫҚ
ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Күмісбекова Ж.Н., Бегалықызы Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ұрпағымызды кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік білім құжаттарында маңызды орынды патриотизм, патриоттық тәрбиеге береді. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары өзінің «қазақстандық» екенін мақтанатындай етіп тәрбиелеу үшін педагогика, халық педагогикасына сүйену қажет екенін айтады.
Патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиетті қалыптастыруды көздейді: Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу халқының салт – дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру.
Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достық қатынасқа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың бір – бірімен тату – тәтті, сыйластық, ынтымақта қатынас жасауы тиіс. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген жұмыстарымызда, сабақтарда оларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек. Ал қазақ жастарын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлкен міндеттер жүктеледі. Өйткені, Қазақстанның байырғы тұрақты халқы – қазақтар, жердің де, елдің де негізгі, түпкі иесі солар. Сондықтан да алдымен қазақ жастарын отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу ерекше маңызды.
Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы,жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы атамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
«Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту,ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын –жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрметтеу, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек.
Патриотизм – адам тұлғасының, оның рухани дүниесі мен тіршілік іс-әрекетінің барлық жақтарымен байланыстағы маңызды, түпкілікті қасиеттерінің бірі деп есептеледі. Патриотизмде тұлғаның дүниетанымдық жетілуі, адамгершілік сенімділігі, құндылықтарды бағалай білу біліктілігі, азаматтық бағыт-бағдары, оның өмірлік көзқарасы тәжірибелік мінез-құлқы көрсетіледі. Сондай-ақ, табиғат аясына серуенге шығудың мектепке дейінгі балаларға жан-жақты әсер ете алатын танымдық қасиеті болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді, патриоттық сана, сезім және іс-әрекетті қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Отандық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық және азаматтық сезімдер, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдайтеріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Бұл мәселені ашып айту үшін, мынадай мақсаттарды бөліп алайық. Біріншіден, азаматтардың бойында жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Екіншіден, әр тұлғаның бойында белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Бұл ұстаным бала жастан, отбасындағы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиеден бастау алатыны баршаға мәлім. Үшіншіден, жас жігіттер мен қыздардың рухын шыңдайтын әскери-патриоттық тәрбие беру. Төртіншіден, әртүрлі ұлт, нәсіл, конфессиялардың өзара қарым-қатынасының принципі ретінде төзімділікке тәрбиелеу. Бесіншіден, қоғам мен тұлғаның әлеуметтік жағынан маңызды құндылықтарын қалыптастыру және дамыту.
Балаларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу – оларды жаңа заманның талабына сай көпұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін өзін-өзі дамытуға дағдыландыру, белсенділікке, біліктілікке, шығармашылыққа бағдарлау, ұлттық құндылықтарға, сүйене отырып балалардың серуендеу іс-әрекеттері арқылы ішкі жан дүниесін, елжандылық пен патриоттық сезімін, туған өлкесіне сүйіспеншілігін дамытып, қалыптастыру деген анықтама беруге болады
Р.А.Жаңабаеваның пікірінше: «Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және басқа да компонеттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: біреулер бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен және мекен ететін жерімен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым. Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады», - деп тұжырымдаса.
Ал, С.Иманбаева: «көпұлтты Қазақстан үшін қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі бағыттары: бірінші – ұлттық экономиканың дамуы, қалыптасуы мен оның халыққа қызмет етуі, екінші – Қазақстанды мекендейтін халықтардың еркін дамуы, тілі, діні, мәдениеті, әдет-ғұрпы және мемлекетке атын берген ұлттың тілін, дінін құрметтеу мен сол елді Отаным деп тану, тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бір адамдай ат салысу, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарау, үшіншіден - өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту және т.б,» - деген анықтаманы береді.
Д.Құсайынова «патриотизм» дегеніміз – адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол – әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді, - деп анықтап, Патриотизмнің мазмұнына мыналарды жатқызған жөн: адамның өзі туып-өскен жеріне сүйіспеншілік сезімі; ана тіліне құрметпен қарау; Отан мүдделеріне қамқорлық жасау; азаматтық сезімдердің көрініс беруі және Отанға адалдықты сақтау, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; әлеуметтік және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау; өз еңбегін, күш-жігері мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу», - деп мазмұндық сипаттама береді.
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстүрімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу үрдісін белгілі бір асқақ сезімдерден, мақтаныш - сүйініштен бөле - жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - тәрбиеші, ал орта білім мен жоғарғы білім алушылар үшін –ұстаздар қауымы деп айтуға болады.
Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елсүйгіш азамат, елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
С. Иманбаева «Ұлттық потриотизм негіздері» Алматы, 2004 ж
Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті // Қазақстан орта мектебі – 2005.
Патриоттық тәрбие берудің әдiснамалық негiздерi //Бастауыш мектеп. -2005
Қазақстандық патриотизмнің негізгі тірегі //Қазақстан мектебi. -2005
Аннотация. Рассмотрена пути патриотического воспитания молодежы.
Annotation.In the wjke were considered some ways of the patriotikal educatione of youth.
ӘОЖ 541. 21: 54
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
Мунайбекова Б.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.
Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту [1;31].
Міндеттері ретінде:
Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау
Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру, оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат.Оқушыға қойылатын талаптар:
қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;
басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру. Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет. Елбасының егемен елімізге арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деп айтқаны бәрімізге белгілі. Сондықтан, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, заманауи жаңа технологияны пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің міндеті. Бұл салада қазіргі мектептерімізде жүргізіліп,орындалып жатқан жұмыстар да жеткілікті, алайда атқарылатын жұмыстар да жетіп артылады.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”[2].
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Мектеп мұғалімдерінің пікірінше талапты, дарынды оқушылар – жақсы оқушылар. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.
Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;
Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
Ата- аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;
оқушы дарындылығының моделін білу;
қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;
дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;
дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.
Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:
дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;
оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;
дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады . Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді.
«ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» – делінген Қазақстан халқына жолдауында президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 18 ақпан 2005 жылғы. Бұл мәселе жалпы білім беретін мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Сол орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни, оқушыдан болашақта жақсы маман білімді адамзат шығары анық. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр.Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілік те жетерлік [3;41].
Олар мына төмендегідей:
- білім сапасының төмендігі
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің болмауы
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы.
- Сабаққа қызығуының төмендігі
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы
Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Қоғамның дарында адамдарға деген қажетін қанағаттандары талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Алдымыздағы межеленіп отырған 12 жылдық білім беру жоспарының ішіндегі бастауыш мектептегі оқыту жүйесі де басты назарда. Келешекте біздің қоғамымызда жеке тұлға қалыптастырудың негізгі міндеттерін бастауыш мектеп шешуі тиіс. Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін « дайын» білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. Қазіргі кезде ҚР-да 12 жылдық 1-2 сыныптарында оқулықтарымен оқу әдістемелік кешендер сынақтан өтуде. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі – білімді қазығушылықпен алуы. Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекетпен шығырмашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ұлттық мектептердің кеңінен ашылу түсуі – пән мұғалімдеріне күрделі міндетті жүктеп отыр. Бұрынғы догмалық әдістерден арылып, тиімді әдістемелік жолдарды қажетіне қарай пайдаланып отыру тәжірибеге айналып келеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелді қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Республикамыздың білім беру жүйесінң ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандарын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігін дамыған кадрларымен қамтамасыз ету өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, т.с.с. білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтары, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу » делінген. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады [4;17].
Инновациялық технологияны оқыту екі бағытта жүргізіледі:
Білім, білік дағдыны меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тануға, оларды түрлі мазмұнды мәселелерді шешуге пайдалану;
Инновациялық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ықпалдығын арттырудың ортасы болып табылады.
Бастауыш пәндердің мұғалімдерін оқу үрдісіне ақпараттандыру технологияларды пайдалануға даярлаудың дидактикалық негізін оқыту мазмұнына, әдістеріне, оқыту мақсатына жетуге бағытталған оқытудың ұйымдастырылған пішімдеріне қойылатын талаптарды анықтайтын дидактикалық принциптерден құралады. Сонымен қатар ақпараттық жалпы қасиеттерін, оның түрлерін, адамды дамыту және тәрбиелеудегі ықпалық талдау негізінде, ақпарат оқу үрдісінің нақты сатысында, оқушымен әрекеттерінің әрбір мезетінде ықпалды қолданылуы тиіс екендігі анықталады. Бұл жерде мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің жалпылай мақсатын ғылыми тұрғыдан қарастыруды түсіндіре отырып, оқушылардың шығармашылық дайындығын, тапсырманы орындау тәсілдерінің сәйкестігін анықтап отырады. Білім меңгеруде мұғалім мен оқушының біріккен еңбектері қажет. Қазіргі заманғы педагогикалық ой тұжырымдамада гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық потенциялының дамуы басты рөлді атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлғаны дамыту.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз оқушыны білуге үйрету. Бастауыш сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуға бағыттайтын жаңа оқыту технологияларын тапсырмаларымен бағытталған.
Осының нәтижесінде оқушылардың жұмыстарының нәтижесі мынадай болады:
Газет, журнал, оқулықтармен жұмыс жасайды;
Интернетпен жұмыс жасайды;
Үнемі ізденісте болады;
Білім сапасын көтереді.
Мұғалімнің жұмысында:
психологиялық-педагогикалық дайындығы;
дайындықтардың көлемімен құрамы;
компьютерлік дайындықтың мазмұны қарастырылады
Болашақта ұстаздардың кәсіби қызметтерінде ақпараттық-технологияларды пайдалану даярлығын қалыптастыру моделі төмендегідей болмақ.
Интелектісі
Шығармашылық қабілетін дамыту
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу
Іс-әрекетін болжау
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайы болуы
Есте сақтау
Ойлау мүмкіндігінің деңгейіне жету
Ойлауы
Ізденіске баулу
Шығармашылыққа баулу жолдары
«Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғалымдардың комуникациялық желілерге шығуы ». (ҚР «Білім туралы» Заңның 86 бабы)
Күн өткен сайын ғылым мен техника дамып, адамзат қиял жетпес ғажаптарға жол салып келеді. өзге өркенниетті мемлекеттерден қалып қоймай, білім беру саласын жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім», - деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай тәуелсіздік алған елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым мектеп тұрады. XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы болып отыр. Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі-ірі өзгерістер дүниеге келіп, білім берудің жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасауда.Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дәстүрлі оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысын зерттеп үйрену іс-әрекетін басты форма ете отырып, іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болады. Мұғалім оқыту мақсатына жету, түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін мұқият жоспарлауға көшті және оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін қолдануда.[5;22].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде.- Астана, 2010.
2. Запорожец А., Маркова Т.А. Основы педагогика. – Москва, 2006.
3. Х.Т.Шериазданова. Мектепке білім беру жүйесі педагогтары мен психологтарын кәсіби даярлаудың психологиялық негіздері. – Алматы 2001.
4. Амонашвили Ш. Игра в учебно-познавательной деятельности младших школьников //Перспективы Вопросы образования 2002, №1, 83-93с.
5. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 2004, -381б.
Аннотация. В статье рассматриваются основы педагогических технологий в развитии творческих способностей в начальной школы.
Аnnotation. One of the main tasks of society development is the usage of new technology in educational system.
ӘОЖ 50. 24: 52
БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Мунайбекова Б.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
Білім беру саласындағы инновация деп арнайы жоспарланған немесе «кездейсоқ ашылған» педагогикалық инициативалар ретінде жаңалықтарды айтамыз. Бұл ретте «жаңашылдық» мазмұнына ғалым В.М. Полонский ғылыми-теориялық білімнің нақты жаңалығын жатқызса, В.П. Беспалько және В.В. Сериков жаңа тиімді білім беру технологияларын жатқызады, ал Н.Л. Гузик тиімді инновациялық педагогикалық тәжірибенің технологиялық жобасын ұсынады. [1]. Ғалым Я.С. Турбовскойдың пікірінше, жаңашылдық – озат педагогикалық тәжірибені пайдалану барысында оқу-тәрбие үдерісінің сапалы жаңа өзгерісі болып табылады. Барлық педагогикалық жаңашылдықтардың атқаратын қызметіне қарай 3 түрге топтастыруға болады:
жаңашылдық – білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін жағдай (білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім беру ортасы, мәдени-әлеуметтік жағдай және т.б.);
жаңашылдық – жаңа өнімдер, жаңа туындылар, жаңа идеялар (педагогикалық құрал, білім берудің технологиялық жобалары және т.б.);
ұйымдастыру-басқарушылық жаңашылдық (білім беру жүйесі құрылымындағы сапалы жаңа шешімдер және олардың қызметін қамтамасыз ететін басқарушылық іс-әрекеттер).
Соңғы жылдары ғылым саласында жаңа мектеп құруда, мектептің даму үдерісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. «Инновация» деген сөз - латынның «novis» - жаңалық және «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді. Т.И. Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үдерісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әртүрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі. Ал А.И. Кочетов «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы». Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, «егер баратын деңгей алдына-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация» делінген. В.Кваша мен В. Лапинның пікірлері бойынша «инновация» - бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады. Тәжірибелер көрсетіп жүргендей, кез келген инновация – мөлшерлі іс-әрекеттің шегіне ұмтылуы және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі – «Қуаныш үйі», К.Д. Ушинский мен Л.Н. Толстойдың ғылыми идеялары және т.б. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-ші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. С.И.Ожеговтың сөздігінде «инновация» ұғымына үш түрлі анықтама беріледі:
Бірінші рет шыққан, жасалған немесе жаңадан пайда болған;
Бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған нәрсе;
Бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
Қоғам білім беруде тұлғаның қандай болып қалыптасуын қажет етеді, қалай тәрбиелеу керек екеніне сұраныс жасайды. Осыған байланысты дәстүрлі, адам жайлы философиялық және педагогикалық көзқарастарға білім берудегі дәстүрлі мен жаңаның арасындағы байланысты дәстүрлінің қандай түрлерін сақтау, дамыту керек және қазіргі білім беру жүйесіне калай тасымалдау керектігіне талдау жасау қажеттігі туындайды.
Дәстүрлінің жай ғана өткенді ұдайы өндіруші ретінде қаралмауы керек екенін ұмытпаған жөн. Қазіргі тек ғана бүгінгі пайда болған жаңаның бейнесі емес. Бірақ мұның барлығы жаңаның өзі кездейсоқ емес, дәстүрлінің ықпалында болуы қажет. Қазіргі біздіңше, дәстүрлі мен жаңаның синтезі. Осыдан келіп, «Инновация мен жаңаның арасындағы айырмашылық қандай?» деген занды сұрақ туады.
Қазіргі кезеңде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл термин өмірге компьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында жаңа компьютерлік технологияның енуімен сипатталады. Ғылымда дамудың жаңа бағыты – технологиялық бағыт өмірге келді. Ғылымдағы осы технологиялық бағыттың пайда болуы және оның педагогикада тереңірек зерттеле басталуы кездейсоқтық емес. Себебі педагогика ғылымы ежелден-ақ білім беру, тәрбиелеу, оқыту саласындағы ең тиімді әдіс-тәсілдірді табуға, оны өмірде пайдалануға, жоғары нәтиже алуға талпынады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін табуға ұмтылады. «Технология» ұғымының мағынасы не? Технологияға негізделген оқытудың мақсаты неде? Педагогикалық технологияның құрылымы қандай? Педагогикалық технологияның оқу-тәрбие үдерісіне қалай ендіруге болады? Оның нәтижесі қандай болмақ? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
«Технология» сөзі грек тілінен енген және 2 сөз тіркесінен құралған:
«techne» - өнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе;
«logos» - ғылым, ілім дегенді білдіреді және «өнер туралы ілім» немесе «шеберлік туралы ілім».
В.П. Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырылады. Ғалым педагогикалық технологияның төмендегідей сапаларын атап көрсетеді:
Технология нақты күтілетін нәтижеге кепілдік беретін педагогикалық бағдар мен құндылыққа негізделеді.
Технология оқушыға мемлекеттік білім беру стандартын толық меңгеруге мүмкіндік беретін педагогикалық іс-әрекеттің реттелген жүйесін қамтитын технологиялық бөліктерді (операцияларды) қамтиды.
Технология жеке тұлғаның дара, дербес ерекшеліктерін (қабілеттерін) ескеретін мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқан іс-әрекеттер қызметін көздейді.
Педагогикалық технологияның белгілі бір ретпен, кезеңмен жүргізілуі педагогтың қолтаңбасын қалдыра отыра, басқа педагогтың өз іс-тәжірибесінде оңай пайдалана алады. Педагогикалық технологияның білім берудегі бағасын жалпы мойындағанмен де, оқыту технологиясының мәртебесі әлі де айқындалмаған күйде қалуда. Педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап үңілсек, қазіргі кезде «оқытудың педагогикалық технологиясы» ұғымы ғылыми білім берудің теориясы мен практикасына мықтап енгенін көреміз. Педагогикалық технология ұғымының қалыптасуы мен дамуының тарихында педагогикалық технология ұғымының мәні түрліше қарастырылады, яғни оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар.
Сонымен, оқыту технологиясы оқу ақпараттарының пайда болып көріну, өзгеру, өңделу әдістері мен құралдарының жиынтығы болса, екіншіден оқыту барысындағы мұғалімнің оқушыға қажетті техникалық және ақпараттық құралдарды қолдана отырып, әсер ету жолдары туралы ілім болып табылады. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Инновациялық үдерісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерінің зерттеу маңыздылығы М.В.Кларин, П.И.Пидкасистый, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырған. Инновациялық іс-әрекет - педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үдерісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекетінің қалыптасуы: өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілетімен; жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесімен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігімен; жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен; педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасаумен; педагогикалық кертартпалықпен, артта қалушылықпен белсенді күресуімен сипатталады. Айтылғандарды ескергенде, педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атауымызға болады:
- педагогикалық еңбектің тиімділігі. Нәтижеге жетуде педагогтың уақыты мен еңбек күшінің айтарлықтай аз (2-3 есе) жұмсауы, оқушылардың өз белсенділіктерін айтарлықтай жоғары дәрежеде арттыру, мектеп пен ата-аналар, жұртшылық пен мектептің ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие үдерісіне қатысушылардың бәрінің педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі. Талаптың қарама-қайшылықтығы үлкендердің беделінің түсуіне, олардың пікіріне деген жек көрушілік, анархиялық бағыттың үстемдік етуіне әкеледі. Педагогикалық талап пен бағыттың бірлігі балалар өздерінен ересектер талап ететін нәрсенің бәрін тез меңгеретін, тұрақты педагогикалық бақылау үшін алғы шарттар жасалады, онда пайдалы әдістер, шеберлік пен дағды, пайдалы өмір бейнесі нәтижелі қалыптасады;
- тұлғаның шығармашылық қасиеттерінің қалыптасқандығы;
- балалардың жұмыс қабілетінің шабыт, тұрақты ықылас, құмарлық, жаңаны іздеуге деген сүйіспеншілік, өзінің мүмкіндіктері мен қабілетіне жол ашу есебінен тиімді дамуы;
- мұғалім беделінің өсуі, оқушылар тарапынан оған деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің көрінуі, достастыққа деген дайындық;
- оқушылардың істі талдау тәсіліне, диалектикалық ойлауға үйренгендігі, яғни бәрінен де бұрын шығармашылық ойлауының дамуы;
- оқыту мен тәрбиелеудегі зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі жаңалық ашулары.
Педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге енгізу мұғалімнің кәсіби деңгейінің негізгі өсу жолдарынан көрініс табады.
Инновациялардың саралануы төмендегідей бағытта өтеді:
білім беру мазмұнына қарай;
оқыту технологиясына сай;
білім беру жүйесінің тәрбие саласында;
педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзара іс-әрекеттестік құрылымына қарай;
педагогикалық құралдар жүйесіне қарай және т.б.
Білім беру саласындағы жаңашылдықты инновациялық өзгерістердің интенсивтігіне қарай немесе жаңашылдық деңгейіне қарай 8 түрін ажыратуға болады:
Нөлдік деңгейдегі инновация – жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру).
Бірінші деңгейдегі инновация – сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады.
Екінші деңгейдегі инновация – жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі).
Үшінші деңгейдегі инновация – ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады.
Төртінші деңгейдегі инновацияда шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейте түсіп, қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады).
Бесінші деңгейдегі инновация – білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады).
Алтыншы деңгейдегі инновация – жүйенің түрленуші қызметтік принципін сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.
Жетінші деңгейдегі инновация – нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады.
Жоғарыда көрсетілген инновациялардың тек соңғы 3 деңгейі ғана жүйелі жаңашылдығымен сипатталады және инновациялық білім беру жүйесі ретінде қарастыруға болады. Инновацияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым инновациялық үдерісті басқаруға қоятын талап жоғары болады. Көптеген педагогикалық әдебиеттерде білім беру жүйесінде жаңалық ендіру дискретті деңгейде немесе жеке компоненттерін пайдалану ретінде ғана көрініс табады. Инновация педагогикалық практикаға жаңа идеялар есебінен өмірге келіп бір рет қолданысқа еніп келеді. Дегенмен де ғалымдардың соңғы зерттеуіне сүйенсек үздіксіз білім беру жүйесін түбегейлі жаңартуда пайдаланылатын инновациялық үдерістердің тұжырымдамалары жасалынды. Бұл ғылыми тұжырымдаманың маңызы инновация жүйенің өзін-өзі дамыту тетігі арқылы жаңару үдерісімен сипатталады.
Ғалым Б.Т. Лихачевтің педагогикалық технологияларды жүйелеуінің астарында педагогикалық технологияны педагогикалық үдерістің ұйымдастыру-әдістемелік құрылғысын анықтайтын әдіс-тәсіл, құрал, формаларының жиынтығының психологиялық-педагогикалық құрылымы ретінде қарастыру жатады. Б.Т. Лихачевтің осы ұсынған классификациясы педагогикалық технологиялардың мән-мағынасын толықтай ашуға көмектеседі.
Оқыту үдерісі мен оның нәтижесіне оқушының ақыл-ойының даму деңгейі тікелей әсер етеді. Ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау критерийлеріне оқу жетістігі, білімді қабылдау жылдамдығы мен сабақтағы оперативті түрде лезде, адекватты жауап берулері және т.б. жатады. Ақыл-ойдың даму деңгейі білім, білік, дағдыларды қабылдаудан басқа баланың дамуына еңбексүйгіштік, өз бетінше жеке жұмыс жасау, инициатива таныту және т.б. жеке тұлғалық сапалық ерекшеліктері тікелей әсер етеді. Сол себепті оқу технологиясының негізіне оқушылардың танымдық қызығушылық аспектілері алынады.
Оқыту технологиясы-практикада жүзеге асырылатын оқыту іс-әрекетінің оңтайландырылған жобасы.
Ғалым М.А.Чошанов педагогикалық технологияның төмендегідей негізгі ерекшеліктеріне тоқталады:
алға қойған мақсатқа жетуге толықтай кепілдік беретін педагогикалық жүйенің әртүрлі компоненттерінің қызметін жүйелеу және талдауға негізделген диагностикалық болжау;
педагогикалық үдерістердің тиімді жүзеге асырудың нәтижелігі;
аз ғана уақыт ішінде оқыту мен тәрбиелеудің көзделген мақсатына жету мен педагогикалық үдерісті оңтайландырудың тиімділігі;
кезең-кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық жүйені жеке бөліктерге жіктеуге мүмкіндік беретін алгоритмділігі;
педагогикалық нобайларды жоспарлауға және құрастыруға мүмкіндік беретін жоспарланушылығы;
педагогикалық іс-әрекеттің барлық компоненттерін бірлікте қарастыратын біртұтастық;
педагогикалық үдерісті жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау мүмкіндігін көздейтін басқарушылығы;
нақты белгілі бір мақсатқа бағытталған тұрақты кері байланыстың болуын қамтамасыз ететін түзету-реттеушілігі:
әртүрлі аудиовизуалды және электронды есептеуіш техниканы, сондай-ақ оқу мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын пайдаланудың визуалдылығы.
Психологиялық-педагогикалық, ғылыми әдебиеттерге жасаған талдауымыз көрсеткендей, педагогикалық технологияның ерекшелігін айқындайтын төмендегідей сапалық қасиеттері бар: диагностикалық болжау, нәтижелігі, тиімділігі, жоспарланушылығы, біртұтастық басқарушылығы, түзетушілігі, оңтайлығы, қайталанушылығы және т.б. Педагогикалық үдеріске жаңа бағыт беруде, жаңалық ендіруде көптеген ішкі және сыртқы факторлардың әсері зор. Мәселен, ғалым К.Ангеловски бұндай факторларға төмендегілерді жатқызады:
жаңалықтың мақсаты;
жаңалықты ендіру әдістемесі;
жаңалықтың мотиві:
- оқушылардың белсенділігін арттыруға, ынталандыруға ұмтылу;
- қоғамның сұранысын қанағаттандыру;
- оқыту мекемелеріндегі жаңашылдықты қолдау, қуаттау;
- жаңашылдықтың жұмыс тиімділігін арттыратындығына сенім білдіру;
- басқалар қолданып жатыр ғой, ендеше мен де қолданып көрейін.
Білім беру саласындағы жаңашылдық үлкен қызығушылық туғызуда.Ғалым А.И.Пригожиннің пікірі бойынша, «жаңалық» ұғымы – бұл тек уақытқа ғана тәуелді емес, оның мағыналық санасы да үлкен рөл атқарады. Оның сапалы мазмұны бұлай анықталады: жүйеленген жаңалық жаңашылдықтың параметрлік қатарын одан әрі дамытатын ең таңдаулы өндірістік және тұтынушылық қасиеттерімен ерекшеленетін жаңалықтың ашылуын білдіреді.
Педагогикалық жаңалықтарды ғалым Н.Р. Юсуфбекованың пікірінше, төмендегідей параметрлерімен жүйелеуге болады:
жаңалықтың біліну (көріну) орнымен (ғылымда немесе практикада);
жаңалықтың біліну (көріну) уақытымен немесе кезеңімен (тарихи, қазіргі заманғы);
жаңалықты күту, жобалау және жоспарлау дәрежесімен (күтілетін және кездейсоқ, жоспарланған және жоспардан тыс, т.с.с.);
ендіру мүмкіндігіне қарай (уақытымен, уақыттан тыс, оңай ендірілетін және қиыншылықпен ендірілетін);
педагогикалық білімнің саласы бойынша (дидактикалық, тарихи педагогикалық, мектептану және т.б.);
жаңалық дәрежесіне қарай (абсолюттік және салыстырмалы);
педагогикалық үдерісті түрлендіру дәрежесіне сәйкес (түбегейлі өзгертетін және ішінара өзгертетін);
педагогикалық жүйеге қатысты (жүйелі және жүйесіз);
түп нұсқасына қарай (түп нұсқалы және аз түп нұсқалы).
Педагогикалық технологияларды қолдау деңгейіне, философиялық негіздемесіне, ғылыми тұжырымдамасына, құрылымы мен мазмұнына қарай жүйелеуге болады. Инновациялық педагогикалық технологиялар оқушы іс-әрекеттін белсендіру, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру және басқару, оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіру бойынша жүйеленді.
В.М. Монахов, В.А. В.В. Фирсов және т.б. ғалымдар жақтаған екінші бағытты жақтаушылар тұлғаның табиғи ерекшеліктерін басты назарда ұстай отыра, оқытудың жекешелендіру мен саралау бағытын ұстанады.
Ғалымдар саралап оқытудың маңызын төмендегіше ашып көрсетеді:
психологиялық-педагогикалық көзқарас тұрғысынан - әрбір оқушының қабілеттері мен ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ашуға қолайлы жағдай жасауға негізделген оқытудың жекешелендірілген түрі;
әлеуметтік тұрғыдан – қоғамның әрбір мүшесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатындағы қоғамның шығармашылық, интеллектуалдық кәсіби әлеуетін қалыптастыруға бағытталған мақсат көзделген іс-әрекет;
дидактикалық тұрғыдан – жаңа мотивациялық негізді басшылыққа алатын саралап оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін құру арқылы мектептің келелі мәселелерін шешу.
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері өз практикаларында Н.П.Гузиктің ішкі сыныптық (ішкі пәндік) саралау технологиясын, В.В.Фирсовтың түпкі нәтижеге негізделген деңгейлік саралау технологиясын, Н.П.Гузиктің оқытудың кіріктірілген жүйесін пайдаланып келеді.
Н.П. Гузиктің ұсынған оқытудың кіріктірілген жүйесінің маңызы мынада: сабақтың барлық кезеңінде – жаңа сабақты меңгеру кезеңінде, жаңа сабақты бекіту кезеңінде, жаңа білім, білік, дағды тексеру, бағалау кезеңінде деңгейлеп саралауды жүзеге асыруға болады, сондай-ақ, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін арттыруда да оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық үлестірмелі тапсырмаларды пайдалануға мүмкіндік ашылады. В.В. Фирсовтың түпкі нәтижеге бағытталған саралау технологиясының ерекшелігі – материалды блоктап беру, әр деңгейдегі тапсырмалар жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешеннің жұмыс жасауы, оқушының білім, білік, дағдысын күнделікті, жүйелі тексеру мен бағалау оқушылардың сапалы білім алуының кепілі. Қазіргі кезеңде мұғалімдердің 50-60%-ы оқытудың ынтымақтастық педагогикасын пайдалануды жөн санайды. Дамыта оқыту технологиясы өзі аты атап тұрғандай, оқыту мен дамытудың өзара байланысы нәтижесінде өмірге келді. Дамыта оқытудың тұжырымдамасы Ш.А.Амонашвили және т.б. ғалымдардың еңбектерінде нақты ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |