Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет6/18
Дата27.05.2018
өлшемі6,64 Mb.
#40826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


Список использованных источников:


1) Киреев А.П. Международная экономика. В 2-х ч. 4.1. - М.: Международные отношения, 2012. - 416 с.

2) Дюмулен И.И. Всемирная торговая организация (ВТО). - М.: Всероссийская Академия Внешней торговли. - 2012. - 158 с.

3) Закон Республики Казахстан. О таможенном тарифе и пошлине // САПП РК.-2001.-№17.-ст.1О.

4) Президент Республики Казахстан. Об организации ВЭД РК на период стабилизации экономики и проведения рыночных преобразований // САППРК. -208994. -№18 -ст.10-16.
Аннотация. Елдің экономикалық өсуін анықтайтын сапалы еңбек ресурстарының бар болуы ҚР 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық Стратегиясының дамуының сәтті іске асыруының ажырамас бөлігі болып табылады.

Аnnotation. Аsed on the strategic, political and economic conditions in the country, Kazakhstan needs to competently negotiate in the WTO Working Group. It is necessary to defend its clear and balanced position on the issue of accession to the Organization, contributing to the development and support of export-oriented industries and the expansion of international trade, while protecting the interests of domestic producers and those industries that need the support of the state.


ӘӨЖ. 1(091)

Ә 14

ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК

ФИЛОСОФИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әбдікерім А.А., Мусабекова Г.К.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Өткен және қазіргі өмір мен келешек бір – бірімен тамырларымен тарих тұңғиығына еніп кететін және әлем халықтарының көз жетерлік болашағына ұмтынатын қоғамның алға басқуның жалпы заңдылықтары арқылы байланысты. Қазіргі өмір – бүкіл бүгінге дейінгі тарихтың қорытындысы және біздің болашағымыздың негізі. Болашақ, материалдық және рухани жағынан алып қарағанда, адамның осыған дейінгі бүкіл практикалық әрекетінің қортындысына қарай объективті түрде біздің бүгінгі өмірімізбен тығыз байланысты. Ол қазіргі және өткен өмірдің негізінде пайда болады. Ал оның қазіргі және келешек ұрпақтарға қалай болып көрінуі, олардың танымдық ойлау қабілеттеріне және шамаларына байланысты. Нақтылы тарихи процесс өте күрделі, ол алдын – ала белгіленген бағытпен өрбіген де жоқ, өрбімейді де. Ол - әрдайым айналмалы соқпақ. Адамзат, әрдайым түрліше табиғи және әлеуметтік сипаттағы кедергілерді жеңе отырып, болашаққа жол салды. Ешуақыта күні бұрын дайындалып қойған және адамдарды күтіп тұрған болашақ болған емес және болмайды да. Болашақ жолын қарама – қарсылықтардың күресі, біріне – бірі кереғар әрекет ететін күштердің қақтығыстары арқылы жорамалдану керек [1,5 б].

Бұған қоса, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы жер шары тұрғындардының қоғамдық өмірді демократияландыруға ұмтылуымен, әлеуметтік құқықтарының және саяси бостандықтарының кеңейуімен, бұқара халық көпшілігінің рөлінің артуымен, империализмге қарсы күштердің ядросыз, зорлықсыз әлем және экологиялық таза орта, дүниежүзілік, саяси және мәдени байланыстарды күшейту, гуманистік құндылықтардың рөлін арттыру, әлеуметтік әділдік және тендік, ғылыми – техникалық жетістерінің табиғи ресурстарды ақылмен пайдалануға жұмсалуы, адамдардың табиғатпен ретті (гармониялық) қарым – қатынасқа (олардың біртұтас ноосферамен қатарласқан эволюциясына дейін) ұмтылуы үшін күреспен сипат алмақ. Планетаның адамдары, міне, осы құндылықтарға бүгіннен бастап ұмтылуға тиісті. Сонда ғана адамзаттың лайықты болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Дамудың тек осы бағыты ғана прогрессивті тарихи болашақ бола алады. Бұрынғы одақтас республикалардағы – бүгінгі егемен тәуелсіз мемлекеттерде жүріп жатқан қайта құру және жаңғыру процесі бұл бағыттағы әрекеттерге жол ашу тиіс.

Көз жетерлік келешектегі адамзаттың болашағы – бұл қоғам дамуындағы нақтылы тарихи прогрестің жаңа сатыларға көтерілуі. Ол - әлеуметтік прогресс деп аталынатын алға басқан қозғалыс. Болашақты болжап білу, ғылыми - әлеуметтік дамудың бағыттарын күні бұрын айқындау әрдайым біздің алдымызға өскелең талаптар қояды [2, 58 б]. Болашақты болжау, тарихтың объективті заңдылықтарын дұрыс түсіну және біздің заманымыздың елеулі проблемаларын шешетін тиімді практикалық методтары мен құралдарын табу үшін өткеннің стеоретиптері мен дәстүрлі тәжірибені негізге алған жәй салихалы ақыл мен ой өте жеткіліксіз.

Жалпы дүние жүзі тарихының шеңберінде әлеуметтік прогресс болатынына күмән жоқ. Оның күрлілігі мен қайшылықтарына қарамастан, адамзат тарихынды ол үнемі адамзаттын әлеуметтік ұйымдастырудың төменгі формаларынан жоғарғыларына өрлеуі жағдайында болды. Тарих көрсетіп отырғандай, әрбір нақтылы жағдайда бір – біріне қарама – қарсы түрған прогресс пен регресс күштерінің қақтығысуының қандай нәтижемен аяқталтынын міндетті түрде күні бұрын болжап, шешіп – біліп қоюға болмайды. Бұл жағдай адамзат өмір сүріп тұрғанда әлеуметтік прогресс үшін өз мәнін жоюға тиісті емес. Дей тұрғанмен, адамзаттық болашаққа қозғалысы жолында көптеген қиыншылықтар мен кедергілердің де бар екенін айтқан жөн. Олардың көбі адамдар санасынан орын алған және жаңаша ойлауды, болашақ проблемаларын шешу ісіне жаңаша қарауды талап етеді.

Мыңдаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың арманы, бір жағынан, басқа ұлт пен ұлыстармен кездесу, мәдениет үлгілерімен алмасу, бірге бейбіт өмір сүру т.с.с. болса, екінші, шамасы, ешқашанда орындалмайтын – Ғарыштағы басқа саналы тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы тұрғыдан алғанда, көне заманның атақты императоры, ғұлама Аристотельдің тәрбиесінде болған Ескендір, Орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс-хан, Иван-Грозный т.с.с. саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерінің астарында "жаһандану идеясы" жатса керек. Мүмкін, олар оны саналы түрде пайымдамаса да, ішкі "көкей көзімен" сезген болар. Тек бүгінгі таңда, ХХ ғ. аяғы мен ХХ1 ғ. басында бұл идея бүкіл адамзаттың жан-дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Кейбіреуге ол ұнауы, я болмаса, ұнамауы да мүмкін, бірақ, бірде-бір мемлекет одан оқшау өмір сүре алмайды. Олай болса, жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан қажетті түрде қаралып, сарапталуы керек.

Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп дамып келеді. Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар, "бұқара мәдениеті" деген үғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның "Отандық үлгілері" жасалуда.

Жоғарыда келтірілген Қазақ елі өмірінен алынған деректердің бәрі де Жер бетінде жүріп жатқан жаһандану үрдістерімен байланысты екенін бір қарағанда-ақ байқауға болады. Жер бетіндегі мемлекеттердің бір-бірімен жақындасуына, олардың арасында пайда болатын қайшылықтарды шешуге екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), оның әр-түрлі салаларды бақылауға арналған мекемелері (ЮНЕСКО, ЮНКТАД т.с.с.) үлкен ықпал жасауда. Бүгінгі таңда жүздеген аймақтық ұйымдар жұмыс істеуде (Еуропа Одағы, ТМД, АСЕАН, ОАЕ т.с.с.).

Келесі назар аударатын нәрсе – жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты "бір қалыпқа" салғандай әсер етіп жатыр. Өйткені, барлығы да компьютерлік есептеуден өтіп, белгілі бір стандарттарға сай болуы керек . Олай болмайынша, сіздің өндірген тауарды сырт елдерге шығаруға болмайды. Сондықтан, миллиондаған адамдардың киген киімінде, жүретін машиналарында, үйіндегі жиһаздарда, тіпті дем алатын орындарында, музыка мен өнерде, әсіресе, бұқаралық мәдениетте – біркелкілікке деген ұмтылысты байқаймыз.

Жаһандану үрдісі әр-түрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі. Сонымен қатар, жаһандану үрдісі біршама бүкіладамзаттық теріс салдары бар проблемаларды тудырды. Енді оларды қысқаша сиппатайық. Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үнді, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израиль сияқты елдер қосылды [3,115 б]. Біршама елдер ядролық технологияны игеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея). Әңгіменің қиындығы- бұл қосылған жаңа елдер халықаралық шиеленістер аймағында орналасқан. 2001ж. Үнді мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің "ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін" деген жантүршігерлік қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы – барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық жасамай) халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. Өкінішке орай, ядролық мемлекеттердің "өзімшіл пиғылы" бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда, бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі "ядролық дамокл қылышы" сол үрейінде тұра бермек.

Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, жағалай ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі.

Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни, жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдықта жер бетіндегі халықтың саны 15 рет өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы – 40 жылда (егер 1956 ж. жер бетінде 2,8 млрд халық өмір сүрсе, 2004 ж. –6,3 млрд.). Әрине, бұл деректер үлкен ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Сонымен қатар, дамыған елдердегі халықтың құрылымын алар болсақ, онда кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір ұзақтығына байланысты), сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан, ол елдерде халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мәселеге айналуда.

Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үнді халқының саны қытайлықтардан да гөрі өсіп, ал Африкада халықтың саны 1,5 млрд. дейін жетуі мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, ауыл шаруашылығы өнімділігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру саласы – бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ақуал бұрыннан келе жатқан өмір салтын ұстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байланысты екені айдан анық. Сондықтан, бұл үрдіс таяу арада бәсеңдейді деу артығырақ болар [4,63 б]. Дегенмен де, Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шамасында жүргізілген демографиялық саясат өз күшін көрсетті. Ертелі-кеш басқа елдер де сондай саясатқа көшуі мүмкін.

Жаһандану үрдісі "Солтүстік пен Оңтүстік" проблемасын тудырды. Бұл төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анаұғұрлым биік. Егер де дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен "алтын млрд." тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. жуық адам, басқа қажеттіктерді өтеуді айтпағанның өзінде, күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. аштықтың зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Бұл дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің арасындағы қайшылықтың өсуімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда дамып келе жатқан елдер дамыған елдерге 1 трлн. доллардан артық берешекті!!! Олар оны өтеу түгіл, оның өсімінің өзін төлеуге қиналады. Сондықтан да, Кубаның көсемі Ф.Кастро БҰҰ-ның мінбесінен осы борышты сызып тастауға шақырды. Алайда, дамыған елдер ондай шараға барар емес. Ал мұндай жағдайдың өршуі кедей елдердің наразылығын тудырып, неше-түрлі экстремистік қозғалыстарға дем береді.

Әрине, дамыған елдер оларға көмек жасағандай болады. Жылына, шамасымен 50 млрд. доллларға жуық қаржы бөлінеді (салыстырыңыз: 2003-2004 ж.ж. АҚШ бір ғана Ирактағы соғысқа 200млрд. артық қаражат жұмсады). Өткен ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер "көмек" ретінде ауыр да кір өндіріс салаларының біршамасын дамып келе жатқан мемлекеттерге аударды. Нәтижесінде, олар үш ұтысқа ие болды: өз елдерінің экологиясын дұрыстады, екіншіден, арзан жұмыс күшін пайдаланып, табыстарын өсірді, үшіншіден, ол елдердің шикізаттарын пайдаланды. Дегенмен де, ол кезде дамыған елдер мен дамып келе жатқандардың арасындағы айырмашылық бірте-бірте қысқарады деген үміт болатын-ды. ХХғ. 70-80ж.ж. бұл айырмашылық, керісінше, күрт өсе бастады. Өйткен себебі, біршама дамып келе жатқан елдер жаңа компьютерлік бағдарламаға негізделген технологияларды игеруге халықтың жалпы білімінің төмендігінен қол жеткізе алмады [5, 22 б]. Ғалымдардың есебі бойынша, кейбір елдер дамыған мемлекеттерден 150 есеге дейін қалып қойыпты!!! Егер де, шикізатқа бай елдер табиғи байлықтарын сатып күн көрсе, жоқ елдер – дүниежүзілік сауда үрдісінің шетіне ысырылып, қайыршылықтың ауыр зардабын көруде. Сонымен, құрметті оқырман, халықаралық терроризм мен экстремизмнің негізгі қайнар көзі Ислам дінінде емес, дамып келе жатқан елдердің аянышты әлеуметтік-экономикалық жағдайында екенін түсінген боларсыздар.

Енді бесінші мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей, халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де "функционалдық надандықта" болуы мүмкін. Яғни, ол компьютерлік технологияларды игеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім беру мәселесі де жаһандану үрдісінің негізгі проблемаларының біріне айналып отыр. Екінші жағынан, надандық демографиялық мәселені шешуге де кедергі тудыратыны белгілі. Дүниежүзілік практика "жан-ұяны жоспарлау" тек сауатты, салауатты да білімі жоғары елдерде ғана іске асатынын көрсетеді.

Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда. Өйткені, бүгінгі таңда адамзаттың жағалай ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан қан кету, СПИД, рак т.с.с. "цивилизация ауруларын" келтіруге болады. Егер де, дамыған елдердегі аурулардың көбі тамақты көп ішу, аз қозғалыста болу, шылым шегу, тәндік-сезімдік өмір бағытын ұстаудағы жолда байлықты өсіремін деп жүйкені тоздыру т.с.с. себептерден болса, дамып келе жатқан елдерде жағалай ортаның ластануы, баспана қиындығы, ішетін ас-су сапасының төмендігі туберкулез, трахома, малярия т.с.с. "әлеуметтік ауруларды" тудырады. Жаһандану үрдісі миллиондаған адамдардың бір елден екіншіге, бір континенттен келесіге миграция жасауына әкеліп жатыр. Сондықтан, жұқпалы аурулар бүкіл Дүниеге кеңінен тарап адамзаттың үрейін туғызуда…

Жаһандану мәселелерін шешу жолдарын зерттеуде негізінен екі бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм (болашақ жарқын) және технопессимизм (болашақ қасіретті).

Технооптитмистік көзқарастар өз мәресіне ХХғ. 60 жж. жетті. Ол кезде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен өндірісте пайдалану қарқын алған болатын. Дж.Гелбрайт, Р.Арон т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы "бұқаралық нарықты" тудырып болашақта Жер бетіндегі барлық халықтарға тамаша өмір әкеледі деген ой тастады. 80ж.ж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты ғалымдар "ғылымның негізгі өндіргіш күшке" айналуына байланысты барлық жер бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік технологияларды өмірге еңгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда, жақын арада-ақ, ҒТР-дің теріс салдарлары да айқындала басталды. Көп елдер экологиялық дағдарысқа ұшырады. Шикізат қорлары шексіз еместігі анықтала басталды. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің арасында қайшылық өсе бастады т.с.с. Әрине, бұл теріс өзгерістер технопессимистік көзқарастарды тудырды.

Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды ғылым мен техниканың құлына айналдырады,- деген пікір айтты. К.Лоренц ҒТР адамдарды мыңдаған жылдар бойы бейімделген табиғи жағалай ортадан жұлып алып "тастан жасалған джунглиге" қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа шыға алмайды. Автоматтар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның жүйкесін анағұрлым тез тоздырады. Қиындығы жоқ жеңіл өмір адамның күшті сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуе әкеледі. Іші пысқан адам не істерін білмей, өз өміріне қанағаттанбай, нашамен әуестене бастайды…

Технопессимистер тәндәк-сезімдік өмір бағдарламасынан бас тарту, тойымсыздық пиғылды жою, қанағатқа келу мәселелерін көтерді.

Батыста, Рим қаласында 1968ж. көрнекті ғалымдар "Рим клубын" құрып, адамзат алдында тұрған орасан-зор қиын мәселелерді зерттеуге кірісті. Нәтижесінде, "жарылған бомбадай" дүниежүзілік қауымға әсерін тигізген "Өсудің шегі" (The Lіmіt of Growth) деген баяндама 1972ж. дүниеге келді. Бұл баяндамада Табиғат байлықтарының шектелгені жөнінде, әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салу экологиялық теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелу мүмкіндігі баса айтылды. Осы клубтың бірінші президенті А.Печчеи адамзатқа ең керекті нәрсе – руханияттылық, әсірсесе – адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған мәселелерді шешуге болады деген пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев "ХХғ. адамзатқа ескерту жасады. Егер ХХ1 ғ. ол оған мойын сұқпаса, құрып кетуі мүмкін",- деген ой тастайды.

Әрине, бүгінгі таңдағы ұлы ғалымдар алаңдауының терең себептері бар. Уақытында ағылшын ойшылы лорд Честертон айтқандай, байлық адамды аздыртады. Өкінішке орай, материалдық байлықтың өсуі, көп жағдайда, соншалықты рухани өрлеуге әкелмейді. Керісінше, рухани құлдырау байқалады [6, 95 б]. Оны бүгінгі таңдағы өз өмірімізден-ақ көріп жатырмыз. Бұл қайшылықты жою адамзаттың қолынан келер ме екен? -Болашақ өмір оны көрсетер деген ойдамыз.

Адамзат тарихы көрсеткендей, қайсыбір империя ертелі-кеш ыдырайды. ХХғ. 80ж.ж. бастап Жер бетіндегі соңғының бірі болып Совет Одағы да үлкен дағдарысқа түсіп, соның нәтижесінде 90ж.ж. басында тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болды. Тарихта бірінші рет бабаларымыздан қалған алып территорияда қазақ халқының басы бірігіп, әр-түрлі жағдайлармен келген басқа ұлт өкілдерімен қосыла өз мемлекеттігінің негізін қалай бастады.

Жас мемлекеттің алдында негізінен үш үлкен іс жатыр еді. Біріншіден, біртұтасынан (тотальды) мемлекеттік меншікке өткен ұлт байлығын жекешелендіру (приватизация) арқылы нарықтық экономиканы орнату, екіншіден, саяси қондырманы бүгінгі таңдағы талаптарға сай етіп өзгерту (көппартиялық, құқтық мемлекет т.с.с.), үшіншіден, халықтың тілі мен ділін, рухани өмірін қалпына келтіріп қайта жаңғырту болатын.

Қазақ халқының керемет қасиеттерінің бірі – бұл дүниеде алудан гөрі болуды жақтауы. Яғни, өз бойыңдағы қасиеттерді гүлдетіп сыртқа шығару, өзіңнің ерекше болмысыңмен көріну, "сегіз қырлы, бір сырлы" болу. Бүгінгі Қазақстан қоғамында адамның ерікті еңбек етіп, белсенділік көрсетуіне, бұл дүниеде болуға деген ұмтылысына жағдай жасалған. Бәрі де өз қолымызда. Тек қажымай-талмай ізденісте болып, еңбек етіп, самарқаулықтан арылуымыз қажет.

Қазақстан дүниежүзілік қауымның ішінде өз орнын тапты. Әрі қарай ел дамуының жалпы формуласын ақын О.Сулейменов былайша көрсетті: "жаһандық тұрғыдан ойлан да өз жеріңде іс-әрекет жаса". Бұл пікірге қосылуға болатын сияқты.


Әдебиеттер:

1.Кішібеков, Сыдықов Философия. Алматы 1994 ж.

2.С.К.Мырзалы Философия әлеміне саяхат. Қостанай. 2001 ж.

3.Ақназаров Философия тарихы бойынша дәрістер курсы. А.

4.Әбiшев К. Философия., Алматы, 2002.

5.Абай. Слова назидания. Алматы.,1995



6..Нурланова К. Человек и мир: казахская национальная идея. Алматы..1996
Аннотация. В этой статье расcматриваются эффективность информационной технологии в преподовании философии.

Аnnotation. In this article are considered efficiency of information technology in teaching philosophy.


ӘӨЖ 343:502.47
АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУ ҚҰРАМЫНЫҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ

ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Еркебаева А.Қ, Оңғарбаева А.К., Сейтказиева Ш.С.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қоршаған ортаны, оның құрамдас бөліктері - атмосфералық ауаны, жердің азон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға келу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі барлық әлементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі. Табиғат қазынасы - шексіз-шетсіз жатқан сарқылмас қор емес, оны қоғамның игілігі үшін, болашақ ұрпақтардың қажеттіліктері үшін тиімді пайдалануды ешқашан естен шығармауымыз, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. XXI ғасырдағы ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына зор мүмкіндіктерді тудырып, оларды экономикалық-экологиялық тиімді қолдануға еш шектеу қойылмаған.

Бүгінгі таңда экология мәселелері өзекті маңызға ие бола отырып, мемлекеттік реттеудің қатаң түрлерін қолдануды, табиғат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ғана емес, келешек ұрпақтарға табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға және молықтыруға байланысты негіздерді қалыптастыру міндеттерін көздеп отыр. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық Кодексі экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтармен тиімді күресу үшін құқықтық негіз болып табылатын табиғатты қорғау нормаларының кең ауқымды жүйесін қамтиды. Құқықтық қорғау объектісінің біртектілігі мен маңыздылығына сүйене отырып, Қазақстанның қылмыстық заңнама тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің жүйесінде экологиялық құқық бұзушылықтардың құрамын анықтайтын нормалар топталған жеке тарауға бөлінді. Алайда, Қылмыстық кодекс «Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық» деген ұғымның нормативтік анықтамасын бермейді. Ол бұл ұғымның тұжырымы іс жүзінде жүзеге асырылатын көптеген мақсаттарға қол жеткізу үшін өте маңызды. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы түсінігіне бірқатар белгілерге тән түрлік мағынасы жатады. Әдебиетте қылмыстық заңда көрсетілгендей, қылмыстың жалпы белгілеріне сәйкес, қол сұғушылықтардың анықтамалары берілген. Әдетте, олар қылмыстық іс-әрекет объектісінің анықтамасымен байланысты немесе одан туындайды [2].

Әрбір қылмыс әр түрлі жағдайлармен және фактілермен қосарлана жүреді. Кейбіреулерінде қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болса, басқаларында ол кездеспейді. Қылмыстық-құқықтық мағынаға қылмыс құрамының сәйкес белгілері бар әрекет саралауға маңызды. Қылмыстық істің фактілік жағдайларын анықтағаннан кейін қылмыстық-құқықтық норманы таңдау керек. Бұл салыстыру қылмыс құрамының барлық элементтері бойынша жүзеге асырылады. Ортақ ереже бойынша саралау процесі қылмыс объектісін анықтаудан басталады [3].

Табиғатты қорғаудағы қылмыстық қол сұғушылықтар табиғи ресурстарды ұтымды қолдану (сақтау, өндіру, жақсарту) көзқарасынан талқыланады. ҚР-нда табиғатты қорғаудың заң шығаруы белгілі табиғи объектілерді, орман массивтерін, ауа, су, жануарлар дүниесін сақтау мақсатымен шаруашылық иелерінің және табиғат ресурстарын басқа тұтынушылардың құқықтарын шектеуден құрылды.

Бүгінгі күнге дейін іс жүзінде қылмыстық құқық теориясында ресурстарды сақтау басымдылығы туралы көзқарас негізгі, басты болып келеді. Бұл көзқарас, біздің ойымызша, бірнеше себептерден дұрыс емес болып саналады:

- біріншіден, табиғи байлықтарды тиімді, ұтымды пайдалану олардың белгілі шаруашылықтық мүдделерге бағынуын білдіреді. Осылайша табиғатты қорғау іс жүзінде екінші орынға жылжиды немесе жай ресми мәлімделеді. Мұны экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың ресми статистикасында бірінші орынды «браконьерлік іс» алатынынан көрінеді. Жауапкершілік туралы нормалар табиғи ресурстарды заңсыз қолданған қылмыстар кезінде пайдаланылады да, табиғи ортаға және экологиялық қауіпсіздікке нұқсан келтіру үшін жауапкершілік туралы нормалар қоғамдық қауіпсіздіктің жоғары болғанына қарамастан, кей кездерде ғана қолданылады.

- екіншіден, табиғатты қорғау заң шығарудың бүкіл тарихында табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану нормативтік актілердің төмен сапасы, келісімге келмеушілік себептерінен қамтамасыз етілмеді. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың мәні туралы соңғы кезде басқа да пікірлер жүр. Дәлірек, талданып жатқан іс - әрекеттердің объектісі «қызметтің тікелей негізі ретінде қоршаған ортаны пайдалану және тағы басқа әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша адамның өмір қызметін қамтамасыз ету үшін ұтымды орындалуын қажет ететін фактілік қоғамдық қатынастардың күрделі, біртұтас кешені, олардың құқықтық формасының және материалдық субаппараты деп анықталады.

Біздің ойымызша, қолайлы қоршаған табиғи ортаға байланысты құқық мазмұны өте кең ауқымды. Ол адамдардың экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуға, мемлекеттік органдар өз шешімдерін негіздейтін және қоршаған ортадағы жағымсыз өзгерістер туралы ақпараттарға қол жеткізу, бұзылған құқықтар мен шаруашылық-экономикалық шешімдердің тура немесе жанама ықпалынан экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды қалпына келтіру үшін және өтемақыға байланысты сотқа жүгіну құқығы және т.б.



Экологиялық қылмыстық-құқықтық нормалар табиғатты қорғауға бағытталуы тиіс, ал адамды қорғау жанама түрде өту керек, себебі біз табиғатты қорғай тұрып, әрине, адамды да қауіпті қатерлерден қорғаймыз. Заң шығарушы экологиялық баптардың диспозицияларында жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, балық қорларына және т.б. зиян келтіру салдарын алдын ала біле тұрып, осы жолмен жүрді делінеді, ал адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіру күшейтілген және ерекше күшейтілген құрам деп анықталады [4].

Осылайша, біздің пайымдауымызша, қылмыстық-құқықтық нормалардың қорғауында тек қана адамдар емес, барлық табиғи орта болады деп айтуға болады. Айтылған көзқарасты қолдайтын аргумент келесі бола алады: экологиялық қылмыстық құқық бұушылықтар тарауы заңнама түрінде алдын ала қарастырылды, егер адам қауіпсіздігі туралы айтылса, бұл нормалар тұлғаға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік тарауында өз орнын таба алушы еді.



Біркелкі жалпылықтың нормативтік массивтен бөліну негізіне қол сұғушылықтың объектісі алыну тиіс деген қылмыстық құқық теориясы мен заңнама тәжірибесінде тұрақталған пікір тектік объект бойынша нормаларды жүйелеудің негізі болып табылады. Бұл жүйелеу қылмыстың әлеуметтік мәнін анықтайтын белгіге негізделеді. Түрлік объектінің болуы қол сұғушылықтардың объектісі бойынша біркелкі қылмыстардан маңызы және мәні бойынша жақын мүдделерге қауіп төндіретін іс-әрекеттер тобын бөлуге жағдай жасайды. Мұндай мүдделерге экологиялық мүдделер жатқызыла алады, бұл оларды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жеке тарауға бөлінуіне негіз болады. Топтастыру негізіне қылмыс заты, сапалы қасиетін құрайтын тұрақты белгі және топтастырылған құбылыстардың ерекшелігі жатқызылады.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес, экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарының қылмыс заты ретінде қарастырыла алады:

Біз барлық экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың төмендегілерге тікелей қол сұғушылыққа байланысты топтастыруды ұсынамыз:

  • Экологиялық қауіпсіздікке қылмыстық қолсұғушылықтар;

  • Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар;

  • Халықаралық келісімдер және басқа мемлекеттердің табиғи ортасына зиян келтіру. Біздің көзқарасымыз бойынша, табиғатты қорғау саласындағы халықаралық келісімдерді бұзу ҚР ҚК ауқымынан шығады.

Осы кезеңге дейін ғалымдар нақты қылмыстардың құрамдарын зерттеуге тоқталмай, осы қылмыстар санаттарын жалпы құбылыс ретінде қарастыруына негізгі көңілді бөлген. Көбінесе экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері оларды басқа қылмыстармен салыстыру жағынан сипатталған. Осыған нақты экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелерінің теориялық жағынан дамытылуы бірқатар маңызды мәселелермен ерекшеленеді. Ал ғылыми еңбектерде орын алған ережелер кейде қарама-қайшы келеді. Осы күнге дейін жүргізілген ғылыми зерттеулердің жарық көргені туралы фактілері соңғы орын алып отырған жоқ және олар, әрине, соңғы жылдардың өзгерістерін ескермейді, яғни: қоғамдық қатынастардың қайта құрылуы, әлеуметтік құндылықтардың өзгелерімен ауыстырылуы, экологиялық жағдайдың нашарлауы және тағы басқа.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 1995.

  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. - 1997. - 11 қазан.

  3. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған // Егемен Қазақстан 2003. - 10 желтоқсан.

4.Қазахстанская Правда, № 192 (23841). - 2002. - 4 сентября.

5. Қайыржанов Е.И. Интересы трудящихся и уголовный закон. - Алматы,
1973.
Аннотация. В данной статье рассмотрены меры совершенствования уголовной ответственности за загрязнение атмосферы.

Annotation. In this article is considered the measures of perfect criminal responsibility for pollution of atmosphere.
ӘӨЖ 343.25
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ

ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС ЖОЛДАРЫ
Еркебаева А.Қ., Кажигалиева Б.Г.

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз қ.

Криминологтар кәмелетке толмаған қылмыскер тұлғасының құрылымын зерттеудің ерекше маңыздылығын және күрделілігін атап көрсетеді.

Кәмелетке толмаған қылмыскерлерді топтастыру олардың мінез құлықтарының мынадай ерекшеліктерін қамтиды:

а)қылмысты кездейсоқ жасау;

ә) тұлғаның жеке бағыттылығының жалпы тұрақсыздығы салдарынан қылмыс жасау ықтималдығы.

Кәмелетке толмаған қылмыскердің жеке тұлғасын зерттеу-өте күрделі психологиялық міндет.

Әсіресе, жасөспірімнің ішкі жан-дүниесін, оның әдеттерін, қызығушылығын, қажеттіліктерін зерттеу өте күрделі. Бұл күрделілік кем дегенде екі жағдаймен түсіндіріледі:

1)осындай зерттеу жүргізілуге тиісті шектерді белгілеуге байланысты қиындықтар;

2) алынған ақпараттың әділдігін (объективтілігін) қамтамасыз етуге

байланысты қиындықтар[1].

Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу үшін елеулі мән-жайларды анықтау негізінде қылмыс құрамының жас және есі дұрыстық сияқты элементтерін айқындау өте маңызды болып табылады, себебі ессіздік жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, кәмелетке толмаған айыпкердің, сезіктінің бойында психикалық ауру немесе даму кемдігі болуы, оның өз іс-әрекеттеріне толықтай немесе жекелей есеп беруге және нақты жағдайда оларды басқаруға қабілеттілгі туралы мәселелерді шешу үшін кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалуы міндетті. Сондай-ақ, жасөспірім сезікті не айыкер тұлғасының ақыл-ой, ерік-жігер, психикалық даму деңгейлерін анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандар істерін жүргізу қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетіндігі белгілі. Жасөспірімге жеке тұлғаның дербестігіне қол сұғылмауы, сот ісін жүргізу тілі, айыпкердің қорғауға құқығын қамтамасыз ету туралы нормалар толық көлемінде тиесілі.

Қылмыстық іс жүргізу теориясында айыпкердің қорғау алуға құқығы заңда берілген құқықтардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, олардың көмегімен айыпкер өзіне айыптан қорғану, толық немесе ішінара ақталуға қол жеткізу, жауапкершілікті жеңілдету, сондай-ақ өзінің заңды жеке және мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін пайдалана алады. Қорғау құқығы, айыпкерге заңда берілген басқа да құқық өкілеттіктермен бірге, қорғаушының көмегін пайдалану құқығын да қамтиды [2].

Осылайша, айыпкердің қорғау құқығы оның жеке пайдалана алатын құқықтарының жиынтығын және процесте қорғаушы қызметін пайдаланумен байланысты құқықтардың жиынтығын қамтиды.

Кәмелетке толмаған айыпкерді қорғау жоғары кәсіптік шеберлікті ғана емес, сонымен қатар жасөспірім психологиясын білуді қатынас тәжірбиесін қажет ететін қиындықтармен сабақтасып жатады. Сондықтан, кәмелетке толмаған айыпкерді қорғауды мүмкіндігінше, жасөспірімдерді қорғауға маманданған, балалармен жұмыс тәжірбиесі бар қорғаушының жүзеге асыруы тиіс.

Егер жасөспірім сезікті, айыпкер не олардың заңды өкілі қорғаушымен келісімге келмесе, онда тергеуші, прокурор, сот іс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Процеске қорғаушының қатысуы - айыпкердің қорғау құқығы қағидасын жүзеге асырудың бір түрі.

Қорғау құқығын жүзеге асыру - бұл сот әділдігін табысты түрде жүзеге асырудың қажетті шарты.

Айыпкерге қорғау құқығын қамтамасыз ету осы жағдайдың ерекше маңыздылығына байланысты конституциялық қағида дәрежесіне көтерілген. Ол ҚР Конституциясының 13-бабында бекітілген.

Айыпкерге қорғау құқығын қамтамасыз ету - қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтаудың, сот шешімінің, қаулысының, заңды және негізделген үкімнің маңызды кепілдігі. Бұл қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылықтың маңызды кепілдігі.

Айыпкердің кінәсіздік презумпциясы қағидасы - бұл объективті құқықтық ереже, оған сәйкес заң үкім заңдық күшіне енгенше айыпкерді кінәлі деп есептемейді және әрбір процеске қатысушыдан іс бойынша жиналған материалдарды жан-жақты және әділ зерттеудің негізінде осы іске қатысушының бойында айыптаудың заңдылығы мен негізділігіне берік сенім қалыптасқанға дейін айыпкерді кінәлі деп есептемеуін талап етеді.

Кінәсіздік презумпциясының мәні одан бірнеше маңызды салдарлар келіп шығатынында жатыр:

1) айыпкердің кінәлілігін істі қарайтын сотта кім бекітеді, сот дәлелдеуі тиіс, сотталушыны дәлелдеу міндеті айып тағуға жатады;

2) соттың, прокурордың, тергеушінің дәлелдеу міндетін айыпкерге аударуға құқығы жоқ;

3) айыпкер өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, егер ол оны дәлелдей алмаса, онда бұл оны кінәлі деп тануға үшін негіз бола алмайды;

4) шешілуі қиын күдіктер айыпкердің пайдасына шешіледі (оларды шешуге барлық қажетті шаралар қабылданғаннан кейін ғана);

5) айыпкердің көрсетпесіне зорлық, қорқыту және заңсыз шаралар жолымен жетуге тыйым салынады;

6) дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікпен бірдей;

7) айыптау үкімі шығарылғанға дейін айыпкердің кінәлілігі туралы баспасөзде, бұқаралық ақпарат құралдарында түпкілікті пікір айтуға жол берілмейді.

Кәмелетке толмағандар өздерінің жас шамасына, зияттық деңгейіне байланысты физикалық, рухани және әлеуметтік даму салаларында, сондай-ақ құқықтық қорғау саласында ерекше қамқорлық пен көмекке зәру екендігін назарға ала отырып, мемлекет олардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін жүзеге асырудың тәртібін бекітті. Осылайша объективті себептерге орай, өскелең ұрпақтың құқықтық санасын көтеруге, тәрбиесін, білімін жетілдіруге құқықтық ықпал етуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі міндеттеріне сәйкес, сот әділдігі органдары жүзеге асыратын кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу жасөспірімдерге құқықтық ықпал ету, олардың сот қорғауы, құпиялық, жазаны даралау, тең құқықтылық және т.б. құқықтарын іске асыру тәсілдерінің бірі болып табылады, өйткені жасөспірім-құқық бұзушылардың жеке мінездемелерін ескере отырып, мемлекет кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы іс жүргізудің ерекше тәртібін бекітті. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттелген бұл тәртіп кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыруға қатысы бар Жалпыға бірдей адам құқықтарының Декларациясына, балалар құқығы туралы Конвенцияға, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге, БҰҰ-ның Шағын стандартты ережелеріне және басқа адам құқықтарын жариялайтын халықаралық құжаттарға негізделеді[3].

Заңмен бекітілген кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі істі дұрыс шешуге жәрдемдеседі, сот әділдігін жүзеге асырудың сапалылығына, сот қателерін жоюға, жасөспірімдерге тәрбиелік-алдын алушылық әсер етуге оң ықпал жасайды.

Бұл органдардың тәрбиелік-алдын алу жұмысы, ең алдымен, оның қылмыстылық пен жастар арасындағы басқа да құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жүйесінің элементі екендігіне байланысты.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде ұсынылған прогрессивтілік пен адамгершілік, оның мазмұнында бұрынғы заңнамадан ерекше ережелер жатқандығымен анықталады, олар:

1. Сот әділдігі құралдары арқылы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

2.Айыптау, қорғау және істі мәні бойынша қарау функцияларының бөлінуі. Тараптардың нақты бәсекелестігі мен тең құқықтығын қамтамасыз ету.

3. Сотқа жаңа статус (мәртебе) беру.

Заңда сот билігінің тәуелсіздігі бекітілген. Соттың іс қарауы құқық қорғаушылық тұрғысына ауыстырылған. Сотқа дейінгі іс жүргізуді сот бақылауын көздейтін түбегейлі жаңа нормалар енгізілген.

Республика соттары тұрақты түрде сот қызметінің деңгейін көтеріп отырады, сот ісін жүргізу сапасын жақсарту және іс-әрекетті саралау, жаза тағайындау кезінде қателік жібермеу, кінәсіз тұлғаларды қылмыстық қудалауды жою мақсаттарымен кәмелетке толмағандар істерін профессионалды түрде алдын ала тергеу мен қарауға назарды күшейтеді.

Бірақ, дегенмен де, жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес, оның алдын алу, қылмыс жасау үшін жағдай жасайтын себептерді жою, азаматтарды тәрбиелеу тек құқық қорғау органдарының, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт қызметкерлерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және т.б. қатысуымен профилактикалық қызметтің барлық бағыттарының жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады, олар сананы қайта құруға, республика халқының бойында елдегі қылмыстылық жағдайына әділ баға тудыруға, азаматтардың құқық бұзушылыққа төзбеу сезімін қалыптастыруға, кемелді адамгершілік көзқарас бағдарына және жасөспірімдер мен жастар бойындағы өзіне-өзі сын көзімен қарау сезіміне тәрбиелеуге көмектесе алады[4].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс, 2004.

2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.

3. Столяренко А.М. Прикладная юридическая психология. Юнити, 2001.

4. Васильев В.Л. Юридическая психология. Учебник для вузов 5-е изд. Питер, 2003.

5. Ратинов А.Р, Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.



6. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.
Аннотация. В статье рассмотрены пути борьбы с преступностью несовершеннолетних.

Annotation. In this article is considered the ways of tighting criminal of teenagers.


ӘОЖ 52. 31
ЗАР ЗАМАН ПОЭЗИЯСЫНЫҢ РУХАНИ – ТАНЫМДЫҚ

ТҰРҒЫДАН САРАЛАНУЫ
Жапарова Ә.Ә.

Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ ЖО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ.
Өткен ғасырдағы көрнекті әдебиет зерттеушілерінің көпшілігі ХІХ ғасырда қазақ даласында қалыптасқан ірі әдеби ағым – «Зар заман» әдебиетін зерттеуге қызығушылық танытқаны мәлім. Мәселен, Сәкен Сейфуллин 1932 жылы қазақ әдебиетінің төңкеріске дейінгі тарихын «Билер дәуірі» және «Орыс патшасына бағынған дәуір» деп екі дәуірге бөліп қарастырса, Сәбит Мұқанов Шортанбай дәуірін «Зар заман әдебиеті» деп атады. Бұл кезеңге қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесіне қатысты зерттеулер жүргізген Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Ы.Дүйсенбаев сияқты белгілі ғалымдарымыз да айрықша мән береді. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов «Зар заман» әдебиетін сипатына қарай «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет» деп атауды ұсынды.Ал қазақ халқының ұлы қаламгері Мұхтар Әуезов 1927 жылғы «Әдебиет тарихы» оқулығының «Зар заман» атты бөлімінде бұл кезең жайында арнайы зерттеуін жариялады.  Бұл кезең әдебиетін зерттеуге алғашқылардың бірі болып қалам тартқан ұлт көсемдерінің бірі, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы. Оның «Зар заман» әдебиетіне қатысын екі түрлі бағытта қарастырамыз. Бірінші, «Зар заман» әдебиетіндегі азаттық идеясының Алаш идеясымен, оның ішінде А.Байтұрсынұлы шығармаларындағы ұлттық рухпен өзара байланыстылығы, екінші, «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі «Зар заман» әдебиеті өкілдерінің шығармаларының көрініс табуы тұрғысынан айтуға болады. Әрине, ХХ ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты ұлт зиялылары бастаған Алаш идеясының арғы тегі ХІХ ғасырдағұмыр кешкен Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы т.б. сияқты «Зар заман» ақындарының қазақтың азаттығын аңсаған айшықты жырларында жатқандығы анық. Тек ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ даласының әр тұсында басталған поэзиядағы отаршылыққа наразылық идеясы мен Кенесары Қасымұлы, Исатай-Махамбет бастаған ашық күрескерлік ХХ ғасырдың басында пісіп жетіліп, үлкен ұлттық мәдени-саяси қозғалысқа айналды. ХІХ ғасырда ескіше хат таныған ақындар тығырықтан шығар жол таппай күңіреніп, жалаң қылыш асынған батырлар мұздай қаруланған жауға қарсы шапса, ХХ ғасырда еуропалық терең біліммен жарақтанған қазақ зиялылары азаттық идеясын өркениетті түрде жаңа сатыға көтерді. Олар білек күшімен емес, білімнің мысымен күресті. «Зар заман» әдебиетін зерттеуші ғалым Бауыржан Омарұлы ХХ ғасыр басындағы ұлттық оянуға бетбұрысты: «Міне, зар заман поэзиясындағы сарындардың, дәстүрлі тұжырымдардың біртіндеп жоғала бастайтын тұсы да осы. Алдымен «заман азды, жер тозды» мотивін ағартушылық идеялар, әрекетшілдік қадамдар ығыстырды. Өлең-жыр ақырзамандық сарыннан арылды. Мағжанның «өткен – аяулы» деп жырлағанындай, кешегі күнді көксеу сарыны халықтың көшпенді өмірін, азат дәуренін сағынудан гөрі, адам баласы үшін артта қалған қалған тіршіліктің қадірлі болатынын айту әуеніне қарай ойысты. Жаңа дүниенің құбылыстарына тосырқай қарау, күдіктене-күмәндана жырлау үрдісі жойылып, тосын жаңалықты дәріптеп, мұны қазақ үшін керек нәрсе деп бағалау дәстүрі қалыптаса бастады», –деп жазады. Ұлы мақсатқа жету үшін Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары да өзінің алдындағы қазақ халқына ойы азық, сөзі темірқазық болған ұлт данышпандарының ұлы қайнарынан сусындады. «Олар кімдер еді?» дегенде әрине, алдымен ұлы Абай Құнанбаевты атар едік.  Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында:«1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түсіндіріп, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады», – деп баға берген ұлы ақынның шығармашылығы Алаш идеясының негізгі ұстыны болғаны анық.  Алаштың астанасы Семей қаласы деп, өздері Абай мектебінің өкілдері Шәкәрім Құдайбердіұлы, Көкбай Жанатайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы сияқты сұңғылалардың айналасына топтасуының бір ұшығы осында жатыр. Абайды жан-жақты таныған Ахмет Байтұрсынұлы ол үлгі тұтқан «Зар заман» әдебиетінің көрнекті өкілі Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын зерттеу нысанына енгізгенімен, ұлы ақынның рухани ұстазы делініп жүрген Дулат Бабатайұлы туралы пікірін еш жерден кездестіре алмадық. Бір қызығы ХХ ғасыр басындағы ең көрнекті зерттеу еңбектері болып табылатын Ахаңның «Әдебиет танытқышында» да, М.Әуезовтің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» еңбегінің «Зар заман» атты тарауында да Дулат Бабатайұлы аталмайды. 1870 жылы Қазанда «Өсиетнама» атты кітабы жарық көрген ақынды қазақ оқығандары білмеді деу негізсіз. Зиялыларымыздың аумалы-төпелі заманда сақтануына себеп болған Дулат шығармаларында орыс отаршылығына наразылық ашық айтылғандығы болса керек. Қалай дегенмен де, Абайды Дулаттан, Шортанбайдан бөліп қарастыра алмаймыз. С.Мұқанов «…қазақтың халық әдебиетінсіз, Бұхар жыраусыз, Махамбетсіз, Шортанбайсыз Абай да болмас еді.Қазақ әдебиетінің қайнар бұлағы – Абай емес, Абайды туғызған халық», – десе, академик Р.Бердібай Абайдың ескі ақындарды сынаған өлеңдерін тілге тиек ете келіп, «Бірақ Бұқар, Шортанбай, Дулат сынды ақындардың сөз кестесінен, бейнелеу құралдарынан мүлде тағылым көрмеген деген үзілді-кесілді қорытынды тумайды», – деген пікір айтады. 
«Зар заман» әдебиеті өкілдерінің Абай поэзиясына әсер еткен уытты толғаулары Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдеріне әсері аз болған жоқ.Дулат, Шортанбай, Мұраттардың шығармаларында көтерілетін ел мен жер мәселесі, халықтың әлеуметтік тұрмысы, жұртты еңбекке, білімге, рухани оянуға шақыру идеясы Ахмет Байтұрсынұлының да өзегін жарып шыққан туындыларының өне бойынан көрініс табады. 
Шұрайлы жерлердің жат қолына түсуі, айрандай ұйыған ел ішінің нілдей бұзылуын Дулат, Шортанбай, Мұраттар ел басқарған сатқын, «Жатып ішер жалмауыз, борсық тұмсық қандауыз» қазақ ұлықтарынан көрсе, А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары оның себебін жекелеген адамдардың ашкөздігінен емес, жалпы халықтың надандығының, бейғамдығының кесірінен іздейді.

Мәселен, Дулатта, 

Әуелгі қазақ деген ғаріп жұрт, 

Миығыңды көрсетпей, 

Ұстарасыз өскен мұрт. 

Ұйқы басып сезбедің, 

Шырмағанын жаудың сырт, – десе,



Шортанбайда, 

Қайсы бірін айтайын, 

Қазақтың ұлы қамалды. 

Қамалмай енді неғып тұр, 

Тәубасынан қазақ жаңылды. 

Тұс-тұсынан жау шығып, 

Дұшпанға жаман табынды. 

Кәдесі қалың Арқаңыз 

Ақ шөбін қимай бағынды. 

Бағынғанның белгісі: 

Билік кетті басыңнан, 

Қорлық көрдің жасыңнан. 

Ұл-қызыңнан үміт кетті, 

Айрылдың құда, досыңнан, - деп келетін жолдарда қазақ қоғамының тығырыққа тірелгені, одан шығатын жолдың жоқтығы, күнбатыстан басқыншылар кіріп, «ақырзаманның» таянғаны көкірегі ояу ақындарды дүниеден түңілдіргенін көреміз. 


Ал, ХХ ғасыр басында бұл идеяжаңаша сипатта жаңғырып, түлеп Алаш қайраткерлерінен Міржақып Дулатұлының, Мағжан Жұмабаевтың, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерінде де айқын көрініс тапты. Мысалы, «Жиған-терген» өлеңіндегі: 
Қазағым елім, 

Қайқайып белің, 

Сынуға тұр таянып, 

Талауда малың, 

Қамауда жаның, 

Аш көзіңді оянып. 

Қанған жоқ па әлі ұйқың, 

Ұйықтайтын бар не сиқың?! - деген шумақтардан ақынның бейғам қазақтың надандық дәуіріндегі іс-әрекетіне налыған, оларды рухани оянуға, бірлікке шақырған жанайқайын көреміз.Отаршылдықтың қамытын мықтап киген надан халықты тек білім мен өнерді үйрету арқылы ғана санасын оятуға болатынын жырға қосады. Байқағанымыздай, бұл өлең жолдары зар заманның жалғасы сияқты болғанымен, бұрынғыдай тығырыққа тірелу, шығар жолды таппау, заман азғанына күйіну сияқты ескі сарын жоқ. Оғаны негізгі себеп бірінші, Абай, Ыбырайлар, одан кейін Алаш қайраткерлері бастаған оқу, білімге, жаңалыққа ұмтылу кезеңі, рухани ояну дәуірі халықтың көңілін басқа арнаға бұрды. Өткенді аңсап зар айтудан гөрі жаңа дәуір ақындары елдің сауатын ашса ғана бодандықтан бостандыққа ұмтылуға болатынын түсінді. Екіншіден, Абайдың негізін қалаған қазақ классикалық поэзиясы сөз өнерінің ішкі сипатын мүлде өзгертті. Елдің мұңын, жердің қадірін жырлаудың басқаша үлгісі қалыптасты. Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» мақаласында: «Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге, бойына біткен зеректіктің үстіне, Абай әртүрлі Еуропа білім иесілерінің кітаптарын оқыған. Тәржіма халін, жазушы Ғалихан Бөкейхановтың айтуына қарағанда, Абай Спенсер, Луис, Дрепер деген Еуропаның терең пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған. Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген терең пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады», – деп жазғандай, Абай Фирдоуси, Сағди, Хафиздер бастаған шығыс шайырларымен қатар Еуропаның үздік философтары мен ақындарының заманды астарлап жырлау әдісін қазақ өлеңіне енгізді. Оны Мағжан Жұмабаев бастаған жаңаша бағыттағы ақындар ары қарай дамытты. Ал Абайдың осылайша жырлауына, «Зар заман» ақындарының, әсіресе,Дулат Бабатайұлының да әсері ерекше. Академик Рабиға Сыздықова «Дулатты танып болдық па?» атты мақаласында: «Қазақ жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады», – дей келіп: «Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұқар толғауларынан, одан қалды өзімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше дүниелер»,- деген тұжырым айтады. Әрине, әдебиеттің қоғамдық құрылыстардың өзгеруімен бірге жаңғырып, жаңарып отыруы заңдылық. Алаш қайракерлерінің жырларында айтылатын елдік, ұлттық мұратттардың жыраулар поэзиясынан, оның бергі жағында «Зар заман» әдебиеті өкілдерінен жалғасып жатқанын жоққа шығара алмаймыз. 

Енді «Әдебиет танытқыш» еңбегінде «Зар заман» әдебиеті өкілдерінің шығармалары талдануына келсек, профессор-ғалым Бауыржан Омарұлы: «А.Байтұрсынов сөз өнерінің әр түрін талдап-таразылау барысында зар заман үлгілерін мысал ретінде пайдаланды. Ғалым көркейте айқындауды – Мұрат, насихат өлеңді Әбубәкір, діндар әдебиет термесін Шортанбай шығармаларынан алынған үзінді жыр тармақтарымен дәйектеп көрсетеді», – деп жазады. Қазақ өлеңін жанрлық жағынан алғаш жіктеп көрсеткен Ахмет Байтұрсынұлының зар заман ақындары жырларының табиғаты бірнеше жанрға сәйкес келгендіктен мысал ретінде алған. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлының өлең жолдарын «Тіл көрнектілігі» тарауының «Көріктеу» тараушасында көркейте айқындауға, Шортанбай Қанайұлының шығармаларын «Діндар дәуір» тарауындағы «Насихат» тараушасында, «Терме» тараушасында, Әбубәкір Кердерінің өлеңдерін «Әсірелеу» тарауындағы «Қайталақтау» тараушасында, «Діндар дәуір» тарауындағы «Насихат» тараушасында, «Даттау» тараушасында, «Терме» тараушасында пайдаланған. «Зар заман» ақындарының жырлары көбінесе Ахаң жазған «Діндар дәуір» әдебиетіне сәйкес келеді. Себебі, олардың барлығы діни біліммен сауатын ашқан, Ислам дінінен мол хабары бар ақындар болғанын шығармаларынан анық байқауға болады. Елге діни насихат айту, жаманшылықтан сақтандыру, жаны күйзеліске түскенде Құдайдан жәрдем тілеу, Жаратқанға жалбарыну олардың жырларына тән болып келеді. «Әдебиет танытқыштағы»: «Діндар дәуір мұңды, зарлы сөздеріне мінажат деп ат қойған. Әуелгіде мінажат деп ғұламалардың құдайға айтқан зары, арызы, налысы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңлық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де мінажат деп аталатын болған», – деген сипаттаманың «Зар заман» жырларындағы сарындарға да қатысы бары анық. 
Ахмет Байтұрсынұлы анықтама беретін налыс толғауы, терме, мінажат өлеңдердің «Зар заман» жырларының жанрлық сипатына сәйкес келеді. 
Жинақтай айтқанда, зерттеу еңбектерінде шығармаларын пайдаланғанын және жырларыдағы идеялық сабақтастықты ескере отырып, Ахмет Байтұрсынұлы «Зар заман» ақындарының шығармашылығымен жақсы таныс болған, олардын рухани үлгі алған деген қорытынды жасауға толық негіз бар. «Зар заман» әдебиеті мен «Алаш ұранды» әдебиеттің сабақтастығын індете зерттеу келер күндердің де талабы болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Омарұлы Б, Мұрат Мөңкеұлы Алматы 2005. 246 б.

2.Мәдібай Қ. Зарзаманағымы. Алматы 2005. 246 б.

3.« Қазақстан » ұлттықэнциклопедиясы, 4 том Алматы ,

4.« Қазақэнциклопедиясының » Бас редакциясы, Алматы 2005. 246 б.

6.Мағауин М. « Поэты Казахстана » Алматы . 1978 , 149 б


Аннотация. В современных условиях развития казахстанского общества, целенаправленно взявшего курс на вхождение в мировое образовательное пространство, войти в число пятидесяти развитых стран мира, исключительно важным является возрождение ценных педагогических идей исторических личностей, выдающихся деятелей. В этом плане национальным достоянием является творческое наследие известных писателей. Именно произведения наших писателей, известные далеко за пределами РК, обладают гуманистическом потенциалом, утверждающим идею всобщей любви к человеку, воспитывают осмысленные чувства ценности человеческой жизни.

Аnnotation. In modern conditions of Kazakhstan society, purposefully committed to entering the world educational space, enter the top fifty developed countries, an extremely important is the revival of valuable pedagogical ideas of historical figures, prominent figures. In this regard, a national treasure is the creative heritage of famous writers. It is the product of our writers, known far outside Kazakhstan, have humanistic potential approvers idea vsobschey love for man, bring meaningful sense of the value of human life.


УДК 796.037

К 50
МЕСТО И НАПРАВЛЕННОСТЬ МЕТОДОВ НРАВСТВЕННОГО ВОСПИТАНИЯ НА ЗАНЯТИЯХ ПО ФИЗИЧЕСКОМУ ВОСПИТАНИЮ
Ким Ф.Э., Тохтыев А.Ш.

Таразский государственный педагогический институт, г.Тараз
Комплексный подход к воспитанию молодого поколения как один из важных принципов воспитания предполагает взаимосвязь и взаимообусловленность всех его сторон. В процессе занятий физическими упражнениями это означает педагогическое требование, предполагающее, что в единстве с за­дачами физического воспитания решаются и задачи нравственные.

Однако возникает вопрос, как решать эти задачи во взаимосвязи? Случайным набором методических средств и приемов воспитатель­ного воздействия? Решение этого вопроса не так просто, как кажется; особенно когда речь идет об организованных занятиях физическими упражнениями, где учат не только движениям, «о и отношении» к ним, способствуют не только развитию физических качеств, но и осозна­нию их социальной значимости в жизни, че­ловека.

Широко известно положение, что физи­ческая культура и спорт - важные средства воспитания. При этом неко­торые считают, что сами по себе упражнениями обеспечивают обучаю­щимся высокую нравственность. Это происхо­дит из-за, недостаточной педагогической грамотности, от неумения дифференцировать сред­ства, методы и приемы воспитания и сочетать их с физическими упражнениями.

В педагогических работах (2,3.4,7) отмеча­ют различия между этими педагогическими понятиями. Средства воспитания понимаются как виды деятельности (познание, труд, игра, спорт, общение и др.), которые могут воспита­тельно воздействовать при соответствующих педагогических условиях. При этом имеется виду гармоническое и оправданное сочетание средств с методами воспитания и приемами воспитательного воздействия. Само по ce6е средство может быть, нейтральным к ре­шению воспитательных задач, и только в един­стве с методами, формирующими личность, оно может стать фактором, воспитывающим человека.

Чтобы средства физического воспитания и спорта стали действительно воспитывающими и, необходимы глубокое знание педагогом ме­тодики воспитания и наличие у них практи­ческих умений в решении воспитательных задач.

Как показало исследование (1], преподавателям физического воспитания вузов наиболее трудно овладеть профессиональными умениями, связанными с решением воспитательных за­дач, среди которых преимущественное значение имеют задачи нравственного сознания и пове­дения, и практически использовать их. Если в структуру нравственного сознания входят нравственные представления, понятия, убежде­ния, чувства, то в структуру нравственного поведения- нравственны действия, поступки, привычки; нравственное сознание и поведение взаимосвязаны и взаимообусловлены. Однако в практической работе акцент часто делается на тех. или других задачах и способах воспи­тательного воздействия.

В психолого-педагогических работах [5, 6] конкретные научно обоснованные методики вос­питания нравственного сознания и поведения представлены очень скупо, а в практике фи­зического воспитания они почти не применяются. В то же время известно, что нравствен­ное сознание человека не всегда адекватно его поведению. Разрыв между /нравственным сознанием и поведением при занятиях физи­ческими упражнениями возникает тогда, когда процесс физического воспитания не распола­гает средствами и методами, гармонично воз­действующими как на формирование сознания, так и на положительный опыт нравственного поведения. Этот процесс реализуется тогда, когда занимающийся принял цели физкуль­турной деятельности как социально значимые, когда у него сформировались общественно значимые мотивы деятельности, имеющие в то же время и личностный смысл. Поэтому в про­цессе занятий необходимо творчески исполь­зовать комплекс методов и приемов идейно-политического, нравственного, эстетического воспитания, обеспечивающих педагогическую инструменттовку используемых средств физического воспитания и спорта. Метод воспитания, по словам А.С. Макаренко, это инструмент прикосновения личности.

Изучение практики занятий физическими упражнениями со студентами показывает, что, если и применяются методы и приемы воспи­тания, то они органически не связываются с сущностью изучаемых средств, физического воспитания. В педагогической литературе также не раскрыто конкретно и обоснованно где, когда, с какой целью и как целесообразно использовать методы и приемы воспитания.

Для решения задачи рационального и об­основанного использования методов, и приемов воспитания (преимущественно нравственного) со студентами вузов и курсантами военной кафедры Тар.ГУ им. М.Х. Дулати, проводилась эксперименталь­ная работа. Педагогический эксперимент был направлен, на выяснение следующих задач: какой эффект в повышении уровня нравственной воспитанности, студентов (курсантов) дает использование различных групп методов нравственного воспитания при соблюдении соответствующих педагогических условий; при ре­шении каких задач физического воспитания и в каких частях урока целесообразнее исполь­зовать те или иные методы и приемы нрав­ственного воспитания; каким образом используемые методы нравственного воспитания ока­жут реальное воздействие на формирование нравственного сознания и поведения.

Для решения этих задач предварительно путем анкетирования экспертных оценок изу­чался уровень нравственной воспитанности ис­пытуемых. Анкета, которая предлагалась для выявления уровня нравственных знаний (нрав­ственного развития), включала вопросы о воспи­тательном значении физической культуры и спорта, о мотивах занятий физическими упраж­нениями, о наиболее важных качествах физкультурника, спортсмена, тренера, о нормах и правилах спортивной этики. Отве­ты оценивались по разработанной шкале оценок, (из 5 баллов), при этом имелись в виду такие критерии: идейная направленность, глубина ответов, уровень понимания вопросов, объем, даваемой испытуемым информации.

При помощи экспертных оценок по 9-бальной шкале оценивались ведущие нравственные качества, характерные для молодого человека (идейность, коллективизм, дисциплинированность, трудолюбие, честность, мужество и др.) Всего в анкете для экспертной оценки было 15 качеств.

Анкетирование выявило низкий и средний уровень нравственных знаний и представлений о нравственных ценностях в спорте и мотивах занятий физическими упражнениями.

Данные опроса наблюдений, экспертных оценок послужили основой для разработки программы формирующего эксперимента. В экс­перименте участвовали 120 студентов 1-х кур­сов. Они были разбиты на 4 группы: 3 экспе­риментальные и 1 контрольную.

Чтобы выявить характер влияния конкрет­ных групп методов и приемов воспитания на развитие нравственных качеств, для каждой экспериментальной группы была разработана своя методика. В 1-й экспериментальной группе в процессе занятий внимание акцентировалось на работе по нравственному просвещению. В сочетании с физическими упражнениями с учетом их специфики широко использовались методы, формирующие нравственное сознание: перед студентами ставились и им разъясня­лись воспитательные задачи в начале занятия, перед каждой его частью, перед каждым упражнением, если оно изучалось впервые. Перед упражнениями, которые выполнялись группой, потоком, в играх, разъяснялись не­обходимые в коллективной работе нормы и правила поведения (взаимопомощь, взаимоува­жение, поддержка, соблюдение необходимого порядка и т. п.); для улучшения эмоциональ­ного состояния, стимулирования к преодоле­нию трудностей, возникающих перед занимаю­щимися, использовались этические «беседы- минутки», «микрорассказы», в которых кратко сообщались интересные факты, героические эпизоды из жизни выдающихся спортсменов, из истории соревнований, из боевой прак­тики и т. п.

При подведении итогов занятий давались оценки не только за овладение техникой, но и за активность и помощь товарищам за орга­низацию своей подгруппы, за выдержку, культуру поведения, смелость, находчивость и дру­гие моральные и волевые проявления. При со­ответствующих ситуациях на занятиях исполь­зовались элементы дискуссии («Как бы ты посту­пил в той или иной ситуации, в игре, если бы надо было помочь товарищу обрести уверен­ность в своих силах?», «Как отстоять честь своей команды (в эстафете, в игре, в преодо­лении полосы препятствий и т. д.)?».

Предполагалось, что весь этот комплекс методов будет способствовать большей четкости нравственных представлений, осмысленности нравственных чувств и понятий, осознанности нравственных ценностей, сформированности об­щественно значимых нравственных целей и мо­тивов.

Во 2-й экспериментальной группе преиму­щество отдавалось методам, формирующим опыт нравственного поведения.

Основой методики была детально разра­ботанная система требований с учетом всех особенностей занятия по физическому воспи­танию .и условий его проведения. Коллектив группы принимал эти требования и участво­вал в их реализации. В связи с этим широко применялась система таких поручений и твор­ческих заданий, которые делали студентов активными участниками педагогического про­цесса. В качестве методов стимулирования использовались соревновательные ситуации, си­туации взаимопомощи, судейства, организации игр и др. Вся система заданий, ситуаций, поручений требовала от студента самостоятель­ного принятия нравственных и организаторских решений. Во 2-й экспериментальной группе в значительно меньшем объеме использова­лись различные словесные воздействия, имею­щие нравственно-просветительное значение.

В 3-й экспериментальной группе методы и приемы нравственного воспитания применялись более равномерно и гармонично. Сохранялись те же группы методов, но они были пред­ставлены в равных дозах и взаимно сочета­лись друг с другом. Для всех трех групп общими оставались постановка воспитательных задач, разъяснение соответствующих норм поведения и тренировка в них, необходимый экспресс- информации о спорте с акцентированием вни­мания на нравственном значении сообщаемых фактов, воспитывающие ситуации. Такова была программа-минимум, которая должна была сформировать основы нравственного сознания и поведения.

Все эти методы воспитательного воздействия, органически сочетаясь со средствами физиче­ского воспитания, обеспечивали выполнение следующих функций:

1. Формирование, уточнение и закрепление знаний, представлений и понятий о нормах нравственного поведения, непосредственно свя­занных с изучением и совершенствованием двигательных действий (отношение к коллек­тиву группы, к учебным заданиям и поруче­ниям, к партнерам и соперникам в соревно­вательных ситуациях, к преподавателям, тре­нерам: материальным ценностям и др.).

2. Создание положительного эмоциональ­ного настроя перед выполнением упражнений и поиск выхода из ситуаций повышен­ной трудности.

3. Стимулирование волевых усилий и созда­ние условий при выполнении упражнений по­вышенной трудности, особенно содержащих элементы риска.

4. Формирование знаний и осмысление понятий, связанных с прикладной и оборонной значимостью двигательных действий.

5. Включение в организованную коллек­тивную деятельность и в ходе ее приучение к дисциплинированности, взаимопомощи, ува­жению уполномоченных коллектива, старших, к скромности, подтянутости, культуре поведе­ния.

При сочетании методов нравственного вос­питания со средствами физического воспита­ния определялись три формы: предваряющая выполнение физических . упражнений, сопут­ствующая их выполнению; заключающая, или оценивающая проведение работы.

Таким образом, методы и приемы нравст­венного воспитания выполняли эмоционально стимулирующие, воспитательно-образователь­ные и действенно-контролирующие роли.

Перед проведением эксперимента опре­делялся уровень сформированности нравственного сознания и поведения. Различия между группами оказались статистически недосто­верными. После эксперимента уровень нрав­ственного развития (на уровне знаний, пред­ставлений, понятий) с 3,3 балла повысился до 4,25 балла. Сдвиги достоверны (р<0,01). Более значительные сдвиги произошли в точности представлений о воспитательном значении спор­та, в понимании мотивов спортивной деятель­ности, качеств советского тренера и других вопросах. В общем уровне нравственной вос­питанности, который оценивался экспертами, сдвиги произошли с 2,8 балла до 4,1 балла (р<0,001). Особенно значительными оказались сдвиги в оценках за проявление товарищества, мужества, уважения к старшим, отношения к занятиям. Видимо, сказалось и содержание этических микробесед и рассказов, подкреп­ленное соответствующими двигательными и нравственными действиями.

Во 2-й экспериментальной группе уровень нравственных знаний и представлений повы­сился с 3,4 балла до 4,0 балла (р<0,001). Ви­димо, на этот показатель повлияло то, что в этой группе элементы нравственного про­свещения также имели место, хотя и в более краткой форме, иначе педагогический процесс оказался бы недостаточно наполнен нравствен­ным содержанием.

Во 2-й экспериментальной группе произошли существенные изменения в оценках нравствен­ного поведения студентов, особенно коллек­тивизма, трудолюбия, дисциплинированности, честности, требовательности к себе. Экспертные оценки с 2,5 балла повысились до 3,9 балла. Видимо, методика занятий в этой группе (ак­цент на организацию деятельности) оказала положительное влияние на действенную сто­рону нравственных отношений к коллективу, к учебному труду, к своему поведению.

В 3-й экспериментальной группе, где рав­номернее сочетались и использовались методы нравственного воспитания, формирующие как нравственное сознание, так и опыт поведения, положительные сдвиги наблюдались в прояв­лении всех нравственных качеств.

Анализ проведенного исследования позво­ляет сделать вывод о возможности эффектив­ного решения задач идейно-нравственного вос­питания студентов средствами физической культуры при условии их целенаправленного и обоснованного сочетания с общими методами и приемами воспитания. Педагогически оправ­данное сочетание в едином комплексе средств и методов нравственного и физического вос­питания оказалось важным фактором формиро­вания гармонически развитой личности.


Литература:

1. Баев Н. Н., К а р п у ш и н Б. А. Особенности воспитательной работы со студентами на занятиях по физическому воспитанию,—Л., 1983.— 2. 2.Болдырев Н. И. Нравственное воспитание школьников. М., 1979

3. Гордин Л. Ю. «Сов. пед.», 1986, № 11.

4. Каспина В. А. «Сов. пед.», 1982, № 4.

5. МарьенкоИ. С. В кн.: Нравственное воспитание школьников.— М.: Педагогика,с. 6-16.

6. Моносзон Э. И. Проблемы теории и методики коммунистического воспитания школьников.— М.: Педагогика, 1978.

7. Щукина Г. М. В кн.: Педагогика школы.— М.: Просвещение, 1977, с. 93—122.
Аннотация. Кәсіби ғылымда дене шынықтыру пәні мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қабілеті төмен бағаланған.

Бірақ шын мәнісінде біздің пікіріміз мүлдем керісінше. Ол адамның жалпы тұлға ретінде қалыптасуына үлкен үлесін қосады. Бұл зерттеу дене шынықтыру пәні мұғалімінің кәсіби-педагогикалық өзгешеліктерін анықтау мақсатында жасалған.

Бұл зерттеуде нақты кәсіби сапалығын анықтауға мақсат қойылмаған. Бірақ оның кейбір кәсіби-маман сапалық деңгейі анықталған болатын.

Annotation. In the professional science poorly developed understanding of professional and pedagogical suitability to work the teacher of physical culture.

With all the variety of interpretations of proficiency in the most objective , in our view , is the idea of ​​fitness as a system property rights, is the diversity of characteristics of his personality, and personality of the individual that determine success in their professional activities.

This study was conducted to examine the features of professional and pedagogical suitability in relation to the activities of the teacher of physical culture. Before us does not attempt to identify specific eligibility criteria. Although scheduled to have about the criteria by identifying some specific trends in the manifestation of professional competence.


Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет