Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет9/18
Дата27.05.2018
өлшемі6,64 Mb.
#40826
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Литература:

  1. Тыхеева Ю.Ц. Урбанология. – Улан-Удэ, 2002.

  2. Город и время: Интервью с Ю.М. Лотманом /Петербургские чтения по теории, истории и философии культуры/. – С-Пб., 1993.

  3. Чиканаев А., Тоскин В. Эволюция планировочной структуры и застройки города Астаны. Исторический экскурс. – Кумбез, № 3-4, 2001.

  4. Чиконаев А. Истоки каменной летописи города Астана. – Кумбез, № 3-4, 2001.


Аннотация. Берілген мақалада жеке көзқарас пен теоретиктердің пікірі бойынша қазіргі қазақстандық сәулеттің дамуының үрдістерін таныстыру мақсатындағы сәулеттің және Қазақстандағы Астана каласының жеке сәулет объектілері мен қалалық аумақтарын қарастырып саралау.

Annotation. In this article a comparable analysis is done of looks and opinions of row of theorists, studying progress of modern Kazakhstan architecture trends, the separate objects of architecture and municipal environment of the capital of Kazakhstan  of city of Astana are examine.


ӘӨЖ. 1(091)

М79
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мусабекова Г.К., Шойынбаева Ғ.А.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді [1,95 б].  Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Жалпы технология, ақпараттык және компьютерлік технология дегеніміз не? Соларға жауап бере кетелік. Анықтама бойынша технология дегеніміз — материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге «технология» түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында «технология» ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар [2,59 б]. «Ақпараттық технология» деген терминді В.Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз-ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз-ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз - ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы». Д.Матрос «жаңа ақпараттық технология» ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз — бұл ақпараттық технология. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі «компьютерлік технология» терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды оқытушылар мен студенттер мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады.

«Технология» ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады [3,126 б]. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз. Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі:

– ақпаратты жинау;

– ақпаратты жеткізу;

– ақпаратгы өндеу;

– ақпаратгы жинақтау;

– ақпаратты сақтау;

– ақпаратты ұсыну;

– ақпаратты паидалану;

– ақпаратты қорғау.

Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет:

– ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені;

– техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі;



  • техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын

  • байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде білімгердің жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа ақпараттық технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.



Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Философия – бұл адамзат мәдениетінің өзіндік санасының тарихы. Философия – бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы, адамның табиғатқа, қоғамға және барлық негізгі көріністерінде алынғандағы рухани өмірге қарым-қатынасының ең жалпы мәнді сипаттары туралы білімдер жүйесін талдайтын дүниені танудың айрықша формасы. Философия - қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ол-үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Философия пәні дүние жүзіндегі барлық оқу орындарында оқылады. Философия – алдымен жалпылық ғылым. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені философия ғылымдардың басын біріктіретін, белгілі теорияға негіздейтін жалпылық ғылым. Ол әрбір жеке ғылымдардың бәріне тән заңдылықтарды зерттейді, топтастырады, әрқайсысының дүниетанымдағы, оны өзгертудегі алатын орнын көрсетеді. Сөйтіп, жалпылық ғылым нақты ғылымдарға жетекшілік, методологиялық рөл атқарады. Гректің әмбебап философы Аристотель шығармаларында «бірінші философия» деген сөз негізгі, іргелі ғылымның синонимі ретінде қолданылған. Философия тарих көшінің өне бойында әлем мен адам туралы ең күрделі сұрақтарға жауап іздейтін ғылым ретінде қарастырылды. Әрине, бұл жай ғана кездейсоқтық емес, өйткені философиялық ойлау бастапқы кезінен бастап – ақ адамзаттың танымдық тәжірибесін жинақтай отырып, адам, оның төңірегіндегі барлық күрделі мәселелерге жауап іздеуге тырысты. Сондықтан, көптеген философтардың кең өресі, жоғарғы эрудициясы мен ойлау мәдениеті болған. Философияның пайда болуының негізгі себебі – танымның жеке түрлерінің (математика, астрономия тағы басқалары) адам мен әлем туралы біртұтас – білім жүйесін жасай алмауы. Оның шығуына ертедегі қоғамда дін мен мифологияға қарама – қарсы рационалдық таным жүйесінің қажеттігін түсіну де әсер етті. Философия - әлем туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам мен әлем байланысын қарастыра отырып, әлемді танудың, оны өзгертудің жалпы заңдылықтарын зерттейді.

«Жас ұрпақ тәрбиесі жаңа технологияның ғаламдық қамту үрдісінің күшті ықпалында. Жаңа технология­лар ықпалынан біз зиян шекпеуіміз керек. Керісінше, оны игілігімізге асыруымызға әрекет, жұмыс жасауға міндеттіміз., – деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» атты жолдауында өз сөзін жалғастыра келе: – Мен жастар – біздің бола­шағы­мыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдын­да барлық есіктер мен жолдарды ашты! Сондықтан мемлекеттік құзырлы орындар жастардың жаңа өмірге деген ынтасын, құштарлығын ынталандырып, оларға өз болашағына, тағдырына жауапкершіліктерін арттыру шараларын үздіксіз, үнемі жүргізіп тұруымыз қажет»,- деп жастарға үлкен сенім білдірді. Сондықтанда, жаhандану заманында жастардың дүниетанымына, олардың азаматтық ой санасының қалыптасуында философияның маңыздылығы арта түспек. Философия категориялары мен философия тарихы - көне дәуір көрінісі, түрлі дәстүр ауқымы, талпынған ойдың өрнегі мен өрісі, жаңа әдісті әрекет пен даналықтың үлгісі. Оның үйретері мол, одан үйренгендер де мол. Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі болашағына өз үлесін қосар білікті маман, зерделі азамат болып, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін, тарихын оқып-үйрену өте қажет. Ал, философия пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабы. Философия-әмбебап ғылым ретінде ауқымды, кең сарынды екені сөзсіз, сондықтан да ақпараттық технологиялар философия пәнін оқытуда жүйелеуге септігі тиеді.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Философия сабағында арнайы бейне сабақтар, бейне сұрақтар, флипчарт, мультимедиалық өнңмдерді қолдану білімгерлердің философия сабағына деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады [4,221 б]. Ұлттық философияның атасы Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерін жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек»- деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.

Философия пәнін оқытуда жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай ХХІ ғасырдағы ақпараттық оқыту жүйесіндегі жобалау технологиясы арқылы пән үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар және интерактивтік тақта көмегімен болмақ. Философия сабақтарында ақпараттық оқыту жүйесінің жобалау технологиясын қолданудың ерекшелігі: білімгердің танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген [5,25 б]. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. 


Философия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыруға септігі тиеді. ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы білімгердің философиялық-дүниетанымдық ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. 


Әдебиеттер тізімі:

1.С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж. 
2.Т.Жұмажанова, С.Дүйсебаев, Ә.Мамырова, З.Көпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003. 
3.А.Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

4. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.



5. Информационные технологии. – Москва, 2005.
Аннотация.В этой статье расcматриваются эффективность информационной технологии в преподовании философии.

Аnnotation. In this article are considered efficiency of information technology in teaching philosophy.


ӘОЖ 796

Н 53
САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДЕНЕ ТӘРБЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Нартбаев Т., Абдикулов М., Абдыхайранов У.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және Т.С.С. бағытталған» делінген (1).
«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» - дейді халқымыз (2). Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын (3,4).
Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек, бір көрсеткіш - әскер қатарына шақырылған жастардың 50 % дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. (5)
Бұл қауыпты жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтарды, рігерлерді, ғылымдарды шындап толғандыруда. Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің негізгі жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау болып отыр. Бұл тұрғыда елбасы « Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында «Жеткілікті құралдар болмай тұрған ағдайда, ауруларға қарсы күрес, денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз –азаматтарымызды салауатты өмір салтын әзірлеуден басталады» - деп атап көрсетті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8-10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты –салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді.
Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды.
Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау ( оның жеткіліксіздігі және шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы, еңбек пен ретсіз демалыстың бұзылуы, ауаның, судың бұзылуы; дәрі-дәрмекті және тұрмысхимиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс деңгейі. Адам тіршілігіне ауа,су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл – қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне, әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады. Қимыл –қозғалыстың аздығы (гипокенезия) денсаулықты бұзатын себептердің бірі.
Біздің зерттеуіміздің мақсаты: 1. Оқушы жастардың дене тәрбиесі сабағы мен салауатты өмір тіршілігіне әртүрлі көзқарастардың себебін; 2. Оқушы жастардың дене шынықтырумен шұғылдануына кедергі келтіретін факторларды нықтау.
Арнайы сұрақтар тізіміне берілген жауаптар нәтижелері:
1. «Денсаулық дегеніміз не?» - деген сұраққа дұрыс жауапты 65 % білімгерлер берді.
2. «Ішімдік пен есірткенің денсаулыққа әсері» - деген сұраққа -70 % білімгерлер –ол «Денсаулықты бұзады» - деп жауап берді. Ал, «Ішімдікке қалай қарайсыз? –деген сұраққа» «Аз мөлшерде ішемін» - деп 50%, «Ішпеймін» - деп 50% жауап берді. «Ішемін» деп жауап бергендер оны оқта-текте, тиіп қашып ішетіндер. Салынып ішетіндер қатарына жатпайды.
3.Гигиена және санитария ережелерін сақтайсыз ба? - деген сұраққа 70 % білімгерлер «сақтаймыз», 30 % -«анда санда, әр қалай»- деп жауап берді.
4.«Салауатты өмір тіршілігі туралы не айтасыз?» - деген сұраққа -75 % білімгерлер дұрыс жауап берді.
Екінші міндет –оқушы –жастардың дене тәрбиесі сабағына және салауатты өмір
салтына әртүрлі көзқарастардың себебі. Сұрақтар тізіміне жауап берген оқушыларды дене шынықтыру сабағына көзқарастарына байланысты үш топқа бөлдік: 1 топқа дене шынықтыру сабағына көзқарастары төмен, онымен шұғылдануды қаламайтындар жатты. Бұл топқа барлық сұраққа жауап бергендердің -36-41 % ; 2-топқа –бейтарап, жақсы да емес, жаман да емес, сабаққа көзқарастары әлі толық қалыптаспаған -45-57 %; 3-топқа –көзқарастары дұрыс, сабаққа ынта қойып қатысатындар жатты, тек олардың саны 2,8-7 % дейін ғана болды.
Сонымен, жіктеу нәтижесінде оқушылардың көпшілігінің дене тәрбиесі сабағына көзқарастары төмен, қалыптаспаған. Оның себептері:

1.Дене тәрбиесіне қызығушылықтың жоқтығы -38 %;

2.Нашар материалды техникалық база -35 %;

3.Денсаулықтың төмен деңгейі -28 %;

4.Сабақтың, сауықтыру іс-шаралардың төмен деңгейде өтуі -47 %;

5.Әдістемелік, спорттық әдебиеттердің жеткіліксіздігі -40 %;

6.Дене тәрбиесі жөніндегі теориялық білімінің жеткіліксіздігі -45 %.

Бұл деректерден оқушылардың дене тәрбиесі сабағына көзқарастары әлі төмен деңгейде екенін, оның себептері: оған қызығушылықтың жоқтығы, спорт жабдықтарының материалды –техникалық базаларының нашарлығы, сабақтың төмен деңгейде өтуі т.б. жатады. Сол себептен, біздің ойымызша, қоғамдық сауықтандыру бағдарламасында салауатты өмір салтын жасөспірімдердің арасында қалыптастыру мақсатында осы жайларға баса көңіл бөлу қажет.



«Дене тәрбиесімен шұғылдану сіздің денсаулығыңыздың, жалпы жағдайыңыздың, көңіл-күйіңіздің, жұмыс істеу қабілетіңіздің жақсаруына әсер ете ме?» - деген сұраққа жауап берген бітімгерлердің:
-44%-денсаулығымызды жақсартады;
-50-54%-жалпы жағдайымызды, көңіл күйімізді көтереді;
-28%-жұмы істеу қабілетімізді жоғарлатады;
-7% - жауап бермеді.
«Дене жаттығуларымен аптасына неше рет шұғылданғыңыз келеді» - деген сұраққа
берілген жауаптар:
-35%-1рет
-40%-2рет
-11%-3рет
-4,8%-4рет
Бұл жауаптардың 40 % бітімгерлердің аптасына 2 рет міндетті түрде дене тәрбиесі
сабағымен шұғылдануды қалайды. Соған байланысты біз жалпы бітімгерлерге аптасына 4 сағат дене тәрбиесіне бөлу жөнінде ұсыныс жасаймыз.
Дене тәрбиесі мен шұғылдануға қай сағаттар ыңғайлы? –деген сұраққа, жауаптар:
-26%-8-10
-11%-10-12
-12%-12-14
-31%-14-16
-9%-16-18
-12%-18-20
-8%-20-22
Оқу ісін ұйымдастырушылардың пікірінше дене тәрбиесі сабағынан кейін
бітімгерлердің назарын келесі пәнге жұмылдыру өте ауыр, сұрақтар тізімінде дене тәрбиесі саған –бірінші сағаттарға (8-10) -26 %, ал ақырғы сағатқа (14-16) қоюды -31 % қалады.
Білімгерлер сұраққа берген жазбаша жауаптарында дене тәрбиесінің керектігін мойындайды: 49 % -ол денсаулыққа жақсы әсер етеді, 53 % - жалпы жағдайының жақсарғанын, 38 % - жұмыс істеу қабілеті жоғарлағанын, 51 % - оның денсаулыққа, жұмыс істеу қабілетіне, көңіл –күйіне жақсы әсер ететінін атап өтті.
Біздің зерттеуіміздің нәтижелері Тараз мемлекеттік педагогикалық институтінің бітімгерлерінің қимыл –қозғалыс деңгейі (қажетті физиологиялық деңгеймен салыстырғанда) -56-65 %, ал емтихан, демалыс кездерінде -39-46 % екенін көрсетті. Бұл деректер бітімгерлердің жыл бойы гипокинезия жағдайында болатындығын көрсетеді. Ол бітімгерлердің арасында ауру санын көбейтуге әсер ететін факторлардың бірі.
Салауатты өмір салтының білімгерлер арасында қалыптасуы, оларға дәрігерлік гигиеналық білім берудің деңгейіне байланысты, біздің институтта бұл мәселе әлі шешім тапқан жоқ. Гигиеналық тәрбие үзбей жүру керек, әсіресе биология циклінің пәндерінде және арнайы «валеология» пәнінің оқу бағдарламасына енуі керек.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Дьячков В.М. Физическая подготовка спортсмена. М: ФиС

  2.  ҚР мектепке дейінгі концепциясы Алматы – 1992

  3. «Дене тәрбиесі» Б.Төтентай, С.Тайжанов, Алматы «Атамұра»


Аннотация. В данной статье говорится о важности формирования здорового образа жизни у молодых людей.

Annotation. In this article talked about importance of forming of healthy way of life between to the youngs people.


ӘӘЖ 343.5
АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ

КРИМИНОЛГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
Оңғарбаева А.К., Сауыт Қ.Е.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік уневерситеті,Тараз.қ
Адамзат - қоғамның негізі. Адам болмаса, адамның құқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа тапталса, онда қоғам өмір сүрмейді немесе оны адамзат қоғамы деп атау мүмкін болмайды. Жеке адам қоғамда өмір сүргендіктен және ең бастысы оған "адам" деп ат қойғандықтан, қоғамның ережелерін сақтауы тиіс және "адам" деген атқа лайықты болуы тиіс. Адам қоғамның және болашақтың негізі болғандықтан, адамның өмірі мен денсаулығы бірінші орынға қойылады. Адамзат әлі идеалды дәрежеге жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі.

Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе өзі байқамай адамды қылмыскер етіп тәрбиелеуі мүмкін. Біздің міндетіміз бұған жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу, адамды өркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін көптеген салалар өз үлестерін қосады. Соның ішіндегі саяси, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық салаларды атап өтуге болады. Жеке адамдарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды зерттегенде ең алдымен олардың алдын алу, мұндай қылмыстарды болдырмау жолдарын қарастырған дұрыс. Ал, қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дұрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол үшін жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың қатарына қандай іс-әрекеттер жататындығын, олардың құрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дұрыс саралау керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен күресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады. Менің еңбегім міне осы мәселелерге арналған.

Қазақстан Республикасының ата заңы яғни Конституциямызда Қазақстан Республикасы өзінің қымбат қазынасы-адам қылмыстық заң өзінің ең басты міндеті Адам құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау деп көрсетеді. Жаңа қылмыстық кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың, жалпы жұрт таныған қағидалары мен нормаларына негізделіп қабылданған. [1].

Қылмыссыз қоғам болмайтындығын рас айтқанымыз жөн себебі оған дәлел ретінде қылмыстық заңдардың қабылдануын айтып кетсек болады. Қоғамда қылмыс түрлерінің көбеюі, яғни басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, (ҚР Мемлекеттік туын, елтаңбасын немесе Мемлекеттік гимнін ұрлау, жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, т.б., өрістеуіне байланысты, жаңа қылмыстық кодекстің жалпы және ерекше бөлімдерінде, ескі кодекске қарағанда көптеген қылмыс түрлеріне, қылмыстық-құқықтық түсініктердің, институттардың жаңа ұғымы берілген.

Еліміз тәуелсіз, демократиялық құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он төрт жыл болды. Осы аралықта құқықтану саласы бойынша, қазіргі кезеңге дейінгі заңдарды негізделіп, бірнеше авторларымыздың еңбектері мемлекеттік тілінде жарық көрді.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі 1997 жылы 16-ші шілдеде қадылданып 1998 жылдың 1-қантарынан бастап заңды күшіне енді. Жаңа қылмыстық кодекс қабылданғанға дейін Қазақ ССР-нің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексіне өзгертулерімен, толықтырулар еңгізіліп қолданылып келді. Бұл қылмыстық кодекстің нормалары қоғамымызды орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне және де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін қабылдауға негіз болды. Жаңа қылмыстық кодекс 1998 жылдың 1-қантарында заңды күшіне енгеннен кейін, осыған дейін қолданылған Қылмыстық кодекстің заңды күші жойылды. Қоғамның өзгеруіне, дамуына байланысты елімізде Қылмыстық заңда жетілдіруде.

Елбасымыз Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына қабылдауында Заңның үстемділігін толық орнату және заңға алынған азаматтарды қылмыстан қорғау, сонымен қатар билік пен заң күштерін құқыққа қарсы жолдармен өздерін байлықпен қамтамасыз еткендермен аяусыз күресу стратегиялық маңызды міндеттің бірі ретінде аталды.

Бұл міндеттер мен құқық қорғау органдарының ғана емес, басқа да барлық мемлекеттік институттардың күшімен шешілуі тиіс себебі Қазақстандағы криминогендік жағдай әлі де ауыр күйде қалып отыр және бақылаудан шығып кету қауіп де жоқ емес.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының конституциясының ІІ-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституциясының I-бабында "ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан[2]. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған. Осы тарауға кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылдаы. Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар мынадай түрлерге бөлінеді: өмірге қарсы қылмыстар; адам өлтіру (99-б.); жаңа туған баланы анасының өлтіруі (100-б.);аффект жағдайында жасалған адам өлтіру (101-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (102-б.); қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (103-б.); абайсызда қазаға ұшырату (104-б.); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (105-б.).

Денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (106-б.); денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру (107-б.); денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (108-б.); ұрып-соғу (109-б.); қинау (110-б.); аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтіру (111-б.); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (112-б.); қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (113-б.); денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (114-б.); қорқыту (115-б.); адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (116-б.); соз ауруын жұқтыру (319-б.); адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтыру (320-б.); қауіпті жағдайда қалдыру(119-б.);

Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: Адамды ұрлау (125-б.); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-б.); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-б.); адам саудасы (128-б.).

Жеке адамның ар-намысын және адамгершілігіне қарсы қылмыстар: Жала жабу (130-б.); қорлау (131-б.).

Жыныстық қылмыстар: Зорлау (120-б.); сексуалдық сипаттағы зорлық –зомбылық әрекеттері(121-б.); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау (122-б.); жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (123-б.); жас балаларды азғындық жолға түсіру (124-б.)

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. "Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру" деп ҚК-тің 99-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылымыс құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қалмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады[3].Заң жасына және ден және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі баланы туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс баланың алғашқы айқайнынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып танылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге белінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезеңі биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалқасғанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті - биологиялық өлім.

Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.

Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қаурыдың, өзге де заттарды пайдалануымен, улаңдыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айрылады. Адам өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі ксздеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.

Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік насанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді.

Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңа туған нәрестелерін немесе жас балаларды өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін[4].

Адам өлтірудің объективті жағынан екінші белгісі қалмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылды. Өмірден айрыуға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстық зардаптың - өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткенен кейін жүзеге асуы мүмкін. Келтірген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам нақты келтірген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, денсаулыққа зиян келтіргені үшін).

Адам өлтіру - материалдық құрамға жататын қылмыс.

Адам өлтірудің субъективті жағы ҚК-тің 99-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылды. Адам өлтіру кезінде қасақаналық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндендігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айрыуға қатысты - жанама ниетте әрекет етеді.

Тікелей және жанама қасақаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қарауын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақттау), кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтау себебін, сондай-ақ кінәлінің қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тіртібін), оның жәбірленушімен арақатынасын ескеруі тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. Алматы,2001.

2. А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық. Алматы, 2000.

3. Загородин Н.И. Преступления против жизни по советскому уголовному праву. Москва, 2010.

4. Актуальные проблемы борьбы с преступностью. Сборник научных трудов. Ташкент, 1983.

5. Актуальные вопросы с преступностью. Под ред. В.Д.Филимонова Томск. 1990.

6. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан, Алматы, 1999.
Аннотация. Криминологическая характереристика преступлений против безопасности человечества

Annotation. Сriminological characteristics of crimes against humanity


ӘОЖ 796.8

Т 81

ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНДЕГІ АЯҚПЕН ТЕБУ ӘДІСТЕРІН

ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Тоқтағұлұлы А., Жайханов Ж., Көшкінбаев Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Спорт теориясына сәйкес спортшы шеберлігін оның спорттық дайындығы деңгейі негізінде бағалайды. Негізінен спорттық жекпе-жек жарыстарында жетекші ролді жекпе-жекті жүргізудің әдісі мен тәсілі алады. Ұсақ-түйегіне назар аудармай-ақ, әдіс пен тәсіл сұрақтары тек спорттық жекпе-жектерде ғана емес, түгелдей спорт түрлерінде жеткілікті зерттелмеген. Мұның бір себебі болып, спорттың теориясы мен тәжірибесінде рингте, татамида, кілем үстінде, залдың немесе стадионның ішінде спорттың әртүрлі түрлері бойынша өткізілетін сайыстар уақытында бақыланатын нәрсенің барлығы адамның психологиясы мен физиологиясын жеткілікті есепке алмастан талдануы. Спорттық жекпе-жектердің экстремалды жағдайларында спортшының іс-әрекеттерін, адамдардың мінез-құлығының психикалық және физиологиялық өзгеру іліміне сүйенетін қызмет теориясын қолданбай тұрып, аяғына дейін түсіну мүмкін емес.

Қызмет теориясының маңызды жағдайларына мыналар жатады:



  1. Негізгі белгісі болып адамда адекватты мотивацияның болуы.

  2. Қызметі нақты мақсаттарға бағындырылған жекелеген іс-әрекеттер.

  3. Қызмет операциясы деп аталатын автоматтандырылған элементтерінің жиынтығы.

Бұл жерде спорттық жарысқа қатысушылардың қызметінің қозғаушы құрылымын спортшының мақсаттық қағидалар көзқарасында бөлщектей отырып, әдіс пен тәсіл сұрақтарының шешімдерін таба аламыз.

Қарапайым ғана соққының өзін егер оларды сайыс жағдайында өткізуге тырыссақ, қозғаушы құрылымы қаншалықты күрделі екендігін көруге болады.

Нақты жарысқа қатысушының техникалыұ дайындығын, әдетте жеңіске әкелмесе де, оған жетуге салмақты алғышарттар жасайтын жекелеген операциялар мен олардың жиынтығы көрсететіндігін атап өту маңызды. Мұның сыртында спортшы оларды автоматизм деңгейінде меңгеруі бар, осы дағдылардың бәрі дұрыс жолға қойылған үйрету әдістемелерінің педагогикалық тұрғыдан дұрыстығын көрсетеді.

Спорттық жарысқа қатысушының техникалық-тактикалық дайындығын іс-әрекеттер арсеналы және олардың жиынтығы суреттейді. Олардың көмегімен спортшы сайыстық жекпе-жекте пайда болатын әр түрлі мақсаттарға жете алады. Техниканы автоматизм деңгейіне дейін жеткізілген жекелеген операциялар мен олардың жиынтығы құрайды. Ал тәсілді олардың әртүрлі іс-әрекеттерде, қарсыластың ерекшеліктерін, өзінің сол кездегі жай-күйін және сайыстық жекпе-жектің өту барысын есепке ала отырып, сәйкестендіре білу сипаттайды. Спорттық жарысқа қатысушының дербес тәсілдік дайыдығы туралы оның арсеналында күш-қуатын бүкіл турнирге жеткізе алатын және тиісті мақсатқа жеткізуге мүмкіндік беретін жеткілікті санақтағы жүріс-тұрыстық комплекстердің болуы дәлел болады. Ол №2 кестеде берілді.


№4 кесте жарысқа қатысушының шабуылдық іс-әрекеттерінің элементтік құрылымы.


Бөлшектері


Шабуылдық іс-әрекеттердің жекелеген компоненттері және оларды құрайтын элементтердің уақыттық кезектілігі (салдарлылығы)

Компоненттері

Дайындықтық (тәсілдік

дайындықтар: тепе-

теңдіктен шығару, қорқыту,

шақыру, тықсыру,

бастырмалау және т.с.с.)


Нәтижелендірші

(әдіс-айла)









Элементтер

(операциялар)

және олардың

сәйкестенуі



Тұру,

серпілу,


итеру, орын

ауыстыру,

финттар,

беріспеу


және т.б.


Соққы

Әдіс-айлаға кіруауыстыру,

айналып түсу, және т.б.


беру, құлату, орын

Аяқтау,

соққыға


жығу,

контактіден

шығу және

т.б.

№5 кесте. Қызмет теориясы мен спорт теориясы тұрғысынан спорттық жарыстардың қозғаушы құрылымы



Спорттық жарыстардың қозғаушы құрылымы

Жіктелу негізі

Дайындық нәтижелері

1.

ЖЕКЕЛЕГЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

Орын ауыстыру, серпілу, итеру, финттар және т.б.

ОПЕРАЦИЯЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Тәсілдік дайындықтар (қауіп төндіру, шақыру, тепе-теңдігінен айыру, бастырмалау , тықсыру және т.б.) Әдіс-айлалар (шабуылдау, қорғаныс, контршабуылдар)



Сайыс жағдайында өткізу автоматизмі, жеңіске алғышарттар жасау


Техникалық

2.

ЖЕКЕЛЕГЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕР

Барлау, шабуылдау, қарсы шабуылдау, қорғаныс, белсенділікті көрсету, күш жинау, артықшылығын ұстап тұру және т.б.

ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Аралас әдіс, байланыстар, жекпе-жек.



Әдетте төрешімен бағаланатын нәтиже, жекпе-жекті жүргізу кезіндегі мақсаттық бекітілім

Техникалық-тәсілдік (шабуылдаушы іс-әрекетті жүргізу тәсілі және жекпе-жекті жүргізу тәсілі)

3.

ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ КОМПЛЕКСТЕР

Салмақ өлшеу, жекпе-жекке дайындық, күш жинау, қарсыласты зерттеу, сайыс барысында көңілін аулау



Сайыс барысындағы басым мақсаттық бекітілім

Дербес тәсіл (сайыстарға қатысу тәсіл)

Қандай да болмасын спорт түрімен шұғылдану соның ішінде шығыс жекпе-жектерімен жаттығу, жарыстарға қатысу адамнан белгілі бір дене күш қабілеттерінің артуын талап етеді. Спортшының дене қабілеттері ұзақ уақыттық жаттығу жұмыстарын атқаруы арқылы жетіледі, дамиды.

Күш қабілеті-адамның өз бұлшық еттері күші есебінен сыртқы қарсылықты жеңуін немесе оған қарсы тұра алу қабілетін айтады.

Күштің берілу түрлеріне байланысты статикалық және динамикалық деп бөлінеді. Спорт түрлерінде күштің «жарылыстық», «қопарылыстық» деген атаулары кездеседі. Оларға күш пен жылдамдықтың біріккен көрсеткіші негіз болады. Осы көрсеткіштің жоғары және сапалы деңгейде болуы спортшының шеберлігінің жақсы болуына ықпал етеді.

Күш пен жылдамдық тығыз байланысты. Ол адам іс-әрекеті жағдайында қажетті қимыл қозғалысты аз уақыт шегінде орындау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Жылдамдықты үш көрсеткіш сипаттайды. Оларға: қарапайым қозғалысқа қосылудың жасырын уақыты және қозғалыстың тазалығы жатады.

Жоғарыда көрсетілген дене-күш қабілеттері бір-бірімен шартты түрде ғана бөлінгендігін айта кеткен жөн. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, әсіресе ол ептілік икемділігін көрсету кезінде байқалады.

Ептілікті адамның координациялық күрделі іс-әрекеттерді нақты әрі тез орындау қабілеті деп түсінеміз. Ептілік қабілеттің адамның басқа қасиеттерімен салыстырғанда өзіндік жетекші ролі бар. Ептілік адам мінезіне, денедегі бұлшық еттердің, шеміршектердің, буындардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне де тікелей байланысты.

Шыдамдылық деп адамның қандай да бір әрекеттерді оның тиімділігін төмендетпей ұзақ уақыт бойы орындауын айтады. Ол адам ағзасының көптеген мүшелері мен жүйелерінің сәйкестене отырып ұзақ уақыт қызмет етуіне тәуелді.

Дене-күш қабілеттерінің даму деңгейін өлшеу әдістемелері үнемі жетілдіріліп отырылады, себебі осы көрсеткіштерді арттыру үлкен педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Осы мақсатта шығыс жекпе-жектері оқу-жаттығу жұмысы кезінде дене-күш қабілеттерінің сапасын тез және шынайы тексеру мақсатында өлшеуші тесті сынақтары жиынтығына ие болу қажет.

Спортшының дене-күш қасиеттерін дамыту жаттығу түрінің ерекшеліктеріне байланысты, жалпы дайындық және арнайы дайындық деп екіге бөлінеді.

Жалпы дене-күш дайындығы (ЖДД) дегеніміз-адамның күш, ептілік, жылдамдық, иілгіштік, төзімділік қасиеттерін жалпы жатттықтыру.

Жалпы дене дайындығы адамның жоғарыда көрсетілген қасиеттерімен бірге адам ағзасының (жүрек, қан, өкпе т.б. мүшелерінің) жұмысын жақсартуға бағытталады.

Арнайы дене-күш дайындығына спортшының таңдап алған спорт түрінің ерекшелігіне негізделген арнайы жаттығулар жатады. Арнайы жаттығулар спортшының шеберлігін арттырып, жарыстарда өз мүмкіндігін аз күш жұмсау арқылы нәтижелі көрсеткішке жетуге бағытталады.

Берілетін жалпы және арнайы жаттығуладың көлемі, түрі спортшының жаттығу жоспарының негізінде өзгеріп отырады.

Спортшының алғашқы күреспен шұғылдану жылдарында жалпы дене-күш дайындығына басым көңіл бөлінеді. Жылдық жаттығу жоспарының дайындық және өтпелі кезеңдерінде Ж.Д.Д. көбірек көңіл бөлінсе, жарыстық кезеңде арнайы жаттығуларға басым уақыт бөлінеді.

Жаттықтырушы-ұстаз алға қойған мақсаттардың ерекшеліктерін ескере отырып дайындықтың осы екі түріне өз тарапынан өзгерістерді дер кезінде енгізіп отыруы нәтижелі жұмыс болуына кепілдік береді.

Жалпы дене дайындығы кезінде белгілі бір дене-күш қасиеттерін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүргізу арқылы нәтижелі көрсеткіштерге жетуге болады. Ұстаз осы жаттығуларды оқу-жаттығу сабақтарының белгілі бір кезеңдерінде қолдана білуі қажет. Мысалы: күшті арттыру жаттығуларын сабақтың кіріспе бөлімінде орындауға болмайды т.с.с.

Арнайы жаттығуларға негізінен жекпе-жек түрлеріне жақын іс-қимылдар алынады.

Дене күш қасиеттерін арттыру әдістемелері.

Адамның дене-күш қасиеттері оның бұлшық еттерінің физиологиялық ерекшелігімен және нерв үйесінің өзіндік қозғалыс күшімен сипатталады.

Спортшы күші дегеніміз - жекпе-жек үстінде бұлшық ет күшін пайдалану арқылы қажетті қозғалыс жасап, өзіне қарсы бағытталған күштерді жеңуді айтады.

Күшті арттыру мақсатында адам мүмкіндігінің шегіне жақын жүктеме беру арқылы немесе соған жақын күш жұмсап орындалатын жаттығулар пайдаланылады.

Орындалатын жаттығудың түріне және берілетін жүктеменің көлеміне байланысты жаттығуды қайталау саны бір реттен бірнеше ретке дейін көбейтілуі мүмкін.

Адам бұлшық етіне шекті немесе шектен тыс жүктеме берілсе бұлшық еттің жуандап өсуіне әсер етіледі. Берілген жүктемелерге бұлшық еттің «үйрену» қалыптасу процесі жүреді. Адам шамасына немесе шамадан тыс берілген жүктеме негізінде адамның нерв жүйесіне күш түсу жағдайлары ұлғайып, ми жүйесінде бейімделу процестері пайда болады. Негізгі жұмыс атқарушы бұлшық етпен қоса жұмысқа тікелей қатысы жоқ бұлшық еттер қозғалысқа кедергі келтіреді, сондықтан арнайы жаттығу жұмыстарында, әсіресе әдісті дәл және шебер орындатуды үйрету кезеңдерінде шамадан тыс жүктеме бермеген дұрыс.

Жекпе-жек үстінде спортшылар жағдайлары жылдам өзгеріп тұратын болғандықтан олардың дене күштерінің статикалық және динамикалық түрлері алмасып отырады. Бұлшық ет күшінің динамикалық түрі, адамның шаршау кезеңінде немесе тың күйінде, бұлшық еттің босау немесе жиырылу кезеңінен кейін де орындалуы мүмкін. Сондықтан динамикалық жұмыс түрі кезеңінде күшті арттырудың бірнеше әдістемелік түрін береміз.

Мүмкіндік шегіне дейін орындау әдістемесі. Күшті арттыруға қолданылатын бұл әдістеменің ерекшелігі жаттығушының көтеру мүмкіндігінің 60-80% мөлшеріндегі салмақ алынып, осы салмақты ол 10-30 рет қайталап орындалатындай болуы қажет. Соңғы қайталау жұмысы бұлшық еттің шаршау кезеңіне келіп, ол өз күш мүмкіндігін шегіне дейін сарқа қолданады. Бұл әдістемеге кермеде тартылу, арқанға өрмелеу, екпеттеп жатып қолды бүгіп-жазу арқылы денені көтеру, бір аяқта отырып-тұру, баспалдақпен көтерілу, өрге жүгіріп шығу және т.б. жаттығу түрлерін жатқызуға болады. Тынығып дем алғаннан кейін жаттығуды қайталап орындайды.

Бұл әдістеме бойынша күшті арттыру жаттығулары сабақтың соңғы бөлімінде беріледі. Осы әдістеме сабақтың кіріспе бөлімінде қолданылса жаттығушы шаршап қалады және негізгі бөліміндегі тапсырманы ойдағыдай орындауына кедергі болады.

Шектен тыс күш түсіру әдістемесін қолдану. Бұл әдістеменің ерекшелігі жаттығу үшңн қолданылатын салмақ мөлшері өте үлкен болады. Мысалы: оны жаттығушы 1-2 рет қана көтере алатындай салмақ алынады. Бұл әдістемені қолданған кезде шаршау-болдыру жылдам болады, бірақ қалпына келу «шегіне дейін» әдістемеге қарағанда тезірек болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Болдырев Б.Н. Воспитательная эффективность информационно-коммуникативного менеджмента спортивных соревнований (на примере восточных единоборств) дисс. канд.пед.наук. Алматы, КазАСТ. 2010.

  2. Дәурен Мұса. Қаз.Ақпарат. Алматы. 2012 ж., 27.06.

  3. Алимханов Е. Қазақтың балуандық өнері. Алматы, Атамұра. 2004.-Б.23-28.

  4. Мұрат Керейбай. Қажы-Мұқан. Астана: Фолиант, 2006. –Б.88-89.

  5. Базарбаев Е.Ж. Активизация процесса подготовки специалистов и спортсменов восточных единоборств. Дисс. канд.пед.наук. Алматы, КазАСТ, 2005.

  6. Конвишер И.В. Тайский бокс. Техника и тактика и современные методики тренеровок. – Ростов, Фенекис. -2006, -С.13-58.

  7. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. – М.: ФиС. – С. 416.

  8. Жунисбеков Ж. И. Таэквандодагы бастапқы спорттық дайындықтың теориясы мен әдістемесі // Оқу құралы, Алматы, Нурай принт.сервис. 2010. – 150 б.

  9. Кан С.О. Экспериментальное обоснование кооринационной подготовки таэквандистов. Дисс. ...канд.пед.наук. Алматы, КазАСТ. – 2008.

  10. Ухтоминский А. Особенности подведения единоборцов к состоянию найвысшей готовности // Теория и практика ФК. – 2002. - №5. – С.6.

  11. Платонов В.Н. Теория и методика спартивной подготовки. – К.: Вища школа, 1984. – 352 с.


Аннотация. Данной статье рассматривается способ методики обучения и упражнения ножным пинанием восточных поединках.
Annotation. The method of methodology of educating and exercise is examined this article leg kicking east duels.


ӘОЖ 796.83

Т 81
ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІНДЕ АЯҚПЕН ТЕБУ

ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ТҮРЛЕРІ
Тоқтағұлұлы А., Қалықұлов С., Тоқбергенов Ж.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Кикбокста қолданылатын аяқпен тебу әдістері. Кикбокстағы аяқпен тебу түрлерін тура бағытта тебу және қисық бағытта тебу деп аяқтың кеңістіктегі қозғалысын ажыратуға болады. Ал аяқтың жұмысы негізінен қарсыласының денесіне қарай бағытталған алға созу және жылдам артқа қайтару қозғалысымен ерекшеленеді, денеге аяқ табанымен оның сыртқы және ішкі қырымен, аяқ жіліншігімен, өкшемен соғу мақсаты қойылады.

Кикбокста аяқпен тебудің келесі түрлері қолданылады:

Бэк-кик ( артқа алыс қойылған аяқпен тебу) – аяқпен тебудің бұл түрі көбіне денені айналдыра бұру арқылы қарсыласына алыс тұрған аяғымен орындалады. Орындау кезінде алдымен қарсыласына жақын тұрған тіреуші аяғымен 180 градусқа бұрылады. Осы бұрылу кезінде ( егерде оң аяғымен тебетін болса, оң иығы арқылы) тебетін жерін дәл көруі қажет. Ары қарай тебетін аяқ тіреуші аяқтың серпіні арқылы жамбасты алға бере отырып, тізесін жазып, аяқтың серпу жылдамдығын арттыру арқылы аяқтың өкшесімен тебеді. Аяқ денеге тигеннен кейін дененің айналу қозғалысы ары қарай 360 градусқа дейін жалғаса беруі ықтимал. Аяқпен тебудің осы түрі орындаушының жоғары секіруі арқылы да орындалады. Аяқпен тебу қарсыластың басына немесе денесіне бағытталуы ықтимал. Аяқпен тебудің осы түрі орындалуы жағынан жылдам және әсерлі болып табылады.

Джампинг-Кик ( секіріп соғу ). Кикбокста аяқпен немесе қолмен соғу түрлері спортшының жоғары секіруі арқылы орындалуы да мүмкін. Соғуды секіріп барып орындау әсерлі болғанымен көбіне нәтижесі төмен болып келеді. Секіріп соғу түрлерін орындау көп күш жұмсауды қажет етеді. Аяқпен секіріп тебудің ұратын бағытқа денемен жартылай айналып, кері айналып барып орындаулары кездеседі, ал жоғарыдан төмен қарай кесіп орындау түрі сирек кездеседі.

Кресент- Кик ( бүйірден соғу ). Аяқпен тебудің бұл түрі өзінің күші жағынан, орындауды күтпеген жағдайда жылдам іске асыруға болатындығы жағынан және денені бұру арқылы орындауға болатындығымен ерекшеленеді. Аяқпен тебудің бұл түрін үйрену көп жаттығуды қажет етеді. Аяқпен тебудің осы түрін орындау кезінде аяқпен тебуге көздеген межеге дейінгі жолының ұзақ болуы және орындаудың күрделі болуы қарсыластың жылдам бұрылып кетуіне немесе тебуді қайтарып үлгеруіне мүмкіндік қалдырады. Аяқпен тебуді орындау әдістері: тебетін аяқтың тізесін неғұрлым кеудеден жоғары көтеруге тырысу, кеудені қарсыласқа қырымен бұру қажет. Жоғары көтерген аяқпен қарсылас денесіне бүйірден орай тебу қажет. Аяқтың өкшесімен тию тиімді болып келеді, кей жағдайларда аяқтың артымен де соғу орын алады Аяқпен орай тебуді спортшы денесімен 360 градусқа бұрылу арқылы орындайды. Денені бұру алдымен басты бұруарқылы басталады,тебетін аяқ тізесін жылдам жоғары көтеріп барып, аяқпен орап барып тебу орындалады.

Лоу – кик. Кикбокста қолданылатын аяқпен орап тебудің бұл түрі кейбір ережелерде тиым салынған әдіске жатады. Жалпы алғанда аяқпен тебудің бұл түрі өте жылдам орындауға және соққыны күшті беруге болатындығымен, қарсыласты нокаутқа жіберу мүмкіндігі мол екендігімен ерекшеленеді.

Раунд – кик (айналып соғу). Айналып барып аяқпен тебудің бұл түрі қарсылас басынан тебу үшін жиі қолданылады, онда аяқтың серпіліп жазылу күші іске қосылады. Әдістің бұл түрінен қорғану кей жағдайларда нәтижесіз болып жатады, себебі қорғаныс үшін қойылған қолдың сыртынан теу немесе қолды айналып кету арқылы соққы беру жағдайлары жиі болады.

Сайд-кик (жанынан соғу)-Аяқпен соғудың бұл түрінде тебетін аяқты тізе буынынан бүгу арқылы жоғары кеуде тұсына дейін көтереді. Соғу бүгілген аяқты бұрай отырып жылдам жазу арқылы орнатылады.соғу күші мен жылдамдығын арттыру жамбасты алға беру арқылы, тіреуші аяқтың жылдам серпіліп тебуші аяққа инерция беруі арқылы орындалады. Аяқпен соғудыңсоңғы сәтінде соққы жасаушы аяқ пен жамбас жоғары көтерілген, дене де көтерілген аяқ пен бір жазықтықта болады. Қарсылас денесіне тиетін аяқтың өкшесі немесе табанның қыры болуы ықтимал. Тебу адам басына немесе денесіне бағытталады, тебуді қарсыласқа жақын орналасқан аяқпен немесе алыс тұрған аяқпен де орындауға болады.

Теринг хил-кик (кері бұрылып айналып тебу). Денемен кері бұрылып айналып тебу қарсылас жақын алдыда орналасқан жағдайда қолданылады. Аяқпен соғу көбінесе өкшенің астымен орындалады.

Экс-кик (жоғарыдан төмен соғу). Аяқтың өкшесімен жоғарыдан төмен балтаны шапқандай соғу өте аз нәтижелі және ауыр соққы болып табылады. Соққының осы түрін жиі қолдану ұпай санын көп жинауға мүмкіндік туғызады.

Фронт-кик (тура соққы). Кикьокс жарыстарында аяқпен тура соққы жасаудың көп жағдайларда нәтижесі төмен болып жатады, оған себеп қарсыластың ішінен төмен тебуге болмайтындығы және одан қорғанудың жолы көп болуында. Тура соққы көп жағдайларда қарсыласпен арадағы ара қашықтықты сақтау үшін қолданылады.

Хил-кик – аяқтың өкшесімен айналып соғу. Шығыс жекпе-жектерінде жиі қолданылатын әдіс түрі. Әдіс спортшының орында тұрып айналып соғуы немесе жоғары секіруі арқылы орындалады. Бұл әдісті бірнеше әдістерден құралған комбинациялық түрде қолдану тиімді. Аяқпен соғу кезінде өкшенң ғнемесе табанның денеге тиіуін қамтамасыз ету керек, олай болмаған жағдайда қарсыласқа қарсы шабуыл жасауға мүмкіндік туады.

Хук-кик (жанына соғу). Аяқпен соғудың бұл түрі кері қарай жартылай айналып соғу сияқты, бірақ оған қарсы қозғалыс түрінде орындалады. Соғатын аяқ жоғары, алға және жанға көтеріліп «жақтан шапалақпен ұрғандай» өкшемен немесе табанмен ұрылады. Кері айналып соғу кезінде қарсыластан алыс тұрған аяқпен тебеді, ол кезде дене 360 градусқа сағат жүрісі бойынша қозғалады, кикбокста оны «вертушка» деп те атайды.

Бұл әдіс аяқпен соғудың өте күшті бір түріне жатады. Аяқпен соғу іске асырылғаннан соң спортшы қозғалысы ары қарай жалғасып, бастапқы тұрысқа келеді.

Кері айналып соғу – ол денені сыртқа қарай бұрып айналуды білдіреді.

Фут-свипс (аяқпен қағу). Кикбокста аяқпен қағу түрлері де қолданылды. Оған: табанның ішкі қырымен қағу, аяқты жоғары көтеріп табанның қырымен қағу, денемен айналып барып аяқпен қағу т.б. түрлері қолданылады.

Аяқпен қағу кезінде қарсыласты тепе-теңдіктен шығару, шаршату, шабуылын тоқтату сияқты мақсаттар іске асырылады.

Кикбокста аяқпен тебу түрлерін саралай келе төмендегідей ерекшеліктерді атап өтуге болады.

Аяқтың кеңістікте қозғалу түрлеріне қарай:


  • Аяқпен тебу әдістері аяқпен алға тебу;

  • Аяұпен орай айналып қисық траекториямен тебу;

  • Аяқпен жоғарыдан төмен қарай шауып тебу;

  • Аяқпен қағу түрлері ішке және сыртқа қарай;

  • Қайшылап тебу.

Аяқтың денеге тиетін жерлеріне қарай:

  • Өкшемен соғу;

  • Табанмен тебу;

  • Табанның қырымен соғу;

  • Аяқтың үстімен соғу;

  • Аяқтың балтырымен соғу түрлерін айыруға болады.

Дененің кеңістікте қозғалу түріне қарай:

  • Тік тұрып аяқпен соғу;

  • Айналып барып (сыртқа, ішке қарай) соғу;

  • Секіріп барып соғу.

Аяқпен тебу кезіндегі негізгі көздейтін жерлер:

  • Адамның басы;

  • Кеудесі;

  • Бүйірі.

Таэквандо жекпе-жегіндегі аяқпен тебу әдістері.

Оң немесе сол аяқпен тура соғу (Ап чаги). Тебу аяқты тізе буынынан жылдам жазу арқылы орындалады. Қарсылас денесіне аяқтың табаны тиеді. Шабуыл алдындағы бастапқы қалып «ап куби».

Аяқпен тебуді Ап чхаги түрінің көптеген варианттары бар. Оларға орындаудың момтон ап чхари (вен пом соги), ае пхаль момтон ап чхаги (вен ап куби), ольгуль ап чхаги, ап чхаги оллиги (орын ап куби), момтон ап чхаги (орын ап куби), ольгуль ап чхаги (кихап-чучум соги-арэ хэчхйо макки), йоп чха оллиги коа соги (чуч-хум соги) т.б.

Аяқпен жанға қарай тебу «Йоп чхаги». Бастапқы негізгі тұрыс «чучхум соги». Дене салмағын оң (сол) аяққа аудар. Салмақты аударған уақытта бір мезгілде сол аяқты жамбаспен жоғары көтер. Дене мен оң аяқтың табанын оңға қарай 90 градусқа бұр. Сол аяқтың тізеден бүгілген сол аяқты жылдам жазу арқылы қарсыласыңа соққы бер.

Оң (сол) аяқпен жанымен тебу (Толлйо чхаги). Бастапқы қалып «твит куби». Дене салмағын оң (сол) аяққа аудар. Бір мезгілде оң аяғыңды жоғары алға көтер. Денеңді және сол аяғыңның табанын 90 градусқа оңға бұр. Аяқпен тебуді жамбасты алға беру және оң аяқты тізеден жылдам жазу арқылы орында. Тебу орындала салысымен бастапқы қалыпқа орал.

Таэквандо спортында қолданылатын аяқпен тебу әдістерінің түрлері көп екендігін атай келе айтарымыз, аяқпен орындалатын әдістер түрлерінің барлығы орындалар алдында дененің және қолдың белгілі бір қалыпқа келуі арқылы орындалатындығын көруге болады. Екіншіден таэквандода аяқ жұмысы қол жұмысына қарағанда көп қолданылады және аяқпен тебу орында тұрып немесе секіріп орындау бірдей қолданылады.

Тайбокс жекпе-жегінде қолданылатын аяқпен соғу әдістері.

Тайбокс спортында аяқпен тебу әдістері қолмен соғу сияқты жиі қолданылады. Аяқпен соғу кезінде күш көп болуы мақсатында дене инерциясы, дененің айналу күші, аяқпен жылдам секіру күштерін қолдану тиімді нәтиже береді.

Тіземен төмен соғу. Тіземен соғу түрегеліп тұрған қалыпта немесе секіріп орындалады. Тіземен соғу адам бетіне, жағына, кеудесіне бағытталады.

Артта тұрған аяқтың тізесімен соғу. Спортшы сол жақ тұрыста тұрып солға қарай денесін бұрып айналады, оң қолы алға берілген. Осы кезе артта тұоған оң аяғы жылдам артқа беріліп, содан кейін тізеден бүгілген күйі жылдам алға жоғары көтеріледі. Тіземен соғу барысында тіреуші сол аяқ тобық буынынан жылдам жазылып соғуға қосымша күш береді. Егер тіземен соғу қарсыласпен ұстаспай тұрғанда орындалса, онда тебетін аяқты артқа сілтеудің қажеті жоқ. Тіземен соғуды секіріп орындау да тиімді болып келеді.

Алдыда тұрған аяқтың тізесімен соғу. Срғуды орындау артта тұрған аяқты алға жартылай аттап қоюдан басталады. Дене салмағы артта тұрған аяққа ауысып, жамбас жылдам алға жоғары және оңға беріледі. Соққы орында тұрып немесе секіріп орындалады.

Тіземен тура соғу. Тіземен тура соғу адам бетіне және кеуденің алды және ішке бағытталады. Тіземен бұлай соғуда тізе қозғалысы төменнен жоғары емес, аоға тура бағытталады.

Тіземен жанынан соғу. Тіземен жанынан соғу бүйірге,кеудеге, бетке, жамбасқа бағытталып орындалады. Орындау төменнен жоғары немесе горизонтальді бағытта болуы ықтимал.

Аяқ табанынан тура соғу. Бұл тебу түрі аяқтың өкшесімен немесе аяқ ұшымен орындалады. Тебу кеуденің алдыңғы жағына, жамбас бөлікке бағытталады.

Аяқтың жіліншігімен аяқ табаны үстімен соғу. Бұл тебу түрі дененің жанына, алдына, басқа, жамбас жанына, аяяқ жіліншігіне, тізе буынына бағытталады. Тебудің бұл түрі аяқтың төменгі бөлігімен, табан үстімен орындалады. Тебудің бұл түрі орында тұрып та немесе бұрылып, айналып орындалады. Тебу алдыда тұрған немесе артта тұрған аяқпен де орындалады.

Артқа қарай тура тебу. Аяқпен тебудің бұл түрі өзінің орындалу күші жағынан өте жақсы болып келеді, тек бір кемшілігі орындаушы тебу кезінде қарсыласына арқасын беріп тұрады. Тебу көбіне аяқтың өкшесімен орындалып қарсылас кеудесіне бағытталады.

Әрбір шығыс жекпе-жек түрлерінде кездесетін аяқпен теуіп соққы беру түрлері әртүрлі болып келедіғ сонымен қатар барлығына ортақ жағдайлар да көп кездеседі. Біз барлық жекпе-жектерде кездесетін аяқпен тебу түрлеріне үйрету әдістемелеріне тоқталамыз.

Аяқпен жан-жаққа, әр түрлі бағытқа соққы беру әдісі.

Бастапқы қалып (БҚ) алға қарап тік тұру.


  1. Тізеден бүгілген аяқты барынша жоғары көтереді. Аяқ өкшесі жерге төмен жағдайда. Дене тік, бас көтерілген аяқ бағытына қарай бұрылған.

  2. Сол аяқтың ұшымен бұрыла отырып, соққы беретін оң аяқтың табанын жерге горизонталь бағытқа бұру керек және аяқ табаны соққы нүктесіне бағытталуы қажет. Тірек аяғы сәл бүгілген. Дене артқа қарай беріледі. Көзбен соққы беретін жаққа қарау керек.

  3. Тізеден бүгілген аяқты жылдам жазып түзулеу арқылы аяқ табаны қырымен жылдам соққы жасалады.

  4. Соққы жасалысымен аяқ қайтадан бастапқы бүгілген қалпына келеді.

  5. Дене қайтадан бастапқы қалыпқа келеді.

Аяқпен доға тәріздес орап тебу арқылы соққы беру.

Бастапқы қалып (БҚ) алға қарап тік тұру.



  1. Аяқ тізеден бүгілген қалпында алға жоғары көтеріледі. Аяқ жіліншігі және табаны жерге төмен қараған. Тірек аяқ сәл бүгілген күйде, табан сол жаққа аз бұрылған жағдайда.

  2. Денені аз артқа қисайта солға бұру қажет, осы кезде бүгілген аяқты жылдам тізеден жазып доға тәріздес қимылмен аяқ ұшымен соққы беріледі. Басты тік ұстап, соққы берілетін жаққа қарау қажет.

  3. Соққы берер уақытта сол қолдың жұдырығы соққы беретін аяқтан сәл артта болады. Иық жерге горизантальды орналасуы маңызды болып келеді. Тіреуші аяққа барлық салмақ түсетін болғандықтан жақсы тепе-теңдікті ұстауды үйрету қажет.

  4. Соққы жасалғаннан соң аяқ қайтадан тізеден бүгіліп БҚ келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Классическое каратэ / Масутацу Ояма; [пер.с анг. М. Новыша]. М.: Эксимо, 2006.- С.61-80.

  2. Сәбит Наушабаев. Каратэ тылсым күшке қарсы. Түркістан. «Мұра», 1993. Б. 65-73.

  3. Давид Митчелл. Каратэ. М.: Астрел, 2010. -32 с.

  4. Абаев Н.В. О некоторых философско-психологических основах чанских военных прикладных искуств// Общество и государство в Китае. М.: Наука, 1981. -337с.

  5. Попов Г.В. Боевые единоборства мира. –М.: Межд.отношения, 1993.-160 с.

  6. Алимханов Е. Қазақтың балуандық өнері. Алматы, Атамұра. 2004.-Б.50-56.

  7. Ерлік Есенжанұлы. Қаз.Ақпарат. Алматы, 2012 ж., 27.06

  8. Уикипедия-ашық энциклопедиясынан.

  9. Ерлік Есенжанұлы. Қаз.Ақпарат. Алматы, 2012 ж., 27.06

  10. Уикипедия-ашық энциклопедиясынан.

  11. Тоғтағұлұлы А. Методика обучения оборонительным дейтвиям в единоборствах на примере кикбоксинга // Респ.научн. практич. Конф. «Имиджевая компетентность педагога: теория, практика и перспективы развития» Тараз, 2012. – С.310.


Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет