Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет18/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   164
 
Ж 91 
75/749(574) 
ЖЕКЕ ТҦЛҒАҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОЛӚНЕРДІҢ ӘСЕРІ 
 
Жҥнісов Е.А. 
№4 Қҧлан колледжі, Т.Рысқҧлов ауданы 
Әрине «ӛсер елдің бірлік екен, қай кезде де қалауы» демекші бұл шара ең алдымен мемлекет 
тарапынан ұйымдастырылып, мектеп қабырғасынан үйретілген жӛн деп ойлаймын. XXI ғасыр - жастар 
ғасыры емес пе? Оқушыларға технология пәнінен кӛненің кӛзі саналатын қолӛнер түрлерімен 
таныстырып, жасалу жолдарын меңгертсек, ескі дүниемен қазіргі жаңа әдісті пайдаланып, керемет 
қолӛнер туындыларын ойлап шығаратындықтарына кім шүбә келтіре алады? Мысалы, еңбек пәніне 51 
сағат бӛлінсе,оқушылардың жас шамасына қарай қолӛнер бӛлімін де ұтымды пайдалана білуге болады. 


22 
Егер кітаби жоспарды құру менің үлесіме тисе, бұл сағаттарды мен мына түрде жүзеге асырар едім, 
мәселен, 7-сыныптың сабақ жоспарын тӛмендегідей ұйымдастырған тиімді деген сенімдемін:
Сұраныс бар жерде, қолӛнердің ӛріс алып, ӛркен жаятыны сӛзсіз. Еліміз тәуелсіздік алғалы қолӛнер 
біршама еленіп, ӛз беделіне ие бола бастады. Қазақ ӛзінің ұлан байтақ жеріндегі ежелден қалыптасқан 
кӛне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, байытушы, жаңғыртушы. Қорыта 
айтқанда нағыз әсем ӛнер ғана адам жанына рухани азық болады, адамның эстетикалық сезімін оятып, 
ізгілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастырады. Адам сезімін тәрбиелеу проблемасы бірқатар 
факторлармен шешіледі, ӛның ішінде ӛнер басты рӛл атқарады. Ӛнер арқылы адам ӛзінің шын мәніндегі 
ӛз ішкі кӛңіл – күйін білдіреді. Олай болса осы ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты – ол адам баласының 
барлық әрекетіндегі сергек сезімталдықты қалыптастыру. 
Ғылыми ой тікелей санамен байланысты болса, ал ӛнер санамен тек сезім арқылы байланысады. 
Оймен елестетіп, образбен кӛрсетуге сүйенеді. Ӛнер атаулы жас ұрпақтың сұлулықты қабылдауын, 
әсемдікке деген кӛзқарасын, әдемілікке деген талғамын қалыптастырып, осы тұрғыда мол тәжірибе 
жинақтауға жағдай жасайды. Тұлғаның творчестволық қабілетін дамыта отырып, оның даралық қасиетінің 
кӛзін ашып, жан – жақты, барынша дамуына бағытталады. Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, 
кӛркемдік мәдениеті, ӛзіне тән ӛнер туындыларымен ерекшеленетіні ӛмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, 
туған халқымыздың ұлттық ӛнерін, оның нәзік те кӛркем сырын тұлғаның дамуында әсемдікті түсіне 
білуге баулу құралы екені сӛзсіз. Сондықтан қалыптасушы тұлғаның ӛнерге деген қызығушылығын 
қалыптастыруда бейнелеу ӛнерінің сан – алуан түрлері жайында қарапайым түсініктер беру кӛзделеді.
Адамның рухани дамуы белгілі дәрежеде сұлулқты қажетсінудің пайда болуымен байланысты. Ал, 
рухани қажетсіну практикалық іске тікелей белсенді араласу нәтижесінде туады. Сондықтан жаңа 
қоғамның азаматын тәрбиелеуде практикалық іске қатысудың ӛзі адамның дұрыс шын мәндегі 
әдемілікке, әсемдікке деген кӛзқарасын қалыптастырады. Бұл жерде, себеп пен салдардың ӛзара ықпал 
етуі пайда болып, ӛнерді қабылдауда творчестволық процесс белгілі дәрежеде практикалық әрекеттен 
туып, ал практикалық әрекет ӛнерді творчестволықпен қабылдап, оның сұлулыққа деген қатынасының 
ӛзгеруін туғызады/1.3 – 5/. Бүгінгі күннің кӛкейтесті мәселелерінің бірі ретінде адамды ӛнердегі ұлттық 
айшықты, ерекшелікті сезіне білуге баулып, оның шебердің қолынан шыққан ағаштан, темірден, матадан, 
теріден, жүннен сондай - ақ сүйектен жасалған бұйымдар арқылы халық тұрмысын білуін, ақылмен 
ойластырған еңбек нәтижесін кӛріп, қоршаған ортаға үңіле қарауын, ой қиялын дамытып, бейнелеу 
ӛнеріне деген қызығушылығын, кӛркемдік талғамын қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Демек, 
тұлғаның кӛркемдік талғамын ұлттық қолӛнер негізінде қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеуді талап 
ететіні ақиқат. Сол себептен де қазақ халқының тәлім – тәрбие, мәдениетінің бастауы болатын – 
халықымыздың қолданбалы ӛнерді күнделікті тұрмыста пайдалануын ӛзек етіп, басшылыққа ала отырып
«Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын ұлттық қолӛнер негізінде қалыптастыру» деген мәселені арнайы 
зерттеуді ұйғардық.
Жеке тұлға ұғымы тереңнен тамыр алады. Бұл сӛзді айғақтаушы біздің заманымыздан неше мың 
жыл бұрын ӛмір сүрген грек ойшылдары Платон, Аристотель сынды ғалымдардың тұлға мәселесін ӛз 
еңбектерінің негізгі мәселесі етуі. Бертін келе бұл мәселені американдық психолог Э.Торндайк та 
зерттеген. Сол сияқты Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А.Гельвецкий, Д.Дидро, К.Д.Ушинский,
А.С.Макаренко, Л.И.Божовичтар еді. Ал еліміздегі тұлға мәселесі жайын сӛз еткенде ең алдымен 
зерттеушілер арасынан қомақты жұмыс атқарып жатқан жетекшілік етуші Ж. И. Намазбаева және оның 
шәкірттері, яғни Л.О.Сәрсенбаева, Р.Ш.Сабірова, Л.В.Пилипчук, С.Ж.Ӛмірбекова, Г. Т.Бекмұратова және 
тағы басқалардың ғылыми зерттеу еңбектері бүгінгі таңда белсенді түрде дамуда.
Қазақ қолӛнерінің «алтын кезеңі» болып есептелген XVII-XVIII ғасырлар ӛзге ұлт ғалымдарын да 
елең еткізбей қоймады. Орыстың атақты тарихшысы Я.К.Палтароцкая Алтай, Тарбағатай елді 
мекендерінде болып, аталмыш ӛнер саласына байланысты эерттеулер жазып, соның ішінде бас киімнің 
түрі сәукелеге арнайы тоқталады. Мұндай ғажап дүниені бұрын – соңды кездестірмегендігін айтып, аса 
жоғары бағалайды. Сондай – ақ Г.Н.Потанин, В.В.Стасов, Э.Масанов, Р.Ходжаев, И.Захарова еңбектері де 
зор үлес қосты. Бертін келе қолӛнердің ӛте жақсы зерттеліп, дамуына байланысты бірнеше оқулықтар 
басылып шықты. Солардың ішінде кӛлемді әрі кӛркем жазылған А. Тәжімұратовтың «Қолӛнер шеберлігі – 
жалпы халықтық қазына» атты ӛнертану – этнографиялық сипаттағы алғашқы кітаптардың бірі ретінде 
қазақ халқының сәндік – қолданбалы ӛнеріне терең ғылыми талдаулар жасалады. Бұл кітаптың 
кӛрнекіліктері жақсы безендірілген және ұлттық ою - ӛрнек жайлы кӛптеген мәліметтер алуға болады.
Сол секілді Х. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолӛнері», М.Мұқановтың «Қазақтың үй тұрмысына 
арналған қолӛнері», Ӛ.Жәнібекковтың «Жаңғырық» атты еңбектерін атап ӛту орынды.
Қолӛнер тарихы туралы тағы бір топ ғалымдардың қалдырған еңбектері баға жетпес дерек болып 
табылады. Олар: А. Янушкевич, И.Ф.Русанов, Н.М.Ядринцев, П.И.Лерх, Д.Львович, А.И.Якоби, 
Г.Н.Потанин. Жеке тұлғаның жалпы дамуына, ұлттық тәрбиесіне, кӛркемдік талғамына үлкен мүмкіндік 
беретін халықтық қолданбалы ӛнердің табиғатын, оның адам, қоғам ӛміріндегі атқаратын қызыметінің 


23 
мәнін зерттеген орыс ғалымдары: И. Я. Богусловская, В.Б. Воронов, С. М. Темерин тағы басқалар ӛз 
еңбектерінде бұл ӛнердің ӛміршеңдігін, қайталанбас кӛркемдік құндылығын айқындай отырып, оның 
тәлім – тәрбиелік маңызына да баса назар аударды. 
Жалпы рухани – эстетикалық тәрбие мәселесін ұлттық үрдісте қарастырып қолданбалы ӛнер 
бейнелеу мәдениеттерін соңғы жылдары зерделеп елеулі үлес қосқан ғалымдар: Б. Әлмұхамбетов, Ж. 
Балкенов, О. Сатқанов, Е. Асылханов, Қ. Болатпаев.
Дәстүрлі ӛнер табиғаты, ӛзіне тән даму жолдары, адам ӛміріндегі атқаратын қызметі жағынан 
бейнелеу ӛнері басқа түрлерінен ерекшеленеді. Сондықтан, дамушы тұлғаның жасына, танымдық 
мүмкіндіктеріне сәйкес, әрі қолданбалы ӛнер туындыларын қабылдаудың, оның мәнерлілік құралдарын 
меңгертудің ӛзгеше оқу – тәрбие жүйесі жасалғанда ғана кӛркемдік талғамының қалыптасуы нәтижелі
болады. 
Ұлтық қолданбалы ӛнер арқылы жеке адамның кӛркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің 
ғылыми – педагогикалық, әдістемелік негізін анықтау; 
- кӛркемдік талғам табиғатын, оны қалыптастырудың эстетикалық тәрбие мен кӛркемдік білім 
жүйесіндегі мәнін анықтау; 
- ұлттық ӛнер арқылы кӛркемдік талғам қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау жеке тұлғаның 
қоршаған ӛмір шындығына эстетикалық қатынасын қалыптастырудағы бейнелеу және ұлттық қолданбалы 
ӛнердің, шығармашылық іс - әрекеттің маңызы туралы философиялық, эстетикалық, ілім негіздері; 
педагогиканың, психологияның және эстетикалық тәрбие теориясының қоғамдық мұраттарға байланысты 
даму заңдылықтары; жас ұрпаққа имандылық – эстетикалық тәрбие беру ісін жандандыруға бағытталған 
мемлекеттік ресми құжаттар, педагогикалық нұсқаулар, тұжырымдар мазмұны. Қазақ дәстүрлі 
қолданбалы ӛнер арқылы қоршаған орта мен ӛнердегі сұлулық жарасымдылығы туралы алғашқы сезімдік, 
танымдық түсініктерін кӛркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет