24
-
сурет салатын графит карандаштарды : - (6т, 5т, 4т, 3т, 2т, т, тм, м, 2м, 3м, 6м) пайдалана білуге
үйрету;
-
Сурет салынатын қағазды планшетке керіп бекіту үшін сызба (архитектура) кнопкасын қолдана
білуге;
-
Суреттегі керексіз сызықтарды ӛшіру үшін қолданылатын ӛшіргіштерді тиімді пайдалануға;
-
Сурет салғанда қолды дұрыс ұстау тәсілін;
-
Сурет салуда кӛмір таяқшаларын пайдалануға;
-
Сызықтар мен штрих жүргізу тәсілін;
-
Сурет салу композициясының алғашқы тәсілдері;
-
Суреттің шекараларын анықтауға үйрету;
-
Сурет салуда неден бастап, қалай істеу керек деген күрделі мәселелер түсіндіріледі. [7]
Бейнелеу ӛнерін оқыту барысында сурет салудың жоғарыда кӛрсетілген мәселелердің бәрін
жақсылап ой елегінен ӛткізіп алғаннан кейін ғана оны жүзеге асыру тапсырылады.
Білімгерлердің болашақ сурет жӛніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін сурет салушы шығарманың
жоспарын жасайды. Бұл жоспар бәрі үйлесімді, қисынды, әбден дұрыс болып шыққанша сан рет түзетіліп,
толықтырылып, ӛзгертіліп отырады. Жоспарды жетілдіру үстінде толып жатқан
эскиздер жасауға тура
келеді.
Алдын – ала орындалатын жұмыстарды жоспарлау яғни суретті үйлестіру тәсілі (компановка)
білімділік пен шеберлікті қажет етеді. Компановканың түпкі мақсаты – бейненің жеке бӛліктерін
біріктіріп, олардың біртұтас болып шығуына негіз қалайды. Сурет салудың басты міндеттері:
-
Суреті салынатын нәрселерді кеңістікте ӛзара орналасуын дұрыс белгілеу;
-
Қағаз ортасын кесіп ӛтетін вертикаль (тік), горизонталь (кӛлденең) сызықтар (координаталар,
осьтер) жүргізу;
-
Бұл сызықтар (симетриялы осьтерінен басқалары) нәрселердің (заттардың) кӛлбеу бұрыштарын
анықтау үшін пайдаланып, соңынан ӛшіріліп тастау ескеріледі;
-
Визирлеу әдісі кезінде сурет салушы қолын алға созып, қарындашты кӛзінің
деңгейінде ұстап
отырып, қашықтықта тұрған объектінің биіктігін анықтап, оны басқа заттардың кӛлемдерімен
салыстыруға мүмкіндік береді;
-
Нәрсе бӛліктерінің прапорцияларын визирлеу арқылы тексеру, суреті салмай тұрып емес, салынып
біткенен кейін істеледі;
-
Сурет салғанда заттың ӛзіне тән ерекшеліктерін, оның прапорцияларын: биіктігінің кӛлденеңіне,
бір бӛлігінің екінші бӛлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет;
-
Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағдайда тым
кӛп ашық орын қалмауын ойластырып алады;
-
Сурет салып ұдайы жаттығу арқылы кӛзбен мӛлшерлеу күшті дамыған болса визирлеп ӛлшеуге
қарағанда, кӛзбен мӛлшерлеу дәлірек болып шығады;
-
Бейнеленетін объектінің жарық және кӛлеңке жақтарын анықтау қажет;
-
Адамның жеке суретін салуға машықтанады;
-
Сурет пәні бойынша «Бейнелеу ӛнері» мамандығына баулудың алғы шарттары түсіндіріліп,
үйретіледі.
Зерттеуші әрі суретші И.С. Болатинаның натюрморт туралы айтқан құнды пікірлеріне сүйене
отырып, білімгерлерге наюрморт жайлы жан – жақты түсінік бере отырып, натюрморт кескінін салу үшін
алдын – ала дайындықтар жүргізіледі.
1. Натюрморт туралы түсінік беру;
2. Натюрморт ретінде салатын затты дайындау;
3. Натюрморт кескінін айқындау (алыс – жақынын, жарық пен кӛлеңке жағын айқындау);
4. Натюрморттың композициялық кескінін қағазға түсіру;
5. Натюрморттың түсін, түрін айқындау;
6. Натюрмортқа лайықты бояуларды таңдау;
7. Натюрморт салатын заттарды алдын – ала даярлау (кист, бояу, планшет, плакат, қағаз, қалам т.б.);
8. Натюрморт кескінін айқындай отырып, суретін салуға кірісу.
Натюрморт салу үшін «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» туралы әдістемелік құралды
(Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, - Алматы «Мектеп» 1987)
басшылыққа ала отырып, сурет салу
жабдықтары, сурет салудың техникасын білуді, сурет салу композициясының
алғашқы тәсілдерін
меңгеруді, эскиз және нобайын қағазға түсіруді, натюрмортқа лайықты әртүрлі заттар мен адамның
суретін салуды, акварель мен майлы бояулы живопись арқылы түрлі материалдармен жұмыс жасауға
арналған қағаздарды таңдау білу мақсатында «Натюрморт салу және бояумен жұмыс істеу әдістері»
тақырыбындағы әдістемелік кӛмекші құралға Б. Әлмұхамбетов пен Ж. Балкеновтың «Сурет
салу және
бояумен жұмыс істеу әдістері» (А, 1987ж) қосымша ендіріледі. Білімгерлерді мамандыққа үйрету үшін –
25
кӛмекші құрал бойынша А.С. Щипановтың «Әуеқой жас суретшілері мен мүсіншілерге» (А, 1981) деген
еңбегіндегі натюрморт жайлы суреттерімен И.С. Болатинаның натюрморт проблемасы жайындағы
пікірлері де қосымша берілді.
Мектепте сурет кӛрмесін ұйымдастыру ойластырылуда. Мектеп мұражайына
оқушылардың салған
суреттерін жинақтап, суретті альбом жасау жоспарларын, іске асырылуда.
«Суретшілер» үйірмесінің мүшелерін мектеп ішін безендіру жұмысына қамту арқылы кӛптеген
жұмыстар іске асырылды.
1. Мектеп залын безендіру ісіне кӛмектесу ұйымдастырылды;
2. Әдістемелік оқу бӛлмесін жабдықтау іске асырылып келеді;
3. Мектеп мұражайына қажетті суреттер даярлануда;
4. Ұстаздардың кӛрнекті құралдарын салуға кӛмектер берілді;
5. Олимпиада жүлдегерлерін даярлау мақсатында сурет ӛнеріне баулу міндеттері іске асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: