Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің қазіргі құрылымы.2сағат. Дәріс сабағының мақсаты:Мектепте Қазақстан тарихын оқыту жолдары мен мақсатын анықтау. Жоспар: 1.Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім беру мазмұны.
Тарих пәні бойынша оқу жоспары.
Тарих пәні бойынша оқытуды ізгілендіру.
12 жылдық білім беруге көшу, тарихтан білім беру мазмұны.
Қазіргі қоғам оқытушылардан үздіксіз, жүйелі де берік білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр оқытушы осы бағытта оқу үрдісінің жалпы мазмұнын білу, кәсіби терең білімнің болуы және білім беру құжаттарымен жұмыс істей білу талаптарын орындап, іске асыра білуі шарт
Білім берудегі негізгі міндеттердің бірі – білім беруді жетілдіру, талапқа сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру. Білім беру – оқушылардың ғылыми білімдер жүйесін меңгеру, танымдық дағдысы мен ынтасын, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қабілеті мен күшін, адамгершілік қасиеттерін дамыту үрдісі.