Ташкент химия-технология институты



Дата29.01.2018
өлшемі72,69 Kb.
#36131
ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ,

И.М.ГУБКИН АТЫНДАҒЫ РЕСЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МҰНАЙ-ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ,

РЕСЕЙ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ,

М.УЛЫКБЕК АТЫНДАҒЫ ӨЗБЕК ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,

ТАШКЕНТ ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ,

Н.ИСАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС,

КӨЛІК ЖӘНЕ СӘУЛЕТ УНИВЕРСИТЕТІ,

М.РЫСҚУЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ,

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫ.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!

Қазақстан инженерлі–педагогикалық Халықтар достығы университетінде өтетін, х.ғ.д., академик Ә.М.Қуатбековтың 75-жылдық мерейтойына арналған «ӨНДІРІС, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз.


Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 32 үй, ҚИПХДУ ғимараты.

Өткізу уақыты: 27-28 қазан 2017 ж.
Ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті;

  • И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай-газ университеті;

  • Ресей халықтар Достығы университеті;

  • М.Улықбек атындағы Өзбек ұлттық университеті;

  • Ташкент химия-технология институты;

  • Н.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті;

  • М.Рыскулбеков атындағы Қырғыз экономикалық университеті;

  • Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының Оңтүстік Қазақстан филиалы;


Ақпараттық қолдау:

  • «РТРК Қазақстан-Шымкент» АҚ;

  • «Отырар» медиахолдингі;

  • «Айғақ» телерадиокомпаниясы.


Конференцияда келесі ғылыми секциялар өз жұмысын жүргізеді:


  1. Химия ғылымындағы, химиялық және мұнайхимиялық өнімдерді қайта өңдеудегі заманауи көзқарастар;

  2. Өнеркәсіптік технология мен инжинирингтің даму мәселелері;

  3. Жаһандану жағдайында мемлекеттің даму перспективалары мен экономиканың модернизациясы;

  4. Білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары;

  5. Заманауи тұрғыдағы қоғам дамуының құқықтық аспектілерін жетілдіру;

  6. Қазіргі заман талабына сай әлеуметтік-гуманитарлық білім мен ғылымның даму перспективалары;

  7. IT технология – сапалы білімнің негізі.




  1. Қосымша


АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР

Баяндамаға қойылатын талаптар:

Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 4 беттен аспайтын) WORD редакторында,Times New Roman шрифтімен терілу қажет (шрифт өлшемі – 11см ), жоғарғы, оң жақ және төменгі жиегі - 2см, сол жақ жиегі - 3см, азат жолы -1см, жоларалық қашықтық -1см.



Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады:

Бірінші жолда сол жақ шетіне ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі, бір жол тастап бас әріптермен ортада мақала тақырыбы (қою әріппен), одан төмен 1 жол қалдырылып авторлардың аты – жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, қызметі, бір жол төмен – қызмет орны мен оның орналасқан мекен жайы беріледі. Бір жол қалдырып,келесі жолда курсивпен - орыс тіліндегі мақалалар үшін қазақша және ағылшынша, қазақ тіліндегі мақалалар үшін орысша және ағылшынша және ағылшын тіліндегі мақалалар үшін қазақша, орысша түйіндемелер келтіріледі. Одан бір қатар төмен кілтті сөздер (15-20 сөз) беріледі.

Жаңа жолдан мақалалың негізгі мәтіні басталады. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі. Мақала мәтіні түзетілмей, түп нұсқа болып саналады. Ғылыми-тәжірибелік конгресс еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Редакция мақаланы өңдеумен айналыспайды. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін мақалалар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.


  1. Мақала мәтінінің көлемі А4 форматында 3-4 бетте жазылады.

  2. Әдебиеттерге жасалған сілтемелер тік жақшамен [1,15 б] көрсетіледі.

  3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 11 шрифтімен міндетті түрде ғылыми еңбектерді түзу бойынша талапқа сай жазылады: мысалы, (1. Кәкішұлы Т.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002-235б).

  4. Математикалық формулалар Microsoft Eguation (әр формула – бір обьект) бойынша теріледі.

  5. Мақала мазмұнындағы мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығына авторлардың өздері жауап береді.

  6. Мақала қолжазбасын (электронды немесе қағаз түрінде) мына мекенжайға жіберуге болады: 160000, Шымкент қаласы, Төле би көшесі 32, Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі (107 каб) тел: +8702-337-22-22 (87252-95-23-09) E-mail: nauka.kipudn@mail.ru немесе info@kipudn.kz Жауапты: Жанпейс А.

7.Конференцияның жұмыс тәртібі: Конференция тікелей және онлайн режимінде қатысу арқылы үш тілде жүргізіледі: қазақша, орысша, ағылшынша. Конференцияға қатысу үшін мақала мәтінінің электронды нұсқасы, электрондық поштамен (бет нөмірі көрсетілмей) немесе кағаз түріндегі нұсқамен қоса, қолма – қол конференцияны ұйымдастыру комитетіне 2017 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қабылданады. Ұйымдастыру жарнасы: шет елдік азаматтар үшін 15 АҚШ доллары (4800 тенге), ал Қазақстандық азаматтар үшін - 3500 теңге. Ұйымдастыру жарнасын қолма-қол, ұйымдастыру алқасына төлеуге немесе Университет есеп шотына №KZ47319Z010000330744 в АО «БТА Банк» в г.Шымкент ABKZKZKX, код 17 «конференцияға қатысу үшін» деп аударуға болады.

Конференция жұмысына қатысу өтінішінің формасы

Конгресс жұмысына өтінішті төмендегі барлық бөлімдерді толтыру арқылы рәсімдеп, Ұйымдастыру комитетіне info@kipudn.kz немесе nauka.kipudn@mail. ru электронды поштасына мақала немесе баяндаманың тезисін қоса жіберуге болады:



Қатысуға өтініш

1.

Мақала авторының А.Ж.




2.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




3.

Қызмет орны, лауазымы




4.

Мекен жайы




5.

Байланыс телефоны, факс, эл.пошта




6.

Мақала тақырыбы




7.

Секция тақырыбы




8.

Қажетті техникалық құрал жабдықтар




9.

Қонақ үйді броньдау (ия немесе жоқ)




2- қосымша

Үлгі:
ӘОЖ (10 пт)
ПСИХОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. (11 пт)
Құралов А., п.ғ.к.,доцент (11 пт шрифт)

Қазақстан инженерлі–педагогикалық Халықтар достығы университеті. Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы (10 пт)


Summaru (10 пт)

This articleis determined by finding the M(x)g(x) and σ(x) the basic laws of probability distributionsof discrete random variables.(10 пт)

Резюме (10 пт)

В данной статье определяется нахождения М(х), Д(х) и (х) основных законов распределения вероятности дискретных случайных величин.(10 пт)
Кілттік сөздер: электрондық оқулық, мультимедиялық жүйе, гиперсілтеме, кванттық принцип, мотивация. (10 пт)
Мақала мәтіні (11 пт)
Әдебиеттер (11 пт)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет