Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
6. жалаңаш тұқымдылар.тұқымды өсімдіктердің жоғары споралы өсімдіктерден айырмашылықтары жалаңаш тұқымдылар (Cymospermae) – тұқымы мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде ашық жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің ежелгі тобы. Олар девон, тас көмір, пермь кезеңдерінде пайда болған. А. т-дың 600-дей түрі саговниктәрізділер Cycadophyta, гинкготәрізділер (qіnkgophyta), қылқан жапырақтылар (Conіferophyta) және Qnetophyta гнеттәрізділер немесе қабықты тұқымдылар (Qnetophуta) болып 4 топқа бірігеді. Қазақстанда 3 тұқымдасы, 6 туысына жататын 25 түрі бар. Олар негізінен Қазақстанның таулы аймақтарына топтасқан. А. т-дың түрлеріне Алтайдың самырсынды тайгасы, Тянь-Шаньның шырша және сирек аршалы ормандары жатады. А. т-ға жататын өсімдік түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардай аналық керегесімен қапталмайды. Сонымен қатар олардың гүл серігі мен трахеялары да болмайды, ал гүлдері дара жынысты, бір үйлі. А. т. – ағаш тәрізді өсімдіктер (ағаштар, бұталар, шырмауықтар), олардың ішінде шөптесін өсімдіктер мүлде кездеспейді. А. т-дың ормандарда атқаратын рөлі ерекше. Олар су айналымын реттейді, топырақты эрозиядан сақтайды. Кейбір түрлерінің (қарағай, самырсын, шырша, т.б.) шаруашылыққа маңызы зор.
Споралы өсімдіктерден тұқымды өсімдіктің айырмашылығы тұқыммен көбеюінде.Тұқымның түзілуінің шығу тарихы жөнінен айтарлықтай құбылыс болып табылады.Тұқымдағы ұрықта өскіннің өнуі үшін қажетті қоректік заттары болады.Тұқымды өсімдіктердің ұрықтануы суға байланысты емес, мұның өзі шаңжапырақтәрізділерге қарағанда тұқымды өсімдектердің күрделі екенін дәлелдейді. Тұқыммен көбею өсімдектердің екі бөлімге бөлінеді:жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар. Жалаңаштұқымдылар-гүлді өсімдіктерден бұрын дамыған. Алғашқы жалаңаштұқымдылар осыдан 200 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Жалаңаштұқымдылардың 800-ге тарта түрлері ормандарда кең таралған ,ағаш және бұта түрінде өседі. Жалаңаштұқымдылардың ішінде көп таралғандары қылқан жапырақтылар,олардың 600-гежуық түрі белгілі. Жалаңаштұқымдылар дан мысалға қарағай мен шыршаны алуға болады. Қарағай. Ол-биіктігі 50 метрге жететін, 400 жылға жуық жасайтын өсімдік. Тамыр жүйелерінің ерекшеліктеріне байланысты қарағайлар жартастарда сусымалы құмдарда,батпақтарда,тау беткейлерінде өседі.Орманда өскен қарағайлардың негізгі тамыры жақсы дамып, топыраққа терең кетсе,құмды топыраққа, батпақта өсетіндердің тамыры жайылып, аса тереңге кетпей,топырақты беткі жағына таралады. Қылқан жапырақтары жіңішке,ұзын, сыртын жұқа,тығыз өң қаптаған жанаспалы жасушалары,онша көп емес.