100
жаңашылдық қозғалысын педагогикалық жаңалықта пайдаланумен тығыз
байланыстырады.
Инновациялық тұғыр
. Әлеуметтік өмірдің
барлық саласындағы түбірлі өзгерістер, ғылым мен
мәдениеттегі
ілгерілеу,
педагогикалық
қызмет
саласындағы жаңа талаптар білім жүйесіндегі қайта
құруға әкеліп соқтырды. Бұл саланы әрі қарай
жетілдірудің бірден-бір мүмкін жолы – инновация,
яғни педагогикалық
жаңалықтарды игеру мен
қолдануды басқаратын үрдістер. Бұл - білім беру
мазмұнына, оқыту және тәрбиелеу әдістеріне, білім
беру мекемелерін ұйымдастыру және басқару
жұмыстарына байланысты.
«Инновация»
ағылшын тілінен аударғанда (Innovation)
«иновацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени
антропологияда пайда болды. Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда,
тауар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді.
«Инновация» термині
антропологиядан экономикаға, содан соң
педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту
әдістемесіндегі білім беру ұйымдарының практикалық немесе ғылыми
әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді.
Педагогикалық инноватиканың ғылым ретінде дамуына
К.Ангеловский, М.С. Бургин, В.И. Загвязинский, В.П. Кваша, М.В.
Кларин, Н.В. Коноплина, А.В. Лоренсов, В.Я. Ляудис, Е.П. Морозов,
П.И. Пидкасистый, Л.С. Подымова, М.М. Поташник, В.А. Сластенин,
О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. педагог ғалымдардың
еңбектері маңызды үлес қосты.
Қазақстан Республикасында педагогикалық инноватиканың
теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеген К.
Ажибеков, Б.Р.
Айтмамбетова, К. Құдайбергенова, С.Н. Лактионова, А.Қ. Мыңбаева,
Т.А. Линчевская, Р.М. Масырова, М.А. Шкутина және тағы басқа
педагогтардың еңбектерін ерекше атап өту керек.
Педагогикалық білім беру жүйесінде оқытушының жеке
тұлғасын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін В.П.
Беспалько, Е.В. Бондаревская, Е.В. Харламов, В.А. Сластенин, А.И.
Пискунов, З.А. Исаева, Ж.Р.
Баширова сияқты ғалымдар өз
зерттеулерінде қарастырды.
101
50-ші жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы
басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды жүйелеу орталығы пайда
болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы
басылымдар шыға бастады.(мысалы, « information at innovation en
education Educatioal innovation in the United States» және басқалар ).
Біздің елімізде де дәл осындай үрдістер педагогикалық
тәжірибенің таратылуы, білім беру қызметкерлерінің оны пайдалануға
дайындығы және ұсынылған инновациялардың жаңалығы, оларды
бағалау тәсілдері туралытеориялық-қолданбалы
ізденістер сипатын
беру болды. Әдетте, инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу
нәтижесінде, фактілерді ұғыну және жинақтау үдерісінің ұзақтығы
нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі инновацияның көбі тарихи
тәжірибемен тығыз байланысты және оның өткен уақытта белгісі,
ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі тұжырымдарға сәйкес
келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, нақты
мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның құрылу, орнығу,
қолдану және жойылу үдерісі екенін түсінуге мүмкіндік береді.
Инновациялық білім беру үрдісінің негізінде
педагогиканың екі басты мәселесі жатыр:
-педагогикалық тәжірибені зерттеу;
-психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін
тәжірибеге жеткізу.
Білім берудегі инновациялық үдерістің нәтижесі
- теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды
қолдану. Білім беру жүйесінде инновация білім беру
мақсатына
жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды
тәсілдер мен тәжірибелер, білім беру формаларын
қайта жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізу
және
таратуды,
мектепті
басқарудың
жаңа
технологияларын дамытуды жобалайды.
Олардың
дамуы
екі
факторға
бөліп
қарастырылады:
объективті
факторлар
–
инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай
жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз
102
ету; субъективті факторлар – инновациялық үдеріс
субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық
үдеріс субъектілеріне ғалым-педагогтар,
мұғалімдер
және білім беру саласында инновацияға бағытталған
әрекетпен айналысатын қызметкерлер жатады.
«Инновациялық әрекет» түсінігінің мазмұны
мен
педагогикалық
әрекеттің
инновациялық
бағыттылығының мәні.
Әдетте, бұл - түсінік
инновациялық үрдіс
әрекет субъектілерінің
–
зерттеушілердің, әдіскерлердің, техниканы басқарушы
мамандардың,
инновацияның
таралуына
және
құрылуына қолайлы жағдай жасайтын мамандардың
әрекет жиынтығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: