"Аяқ киім ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары
Ескерту. 63-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны
Циклдің белгіленуі
|
Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар
|
Қалыптасатын құзырет коды
|
ЖБП 00
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
ЖГП 00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ЖГП 01
|
Кәсіптік қазақ (орыс) тілі.
Тілді дамыту. Тілдік коммуникация.
Мәтін. Мәтін принципі.
Кәсіптік – іскерлік тілдесу.
Өндірістік құжаттардың негізгі түрлері. Оларды құрастыру мен рәсімдеудің ережелері. Іскерлік хаттар. Жеке іскерлік қағаздар. Іскерлік құжаттардағы сөз тәртібі.
Тілдік модификация факторларының негізгі құралдары: сөздік, анықтамалық, техникалық тесттер.
|
Білімдер:
- қазақ (орыс) тілін білу, кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеуге және оларды талдауға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумдер;
- қазақ (орыс) әдеби тілінің публицистикалық және ресми-іскерлік орыс тілінің нормалары, белгілері, жанрлары;
- қазақ (орыс) орфографиясы мен пунктуациясының негізгі принциптері;
- фонетика, сөзжасам, морфология және синтаксис бойынша негізгі мәліметтер;
Іскерліктер:
- ауызша іскерлік коммуникацияның дағдыларын қолдану;
- түрлі жанрдағы жазбаша, ауызша мәтіндер құру;
- кәсіптік түрлі тілдік құралдарды меңгеру;
- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді редакциялау және жетілдіру.
|
БҚ 1.
БҚ 3.
БҚ 6.
БҚ 8.
|
ЖГП 02
|
Кәсіптік шет тілі.
Кәсіптік шетел тілдерінің негізі. Кәсіптік терминдер мен фразеологиялық айналымдар.
Мамандығы бойынша кәсіптік, іскерлік тіл негізі.
Ауызша кәсіптік іскерлік қарым-қатынас және оның нормалары.
Тілдік факторлардың негізгі кодтары: сөздік, анықтамалық, техникалық мәтін.
Аударма техникасы (сөздікпен), кәсіптік мәтіндерді аудару.
|
Білімдер:
- шетел тілін үйреніп, кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеу және грамматикалық минимумды меңгеру;
- тілдік нормаларды, тілдесудің іскерлік аясындағы стилистикасын игеру.
Іскерліктер:
- ауызша іскерлік коммуникацияның дағдыларын қолдана білу;
- іс құжаттарын редакциялауы;
- кәсіптік бағыттағы мәтіндерді жетілдіру, редакциялау.
|
БҚ 1.
БҚ 2.
БҚ 3
БҚ 4.
|
ЖГП. 03
|
Дене тәрбиесі.
Адамның әлеуметтік кәсіптік жалпы мәдени дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі;
Дене тәрбиесінің әлеуметтік биологиялық және психофизиологиялық негізі.
Өзін өзі жетілдірудің физикалық және спорттық негізі.
Дене тәрбиесінің кәсіби-қолданбалы дайындығы
|
Білімдер:
- адамның әлеуметтік кәсіптік жалпы мәдени дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі;
- өзін өзі жетілдірудің дене тәрбиесі және спорттық негізі;
- спорттық жаттығуларды орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері, волейбол, баскетбол ойыны ережелері, шаңғыда жүру ережесі, гимнастикалық жаттығуларды орындау ережесі, компасты қолдану ережесі.
Іскерліктер:
- дене тәрбиесі нормативтерін орындау
|
БҚ 2.
БҚ 3
БҚ 4.
БҚ 5.
|
ЖГП 04
|
Қазақстан тарихы
|
|
|
ЖКП 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП 01
|
Сызу.
Сызба форматтары. Масштабы.
Сызбалардың графикалық орындалуы.
Техникалық бөлшектердің контурлары. Призма, пирамида, цилиндр, параллелепипед, куб, конус.
Винттiк қозғалыстар мен сызықтар, винттiк беттер мен бұрандалар.
Сызбаларды орындаудың жалпы ережелерi.
Бөлшектердің сызбалары және эскиздері.
Құрастыру сызбасы.
Эскиздің мақсаты және оның жұмыс сызбасынан ерекшелігі. Тетік эскизінiң орындалу тәртібі мен кезектілігi.
МЕМСТ бойынша бөлшектердің өлшемдерін салу.
Сызбаға жазылатын жазулар және олардың мазмұны.
Мамандықтар бойынша сызбалар және схемалар.
|
Білімдер:
- сызбалардың графикалық орындалуы;
- техникалық бөлшектердің контурлары;
- сызбаларды орындаудың жалпы ережелерi;
- бөлшектердің сызбалары және эскиздері;
- құрастыру сызбасы туралы жалпы түсiнiк;
- тетік эскизінiң орындалу тәртібі мен кезектілігi;
- МЕМСТ бойынша бөлшектердің өлшемдерін салу;
- мамандықтар бойынша сызбалар және схемалар.
Іскерліктер:
- шартты белгілер мен негізгі ережелерді МЕМСТ бойынша сызбада безендіруі;
- шрифтімен орындау үшін сызбада әріптерді белгілеуі;
- бөлшектердің контурын сызуы;
- масштабты таңдауы, сызбаға өлшемдерін дұрыс салуы;
- геометриялық денелерді проекциялауы;
- бөлшектердің эскизін орындауы;
-бөлшектердің сызбасын оқуы;
- мамандықтар бойынша сызбалар және схемаларды сызуы.
|
БҚ 4.
БҚ 6
БҚ 8.
БҚ 10.
|
ЖКП 02
|
Электротехника.
Тұрақты токтың электр тізбегі.
Электр өрісінің негізгі сипаттамасы: кернеу, электр потенциалы, электр кернеуі, потенциалдар айырмасы.
Электр тогы.
Электр өткізгіштік. Өткізгіштердегі электр тогы.
Вакуумдағы электр тоғы. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы.
Электр тізбегі.
Электр тізбегінің жіктелуі мен анықтамасы.
Электр энергиясының басқа энергияға айналуы: жылулық, жарық, химиялық.
Электр тізбегінің режимі. Электр тізбегінің схемасы. Тұрақты токтың қарапайым электр тізбегінің есебі. Электр магниттік өріс және магниттік өріс. Магниттік тізбек. Электрмагниттік индукция.
Айнымалы токтың электр тізбегі.
Айнымалы ток туралы алғашқы мәліметтер. Айнымалы токтың электр тізбегінің параметрлері мен элементтері.
Вектор диаграммасы көмегімен айнымалы токтың электр тізбегінің есебі.
Ом және Кирхгофф заңдары.
Үш фазалы симметриялық және симметриялы емес тізбектер.
Синусоидтық емес периодты кернеу және токты электр тізбегі.
Электр тізбегіндегі өтпелі процестер.
|
Білімдер:
- электротехниканың теориялық негіздері, электромагниттік индукция заңдары;
- электр сұлбаларын құру ережелері;
- электр өрісінің негізгі сипаттамалары;
- меншікті электрлік кедергі, сымдардың электрлік кедергісі;
- Ом заңы;
- Кирхгроф заңы;
- күрделі сұлбалардың оралу тәсілдері;
- желілік емес элементтердің үлгілері;
- Ампер заңы;
- магнит өрістерінің жіктелуі;
- индукция ЭҚК ток ілінісіне тәуелділігі;
- сол қол ережесі, оң қол ережесі;
- электр машиналары мен трансформаторларының жұмыс принципі;
- резонансты алу тәсілдері, резонанстық құбылыстардың қолданылу саласы;
Іскерліктер:
- электр сұлбаларын құруы;
- кәсіптік дағдыларын артыру үшін ақпараттық технологияны пайдалануы;
- электростатикалық тізбекті есептеу үшін электрлік өрістің сипаттамасын қолдануы;
- электр тізбектерін талдау үшін физика және математика заңы білімдерін қолдануы;
- бірнеше көздермен күрделі сұлбаларды түрлендіруі;
- токты анықтау үшін теңдеудің қажетті мөлшерін анықтауы;
- Кирхгоф заңын және есептеудің басқа әдістерін қолдануы;
- индукция ЭҚК бағытын анықтауы;
- өткізгішке әсер ететін электромагниттік күш бағытын анықтауы;
- электр машиналары мен трансформаторларын оқуда электр магниттік индукция заңдарын қолдануы;
- практикалық жұмыста кернеу резонансын алуы;
- индукция ЭҚК, өткізгішке әсер ететін электромагниттік күш бағытын анықтауы;
|
БҚ 1.
БҚ 3.
БҚ 5.
БҚ 7.
|
ЖКП 03
|
Психология және кәсіптік қызмет этикасы.
Қарым-қатынас психологиясы. Психологиялық процестер, қасиеттері. Адамның психологиялық күйі. Тұлға психологиясы. Психологиялық жағдай. Этикалық мәдениет. Этика. Мораль. Құлықтылық (өнегелік). Кәсіптік этика. Сөйлеу мәнері; сөз этикеті. Сөйлеу техникасы. Қатынас түрлері. Даулар. Телефонмен сөйлесу мәнері. Эстетикалық мәдениет. Эстетика. Эстетикалық мәдениет аясы. Эстетикалық сезімдер. Эстетикалық қабілеттік. Эстетикалық қажеттілік. Адамның сыртқы бейнесіне қатысты эстетикалық талаптар. Адамның жалпы мәдениетін қалыптастырудағы мәдениеттің рөлі. Ұйымдастырушылық мәдениеті.
|
Білімдер:
- қарым-қатынас психологиясының негіздерін;
- кәсіптік қарым-қатынас этикасын;
- мінез-құлық нормалары және ередежері;
- эстетикалық мәдениет;
Іскерліктер:
- кәсіптік этикетті сақтау;
- мінез-құлық нормаларын және ередежерін сақтау.
|
БҚ 3.
БҚ 6.
БҚ 10.
|
ЖКП 04
|
Нарықтық экономика негіздері.
Нарықтық экономикаға кіріспе; нарықтық экономиканың негізгі ұстанымдары, маниторингі,
сұранысы және ұсынысы; нарықтық жүйе, монополия және бәсекелестік; кәсіпкерліктің дамуы және нарықтық қатынастың субъектісі; кәсіпорын қызметінің нәтижелері және экономикалық шығындар; маркетинг және жарнама, құны және өзіндік құны; шаруашылық қызметінің өндірістік тиімділігі; салықтар және салық салу;
|
Білімдер:
- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;
- макро және микроэкономиканың, салық, ақшалай-несие, әлеуметтiк және инвестициялық саясат негiздерiн;
- нарықтың әсер етуі, шығындар бойынша негізгі түсінігі;
- маркетингті анықтау және маңызын, қызметін;
- жарнамалар, жарнама түрлерін;
Іскерліктер:
- экономика, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру негіздерін игеру;
- тауардың өзіндік құнының бағасын, өндіріс бағасын, көтерме бағасын, бөлшекті бағасын анықтау (мысал әдісімен);
- бизнес-жоспар құруды;
|
БҚ 2.
БҚ 5.
БҚ 8.
БҚ 10.
|
ЖКП 05
|
Информатика негiздерi және өндiрiстi автоматтандыру.
Техника қауiпсiздiгi. Ақпараттар. Ақпараттарды кодтау. Санау жүйесi. Бiр жүйеден екiншiсiне ауысу. Екiлiктi арифметика логика – пән ретiнде. Үлгiлiк; математикалық логика. Моделдеу. Модель туралы түсiнiк. Модель түрлерi. OC WINDOWS түрлерi. WOR мәтiндiк процессоры. EXCEL электронды кестелерi. CORL DRAW векторлық редакторы. Вирустардан қорғану. WinZip архивтары. Norton Commander бұлт – бағдарламасы. Ойындар. Алгоритм түсiнiгi. Көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерi. Алгоритм түрлерi. Есеп шығару кезеңдерi. Бағдарлама тiлi. Бағдарлама және оның құрылымы. Командалар мен операторлар. Шартты операторлар. Цикл операторлары. Берiлген шарт түрлерi. Сызықты бағдарламаны жобалау. Тармақты бағдарламаны жобалау. Циклдiк бағдарламаны жобалау. Массивтер. Графиктiк бағдарламалар. Шығармашылық жобаларды жобалау. Автоматтық реттеу туралы түсiнiк, анықтама, реттемелi параметр, нысаны /объектiсi/, олардың қасиеттерi мен схемалары. Автоматты ретеуiштердiң атқаратын қызметi, тiктелуi, құрылысы, жұмыс iстеу приципi, функциональдық және құрылымдық схемалары, реттеу мүшелерi. Автоматтық басқару жүйесiнiң қосалқы құралдары; панельдер, станциялар, басқару блоктары, жағдайларды көрсеткiштер мен сезгiштер, бағдарламалық құрылғылар. Процестердi автоматтық басқару жүйесiнен қолмен басқаруға ауыстыру және керiсiнше.
|
Білімдер:
- ақпаратты кодпен хабарлау ережелерiн;
- есептеу жүйелерiн;
- екiлiк арифметиканы;
- логиканы пән ретінде қарастыруын;
- формалды, математикалық логикаларды;
- WINDOWS ОЖ, WinZip архиваторын, DOS ОЖ-нің түрлерін;
- программалар - қабығын;
- алгоритмдер түсiнiгiн;
- көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерiн;
- алгоритм түрлерiн;
- бағдарлама тiлiн;
- сызықты бағдарламаны жобалаудың тәсілдерін;
- тармақты бағдарламаны жобалауды;
- графиктiк бағдарламаларды;
- автоматтық басқару жүйесiнен процестердi қолмен және керiсiнше ауыстыру ретін;
Іскерліктер:
- бiр жүйеден басқасына ауыстыруды;
- WORD-тың мәтiндiк процессорымен, EXCEL-дің электронды кестесiмен, Corel DRAW-тың векторлық редакторымен жұмыс iстеуді;
- вирустардан қорғауды құруын;
- творчестволық жобаларды әзірлеуін;
- автоматты реттеуді қолдануын;
- автоматты жүйемен басқарудың қосалқы құралдарын пайдалануды;
- техника қауiпсiздiгiн сақтауды.
|
БҚ 6.
БҚ 7.
БҚ 8.
БҚ 9.
|
ЖКП 06
|
Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Мекемелерде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Техникалық сөздiктердiң ерекшелiктерi.
Кеңсе құжаттарын жүргізу негізі.
Ұйымдастыру, реттеу, құқықтық, ақша-финанс-есептік, және анықтамалық құжаттар.
Қызметтік хаттар жазудың негізгі әдістері.
Автоматты басқару жүйесін іс қағаздарын жүргізуге пайдалану.
Құжаттар жинағы туралы түсінік.
Жазба құжаттарының алғашқы және күрделі жинақтары.
Құжат қорлары туралы түсінік.
Архив. Мемлекеттік және мекеме архивтері.
Ұлттық архив қоры.
|
Білімдер:
- техникалық және лингвистикалық сөздiктер түрлерi;
- ақпараттық және iс құжаттарының жіктелуі;
- қазiргi кезде iс қағаздарын жүргiзу стандарттарына қойылатын талаптар;
- құжаттар формуляры және олардың бөлiктерi;
- құжаттар жинағы туралы түсiнiк;
- құжаттар қоры туралы түсінік.
Іскерліктер:
- әртүрлi сөздiктердi қолдануы;
- әртүрлi құжаттарды жіктеуі;
- құжаттар формулярын толтыруы;
- әкiмшiлiк-ұйымдастыру құжаттарымен жұмыс жасауы;
- архивтiк құжаттардың текстiлерi үлгiлерiн талдауы;
- архивке құжаттарды дайындап, сақтауға тапсыруы.
|
БҚ 2.
БҚ 3.
БҚ 5.
БҚ 6.
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
|
|
АП 01
|
Аяқ киімді жобалау және құрастыру негіздері.
Сурет, графика, композиция. Костюм. Мода. Стиль. Дизайн туралы түсінік. Модель. Модель құрылымы. Құрылымның типтенуі мен үйлесуі. Модель нобай жобасының әзірлемесі. Аяқ киімді макеттеу үрдісі. Аяқтың антропометриясы. Табанның биомеханикасы. Сызба, проекция, қиысу мен кесінділер. Жобалау жазықтығындағы жазықтық фигурасын жобалау. Геометриялық дене бетінен жайма алу. Қалып бетінен жайма алу. Құрылымдық торды төсеу. Модельдің құрылымдық базасын және аяқ киім моделінің құрылымдық үйлесімдік қатарын әзірлеу. Аяқ киім моделі қатарын енгізуге құрылымды даярлау үрдісі. Құрылымды еншізуге даярлау үрдісі.
|
Білімдер:
- аяқ киім құрылымының даму тарихын;
- аяқ киімнің топтастырылуын;
- аяқ киім өндірісі технологиясының кезеңдерін;
- негізгі антропометрикалық нүкте мен аяқтың өлшемдік қасиеттерін;
- ортопедиялық қалыптың стандарттықтан айырмашылығын;
Іскерліктер:
- аяқ киім, аяқ киім тетігі, қалыпты топтастыра;
- аяқ киімнің құрылымдық ерекшеліктерін анықтай;
- табанды өлшеуді жүргізе;
- тартқыш қалыпты таңдай алу;
- құрылымдық құжаттамаға өңдеу үрдісінде енгізілген өзгерісті енгізе және өзгерістер туралы хабарламаны құрастыру;
|
БҚ 2.
БҚ 4.
БҚ 6.
БҚ 8.
КҚ 2.1.2
|
АП 02
|
Материалтану.
Гипс: шикізат, даярлау, құрамы мен түрі. Қасиеті мен сақталуы. Гипс бұйымдары: даярлау, технологиялық кесте мен талаптар. Ағаш материалдар: түрі, құрылымы. Қасиеті, кемістігі, сапаға қойылатын талаптар, қолданылу және сақтау.
Былғары шикізаты: түрі мен жұмсалуы. Терінің құрылымы мен топографиясы. Былғары материалдары: құрылымы мен құрамы. Өндіріс, негізгі кезеңдер. Кемістігі, сұрыбы, қасиеті, ассортимент, былғары сапасына қойылар талап, қолданысы. Жасанды және синтетикалық былғары: құрылымы мен құрамы. Өндірісі, негізгі кезеңдері. Қасиеті, ассортимент, топтастырылуы, ақауы, сұрыбы, материал сапасына қойылатын талаптар, қолданысы.
Тігін жіптері: құрылымы, қасиеті, сауда және метрикалық нөмір. Топтастырылуы, кемістігі, жіп сапасына қойылар талаптар. Тоқыма фурнитурасы. Тоқыма талшығы.
Тоқыма материалдары: өндірісі, негізгі кезеңі. Қасиеті, ассортимент, топтастырылуы, кемістігі, сұрыбы, қолданыс аясы, сапасына қойылар талаптар. Аяқ киім картоны мен аяқ киім резеңкесі: шикізат пен материалдар; құрылымы мен құрамы; картон, резеңке пластина және аяқ киім тетіктерінің өндірісі; қасиеті, ақаулары, сұрыбы, ассортимент, сапасына қойылар талаптар, қолданысы. Аяқ киім табаны тетіктеріне арналған пластмасса: пластмасса, шикізат өндірісі. Полимер қасиеті мен алыну әдістері. Пластмасса тетіктерін даярлау және ассортимент. Пластмасса ассортименті, қолданысы, сапасына қойылар талаптар. Желімдеу материалдары: құрамы мен рецептурасы. Топтастырылу, қасиеті, қолданыс аясы, сапасына қойылар талаптар, сақтау.
Металл фурнитура және бекіту материалдары: даярлау. Сапаға қойылар талаптар, топтастырылуы, қолданысы. Әрлеу материалдары: даярлау. Топтастырылуы, қолданысы, сақтау, сапасына қойылар талаптар.
|
Білімдер:
- аяқ киім материалының ассортиментін;
- түрлі материалды қолдану аясы мен топтастырылуын;
- түрлі материалдың құрылым ерекшелігі, жұмсалуы мен қасиетін;
- түрлі материалдың физикалық механикалық қасиеттерін;
- түрлі материалды өндіру тәсілдерін;
Іскерліктер:
- материалды сыр түріне, шығу тегіне, қасиетіне қарай тани әрі топтастыра;
- материалдың физикалық механикалық қасиетін есепке ала отырып жұмсалуына қарай материалды таңдай;
- қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтай алу;
|
БҚ 2.
БҚ 4.
БҚ 5.
БҚ 6.
КҚ 2.2.1
|
АП 03
|
Аяқ киімді жеке тігу, ортопедиялық тігу және аяқ киім жөндеу технологиясы.
Еңбекті қорғау. Еңбек гигиенасы. Еңбекті ұйымдастыру. Аяқ киім өндірісі.
Адам аяқ бақайларының анатомиясы мен физиологиясы. Аяқ киім қалыптары.
Аяқ киім топтамасы және оның құрылымдық сипаттамасы.
|
Білімдер:
- аяқ киім өнеркәсібінің даму тарихын;
- ортопедиялық қамсызданудың медициналық негіздерін;
- аяқ бақайларны өлшеудің әдістемесін;
Іскерліктер:
- патология болған жағдайда ақа, бақайды өлшеуді орындай алу;
|
БҚ 1.
БҚ 2.
БҚ 3.
БҚ 5.
КҚ 2.1.1.
|
АП 04
|
Жабдықтар.
Аяқ киімді тігу бойынша жабдықтар. Аяқ киімді жеке тігу және ортопедиялық аяқ киімді тігу шебері
Механизм кинематикасы; машина тетіктері.
Аяқ киім жоғары және төменгі жақ тетіктерін пішу және кесу жабдықтары: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері; Қызмет көрсету еределері, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздік талаптары.
Аяқ киім тетіктерін өңдеу жабдықтары: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киім жоғары жағы дайындамасын жинауға арналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киім жоғары жақ дайындамасын қалыптастыруға арналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киім төменгі жақ тетіктерін жинауға арналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киім төменгі жағын бекітуге арналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киімді жөндеу жабдықтары
Механизм кинематикасы; машина тетіктері.
Қол саймандары: түрлері мен жұмсалуы; қолданылу, күту және сақтау ережелері; жұмыс тәсілдері мен еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киім төменгі жағын жөндеуге арналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киім жоғары беті мен ұлтарақты жөндеуге арналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киімді тартуға раналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Аяқ киімді бояу және кептіруге арналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
Резеңке және иленген аяқ киімді жөндеуге арналған жабдықтар: түрлері, сипаттамасы, құрылымы мен әрекет ету принциптері. Қызмет көрсету ережесі, кемшіліктер түрі және еңбек қауіпсіздігі талаптары.
|
Білімдер:
- аяқ киімді жеке тігу кезінде қолданылатын сайман мен жабдықтардың жұмсалуы мен сипаттамасын;
- аяқ киімді тігу және жөндеу жабдығының әрекет ету принципін;
- аяқ киімді жөндеуде қолданылатын жабдықтардың сипаттамасын;
- жабдыққа қауіпсіз қызмет көрсету және жұмысқа салу ережелерін;
- жабдықтың олқылық түрлерін;
- жабдықты жеңіл-желпі жөндеу түрлерін;
- өндірістік нұсқаулық пен еңбек тәртібінің ішкі ережесін;
Іскерліктер:
- жұмысқа жабдық, сайман, айлабұйымды даярлай және жеткілікті жағдайда ұстай;
- аяқ киімді жөндеу сайманы мен жабдықтарын қолдана;
- жабдықты баптау және жеңіл-желпі жөндеу жүргізу;
- еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерін сақтай, өрт сөндіру құралдарын қолдана алу;
|
БҚ 1.
БҚ 4.
БҚ 7.
БҚ 9.
КҚ 2.1.6
|
|
Біліктілігі: 050901 2 – Жеке аяқ киім тігу шебері
|
|
АП 05
|
Аяқ киімді жекелей тігу технологиясы
Аяқ киім материалын пішу: әдістері; жүйесі, пішу ережелері мен сызбасы; технологиялық операциялар мен нормативтер; материалды тиімді пайдалану; операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Аяқ киім тетіктерін өңдеу: технологиялық операциялар мен нормативтер, операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар.
Аяқ киім жоғары беті дайындамасын жинау: методы скрепления, технологиялық операциялар мен нормативтер, операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Аяқ киім жоғары беті дайындамасын қалыптастыру: тәсілдері, әдістері, технологиялық операциялар мен нормативтер, операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Аяқ киім төменгі жақ тетіктерін жинау әрі бекіту: әдістері, технологиялық операциялар мен нормативтер, операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Аяқ киімді әрлеу: топтастырылуы, технологиялық операциялар мен нормативтер, операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар.
|
Білімдер:
- аяқты өлшеу әдістемесін;
- аяқ киім жоғары және төменгі тетіктерде қолданылатын материалды;
- аяқ киім жобасы нобайын әзірлеу үрдісін;
- аяқ киім жоғары бет типтік құрылымын;
- операцияны орындаудың технологиялық нормативтерін;
- орындалатын операцияға қойылатын талаптарды;
- аяқ киімді ретке келтіру тәсілдерін;
Іскерліктер:
- аяқ, бақайларын өлшеуді орындай;
- табан мөлшері ерекшеліктерін сай қалыпты таңдай немесе келтіре;
- базалық модельге немесе тапсырыс беруші нобайын орай нобайлық жоба мен құрылымды әзірлей;
- материалды пішу, тетіктерді өңдеу, жоғары бетін жинау және қалыптастыру, төменгі тетікті бекіту, аяқ киімді өңдеу тәсілдерін дұрыс таңдай алу;
|
БҚ 6.
КҚ 2.1.1
КҚ 2.1.2
КҚ 2.1.3
КҚ 2.1.4
КҚ 2.1.5
КҚ 2.1.6
|
|
Біліктілігі: 050902 2 – Ортопедиялық аяқ киім тігу шебері
|
|
АП 05
|
Ортопедиялық аяқ киімді тігу технологиясы.
Ортопедиялық аяқ киім өндірісі.
Ортопедиялық аяқ киімді дайындау кезеңінің айырмашылық ерекшелігі. Ортопедиялық аяқ киімнің құрылымдық сипаттамасы. Ортопедиялық қалып.
Аяқ киім материалын пішу: әдістері; жүйесі, ережелері мен пішу сызбасы; технологиялық операция мен нормативтері; материалды тиімді пайдалану; операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Ортопедиялық аяқ киімнің арнайы бөлшектерін пішу.
Аяқ киім тетіктерін өңдеу: технологиялық операция мен нормативтері; материалды тиімді пайдалану; операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Ортопедиялық аяқ киім арнайы тетіктерін өңдеу.
Аяқ киім жоғарғы беті дайындамасын қалыптастыру: технологиялық операциялар мен нормативтері, тәсілдері, әдістері; материалды тиімді пайдалану; операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Ортопедиялық аяқ киімнің арнайы қатты тетіктерін қалыптастыру. Аяқ киім төменгі тетіктерін жинақтау әрі бекіту: әдістері, технологиялық операция мен нормативтері; материалды тиімді пайдалану; операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Аяқ киімді өңдеу: топтастырылуы, технологиялық операция мен нормативтері; материалды тиімді пайдалану; операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Сапаны қадағалау. Күрделі ортопедиялық аяқ киімді даярлау: қосымша технологиялық операциялар, технологиялық операция мен нормативтері; материалды тиімді пайдалану; операция мен еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар; ақаулар. Қабылдау; түрлері мен жұмсалуы. Дайын аяқ киім сапасын қадағалау.
|
Білімдер:
- аяқ, бақайлардың бұзылуы мен ақауларының түрін;
- негізгі антропометрикалық нүктені және аяқ, бақай өлшемдік қасиетін;
- аяқ киім нобайлық жобаны әзірлеу үрдісін;
- аяқ киім жоғары бетінің типтік құрылымын;
- операцияны орындайдың технологиялық нормативтерін;
- орындалатын операцияға қойылар талаптарын;
- ортопедиялық аяқ киім арнайы жұмсақ, қатты және металл тетіктерінің жұмсалуын;
- аяқ киімді өлшеп көру әдістемесін;
Іскерліктер:
- тапсырыс беруші аяқ, бақайының бұзылуына орай қалыпты таңдай және келтіре;
- нобай жобасын және базалық модельдің құрылымын немесе тапсырушы аяқ, бақайының патологиясына сай әзірлей алу;
|
БҚ 6.
КҚ 2.2.1.
КҚ 2.2.2.
КҚ 2.2.3.
КҚ 2.2.4.
КҚ 2.2.5.
КҚ 2.2.6.
КҚ 2.2.7.
|
АП 06
|
Ортопедиялық қамсыздандырудың медициналық негіздері.
Курс мәні, оның мазмұны мен зерттеу тәртібі. Адамның тірек-қозғалыс аппараты.
Адам аяғының анатомиясы мен физиологиясы.
Сүйек жүйесі. Тамыр жүйесі. Қан және жүйке жүйесі. Адам аяғының құрылысы мен қызметіндегі патологиялық ауытқулар. Адам аяғының бұзылуы.
Табан аяқтық. Тегіс-вальгустік және қуыс табандар. Аяқтың қысқаруы. Талтақтық. Өкшелік табан. Спастикалық және сылбыр паралич салдарынан табанның бұзылуы. Табанның туа біткен және кесілген кемістіктері. Адам аяғын протездеу.
Адам аяғын кесіп тастау. Аяқты протездеу. Аяқтың аппарат және туторы.
|
Білімдер:
- арнайы тетіктердің орналасу орны мен медициналық көрсеткіштеріне орай қолданылу аясын;
- ортопедиялық аяқ киім мен протездік аяқ киім бұйымдарын өндіру кезінде қолданылатын жабдықтардың сипаттамасын;
- ортопедяиылқ аяқ киім мен протездік аяқ киім бұйымдарын келтіру тәсілдерін;
Іскерліктер:
- медициналық көрсеткіштеріне қарай аяқ киім арнайы тетіктерін таңдай;
- ортопедиялық аяқ киім мен протездік аяқ киім бұйымдарын даярлау бойынша машиналық және қолмен технологиялық операцияны орындай;
- ортопедиялық аяқ киім мен протездік аяқ киім бұйымдарын өлшеуді орындай;
- ортопедиялық аяқ киім мен протездік аяқ киім бұйымдарын келтіруді орындай алу;
|
БҚ6.
КҚ 2.2.3.
КҚ 2.2.4.
КҚ 2.2.5.
|
|
Біліктілігі: 050903 2 – Аяқ киім жөндеу шебері
|
|
АП 05
|
Аяқ киімді жөндеу технологиясы.
аяқ киім материалын пішудің технологиялық үрдісі; аяқ киім жоғары бетін өңдеу әрі жинаудың технологиялық үрдісі; ақя киім жоғары бетін қалыптастыру технологиялық үрдісі; аяқ киім төменгі жағын өңдеу, жинау әрі бекітудің технологиялық үрдісі; аяқ киімді өңдеудің технологиялық үрдісі;
аяқ киімді жөндеу:
жұмсалуы мен түрлері;
негізгі талаптары; орындау әрі кию мерзімі; Өкше мен нілді жөндеу әрі ауыстыру: түрлері мен жұмсалуы; технологиялық операциялар мен нормативтер; операция мен еңбек қауіпсіздігі талаптары, ақаулар, сапаны қадағалау.
аяқ киім жоғары беті тетіктерін жөндеу әрі ауыстыру: түрлері мен әдістері; технологиялық операциялар мен нормативтер; операция мен еңбек қауіпсіздігі талаптары, ақаулар, сапаны қадағалау;
бекітудің түрлі әдістерімен аяқ киім төменгі жағын жөндеу: түрлері; технологиялық операциялар мен нормативтер; операция мен еңбек қауіпсіздігі талаптары, ақаулар, сапаны қадағалау;
былғары аяқ киімді қайта өңдеу, жаңарту және байыпты ету: түрлері; технологиялық операциялар мен нормативтер; операция мен еңбек қауіпсіздігі талаптары, ақаулар, сапаны қадағалау;
резеңке және иленген аяқ киімді жөндеу: түрлері; технологиялық операциялар мен нормативтер; операция мен еңбек қауіпсіздігі талаптары, ақаулар, сапаны қадағалау;
механизирленген жөндеу: жұмсалуы; технологиялық операциялар мен нормативтер; операция мен еңбек қауіпсіздігі талаптары, ақаулар, сапаны қадағалау.
|
Білімдер:
- түрлі материалдан болған аяқ киімнің негізгі бұзылуларын;
- аяқ киім жоғары және төменгі жағын жөндеу мәні мен түрлерін, технологиялық операция сипаттамасын, оны орындаудың тәсілдерін;
- резеңке аяқ киімін жөндеудің мәні мен түрлерін;
- технологиялық операция сипаттамасын, оның орындалу тәсілдерін;
- иленген аяқ киімді жөндеу және жаңарту тәсілдерін, технологиялық операция сипаттамасын, оны орындау тәсілдерін;
- аяқ киімді қайта өңдеу тәсілдерін
Іскерліктер:
- аяқ киімнің түрлі тетіктерін жөндеудің технологиясы, әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдай, оны қайта өңдей;
- материалды тиімді қолдана;
- аяқ киімнің жоғарғы беті мен ұлтарақтың жөндеуін жүргізе;
- сыдырма ілгекті ауыстыруды жүргізе;
- өкше, табан, нілді ауыстыруды жүргізе;
- бұзылуына сай резеңке, иленген аяқ киімді жөндеуді жүргізе алу;
|
БҚ 6.
КҚ 2.3.1.
КҚ 2.3.2.
КҚ 2.3.3.
КҚ 2.3.4.
КҚ 2.3.5.
КҚ 2.3.6.
|
ӨО 00
|
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
|
|
|
|
Өндірістік оқыту
|
|
|
ӨО 01
|
Таныстыру практикасы.
оқу шеберханасындағы еңбек және өрт қауіпсіздігі; оқушыларды оқу шеберханасымен таныстыру жұмыс орындарына орналастыру, құрал – саймандарды алу мен өткізу тәртіптерімен таныстыру; оқу шеберханасының ішкі тәртібімен, жұмыс тәртібімен және еңбекті ұйымдастыру түрлерімен таныстыру; оқу шеберханасындағы еңбек және өрт қауіпсіздігі; оқу шеберханасындағы еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен нормалары; өндіріс жабдықтарына, өндіру процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары; шеберханадағы жұмыс кезінде пайда болатын негізгі қауіпті және зиянды факторлар;
жарақат алу себептері; жарақат түрлері; жарақаттың алдын-алу, шаралары; жарақат болған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек; оқу шеберханасында немесе оқу орнының басқа түрлерінде өрттің пайда болу себептері; өрттің алдын алу шаралары; электр қауіпсіздігінің негізгі ережелері мен нормалары; электр қыздыру құралдары мен электр құрал-саймандарын пайдалану ережелері, олардың жерге қосылуы мен электр жүйелерінің ажыратылуы;
кәсіпорынның құрылысы мен негізгі жабдықтармен таныстыру; кәсіпорын шығаратын өнім; кәсіпорынның даму жоспарымен, ұжымдық келісім шартымен, өнімнің сапасын тексеру жүйесімен танысу;
цехтың өндіру процесстер жүйесіне сәйкестігін қарау;
пішу және шығару цехтары
дайындау цехы
дайындамаларды жинау процесінде қолданылатын құралдармен танысу;
үздіксіз өндіріс қолданылатын цехтармен танысу;
аяқ киімді жөндеу, әрлеу бөлімдерінде болу;
цех шеберлерімен, жұмысшыларымен, өндіріс озаттарымен әңгімелесу.
|
Білімдер:
алдыңғы қатарлы жоғары сапалы өнім шығару әдістері мен еңбек тәсілдерін үйреніп, өндірісте қолданылатын құрал – сайман, жабдықтарды қолдануды;
жұмыс уақытын тиімді пайдалану, өнім сапасын көтеру, материалдар мен шикізаттарды тиімді пайдалану жұмыстарына қатынасуды;
еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын, электр және өрт қауіпсіздігін қатал сақатуды;
кәсіпорынның қоғамдық өміріне қатысуды;
Ікерліктер:
өндірістік шеберханаларда еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын қолдануда;
жарақат болған жағдайда алғашқы көмек көрсетуде;
электр және өрт қауіпсіздігін қатал сақтауда;
- қорғаныстық дәрі – дәрмектерді пайдалана білуде;
электртогымен жарақат болған жағдайда бiрiншi дәрiгерлiк жәрдемдi көрсетуде;
|
БҚ 6.
БҚ9.
КҚ 2.1.2.
|
ӨП 02
|
Өндірістік оқыту.
кіріспе сабақ; өндіріспен таныстыру; оқу шеберханаларында оқыту; өндірістік тәжірибе;
кіріспе сабақ; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беру; кәсіпорынмен танысу; өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу;
станокта жұмыс істеу;
еңбек қауіпсіздігі;
бітіруші түлектердің біліктілік емтихандары;
тексеру жұмыстары.
|
Білімдер:
- аяқ киім үлгісінің конструкциясын және эскиздерін әзірлеуді;
- жеке аяқ киімдерін дайындаудағы тапсырысты рәсімдеуін;
Іскерліктер:
- технологиялық операцияларды атқару кезінде жабдықтар жұмысын басқаруды;
- төменгі аяқ бөлігі немесе құрылысы ерекшелігіне сәйкестендіріп үлгілер таңдай алуды;
|
БҚ 1.
БҚ 9.
КҚ 2.1.2.
|
КП 00
|
Кәсіптік практика
|
|
|
КП 01
|
Технологиялық практика
|
|
|
|
Жеке аяқ киім тігу шебері.
аяқ киім дайындау құралдары;
аяқ киімнің жоғарғы және төменгі материалдарын пішу;
аяқ киімнің төменгі және жоғарғы бөлігін өңдеу;
аяқ киімнің жоғарғы дайындамаларын жинау;
машина және қол тігістерін орындау;
күрделі емес дайындамалар үлгісін жинау;
дайындамаларды пішіндеу алдындағы операциялар;
күрделі емес аяқ киім үлгісін қолдан керу;
1-2 дәрежелі күрделі дайындамаларды жинау;
1-2 дәрежелі күрделі дайындамаларды қолдан керу;
аяқ киім ізін дайындау операциялары және табанды бекіту;
табанды механикалық өңдеу;
аяқ киімді әрлеу;
аяқ киімнің төменгі және жоғарғы бөлігін әрлеу;
аяқ киім дайындауды аяқтау операциялары;
тексеру жұмыстары;
қысқы жылы аяқ киім дайындамаларын жинау (бәтеңке және етік);
қысқы жылы аяқ киім (бәтеңке және етік) дайындамаларын қолмен қалыптау;
табан мен өкшені бекіту;
аяқ киімді әрлеу;
аяқ киім сапасын тексеру.
|
Білімдері:
- аяқ киімнің жоғарғы және төменгі бөлігін топографиялық бөлік бойынша пішуді;
- аяқ киім бөлшектеріне өңдеу жүргізуді;
- аяқ киімнің жоғарғы бөлігін қолмен қалыптауды;
- табанды бекітуді және әрлеу операцияларын орындауды.
Іскерліктер:
- аяқ киім бөлшектерін пішу;
- аяқ киімнің жоғарғы бөлігін жинау және өңдеу жүргізу;
- дайындамаларды қолмен керу;
- табанды бекітуді және әрлеу операцияларын орындау;
- аяқ киімді пішу, жинау, пішіндеу, бекіту және әрлеу технологиялық нормативтерін білуге.
|
БҚ 2.
КҚ 2.1.1.
|
|
Аяқ киім жөндеу шебері.
аяқ киім материалдарын пішу;
аяқ киімнің жоғарғы және төменгі бөлігін өңдеу;
аяқ киімнің жоғарғы дайындамаларын жинау;
машина және қол тігістерін орындау;
"Шәркей" сияқты күрделі емес үлгілер дайындамасын жинау;
аяқ киімнің жоғары бөлігі мен астарды ұсақ жөндеу түрлері;
аяқ киімнің жоғарғы бөлігі мен астарды орташа жөндеу;
аяқ киімнің төменгі бөлігінің ұсақ жөндеулері;
аяқ киімнің төменгі бөлігін орташа жөндеу;
тозған аяқ киімді бастапқы түріне келтіру;
аяқ киімге ірі жөндеу;
дайындамаларды пішіндеу дайындық операциялары;
дайындамаларды пішіндеу технологиялық операциялары;
аяқ киімнің төменгі бөліктерін бекіту және жинау;
аяқ киімді әрлеу;
ұсақ жөндеулер мен тігін машиналарын жөндеу және аяқ киім жөндеуге қолданатын құрал-жабдықтар;
жұмыс орнын ұйымдастыру құрылымы.
|
Білімдер:
- аяқ киімнің жоғарғы бөлігін және аяқ киім астарларын жөндеу жүргізуді;
- сыдырманы ауыстыруды;
өкшені, табанды, нәлді ауыстыруды;
- бүлінуіне қарай киіз және резеңке аяқ киімдерді жөндеуді.
Іскерліктер:
- аяқ киімнің жоғарғы және төменгі бөлігіне аяқ киім астарына жөндеу жүргізу;
- былғары аяқ киімдерді қалпына келтіруді және жаңартуды;
- аяқ киімнің жоғарғы бөлігін жөндеудің технологиялық нормативтерін білуде.
|
БҚ 2.
КҚ 2.3.1.
|
КП 02
|
Дипломалды практикасы.
кәсіпорынның құрылысы мен негізгі жабдықтармен таныстыру;
кәсіпорын шығаратын өнім; кәсіпорынның даму жоспарымен, ұжымдық келісім шартымен, өнімнің сапасын тексеру жүйесімен танысу;
цехтың өндіру процесстер жүйесіне сәйкестігін қарау;
пішу және шығару цехтары; дайындау цехы;
дайындамаларды жинау процесінде қолданылатын құралдармен танысу;
үздіксіз өндіріс қолданылатын цехтармен танысу;
аяқ киімді жөндеу, әрлеу бөлімдерінде болу;
диплом жұмысының тақырыбы бойынша берілген мәліметтерді және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу.
|
Іскерліктер:
- техникалық және нормативтік құжаттарды техникалық сауатты қолдану;
- аяқ киім тігу, жөндеу бойынша әдістемелік, нормативтік және басшылық материалдарын қолдану;
- техникалық жүйені зиянды әсерден қорғау құралдарын анықтауды;
- дипломдық жұмысты орындау кезінде аяқ киім тігу, жөндеу жабдықтарын автоматтандыру бойынша отандық және шетелдік ғылым мен техниканың алдыңғы жетістіктерін пайдалануды.
Дағдылар:
- аяқ киім тігу, жөндеу міндеттерін штаттық жұмыскерлердің басшылығымен орындау;
- диплом жұмыс тақырыбына сәйкес материалдар жинау.
|
БҚ 4.
КҚ 2.3.1.
|
Достарыңызбен бөлісу: |