4.3-тақырып, Еңбек кітапшасы. Тіркеу карточкасы
Жоспары:
1 . Еңбек кітапшасы
2. Тіркеу
Еңбек кітапшасы — қызметкердің еңбек қызметін растайтын және бірыңғай үлгіде толтырылатын құжат [1]. 5 күннен артық жұмыс істеген адам ала алады. Оған қызметкердің тегі, аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, кәсібі, мамандығы, жұмысы туралы, жеке еңбек шартының мерзімі, оның тоқтатылуы мен бұзылуы толтырылады.
Еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібі
Еңбек кітапшасын жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді. Еңбек кітапшасына:
қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, білімі, кәсібі, мамандығы;
жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа қабылдау, өзге жұмысқа ауыстыру, жұмыстан босату;
марапаттау және көтермелеу туралы мәліметтер енгізіледі.
Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалаулардың қолданылғаны туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді
Тіркеу, құқықта – өкілетті субъектінің (мысалы, мемлекеттік тіркеуде – тиісті орган арқылы мемлекеттің) есепке алынуға және тіркелуге тиіс ақиқатты, тіркеу объектісіне заңдылық беретін, оны заңи мәнді ететін оқиғаларды немесе құбылыстарды заң жүзінде тану және қуаттау әрекеті. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу осы субъектілерде өздерінің құқықтық қабілеті шегінде азаматтық айналымға қатысу үшін қажетті әрі жеткілікті тиісті мәртебенің бар екенін куәландырады. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу объектінің түріне қарай жылжымайтын мүлікке зат құқығының ауысқандығын немесе жылжымайтын мүлікпен тиісті мәміленің заңдылығын қуаттайды; кең мағынада алғанда ақиқатты, оқиғаларды немесе құбылыстарды қайсыбір тізімде, тізілімде, есеп кітабында, т.б. көрсету; тізбе, хаттама жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |