Маңдайлық соқтығыс. Ө=0 болсын. Осы жағдайда соқтығысу маңдайлық (центрлік) деп аталады.
Ө = 0 деп есептей отырып (97) өрнектен келесі формуланы аламыз:
2m2 p1, (98) p2 m1 m2
ал (98) формуладан мына формуланы шығарып аламыз:
4m1m2 EK1. (99)
EK 2 2 m1 m2
Көрініп тұрғандай, энергияның максимал берілуі денелердің массалары тең болған кезде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда
EK 2 EK1, (100)
былайша айтқанда бірінші дененің энергиясы толығымен екіншіге беріледі. Бірінші дене бұл кезде тоқтайды.
Осы нәтижені импульстің сақталу заңы (96) мен (98) формуладан да шығарып алуға болады. m1 = m2 деп есептей отырып (98) формуладан
P2 P1 (101)
өрнегіне келеміз. Осыны (96) формулаға қойсақ
P1 0 (102)
теңдігін аламыз.
(99) формуланы зерттей отырып соқтығысатын денелердің массалары бірбірінен өте алшақ болған жағдайда (m1 ≥ m2немесе m2 ≥ m1) берілетін энергияның өте аз болатындығын көрсетуге болады, б.а. екі жағдайда да EK 2 EK1.
Серпімсіз соқтығыс. Соқтығысу кезінде денелердің ішкі энергиясы өзгеретін болса, онда соқтығысу серпімсіз деп аталады. Егер де соңғы күйде бүкіл энергия ішкі энергияға ауысып кететін болса, соқтығысу абсолют серпімсіз соқтығысу деп аталады.
Абсолют серпімсіз соқтығысуды қарастырайық. Бұл жағдайда соқтығысатын денелер бір бірімен қосылып бір дене болып кетеді. Массасы m2 екінші дене соқтығысуға дейін тыныштықта тұр деп есептеп, келесі сақталу заңдарын жазуға болады:
12
бұл жерде Еішкі, 1 және Еішкі, 2 - бірінші және екінші денелердің соқтығысуға дейінгі ішкі энергиялары, Ек, 1 қозғалыстағы дененіңкинетикалық
энергиясы, P1 – оның импульсі, , және Eішкі ,12, EK ,12 P12 – қосылып кеткен денелердің ішкі және кинетикалық энергиясы және импульсі.
Осы теңдеулерді қолданып бірнеше есептерді шығаруға болады. Мысалы (104) теңдеуді пайдаланып қосылу нәтижесінде алынған дененің жылдамдығын табуға болады:
m1 v1.
v2 v12 m1 m2
Осы формулалардың көмегімен ішкі энергияға айналған кинетикалық энергияны да есептеуге болады: EK m1v12 m1 m2v22 m2 EK1.
2 2 m1 m2