Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы


Сүттiң құрамы мен сапасына әсер ететiн факторлар



бет12/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
желинсау аку

2Сүттiң құрамы мен сапасына әсер ететiн факторлар.
Сүттің қүрамы мен сапасына әсер ететін факторлар:
а) сауылу кезеңi;
ә) малдың тұқымдық ерекшелiгi
б) жасы
в) азықтандыру дәрежесi
г) күтiмi,
ғ) сауу әдiсi
д) сауу жиiлiгi
е) сиыр денсаулығы болып табылады.
Сауылу кезеңi. Сиыр жылына орта есеппен 250-300 тәулiк сауылады. Осы уақыттың iшiнде сүттiң құрамы мен сапасы бiрнеше рет өзгередi. Әсiресе, сауудың бастапқы және соңғы кезеңiнде қатты өзгередi. Туғаннан кейiнгi алғашқы күндері (7-10 күн шамасы) сүтiн уыз деп атаса, суалар алдындағы 10-15 күн iшiндегi сүтiн «суалу сүтi» дейдi. Қалған уақытта сауылған сүт қалыпты сүт болып табылады.
Қалыпты сүт. Лактозаның мөлшерi бiр қалыпты қалады, ал кальций мен фосфор сауу кезеңiнiң соңғы айларында көбейедi. Сүттегi құрғақ зат мөлшерiнiң өзгеруi ондағы май мен ақзат мөлшерiнiң өзгеруiне байланысты. Бұл айтылған көрсеткiштер денi сау, жақсы азықтандырылып, тәуiр күтiмге қойылған сиырдың сүтiнде болады. Қысыр және басқа да себептермен суалтылатын сиыр сүтiнiң құрамы әдеттегiдей болады.
Сүт iшiнде сүзбе тәрiздес түйiршiктер, қан немесе iрiң болса, сол сияқты желiннiң қызарғаны, iсiгенi, ауырсынғаны байқалса, ол туралы мал дәрiгерiне хабарлайды, сүттi таңбасы бар жеке ыдысқа құяды. Бұндай сиырды сауып бiткен соң оператор немесе сауыншы қолдарын жуып, дезинфекциялап, сауу жабдықтары мен ауру сиырдың сүтi құйылған ыдыстарды санитарлық өндеуден өткiзедi. Сиырды колмен сауар алдында жылы 400С сумен жуады. Желiндегi сүт таусылғанша құрғақ қолмен сауады. Сонан соң, желiндi уқалайды да, соңғы үрпісiн сауып алады. Сауын соңында емшектерiн таза орамалмен құрғағанша сүртедi де, арнулы антисептикалық эмульциямен майлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет