Сыну коэффициентi - екi ортаның шекарасынан өткен жарықтың сынуын (бозғылттанып өзгеруін) көрсетедi. Бұл көрсеткiш сиыр сүтiнде 1,3440-тан 1,3485 дейiн құбылады, сарысуда (iркiш)-1,34199-1, 34275, суда 1,33299. Сүттiң сыну коэффициентiн су, лактоза, казеин, iркiт ақзаттары, тұз, ақзат емес азоттық қоспалардың сыну коэффициенттерiнiң көрсеткiштерi түзедi. Рефрактометрлермен (АМ-2, РПЛ-3 т.б.) өлшенген сүт және сүт сарысуының сыну көрсеткiштерiне қарап, сүттегi майсыз құрғақ қалдықты, ақзатты және лактозаны анықтауға болады. Сүтке су қосылған сүт сарысуының сыну көрсеткiшi орта есеппен, қосылған судың әр пайызына 0,2 өлшемге кемидi.
Достарыңызбен бөлісу: |