Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет11/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
желинсау аку

Қой сүтi. Қойдың тек етi мен жүнiн ғана емес, сүтiн де пайдаланған жөн. Қой сүтiнде құрғақ зат сиыр сүтiндегiден 17,9 астам болады. Қой сүтiнiң майлылығы сиыр сүтiнен 2 есе көп. Қой сүтiнiң май түйiршiктерi де екi есе үлкен. Қой сүтiнiң майы орта есеппен 35,60С балқыса, сиыр сүтiнiкi 32,50С балқиды. Қой сүтiнiң майы 24,40С қатса, сиыр сүтiнiң майы 190С қатады.
Қой сүтiнiң майында каприль мен капрон қышқылдары көп болғандықтан, оның сүтi мен майының да ерекше дәмi мен иiсi болады. Ақзаттың көп болуына байланысты қой сүтiнiң қышқылдылығы, сиыр сүтiнiкiнен 5-80С артық.
Қойды жыл iшiнде 5 айдан 7 айға дейiн саууға болады. Соңғы жылдары қой сүтiнен брынзамен қатар iрiмшiк дайындалып жүр.
Ешкi сүтi өзiнiң құрамы, тағамдық сапасы жағынан сиыр сүтiне жақындайды. Ешкiнi жылына 8-10 ай бойы сауады, осы уақыттың iшiндегi орта есеппен олардың әрқайсысынан 100-160 кг сүт алынады. Ешкі сүті ақзаты аминқышқылдарының құрамы, ана сүті ақзатының аминқышқылдары құрамына жақын. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінің қызуға тұрақтылығы төмен, онда кальций иондары А және С дәрумендері мол. Iнген сүтi. Қазақстан мен Орта Азия республикаларында түйе шаруашылығы кең өрiс алуда. Түйенiң сүтiнен шұбат (қымыран) дайындайды. Шұбат бағалы тағам. Iнгендi 15 айдан 24 айға дейiн сауып, 2000 кг дейiн сүт алады. Iнген сүтiндегi құрғақ заттың мөлшерi орта есеппен 14,3, майы 5, ақзаты 3,6, лактозасы 5 жетедi.
Бие сүтi. Қазақстан мен Қырғызстанда және Башқұрт автономиялы республикасының далалық және таулы аудандарында жылқы шаруашылығы жақсы дамыған. Жылқы сүтiнен пайдалы қасиеті мол қымыз дайындалады. Жылқы сүтiнiң май түйiршiктерi майда келедi, сондықтан ол жақсы қорытылады. Оның майлылығы 1,3-2% аралығында, ақзаттық мөлшерi – 1,8-2,2%, лактозасы – 6,7%. Ақзатының құрамында альбумин көп. Сондықтан ол, сиыр сүтiмен салыстырғанда сiңiмдi келедi. Майының iшiнде линол, линолен, және арахин қышқылдары мол. Бие сүтiнiң құрамында адамның денсаулығына керектi дәрумендердiң бәрi де бар. Әсiресе А және С дәрумендерi көп. Орта есеппен 1 л бие сүтiнде 0,0092-0,690 мг А дәрумені, 86,94 мл 135 мл-ға дейiн С дәруменi бар. Демек, бие сүтiндегi дәруменнiң мөлшерi сиыр сүтiндегi дәрумендерден көп. Жайылым шөбiнде каротиннiң көп уақыты - жаз бен күзде бие сүтiнің құрамында А дәрумені молая түседi. Ал, С дәруменi шiлде мен тамыз айларында көбейедi. Бие сүтiнен қымыз жасағанда А дәруменi өзгермейдi, ал С дәруменi бiршама азаяды. Бұғы сүтi құрғақ зат, май, ақзат пен минералды заттарға бай келедi. Асқазан ауруларына шипа сүт ретiнде пайдаланады, майын алуға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет