Сүттiң электр өткiзгiштегi негiзiнен Cl, Na+, K+ және басқаларының иондарымен байланысты, ол 39,4951,3 х 10-14Ом құрайды. Бiрақ та, ол малдың денсаулығына, сауылу кезеңiне, тұқымына т.б. байланысты. Желiнсау ауруында электр өткiзгiштiгi көтерiледi, ал сүтке су қосылса төмендейдi.
Тотығу-тотықсыздану потенциалы - сүттiң тотығу-тотықсыздану қабiлетiн сипаттайды. С дәруменi, лактофлавин, токоферол, цистин, пигменттер, ферменттер, бактериялардың тiршiлiгі өнiмдерi тотығуға немесе тотықсыздануға қабiлетi бар заттарға жатады. Балауса шикi сүттiң тотығу-тотықсыздану потенциалы 250-350мВ болады. Сүтте бактериялар өскенде, сүттi қыздырғанда оттегiнiң жоғалуы және С дәруменнiң ыдырауына орай сүттiң бұл қасиетi төмендейдi.
Сүттiң температурасына орай бұл фазаның ұзақтығы мынадай: 370С – 2 сағат, 300С - 3 сағат, 250С – 6 сағат, 100С – 24 сағат, 50С – 36 сағат, ал 00С - 48 сағат. Сүттi 700С дейiн, және одан жоғары температурада қыздырғанда бактерицидтiк заттар жойылады, ал бұндай сүтке түскен микробтар тежеусiз өсiп-өне бередi. Бактерицидтiк фазаның ұзақтығы сүттi сауып алғаннан кейін, салқындату аралығындағы мерзiмге байланысты. Яғни осы аралық неғұрлым қысқа болса, бактерицидтiк фаза соғұрлым ұзақ болады, сүттiң салқындату температурасы төмен болса, бактерицидтiк фазасы ұзарады. Сүттiң бактерицидтiк фазасының ұзарғанына қарай ондағы микробтардың саны да аз болады. Басқа ауыл шаруашылық малдарының (қой, ешкi, түйе, бие, бұғы) сүттерi. Бұл түлiктердiң сүтi халқымызды сүт тағамдарымен қамтамасыз етуде елеулi үлес алып келедi. Олардың сүттерi (биенiкiн қоспағанда) май, ақзат, лактоза және минералдық тұздарға, сиыр сүтiнен байырақ келедi. Ақзаттың құрамында барлық аминқышқылдары кездеседi. Сондықтан бұл сүттердi де сиыр сүтiмен қатар тағам ретiнде пайдаланады. Биенiң, ешкiнiң сүтiмен емшектегi сәбидi (ана сүтi орнына) тамақтандыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |