Тексерген: Зайнеттинова Д. Б орындаған: Табысбек Ж. Тобы



бет7/25
Дата06.02.2022
өлшемі177,14 Kb.
#79957
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
желинсау аку

Протеиназаларсүтке негiзiнен қаннан енедi, сондай-ақ микробтар және лейкоциттермен де синтезделедi. Ол ақзаттың, оның iшiнде казейннiң гидролизiн катализдейді. Сүттiң микробтары да (шiрiткiш бактериялар және микрококтар) протеиназаны синтездейдi осыған орай сүт пен сүт өнiмдерiнiң дәмi бұзылады. Бiрақ, сүт қышқылды бактериялардың өндiрген қышқыл протеиназалары ашыған сүт өнiмдерi мен iрiмшiк дайындауда маңызды орын алады.
Рибонуклеаза – сүтке қаннан енедi, ол рибонуклеин қышқылының нуклеотидтерге ажырауын жылдамдатады.
Дәрумендер. Сүтте адам мен малдың қалыпты дамуына қажетті дәрумендердің бәрі де бар. Дәрумендер сүтке азықпен, көмірсулары таз қарын микрофлорасынан өтеді. Дәрумендердiң көпшiлiгi өсiмдiктерде, тек кейбiрi ғана күйiс малдарының ас қорыту аппаратында түзiледi. Адамның организмi дәрумендердi синтездей алмайды, сондықтан оларды өсiмдiк пен мал өнiмдерiнен сүт, жемiс-жидек, көкөнiс т.б. арқылы алады.
Қазiргi уақытта тамақтың құндылығы оның құрамындағы дәрумендердiң мөлшерiне қарай анықталады. Адамның бiр тәулiкте жейтiн тағамында 1,0 мг А дәруменi, 2,0 мг В1 және В2 дәрумендерi болуы шарт. Дәрумендердiң көбi организмде зат алмасу үрдісiн жақсартады. Организмде дәрумені аз мал авитоминоз ауруына шалдығады. Қазiргi уақытта 30-астам дәрумендердiң түрi бар.
Дәрумендердiң негiзгi көзi табиғи тағамдар. Оның iшiнде сүттiң алатын орны өзгеше. Сүттiң құрамында А, Д, Е, К, В дәрумендерi кездеседi. 100,0 сүттiң iшiнде болатын дәрумендердiң (мг) мөлшерiне майда еритiн – А (ретинол) - 0,02-0,2; Д (рахитке қарсы) - 0,002; Е- (токоферол) - 0,06; К -(геморрагияға қарсы) - 0,032; суда еритiн В1 (тиамин)-0,05; В2 (адермин, пиридоксин) - 0,1-0,12; В2-(рибофлавин) - 0,2; В6 (адермин, пиридоксил) - 0,1-0,15; В12 (анемияға қарсы) - 0,1-0,3; РР (никотин қышқылы) - 0,05-0,4; В3 (пантотен қышқылы)0,28-0,36; С (аскорбин қышқылы) - 0,5-2,8; Н (биотин)-0,0000-0,00003. Иммундық заттар сүтте, әсiресе уыздың құрамында көп болады және жас төл үшiн маңызы ерекше. Оны аурудан сақтайды, организмде иммунитеттiң қалыптасуына жағдай жасайды.
Гормондар сүтте аздаған мөлшерде кездеседi. Оның iшiнде пролактан - сүттiң бөлiнуiне жағдай жасаса, лютеостерон оған қарсы әрекет iстейдi. Фолликулин желiн бездерiнiң жетiлуiн тездетедi. Бұлардан басқа тироксин, адреналин, инсулин т.б. гормондар бар, олар түрлi қызмет атқарады. Жалпы гормондар қаннан енедi.
Газдар. Ол сүтте сиырды сауу кезеңінде және бiр ыдыстан екiншi ыдысқа сүттi аударғанда енедi. Сүт iшiндегi газдардың мөлшерi 7%, оның 55-70% көмiртегi, 5-10% оттегi және 20-30% азот. Бұзаулаған сиырдан алғашқы 7-10 күннiң iшiнде уыз шығады, оның сүттен көптеген айырмашылығы бар, уыз бiркелкi альбумин мен глобулин және тұздарға бай болады. Осыған орай уыздың тығыздығы мен қышқылдығы едәуiр жоғары. Сүтпен салыстырғанда оның қоректiгi мол - дәрумендер, ферменттер, иммундық заттарға бай. Уыздан сүт өнiмдерiн дайындауға болмайды, сондықтан да жаңа туған сиыр сүтiн жетi күнге дейiн жалпы сауылған сүтке қоспайды, бөлек пайдаланады, оны сүт комбинатына, зауытқа тапсыруға болмайды. Сиыр суалуға жақындағанда, оның сүтiнiң құрамы бiршама өзгередi. Сондықтан да суалтардан бiр апта бұрын сиыр сүтiн жалпы сүтке қоспайды, сүт зауытына тапсырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет